Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

СтуденттердіҢ аудиториядан тыс Өзіндік жҰмысына (сӨж) арналҒан Әдістемелік Ұсыныстар

Читайте также:
  1. АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
  2. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

8.1.1. № 1 тақырып «Бүйректің жедел жеткіліксіздігінің патофизиологиялық механизмі»

8.1.2.Мақсаты: өзін өзі жетілдіру құзыретін жетілдіру

Міндеті: БЖЖ этиологиясы мен патогенезін өзіндік оқу

8.1.3.Тапсырма:

1) Сұрақ бойынша оқу материалдарымен жұмыс істеу:

1. БЖЖ этиологиясы

2. БЖЖ дәрежесі және олардың патогенезі

3. БЖЖ емдеу әдісі

2) Ситуациялық есептерді шешу

3) Сынамалық тапсырмаларды шешу

8.1.4. СӨЖ орындау түрі:

Әдебиетте келтірілген материалды өзіндік оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу, ойландыратын тәжірибе.

8.1.5.Орындау критерийі мен 8.1.7.бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 4.2.11 бөлімінен қараңыз

8.1.6.СӨЖ тапсыру мерзімі «Несептік – жыныстық жүйе» модулі бойынша аралық бақылау

 

Тапсырма Ситуациялық есептерді шешу

 

№ 1 есеп Тышқандарда сулемамен уланғанда диурез қалай өзгереді? Ойландыратын тәжірибені орындау.

Әдіс: Екі тышқанның құрсақ қуысына біркелкі мөлшерде 3 мл тазартылған су енгізіледі. Сонымен қатар, біреуіне алдын ала тері астына 0,05 мл 1% сулема ерітіндісін енгізіледі.

Екі тышқандыда өлшенген түтікке воронка арқылы отырғызу тәжірибе аяқталғанда зәрдің қалдығы қуығынан қысып шығарылады.

Бақылау мен тәжірибелік тышқандардың бөлінген зәрін бір сағаттан кейін салыстыру. Бөлінген зәрдің шамамен санын үшінші кестеге жазыңыз, диурез бұзылуының патогенезіне нәтиже жасаңыз.

 

Тәжірибенің хаттамасы

Жануарлар Әсері Зәрдің мөлшері
Бақылау № 1 Тышқан   3,0 мл тазартылған су    
Тәжірибе № 2 Тышқан 3,0 мл тазартылған суда ерітілген сулема ерітіндісі  

Есеп. Хирургиялық клиникаға ауыр жағдайда сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің жаншылуымен, қан кетумен науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.

1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?

2. Анурияның патогенезі қандай?

Есеп.Жапа шегуші А жол оқиғасынан кейін клиникаға 5 сағаттан соң жеткізілді. «Жедел көмек» дәрігері қабырғаларының көптеп сынғанын, жұмсақ тіндердің ұрылуымен және аяқтарында көлемді гематоманың түзілгенін анықтады. Түскен уақытында: есінің тұмандануы, тері жабындыларының бозаруы, жіп тәрізді пульс, АҚ 60/20 мм сын.бб., тыныстың кезеңді болуы. Бір тәуліктен кейін қарқынды орынбасушы қан сары суын және (3 л полюглюкин және реополиглюкин) және 0,5 л қан құйылған соң АҚ 110/60 мм сын.бб. дейін көтерілді. Бір тәулікке созылғанда диурез жоғалды. Үш тәулік өткеннен соң да жағдайы ауырлай берді. Науқас қатты бас ауруына, басының айналуына, жиі тоқтамайтын құсуға, жалпы тежелулік, қысқа уақытты тырысу, тері асты майларының ісіктері, брадикардия, эпизодтық экстрасистолияға шағымданды. Диурез тәулігіне 150–250 мл-ден көтерілмеді, АҚ 160/90 мм сын.бб. Қан анализі: қалдық азот 90 мг%, гиперкалиемия, гипермагниемия, гипонатриемия және гипохлоремия, рН 7,30; зәр анализі: аздаған протеинурия және цилиндрурия, көру аймағында бірен саран лейкоциттер, миоглобинурия.

Ші тәуліктен кейін науқаста диурездің бірден жоғарылауы тіркелді (2500 мл/тәу дейін), жалпы жағдайы жақсарды (құсу, тырысу, басы ауыруы тоқтады), ісінулер азайды. Зәр талданымы: салыстырмалы тығыздығы 1,010–1,012, шамалы протеинурия, көп көлемде дәнді цилиндрлер.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 209 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Прогрессирующее уменьшение функций почек | Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі | Глоссарий | Глоссарий | Несептік-жыныстық жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру. | Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады? | Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз? |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
НЕСЕП ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ» модулі бойынша аралық бақылау| тапсырма. Амилоидоздың патогенездік сызбанұсқасын оқу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)