Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Реактивтерді қолдану ережелері

Читайте также:
  1. Мақсаты: Әр түрлі реактивтердің қасиетін, оларды пайдалану және сақтау ережелерін білу.
  2. СОҢҒЫ КӘСІБИ ЖҰМЫСТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Тәжірибе үшін реактивті мүмкіндігінше аз алу керек

2. Артық алынған реактивті ыдысына салуға немесе құюға болмайды.

3. Реактивті алғаннан кейін ыдысты тығынмен жауып орнына қояды.

4. Құрғақ реактивтерді темір немесе фарфор қасықшамен немесе шпательмен алу керек.

5. Егер реактивті пипеткамен алса, оны жуу керек.

6. Улы және оталғыш заттармен аса сақтықпен жұмыс істеу керек.

 

Лабораториялық кабинеттің құрылымы. Ыдыстардың, құрал-жабдықтардың, жиһаздардың орналасу ережесі

Ж

Мақсаты: Лабораториялық кабинеттің құрылымын түсіндіріп, ыдыстардың, құрал – жабдықтардың орналасу ережесімен таныстырып, оларды өз қажетіне тиімді қолдана білуге үйрету.

Кабинетте химия пәніне қажетті оқыту құралдары, оқушылардың жұмыс орындары, мұғалімнің жұмыс орны, мұғалім мен оқушыларға ортақ жұмыс құралдары, сынып тақтасы, оқыту құралдарын сақтайтын орын – шкафтар, стеллаж, сөрелер, жәшіктер, шыны ыдыстар, құралдар, штативтер, реактивтер т.б. құралдарды жинап, таситын жайпақ табақтар; техникалық құралдар, бөлмені қараңғылауға, техникалық құралдарды меңгеруге керекті электр жүйесі мен қуат жүйелері, оқушылардың өздері әзірлеген жұмыстарын іліп қоятын шиттер, мұғалімге керекті ғылыми-әдістемелік құралдар, анықтамалықтар болады.

Оқу кабинеттері белгілі талаптарға сәйкес болуы керек. Шет тілін оқытуға арналған кабинеттер оқытушылар үшін басқару пульті мен проекциялық аппараттарға арналған тумбасы бар столдармен, магнитофон мен күйсандықты орнатуға арналған орындармен, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын, лингофондық құрылымдарды сақтауға арналған секциялық (қабырғамен бірге жасалған немесе қабырғаға жапсыра салынған) шкафтармен жабдықталады.Химия және физика кабинеттері проекциялық аппаратты, су, электр, канализация келуін басқару пульті бар арнаулы демонстрациялық столдармен жабдықталады. Оқу-көрнекті құралдар жақсы көріну үшін демонстрациялық столды биіктеу етіп орналастырған дұрыс.

Оқушылар үшін су, электр жүйесі, ауа қысымы (физика лабораториясы үшін) қосылған екі орынды столдармен жабдықталады. Химия лабораториясы шкафы сыртқы қабырғаға жақын, оқытушының столының жанында орналасқан ауа соратын жергілікті желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек.

Осы кездерде мектептерде әр түрлі мектеп тақталары (бормен жазатын, фломастермен жазатын, бормен ноталық дыбыс арқылы (әуенді) жазатын, хабарландыруларды ілу үшін кеуекті тақталар) пайдаланылады. Негізі құрыштан жасалып, эмальмен қапталған тақталар пайдалануға қолайлы болып келеді. Эмалінің түсіне байланысты тақталар бормен (жасыл түсті) және фломастермен (ақ түсті) жазуға арналады. Негізі дыбыс жұтылтатын заттардан қоса отырып, құрыштан жасалған жоғары сапалы шыныэмальды қаптауы бар тақталар ақпаратты жеңіл, дыбыссыз жазуға мүмкіндік береді, жазылған хабарды жоғары контрастылықпен жеткізеді, және жазуларды арнаулы жұмсақ жөке, шүберектермен оңай сүртіп тазартуға болады. Сонымен қатар, мұнда магнит арқылы суреттер, сызу, диаграммаларды орналастыруға болады. Шыныэмальды тақталар - 1-ден 7-ге дейін жұмыс беті бар, жылжымайтын, жылжымалы, біріңғай түсті немесе аралас түсті және әртүрлі өлшемдерде болып келеді. Ноталық дыбыс арқылы қолданылатын тақталар әуен мектептері мен сыныптарына арналады. Олар қара түсті анодталған алюмин қаңылтырға нота сызықтарын орналастыру арқылы жасалады. Әр түрлі хабарландырулар мен ақпараттарды жариялау үшін, хабарландыруларды үшкір заттармен жапсыра салуға ыңғайлы, табиғи немесе жасанды кеуекті заттан жасалған тақталар қолданылады. Бөлме жабдықтарын дұрыс орналастырып, оқушыларды дұрыс отырғызудың маңызы да өте жоғары. Оқушылар столы (бір орынды немесе екі орынды) аудиториялық, сызу және лабораториялық столдар оқу бөлмесінің мағнасына сәйкес алынады. Столдарды орналастыру негізінен үш қатар етіп орналастырады, бірақ, кейбір жағдайларда оларды екі қатар етіп орналастыруға болады.

Оқу бөлмелерін жабдықтаған кезде төменде көрсетілген аралықтар сақталуы керек: екі орында столдардың қатарларының аралығы - 60см төмен емес; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы - 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардан) аралығы - 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық - 70см; демонстрациялық столдан оқу тақтасына дейін - 100см; бірінші партадан, оқу тақтасына дейін - 2,4-2,2м кем болмауы керек. Оқушының оқу тақтасынан ең алыс қашықтығы 860см көп болмауы керек. Оқу тақтасының еденнен биіктігі - 80-90см болуы керек. Мектеп дәрігері сабаққа қатысып, оқушылардың жұмыс кезіндегі дене тұлғасының жағдайын бақылап, олардағы дене тұлғасының ауытқуларын анықтап, бұл жағдайдың себебін ашып, профилактикалық шаралар жүргізуі қажет.

Оқушыны дұрыс отырғызуды гониометрияның көмегімен буындардан пайда болатын бұрыштарға (39 сурет), қажетті жағдайларды таңдау арқылы (20 кесте) жасауға болады. 22 кесте. Оқушыларды дұрыс отырғызуға қажетті гониометриялық көрсеткіштер.

Көрсеткіштер Бұрыштардың көлемдері,см
Бастың еңкіштігі 26-51
Кеуде омыртқасының иілу бұрышы 41-62
Дененің еңкіштігі 85-100
Тізе бұрышы 75-105
Балтыр-табан бұрышы 75-105

Парта (столдардың) размері, онда отырған баланың бой ұзындығына сәйкес болғанымен, баланың дене тұлғасы дұрыс болмауы да мүмкін, сондықтан баланың дұрыс отыруға дағдыланбағандығын көрсететін мұндай жағдайларға да ерекше көңіл бөлінуі керек.

Қазіргі орта мектептің химия кабинеттері екі бөлмеден – сынып-зертхана және зертхана дайындық бөлмесінен тұрады. Сынып зертхана бөлмесінің ауданы 66-80 м2, ал зертхана дайындық бөлмесінікі 16-24 м2 Сынып-зертханада сабақ, сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрі жүргізіледі. Типтік жоба бойынша химия кабинеті жоғары қабаттардың бірінде болуы керек. Сынып-зертхананың қабырғаларында тұрақты пайдалануға арналған көрнекі құралдар ілінеді. Алдыңғы қабырғада сынып тақтасының үстіңгі жағына немесе жанына химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі ілулі тұрады. Сол маңайға ретіне қарай тұздардың, қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштік кестесі ілінеді. Элементтердің периодтық жүйесінің астына, сынып тақтасының үстіңгі жағына ұзын және жіңішке қағаз таспа түрінде металлдар кернеуінің электрохимиялық қатары және электртерістілік қатары кестелері бекітіледі. Сынып қабырғасының қолайлылау жеріне зертханалық ыдыстарды, құралдарды, реактивтерді пайдалануға араналған сурет-кестелер ілінеді. Ол кестелер оқушылардың сарамандық сабақтар мен зертханалық тәжірибелер кезінде анықтамалық мәліметтер алу үшін қажет болады. Осы жерге «Химия кабинетінде жұмыс істеудің ережелері» ілінеді. Бөлменің артқы жағына сыныптан тыс оқуға арналған ғылыми көп тараған кітаптардың мұқабалары бейнеленген және тізімдері жазылған плакат ілінеді. Сынып-зертхананың кейбір бос жерлеріне ретіне қарай керегінде пайдаланатын кестелерге, сызбанұсқаларға, диаграммаларға, портреттерге орын қалдырылады. Мұны оқытудың педагогикалық және әдістемелік бөлімі деп атауға болады. Сынып-зертханада техникалық құралдарды пайдаланғанда бейнелерді түсіруге арналған экран болады, ол сынып тақтасының үстіне ілінеді. Экран сирек пайдаланатындықтан, сабақтан кейін зертханашы жинап алып, дайындық бөлмесінде сақтайды. Сынып-зертханада өртке қарсы қолданылатын құмы бар жәшік, өрт сөндіргіш асбест, киіз жапқыштар, т.б. құрладар көрнекі көрсету үстелінің маңында тұрады, сондай-ақ дәрі қорапша, көзілдірік, бетті қорғайтын жамылғы, резеңке қолғап, халаттар, шланг, айна т.б. болады.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 303 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Лабораторияда жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелер. Алғашқы көмек. Жарақаттың түрлері | Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек. | Лшеуіш құралдар және олармен жұмыс істеу | Электрлі қыздыру құрылғылары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мақсаты: Әр түрлі реактивтердің қасиетін, оларды пайдалану және сақтау ережелерін білу.| Зертханашының дайындық бөлмесінің жабдықтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)