Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады?

Читайте также:
  1. Бұл жағдайда гипоксияның қандай типі дамыды?
  2. Бұл науқаста гиперлипопротеинемия даму механизмі қандай?
  3. Бұл симптомдарды қандай гормонның тапшылығы шақырады?
  4. Баладағы бұл аурудың даму механизмі қандай?
  5. Баладағы бұл аурудың даму механизмі қандай? 1 страница
  6. Баладағы бұл аурудың даму механизмі қандай? 2 страница

Бүйрек қызметі бұзылуының тетігі және себептері қандай? Ойлаған тұжырымыңызды дәлелдеңіз.

Науқаста болған өзгерістер мен симптомдардың әрқайсысының тетігі қандай? Гипергидратацияны не дамытты: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі ме, әлде/немесе организмде сұйықтардың бүйректен тыс жиналуы ма? Жауапты негіздеңіз.

 

№ 4 есеп. Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 40 жастағы науқастың рентген суретінде көлемді остеопороз анықталды. Көріністе сүйектің деминерализациясы рахитті айқындайды. Науқасқа Д витаминін тағайындау жақсы нәтиже бермеді.

1. Сүйек тініндегі байқалған өзгерістердің даму тетігі қандай?

2. Д витаминіне төзімділікті түсіндіріңіз.

№ 5 есеп. Науқастың АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көзі көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм сын.бағ; ЖСЖ мин 110рет; таңертен бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты 3,3-8,3 ммоль/л).

Зәрі - қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қант жоқ. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, кан сарысуындағы креатинин 14 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), диурез – 1000 мл

Есеп.К есімді науқас, 48 жаста созылмалы диффузды гломерулонефритпен 5 жыл бойы ауырады. Соңғы екі аптада жүрегінің қысып ауыру сезімі, жүректің жиі қағуы, айқын ісінулер әсіресе жүрген кезде аяқтарында байқалады. Зәр талданымының қорытындысы: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көп мөлшерде түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер. АҚ 170/95 мм сын. бағ. Қан талданымы: қалдық азот 70 Ммоль/л, жалпы нәруыз 48 г/л, әлбуминдер 15 г/л, глобулиндер 28 г/л, гиперлипидемия, гипернатриемия.

Науқастағы симптомдар патологияның қандай түрінің дамуына тән?

Майлар алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамуы мүмкін және олардың даму тетіктері қандай?

Гиперлипидемияның ұзаққа созылғанда мүмкін болатын салдарлары қандай?

Науқаста бүйрек жеткіліксіздігі мен уремияның белгілері бар ма?

Есеп. Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың болғанын, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.

Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО2 32 мм сын.бағ. SB 16 мэкв/л, ТК зәрде 11 мэкв/л, NH+4 10 мэкв/л.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 284 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Прогрессирующее уменьшение функций почек | Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі | Глоссарий | Глоссарий | НЕСЕП ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ» модулі бойынша аралық бақылау | СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР | тапсырма. Амилоидоздың патогенездік сызбанұсқасын оқу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Несептік-жыныстық жүйесі бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру.| Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)