Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурет. 0SI ашық жүйесінің өзара байланыс моделі

Читайте также:
  1. OSI моделі, OSI моделінің үлгiсi.
  2. Байланыс ақпараты: Ш.Уәлиханов көшесі, _____
  3. Байланыс жүйесін құрастыру
  4. Бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу
  5. Британська і французька моделі промислового перевороту.
  6. Еколого-економічні, демографічні, соціологічні та філософські чинники аргументації моделі сталого розвитку суспільства.
  7. Зміни в управлінні організацією згідно моделі життєвого циклу І. Адізеса.

Мұндай протоколдар дейтаграммды протоколдар деп те аталады. Жіберуші бірінші хабарды дайын болғанда жібереді.

 

OSI үлгісі реттелеген жеті түрлі деңгейден құрылған: физикалық (1 деңгей), деректерді жіберу буыны (2 деңгей), желілік (3 деңгей), көліктік (4 деңгей), сеанстық (5 деңгей), көрсету (6 деңгей) және қолданбалық (7 деңгей).

Модульдер арасындағы ақпараттар алмасуы белгілі бір келісімдер бойынша іске асады. Оны интерфейс деп атайды. Хабарды жібергенде жоғарғы деңгейдегі модуль есептің өзіне қатысты бөлігін шешеді, ал өзіне ғана түсінікті нәтижені бастапқы хабардың (тақырыптың) қосымша өрісі ретінде орындап, осы өзгертілген хабарды төменгі деңгейге ары қарай өңдеуге жібереді. Бұл процесс инкапсуляция деп аталады.

1 сурет - OSI ашық жүйелерінің әрекеттесу үлгісі

Деректердің және желілік ақпараттың жіберу құрылымының деңгейлері арқылы төмен және жоғары қарай әр қатар орналасқан деңгейлер жұбынан жіберілуі интерфейстер және хаттамалар көмегімен іске асады.

Интерфейс әр түрлі деңгейлі үлгілер арасындағы қалыпты, сигналдардың физикалық және электрлік қасиеттерін анықтайды, ал хаттама тең деңгейлі желілердің алыстағы торабына арналған хабарларды өңдейтін логикалық процедураларды сипаттайды.

Деңгейлер атаулары және олардың арасындағы орындалатын функциялар төмендегідей.

Физикалық деңгей (Physical Layer — PL) қажетті физикалық ортадағы (металды кабель, оптоволоконды байланыс сызығы, радиоканал) тораптар арасындағы биттік өлшемдегі кадрларды (әдетте оны пакет деп атайды) жеткізуді қамтамасыз етеді.

Каналдық деңгейде (Data Link Layer — DLL) тораптар арасындағы байланыс каналдарында пайда болатын қателерді табу және жөндеу механизмдері іске асады.

Желілік деңгей (Network Layer — NL) пайдаланушының ең соңғы құрылымы мен желідегі барлық аралық байланыстар - "бір шетінен соңғы шетіне" арқылы өтетін жеткізу жүйесін қалыптастыруға қызмет етеді.

Көліктік деңгей (Transport Layer — TL) желімен пакеттерді жеткізу ережелерін анықтайды. Көліктік деңгей жеке пакеттедің бір шеттен екіншісіне жеткізуді бақылайды. Ол пакеттер арсындағы байланыстарды есепке алмайды (ол тіпті бір хабардан болса да). Ол әр пакеттің бөлігін өңдегенде, бөлек хабарды өңдегендей орындайды, яғни ол іс жүзінде ондай болмаса да осылайша өңдейді. Көліктік деңгей барлық хабарлардың соңғы орнына бүлінбей жетуіне және олардың бастапқы тәртіппен орналасып жетуіне кепілдік береді.

Ол ақпараттың бұзылуын және қателерді бақылайды, сонымен бірге барлық "шығу — жету бекеті" жолы бойындағы ағынды басқарады.

Сеанс деңгейі (Session Layer SL) — желілік сұқбат контроллері. Ол байланысқан жүйелер арасындағы өзара әрекетті орнатады, үйлестіреді және ұстап тұрады. Осы сеансттық деңгей көмегімен екі жақты сұқбат ұйымдастырылады, қай жақтың бастапқы екенін, қай жақтыі белсенді екенін тіркеп тұрады және сұқбаттың қалай аяқталғанын анықтайды.

Көрсету деңгейі (Presentation Layer) төменгі деңгейлерге ақпаратты көрсету қалыбын басқарады, мысалы, қайтадан кодалау немесе ақпаратты шифрлау сияқты.

Қолданбалы деңгей (Application Layer — AL) —алыстатылған тораптар өзара алмасатын бір мәселені(программаны) іске асыратын хаттамалар жиынтығы. Қолданбалы деңгей пайдаланушыға (адамға немесе программалық қамтамаға) желіге қатынауға мүмкіндік береді. Ол пайдаланушы интерфейсін қамтамасыз етеді және пайдаланатын қызмет түрлерін, атап айтсақ — электрондық пошта, алыстан қатынау және аудару құралдарын, жалпыға қатысты дерекқорды басқаруды және басқа да үлестірілетін ақпараттық қызметтер типтерін қамтамасыз етеді.

Көліктік деңгейде стекті екі хаттама анықтайды: жіберуді басқару хаттамасы (TCP) және пайдаланушының Дейтаграммалық хаттамасы (UDP). Желілік деңгейде — желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) бас хаттама анықталады. Сонымен бірге бұл деңгейде басқа да түрлі хаттамалар болады.

Каналдық деңгейде коммутациялық құрылғылар әр түрлі технологияларды пайдаланады: Ethernet, Token Ring, FDDI, PPP және басқалары. Интернет ақпарат көзінен алушыға дейінгі ақпараттың кез келген түрін жіберуге арналған.

Ақпаратты жіберуде желінің әр түрлі элементтері пайдаланылады – соңғы құрылғылар, коммутациялық құрылғылар және серверлер. Тораптар топтары коммутациялық құрылғылар көмегімен жергілікті желілерге біріктіріледі, жергілікті желілер өзара шлюздер (маршрутизаторлар) арқылы қосылады.

Тораптар, желі тұрғысынан ақпаратты алу және беру көздері болып табылады. Біріккен төрт төменгі деңгей берілетін ақпарат түріне тәуелді емес. Төртінші деңгеймен байланысқан әр қолданба өз портының айрықша нөмірімен таңбаланады (идентификацияланады). Порт нөмірлері 0 ден бастап 65535 дейінгі диапазонды алып жатыр. Бұл диапазондағы 0-1023 порт нөмірлері желіаралық қолданбаларға бөлінген (well-known ports), ал 1024-49151 порт нөмірлерін арнайы программалық қамтама жасайтын құрушылар пайдаланады, ал 49152-65535 порт нөмірлері байланыс сеанс уақытындағы пайдаланушы қолданбаларына динамкалық жағдайда бекітіліп беріледі.

 


2 сурет – OSI салыстырғандағы Интернеттің хаттамалар стегі

Көліктік деңгейде стекті екі хаттама анықтайды: жіберуді басқару хаттамасы (TCP) және пайдаланушының Дейтаграммалық хаттамасы (UDP). UDP и TCP — Көліктіктік деңгейдегі хаттамалар. Бұл деңгей процесстегі (қызметтегі программа) хабарды басқа процесске жеткізуге жауапты.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 409 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: UNIX файл жүйесi. Файл жүйелерiнiң түрлерi. | Тор аралық жұмыс iстеудiң құралдары. | Файлдар тапсыруының хаттамалары. | Электрондық пошта хаттамалары: SMTP, POP, IMAP | Пошта жіберудің қарапайым хаттамасының командалары SMTP | TCP хаттамасы мен RTP хаттамасын салыстырыңыз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
OSI моделі, OSI моделінің үлгiсi.| Жергiлiктi және ғаламдық жүйедегі желілік деңгейдегі хаттамалармен шешілген есептердің айырмасы неде?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)