Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кристалдық өріс теориясы: октаэдр, тетраэдр, жазық квадратты кешендерді талдаңыз.

Читайте также:
  1. AXE-10 коммутация өрісінің блоктары-TSM,SPM
  2. D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз.
  3. Бейтарап кешендерді сипаттаңыз
  4. Гибридті орбиталдердің сызықты, жазық үшбұрышты типтерін сипаттаңыз
  5. Катионды, анионды кешендерді сипаттаңыз.
  6. Кешенді қосылыстардың алынуын талдаңыз.
  7. Кешенді қосылыстардың магниттік қасиеттерін талдаңыз.

Кешентүзуші ион лигандтардың октаэдрлік қоршауында болсын. Бұл жағдайда октаэдр пішінді кешен орталық атомы координаттар жүйесінің орталығында тұр десе, үш осьтің бойындағы dху, dхz, dyz орбитальдарындағы лигандтарға қарағанда d , d кешентүзушінің валенттік орбитальдарына жақындау болатындықтан оның әсерін молырақ сезіп, электрстатикалық қаттырақ тебіледі. Демек, бұл жағдайда d орбитальдардағы электрондардың энергиясы бірдей болмайды, анық айтқанда d , d орбиталіндегі электрондардың бойындағы энергия dху, dхz, dyz электрондармен салыстырғанда жоғарырақ болады. Сонымен бос күйіндегі немесе сфералық өрістегі бес d орбитальдардың энергиясы октаэдрлік өріске түскенде бірдей болмай 2 топқа жіктеледі: d , d (da тобындағы орбитальдар) және dху, dхz, dyz (dγ тобындағы орбитальдар). Алғашқылардың энергиясы соңғылардікінен жоғарылау болады, олардың айырымын D - жіктелу энергиясы деп атайды. d-деңгейшесінің жіктелу энергиясының айырымы лигандтардың және кешен түзушінің табиғатына тәуелді. Лигандтар тудыратын өріс күштірек болса, кешен түзушінің d-деңгейшесіндегі орбитальдары күштірек жіктеледі. Жіктелу энериясының мәні үлкейе түседі. d-деңгейшесін жіктеу қабілетіне орай лигандтар мынадай стехиометриялық қатар түзеді:

СО, СN->NO >NH3>NCS->H2O> H2O>F->Cl->Br->I-

Кешендерді эксперименттік зерттеуден және квантмеханикалық есептеулерден табылған бұл спектрхимиялық қатардағы әрбір лигандтың өзінен кейін орналасқан лигандтарға қарағанда d-деңгейшесін күштірек жіктейтіні көрініп тұр.

Кристалдық өрістегі энергиялық деңгейлердің жіктелу шамасына кешентүзушінің заряды және ондағы d-электрондардың типі әсер етеді. Ион заряды өскен сайын D-мәні де үлкейеді, себебі лигандтар ионға жақынырақ орналасып d-деңгейшелердің көбірек жіктелуіне әкеледі. Периодтағы d-элементтердің 4-шіден 5-ші топшаға ауысқанда, әсіресе 6-периодқа барғанда біртипті кешендерінің жіктелу энергиясы байқаларлықтай артады. Бұл 4d және 5d орбитальдардың әсері 3d орбитальдарымен салыстырғанда ядро маңынан алысырақ кеңістікке таралады. Осыған байланысты 4d және 5d деңгейшелердегі орбитальдар 3d-ға қарағанда күштірек тебіліп, көбірек жіктеледі.

Кристалдық өріс теориясы октаэдр типтегі кешендерден басқа тетраэдрлі, квадратты және сызықты түріне де қолданылады. Мәселен, тетраэдр пішінді кешендерде de орбитальдар(dху, dхz, dyz ) da (d , d ) орбитальдармен салыстырғанда лигандтарға жақынырақ орналасқан. Демек олардың тебілуі күштірек болады да тетраэдр пішінді кешендегі d-орбитальдардың жіктелуі октаэдрлерде керісінше болады. Осылайша кешен түзушінің d-деңгейшесіндегі орбитальдар тетраэдрлік пішінді (Т) октаэдрге (0) қарағанда нашарлау жіктеледі. Оның жіктелу энергиясы 2 еседей төмендейді.

Dт= D0

Жазық квадратты кешендердегі Z осінің бойында орналасқан d орбиталіне тікелей әсер ететін лигандтар болмағандықтан оның энергиясы төмен қалпында қала береді. Керісінше d , пен dху dху орбитальдарының жіктелуі күшейеді.


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 1125 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Катионды, анионды кешендерді сипаттаңыз. | Бейтарап кешендерді сипаттаңыз | Лигандтар бойынша жіктелуін сиптаттаңыз | Ацидокешендер, гидроксокешендер, полигалогенидтерді сипаттаңыз. | Полисульфандар, моно және полиядролы кешендерді сипаттаңыз | Валенттік байланыс теориясын сипаттаңыз. | Гибридті орбиталдердің сызықты, жазық үшбұрышты типтерін сипаттаңыз | Кристалдық өріс теориясын сипаттаңыз. | Жіктелу энергиясының мәнін сипаттаңыз | Спектрхимиялық қатарды талдаңыз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
D-деңгейшесінің жіктелуін талдаңыз.| Кешенді қосылыстардың магниттік қасиеттерін талдаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)