Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру

Читайте также:
  1. ІІІ-қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз.
  2. Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
  3. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды
  4. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ІШті тесуге (лапароцентезге) ДАЙЫНДАУ
  5. ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшеріндегі, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

3. Енгізетін сүңгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз

4. Қолғапты киіңіз.

5. Фурацилин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін салыңыз (сүңгіні суландыру үшін).

6. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басының және мойынының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

7. Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

8. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүңгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз. Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, сүңгіні белгіленген белгісіне дейін, жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз).

9. 30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны сүңгіге жалғастырыңыз.

10. Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз.

11. Фонендоскоптың бақылаумен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

12. Сүңгіге қысқышты салыңыз немесе тығынмен жабыңыз, шприцті алыңыз. Сүңгінің сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

13. Сүңгіні жабысқыш пластырьмен мұрынға немесе бетіне бекітіңіз. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

14. Сүңгіден қысқышты (тығынды) алып, құйғыны немесе Жане шприцін поршенсіз сүңгінің бос шетіне жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

15. Құйғыны немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғының аузында тамақ қалмағанша.

16. Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

17. Тамақтандырғаннан кейін сүңгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

18. Сүңгінің шетіне қысқышты (тығынды) салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүңгінің шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

19. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүңгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтың ойылуының алды алуын жүргізеді:

- -38-400 су моншасында тамақты жылытады;

- қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

- науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;

- сүңгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүңгіні жылдам шығару қажет.


Гастростома – асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік – еюностома салынады.

Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына – тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.

Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден өң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.

Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.

Тану процесінде түтіктін қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егер де түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.

 


 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 294 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру | АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ | МЕЙІРБИКЕЛЕР ІС-ӘРЕКЕТІ | Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту | Гигиеналық бҰлауды (ваннаны) жүргізу | Жартылай жату және жартылай отыру қалпы | Халі ауыр НАУҚАСТЫҢ Ауыз қуысын күту | КәрІжілік артериясынан тамыр соғуды аныҚтау | АН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Су балансын анықтау және есептеу| Ыша қағаздарын қою

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)