Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу

Читайте также:
  1. Бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
  2. Емдік сауықтыру мекемелерінде диеталық тамақтануды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету кімнің басшылығымен жүзеге асырылады?

Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
23-бап. Мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері

1. Мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
2. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда тоқтатылады.

Бап. Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіпке сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдері лауазымдарына тағайындауға, сондай-ақ тағайындалуына мәслихаттардың келісуі талап етілетін әкімдер лауазымдарына кандидатураларға мәслихаттың келісім беру тәртібі

1. Әкімді тағайындайтын тұлға не оған уәкілеттік берілген тұлға әкім лауазымына тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты мәслихаттың қарауына енгізеді.
2. Әкім лауазымына тағайындауға келісім беру туралы ұсыныста өмірбаян деректері, еңбек қызметі, мемлекеттік наградалары туралы ақпарат және әкім лауазымына кандидат туралы өзге де ақпарат көрсетіледі.
3. Әкім лауазымына тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты қарау мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясында жүзеге асырылады.
Мәслихаттың әкім лауазымына тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты қарау жөніндегі кезектен тыс сессиясына әкім лауазымына кандидаттың қатысуы міндетті.
Мәслихаттың әкім лауазымына тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты қарау жөніндегі сессиясының барысында мәслихат депутаттары әкім лауазымына кандидатқа сұрақтар қоюға, тағайындалатын кандидатура бойынша талқылау жүргізуге құқылы.
Талқылау аяқталғаннан кейін дауысқа салу өткізіледі.
Егер әкім лауазымына кандидат мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысын ала алмаған жағдайда, әкімді тағайындайтын тұлға не оған уәкілеттік берілген тұлға мәслихат сессиясының шешiмін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкім лауазымына басқа кандидатураны тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты мәслихаттың қарауына қайтадан жібереді.
4. Әкімді тағайындайтын тұлға не оған уәкілеттік берілген тұлға әкім лауазымына кандидатураны қатарынан үш реттен артық енгізе алмайды.
Егер мәслихат:
1) облыс, республикалық маңызы бар қала не астана әкiмдерi лауазымдарына кандидатураларды тағайындауға үшінші рет келісім бермеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі лауазымдарына кандидатураларды тағайындауға үшінші рет келісім бермеген жағдайда, облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентіне жазбаша хабарлайды және тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәселе қояды.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті не жоғары тұрған әкім белгіленген тәртіппен жаңадан құрылған мәслихаттың келісуімен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі тағайындалғанға дейін әкімнің міндетін уақытша атқарушыны тағайындайды.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 182 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Мәслихаттардың құзыретi | Бап. Мәслихаттың актiлерi | Бап. Мәслихаттың хатшысы | Бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру | Бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің құзыретi | Бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктер. Құрылуы және құрамы | Бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті | Бап. Әкiмдіктің, әкiмнiң актілерi | Бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі| Бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)