Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұлшық етке инъекцияны орындау

Читайте также:
  1. дене бұлшықеттерінің парезі
  2. Дипломдық жұмысты орындау кестесі
  3. Енгізуді орындау
  4. Көк тамырға иньекцияны орындау
  5. СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру графигі
  6. Тапсырманы орындау мысалы

Мақсаты: емдік -бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.

Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі.

Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:

- бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

- санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;

- иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.

5. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау керек.

7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз).

8. Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).

10. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.

11. Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.

12. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

13. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз.

14. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз.

15. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

16. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

17. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

18. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.

19. Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 450 бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін;

- майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларына иненің түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз, сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;

- инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;

- майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.

 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 2306 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сүлікті қою | ПАРАФИН ЖӘНЕ ОЗОКЕРИТПЕН ЕМДЕУ | ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру | Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру | ІІІ-қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз. | Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны | Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу | Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу | Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу | Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инсулинді енгізу| Көк тамырға иньекцияны орындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)