Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кешенді қосылыстардың тұрақтылығын талдаңыз

Читайте также:
  1. D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз.
  2. Кешенді қосылыстардың алынуын талдаңыз.
  3. Кешенді қосылыстардың диссоциациясын талдаңыз
  4. Кешенді қосылыстардың жіктелуі мен аталуы.
  5. Кешенді қосылыстардың изомерленуін талдаңыз
  6. Кешенді қосылыстардың магниттік қасиеттерін талдаңыз.

Кешенді қосылыстардың тұрақтылығы. Координациялық қосылыстар басқа да электролиттер сияқты сулы ортада диссоцияцияға ұшырайды. Мұнда оңай жүретін үдеріс ішкі және сыртқы сфералардың иондарға диссоциациялануы: Мысалы, К2[HgI4] кешенді тұзды суға салысымен күшті электролиттерінде бірден катион мен анионға бөлінеді:

K2[HgI4]=2K++[HgI4]2-

Бұдан шыққан кешенді ион тетраиодогидраргаты[HgI4]2- әлсіз электролит ретінде біртіндеп диссоциациялана бастайды:

[HgI4]2-«[HgI3]-+I- K =
[HgI3]-«[HgI2]0+I- К =
[HgI2]0«[HgI]++ I- К =
HgI+«Hg2++ I- К =

Әрбір сатыға сай олардың сатылы тұрақтылық константасын жазып көрсетуге болады. Олардың бәрін бірге кешенді ионның жалпы тұрақтылық константасы ретінде көрсету үшін бәрін өзара көбейту қажет:

К · К ·К ·К =

Ескерте кетер жағдай: кешенді бөлшектер сатылап диссоциацияланғандықтан, әрі әрбір келесі саты алдындағыдан қиынырақ өтетіндіктен үдеріс аяғына дейін толық жүреді, яғни

[HgI4]2-↔ Hg2++ 4I-

тепе-теңдікке дейін бәрі бірдей Hg2++ 4I- иондарға түгелдей ыдырап кете алмайды. Ерітінділердегі тұздардың ерігіштік көбейтіндісі сияқты Ек тұрақсыздық константасы да неғұрлым кіші мәнге ие болған сайын ол тұрақты бола түседі. Оның көбірек диссоциациялану үдерісі бірінші сатыда байқалады, одан кейінірек жүретін екінші, үшінші сатылардағы бөлшектердің диссоциациялануы біртіндеп кеми береді. Міне, солардың ең соңғы сатысындағы жиынтық көрсеткіш кешенді ионның тұрақтылық константасын көрсетеді.

Кешенді ион химиялық әрекеттесу кезінде реагенттердің әсерінен ерігіштігі тым аз немесе диссоциацияланатын қосылыс түзсе онда түгелдей басқа заттарға айналып кетеді. Бұл әрекеттесулер әсер етуші массалар заңына сай өтеді. Бастапқы кешендегі лигандтар байланысы берігірек ұстасып жаңа бөлшектерге ауысатын жаққа ығысады. Оған мысал ретінде диамминкүміс(II) ионының азот қышқылының әсерінен ыдырап түзілетін жаңа кешенді ион аммоний NH және аз еритін күміс хлоридіне айналуын келтіруге болады:

[Ag(NH3)2]Сl+2HNO3=2NH4NO3+AgCl¯

Кешендегі ионның құрамындағы лиганд аммиак молекуласы (Ктұр=4·10-7) протон қосып алып одан да берік аммоний ионына NH тұр=6·10-10) айналады. Жоғарыда талданған дикалий тетрайодогидраргиратына күкіртсутекпен әсер етсе, ол да ыдырап, өте аз еритін сынап сульфидін HgS (Ek=10-53)түзеді:

K2[HgI4]+H2S=HgS¯+2KI+2HI


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 769 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лигандтар бойынша жіктелуін сиптаттаңыз | Ацидокешендер, гидроксокешендер, полигалогенидтерді сипаттаңыз. | Полисульфандар, моно және полиядролы кешендерді сипаттаңыз | Валенттік байланыс теориясын сипаттаңыз. | Гибридті орбиталдердің сызықты, жазық үшбұрышты типтерін сипаттаңыз | Кристалдық өріс теориясын сипаттаңыз. | Жіктелу энергиясының мәнін сипаттаңыз | Спектрхимиялық қатарды талдаңыз | D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз. | Кристалдық өріс теориясы: октаэдр, тетраэдр, жазық квадратты кешендерді талдаңыз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кешенді қосылыстардың магниттік қасиеттерін талдаңыз.| Кешенді қосылыстардың диссоциациясын талдаңыз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)