Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру

Читайте также:
  1. Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру
  2. Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру

Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесе глицеринді, жабысқыш пластырды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

- таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

- жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

- ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.

5. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

6. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.

7. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

8. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.

9. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.

10. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.

11. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

12. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

13. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегіне немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

14. Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).

15. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың хал-жағдайын бағалаңыз.

16. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

17. Катетерді алап тастаңыз.

18. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

19. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

- қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

- ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын ала ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.

 


 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 882 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту | Гигиеналық бҰлауды (ваннаны) жүргізу | Жартылай жату және жартылай отыру қалпы | Халі ауыр НАУҚАСТЫҢ Ауыз қуысын күту | КәрІжілік артериясынан тамыр соғуды аныҚтау | АН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ | Су балансын анықтау және есептеу | Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру | Ыша қағаздарын қою | Сүлікті қою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПАРАФИН ЖӘНЕ ОЗОКЕРИТПЕН ЕМДЕУ| Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)