Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лшеуіш құралдар және олармен жұмыс істеу

Читайте также:
  1. Аз. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаттары, қаз.
  2. Аз. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология, қаз
  3. Аз. Хирургиялық ифекция және амбулаторлы хирургия, каз.
  4. Андай рецепторлардан сенсорлық ақпарат Швальбе, Манаков, Дейтерс және Бехтерев ядроларына келіп түседі?
  5. Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
  6. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  7. Бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктер. Құрылуы және құрамы

Ж

Мақсаты: Таразының көмегімен берілген заттардың дәл массасын анықтауды үйрену.

Химиялық зертханаларда болатын таразылар техникалық, дәріханалаық және аналитикалық болып бөлінеді. Көпшілік жағдайда зертханада техникалық және аналитикалық таразылар қолданылады.

Техникалық таразы. Техникалық таразыда зат 0,01 грамға дейін дәлдікте өлшенеді. Таразы реакцияға дейінгі және реакция нәтижесінде түзілетін заттарды өлшеу үшін пайдаланылады. Техникалық таразы препаратор бөліміне таразы құжатында көрсетілген ереже бойынша орналастырылады. Таразы тастарының (гирьлері) арнайы қорапқа белгілі ретпен орналастырылады. Таразы тастарының салмақ дәлдіктері бұзылмау үшін оларды тек қысқышпен ұстайды. Ірі тастардың 500 мг-нан 1 г-ға дейінгілері қораптың шұқырында, ал қалғандары қораптың астаушасында сақталады да, үстіне полиэтилен немесе шыны пластинка жауып қояды. Ұсақ тастардың пішіндері әртүрлі: 500 және 50 мг-ы алты бұрышты, 200 және 20 мг-ы төрт бұрышты, ал 100 және 10 мг-ы үш бұрышты болады.

Заттың салмағын таразы табақшасындағы ұсақ тастардың салмағын қосу арқылы есептейді. Затты техникалық таразыда өлшегенде мына ережелерді есте ұстаған жөн: а) таразының дұрыстығын байқау; ә) таразы табақшасында ылғалды, былғаныш, ыстық, ұнтақ заттарды бос салуға болмайды; б) өлшейтін зат таразының сол жақтағы табақшасына, тастар оң жақтағы табақшаның ортасына салынады; в) тастарды қолмен ұстауға болмайды, жұмыстан кейін тек қораптағы ұяшықтарына салып қояды; г) өлшеп біткеннен кейін таразыда бөгде заттарды қалдыруға болмайды; ғ) жұмыс орнын сулы шүберекпен сүртіп, таразыны дұрыстап қояды.

Дәріханалық таразы. Дәріханалық таразы штативтің стерженіне бекітіледі.

Аналаитикалық таразы – талдау (аналаиз) өнімдерін өлшегенде қолданылады. Өлшеу дәлдігі 0,0002 г. Аналитикалық таразының тастары техникалық таразының тастарынан өзгешелеу болады. Аналаитикалық таразы аса дәлдікті қажет ететін сыныптан тыс жұмыстарда көбірек пайдаланылады. Таразыны ереже бойынша аса маман зертхана қызметкері орналастырады. Таразыда өлшеу ережесі:

1. Өлшейтін затты таразы табақшаларына бірден салуға болмайды. Ыдысқа немесе қағазға салып өлшеу керек.

2. Өлшенетін затты таразының сол табақшасына, гирлерді оң табақшасына салады. Өлшенетін зат пен гирлер табақшаның дәл ортасына қойылады.

3. Гирлерді қысқышпен алуға және таразыдан алынғангирлер қораптың қай ұясынан алынса, сол ұяға салынады. Гирлерді стол үстіне қоюға болмайды, өйткені олар тез ластануы немесе жоғалуы мүмкін.

4. Өлшенгеннен кейін таразыда еш нәрсе қалдырмау керек.

5. Жұмыс бітісімен таразы мен гирлер тексеріледі.

 

Ерітінділердің жалпы сипаттамасы

Ж

Мақсаты: Ерітінділер туралы ұғымды, ерітінділердің концентрациясы, ерітінділердің анықтамасын, жіктелуін қарастыра отырып толығырақ түсіну.

Ерітінділер - кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер.Ерітінділер газтәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің конценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбағатүседі. Сөйтіп аса қаныққан ерітінді жай қаныққан ерітіндіге айналады. Кей заттар ерігенде олардың молекулалары иондарғаыдырайды, яғни диссоциацияланады. Электр тогын өткізетін болғандықтан, ондай заттардың ерітінділерін электролит ерітінділері деп атайды. Оған көптеген қышқылдар мен негіздердің, әсіресе, тұздардың ерітінділері жатады. Керісінше, ерігенде молекулалары иондарға ыдырамайтын, сондықтан электр тогын өткізбейтін заттардың ерітінділері бейэлектролиттердің ерітінділері деп аталады.Полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды. Ерітінділердің бетіндегі бу қысымы және оның қату температурасы таза еріткіштікке қарағанда төмендеу, ал қайнау температурасы жоғарылау болады. Сонымен қатар ерітінділерде осмос қысымы байқалады. Ерітінділердің бұл қасиеттерінің барлығы тек еріген заттың молекулалар санына ғана тәуелді. Олардың өзгерістері Вант-Гофф және Рауль заңдарымен сипатталады. Мысалы, ацетонның, кез келген эфирдің немесе спирттің судағы концентрациялары бірдей ерітінділерінің осмос және бу қысымдарының салыстырмалы төмендеулері, қату температураларының төмендеуі, ал қайнау температураларының жоғарылауы бірдей болады. Бұдан кейбір ғалымдар ерітінді түзілгенде еріткіш пен еріген зат арасында ешқандай әрекеттесулер болмайды, олар тек араласады деген қорытындыға келген. Сондықтан бұл қасиеттер ерітінділердің физикалық теориясына тәжірибелік негіз болған. Идеал газдар сияқты молекулаларының арасында ешқандай әсерлесулер болмайтын, дәлірек айтқанда, мейлінше аз болатын ерітінділер идеал ерітінділер, ал қалғандарын реал ерітінділер деп атайды. Күшті электролиттердің ерітінділерінің кейбір қасиеттері сұйылтылған ерітінділердің қасиеттерін сипаттайтын заңдылықтарға бағынбайды. Олардың біраз қасиеттері Дебай мен Гюккельдің “күшті электролиттер теориясымен” сипатталады. Сонымен қатар ерітінділер түзілгенде жылу бөлінуі, жүйе түсінің құрамдас ебөліктер түсінен өзгешелігі және ерітінділер көлемінің құрамдас бөліктер көлемінің қосындысына қарағанда кемуі еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекеттесулер болатынын көрсетеді. Кейде олардың арасындағы байланыстың беріктігі соншалық, ерітінділерді суытқанда еріткіштің біраз мөлшері еріген затпен бірге кристалданады. Оларды жалпы сольваттар, ал еріткіш су болғанда кристаллогидраттар деп атайды. Бұл қасиеттер ерітінділердің химиялық теориясына тәжірибелік негіз болды.

Ерітінділердің еріген заттың мөлшері бойынша жіктелуі; қанықпаған, қаныққан,аса қаныққан. Қаныққан ертінді-еритін зат тұнбасымен динамикалық тепе-теңдік күйде болатын,заттың еру жылдамдығымен кристалдану жылдамдығы тең болатын ерітінді. Қанықпаған ертінді-концентрациясы қаныққан ерітіндінің концентрациясынан төмен болатын, берілген жағдайлар өзгеріссіз болғанда еріген заттың қосымша мөлшерін еріте алатын ерітінді. Аса қанақ ерітінді - концентрациясы қаныққан ерітіндінің концентрациясынан жоғары болатын,термодинамикалық тұрақсыз ерітінді. Ерітінділердің электролиттік диссоциациялануның болуына немесе болмауына орай жіктелуі;бейэлектролит,электролит. Бейэлектролит ерітінділері- электр тоғын өткізетін етітінділер: глюкоза,фруктоза,сахороза.Электролит ерітінділері-электр тоғын өткізетін:NaCl,MgSO4,NaHCO3.

Ерітіндінің белгілі бір мөлшелеріндегі еріген заттың мөлшерін ерітіндінің қоюлығы (концентрациясы) деп атайды. Егер еріген заттың мөлшерін ерітінді немесе еріткіштің белгілі бір массасына шағып есептесе, онда салмақтық қоюлық, егер көлемге шағып есептесе, көлемдік қоюлық деп атайды. Қоюлықты анықтаудың мынадай тәсілдері бар:

1) салмақтық үлес (А) - ерітіндінің бірлік массасындағы еріген

заттың массасы (аi): А = аi / аi;

2) салмақтық пайыз Р i - ерітіндінің 100 бірліктегі еріген заттың

массасы: Рi = 100Аi

3) мольдік үлес Хi - 1 моль ерітіндідегі берілген құрамдастың

моль саны ni яғни: Хi = ni / ni мұндағы ni = n1 + п2 + n3 +... nk -

ерітіндінің барлық құрамдастардың мольдер саны;

4) құрамдастың мольдік пайызы: Вi = 100Х i;

5) ерітіндінің нормальдылығы (қалыптылығы): N = ni / V;

мұндағы N - нормальдылық, ni - еріген заттың грамм-

эквиваленті, V - ерітіндінің литрмен өлшенген көлемі.

6) ерітіндінің молярлығы: М = mi / V (mi - еріген заттың

мольінің саны);

7) мольдік қатынас (ri) - еріген заттың мольінің санын басқа

құрамдас бөліктің (көбінесе еріткіштің) 1 мольіне қатынасы: ri =

ni/п0, мұндағы ni және n0 - еріген зат пен еріткіштің мольдерінің

саны;

8) молярлылық (m) - 1000 г еріткіштің ішіндегі еріген заттың

моль саны: т =1000 ni / п0 · м0 мұндағы п0 және м0 - еріткіштің моль

саны мен молекулалық массасы;

9) ерітіндінің титрі - 1 см3 (1 мл) ерітіндідегі еріген заттың

граммен алынған концентрациясы (қоюлығы).

Ерітіндінің қоюлығы басқа да шамалармен сипатталады.Алайда біз жоғарыда ең көп тараған тәсілдерін көрсеттік. Шешетін мәселеге байланысты жоғарыда көрсетілген сипаттамалардың ыңғайлысын ғана алу керек. Олардың бірінен екіншісіне ауысуы өте оңай және олар аса сұйылтылған ерітінділерде бір-біріне пропорционал шамалар

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1370 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Лабораторияда жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелер. Алғашқы көмек. Жарақаттың түрлері | Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек. | Мақсаты: Әр түрлі реактивтердің қасиетін, оларды пайдалану және сақтау ережелерін білу. | Реактивтерді қолдану ережелері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зертханашының дайындық бөлмесінің жабдықтары| Электрлі қыздыру құрылғылары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)