Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Либералдық идеология.

Читайте также:
  1. Политическая идеология.
  2. Проблема социальной обусловленности познания. Познание и идеология. Знание и власть
  3. Социал-демократиялық идеология.

Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді

Қысқаша тарихы

Либерализм саяси ағым ретінде ХYI ғ. ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасы мен іс-әрекетімен, сондай-ақ мүдделер тепе-теңдігі мен әртүрлі құқынлықтардың сыйымдылығына негізделген келісім мен ымырашылдық саясатымен байланысты болды. Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.

Либерализм және әлеуметтік өмір

Либерализм әлеуметтік өмірдің негізі ретінде өз мүддесіне сәйкес еркін әрекет етуге құқы шексіз, сөзсіз құқынлықты әрі автономды тұлғаны атайды. Тұлғаның жеке өмірі қол сүғуға болмайтын жоғары саласы болып табылады және мемлекет тарапынан (либералды фундаментализм) араласуға болмайтын (laisser-faire) әмбебап принциппен қорғалады. Демократиялық мемлекетте толық билікке азаматтық қоғам ортақтасады. Қоғамдағы әділеттілік заң үстемдігімен және барлық азаматтың заң алдында теңдігімен қамтамасыз етіледі. Либералды демократияның қоғам дамуының гуманистік бағыты ретінде орнығуы жаһанданудың саяси қырын құрайды және тұлғаны құқықтық қорғауға шүбәсыздық мәртебесін берумен байланысты.

Либерализм және мемлекеттік құқық [

Либерализмге сәйкес, мемлекеттік құқық адам құқын қорғауда тұлға басымдығына назар аударады, ол мемлекеттен тәуелсіз әрі заңмен жасалмайды, жоққа да шығарылмайды. "Құқық - шын мәнінде - тепе-тең еркіндік принципінен шығатын қорытынды мәні" (Г. Спенсер). Туа бітті адамға кері қайтарылмайтын, ешкім тартып ала алмайтын табиғи құқық - өмір сүруге, бостандыққа және бақытқа ұмтылуға беріледі. Мемлекет жекеменшік құқын, этникалық құқықтарды, дінге еріктілік құқын қорғауға міндетті. Маңызды саяси мәнге ие азаматтық құқықтар: сайлау құқы, сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, бірлесу және жиналу бостандығы, шеруге шығу еріктілігі. XX ғ. әлеуметтік қауіпсіздік құқы бекітілді: білім алу құқы, еңбек ету және оған лайықты жалақы алу құқы, жеке өмірдің қол сұғудан қорғалуы құқы және т.б.

Либерализмнің экономикалық ұстанымы Либерализмнің экономикалық ұстанымы материалдық өмірде бостандық кепілі болатын бәсекелестіктің жетекші рөліне негізделеді. Сондықтан да мемлекет антимонополиялық шараларды қолдана отырып, бәсекені қолдап, дамытуы керек. Әлеуметтік қатынастар жүйесінде либерализм күш қолданбауды және ұстамдылықты қолдайды. Жаһандану жағдайында бәсекелестік және күш қолданбау бірдейлендіру мен дамудың кедейленуіне, алуан түрлілікті басып-жаншуға қарсы тұрады. Либерализмнің көптеген негізгі идеялары батыс әлемінде әмбебап, жалпыға ортақ қағидаттар мәртебесіне ие болды және халықаралық құқық ережелерінде бекітілді. Міне, либерализмді кейде жаһандану идеологиясы деп атау осыдан.

Либерализм және социализм

Либерализм және социализм - өзара байланысты ұғымдар. Бұл мәселені орыс философ В.М.Межуев жан-жақты зерттеген. Либералды идеология (адам еркіндігі) алғышарттары мен оның жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелері (адамдар теңсіздігі) арасында ішкі қарама-қайшылық бар. Ол бойынша еркіндік адамды теңдікке емес, теңсіздікке жетелейді, онда бәрі еркін, бірақ біргбіріне тең емес. Осыдан келіп либрализмге социалистік оппозиция қалыптасты. Осылайша, бүгінгі күнге дейін либерализм тендікке зияны тиетін еркіндікті қолдайды, ал социализм - еркіндік есебінен тендікке ұмтылады деп түсіну қалыптасқан. Бұл тығырықтан шығу жолын либералистер де, социалистер де іздестіруде. Қазіргі либерализм бұл мәселенің шешімін құқық пен моральды бірлестіретін жаңа әлеуметтік әділеттілік теориясын қалыптастыру арқылы таппақшы болды. Ал, социализм болса, Маркстен бері еркіндік пен теңдіктің өзара ұштасуынан туатын мәселенің басқаша шешімін ұсынады. Оның негізінде - жеке меншіктің болуы жағдайында бұл мәселенің шешімін табу мүмкін еместігін дәлелдеу жатыр. Жеке меншік жағдайында не еркіндікті, не теңдікті қүрбандыққа шалу керек болады. Осылайша, еркіндік идеясын уағыздаушы социалистік ағымды либерализмнің тарихи мұрагері ретінде қарастыруға болады.

50) Саяси жетекшілік туралы ұғым. Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.

Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.

Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндіреді.Қазір саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға,қозғалысқа,мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси топ бастаушылар,әдетте мынадай қызметтерді атқарады:қоғамныңтүбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп,мүдделерін үйлестіру,топтастыру;халықтың,топтардың қажеттіліктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау;қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінайқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен әр түрлі ұйымдар,топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің,заңдылықтың,тәртіптің кепілі болу.

Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар оқиғалар кездеседі.Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады.Сонымен қатар топ бастаушы өзін- өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндіктерболуға тиіс.Оған пікір еркіндігі,көппартиялық,парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру,тағы басқалар жатады. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси айының таласы,бәсекесі толассыз жүріп жатады.Ал тотолитарлық және аворитарлық жағдайда саяси көсемдер емес,диктатура,номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік басына демократиялық жолмен,жетекшілікке жету заңдылықтары арқылы емес,қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем) болудың 2жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.

Саяси жетекшіге қарама -қарсы ұғым -саяси бастаушы, көсемсымақ.Ол ұғым ХIХ ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа,қастыққа,қорқынышқы,үрейге,өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігінде шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай,ығында жүреді.

Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып өзінің атын шығарады,мансап құрады. Өйткені көпшілік,әдетте,жасампаздықтан гөрі қиратып,бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабылдайды.

Өмір дәлелдегендей,кейбір саяси бастаушылардың тағдыры кездейсоқ туады. Олар өз басының іскерлігі,абыройының арқасында емес, белгілі бір тарихи уақытта белгілі бір желіге (струя) кез келіп қалудан

Саясаткерлердің жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, аяси сенімде білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердің тарихта қалуына олардың саяси бағдарламаларының пайдалы, жемісті, өзіндік ерекшеліктері себепші болды.

Саяси тұғырнаманың жаңашыл, бәсекелестікке тойтарыс бере аларлықтай “күшті” болуы үшін мынадай талаптарға жауап беруі керек.Ең алдымен, әр түрлі әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктердің басын қосып,олардың қолдауын қамтамасыз ететін,бірден көзге түсерлік басты мақсаты болғаны шарт. Екіншіден, қойған мақсатқа жетудің терең талданған тетігі, нақтылы жолдары көрсетілуі тиіс.Үшіншіден, егер бағдарламада көрсетілген мақсаттар орындалғанжағдайда ол әрбір сайлаушыға,отбасына,ұжымға қандай экономикалық, әлеуметтік, рухани игіліктер әкелетіні түсіндірілгені жөн.

51) Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен дамуы. Саяси ойлар тарихы

Саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың катысуының көрінісі болып табылады.

Саяси ойлар тарихы осы процесі тарихи және саяси салдарға ие тұстары мен сәттерін қарастырады. Ол фактілерді, оқиғаларды жай ғана анықтаумен айналыспайды, керісінше саяси тәжірибені нақты саяси білімдердің категорияларыңда, ұғымдарымен ойларында белгілейді, саяси ілімнің мектептері мен бағыттарының арасындағы даму мен сабақтастық байланыстардың анықтаушы ағымдарын ашып көрсету арқылы саяси өткенді бірізді және жүйелі тұрғыда зерттейді.

Сондықтан саяси ойлар тарихының ғылыми құндылығын мынадан көруге болады:

Біріншіден, ол мемлекет, билік және қоғамдық басқаруды орнатудағы тәжірибені сүзгіден өткізе отырып халықтармен елдердіңі саяси тәжірибесін көрсетеді.

Екіншіден, ол бұл тәжірибені адамзат санасында, саяси білімдер жүйесінің категорияларында, ұғымдарында, түсініктерінде белгілейді.

Үшіншіден, адамзаттың саяси дамуындағы бірізділікт

саяси ойлардың ортақтығын қадағалайды және саяси дамуды айқындайтын үрдістердің бар екендігін анықтайды

Саяси ойлар тарихының ежелгі кезеңінен біздің заманымызға дейінгі объектісі биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси проблемалары болып қала береді. Ол саяси ойлар дамуының бастапқы кезеңдерінде қарапайымдылығы мен нақты өмірдің негізімен астасып кеткендігіне орай қарапайым және шектеулі болды, ерекше функция ретінде жеке көрініске ие бола қоймады. Бірақ өркениеттің дамуымен, мемлекеттік биліқтің қалыптасуы мен қызмет етуінің күрделенуімен саяси ойдың мазмұны байи түсті. Яғни, саяси ой мемлекеттік-биліктік функцияның орындалуымен, қоғамның құрылымдық күрделенуімен және оның даму проблемасымен байланысты. Алайда, қоғамдағы билік құру проблемасы қанша күрделене түскенімен де саяси ойдың базалық негізі ретінде сақталып қалған өз ядросы болады. Бұл биліктің, мемлекеттік биліктің әлеуметтік қажеттілігі,биліктің заңды болуы; биліктің негізгі функциялары;

билік құрушы субъектінің, оның өкілеттілігінің анықталуы, биліктің шектелуі;

саясаттың, қоғамның саяси өмірінің нормативті негіздері:

билік пен оған бағыныштылардың өзара қарым-қатынасы.

Қоғамды басқаруды ұйымдастырумен байланысты осы және басқа да мөселелер саяси ойдың тұрақты мазмұны болды. Сонымен қатар, саяси ойдың өмір мазмұнына қарай салмақтала түсетіндігін, оны саяси шынайылық пен оның проблемаларының үнемі өзекті етіп отыратындығын ескеру қажет. Саяси ойлардың тарихы туралы мейлінше толық түсінік алу үшін жалпы түрде қысқаша тарихи шолу жасап өтелік. Саяси ойдың даму кезендері адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының сатмларымен байланысты.

52) ХІХ-ХХ ғасырлардағы саяси идеологиялар:либерализм,концерватизм. 1. Идея және идеология ұғымдарының мәні.«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея – көзқарас, логос –ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні – «идея туралы ілім» немесе «мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі. Идея – ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады. Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана идея идеология ретінде қабылданып іске асырылады. Мысалы, марксизм идеологиясы алғашқыда бір ғана ғалымның – К.Маркстің идеясы ретінде пайда болды. Ол идеяның мағынасы: еңбекшілер буржуазиялық таптың қанауына ұшырайды, жұмысшылар мен шаруалар әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жетуі керек. Ол үшін жұмысшылар таптық революция ұйымдастырып, буржуазия өкіметін құлатып, жеке меншікті жойып, социализм орнатуы қажет деген ойды білдірді.

Кейін, К.Маркстің осы идеясын идеологияға айналдыру үшін коммунистік партия 1917 жылы Ресейде Қазан революциясын ұйымдастырып, өкімет билігін өз қолына алды. Мемлекеттік биліктің ұйғаруымен осы ойшылдың идеясы марксистік идеологияға айналып, КСРО сол идеология бойынша 70 жылдай өмір сүрді.Идеяның идеологияға айналуы туралы тағы бір мысал — реформизммен байланысты. Реформизм идеологиясы алғашқыда Э.Бернштейннің идеясы ретінде пайда болды. Бұл идеяның мазмұны: еңбекшілерді әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жеткізу үшін реформалар жүргізу қажет. Оларды буржуазиялық қанаудан қорғау үшін ешқандай революцияның қажеті жоқ, жұмысшы табын қорғайтын партиялар парламентке келіп, еңбекшілерді қорғайтын әлеуметтік жүйені заң арқылы қалыптастыруы керек деген идеяны ұсынды. Бұл саясаткердің идеясын идеологияға айналдыру жолында Еуропаның көптеген елдерінде социал-демократиялық партиялар ұйымдастырылды. Осы партиялар сайлау арқылы өз парламенттерінен орын алып, ал кейбірі мемлекеттік билікке келіп, нәтижесінде реформалар арқылы еңбекшілердің мүдделерін қорғай бастады. Э.Бернштейннің идеясы идеологияға айналды. Бұл идеология саяси ғылымда “демократиялық социализм” деп аталады. Сонымен, идеология дегеніміз — биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал.Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология 105 деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды.

Неміс саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады.

Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша — идеология мемлекеттің, саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі.

Жалпы идеология туралы түсінік ерте заманда пайда болды. Мысалы, Аристотель идеология деген түсінікті “энтелехия” деп атаған. Энтелехия – мүмкіндікті шындыққа айналдыратын ізденушілік деп ұлы ойшыл анықтама береді. Идеология проблемаларын зерттеуші, ғалым К.Манхеймнің ойынша: “идеология — ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратын

құрал”. Идеологияның мақсаты мен мазмұны қолдаушының (ұсынушының) мүддесімен сәйкес келеді. Сол себептен идеологияны ұсынушылар: мемлекет, билік, саяси немесе жеке адам идеологияға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер идеологияны қолдануда қателікке жол берілсе, онда қоғам дамуының өзі қате жолға түсіп кетуі күмәнсіз. Тарихта бұндай жағдайларға ұшыраған мемлекеттер аз болған жоқ.

 

Негізінде, қандай идеологияны таңдау қажет екенін шешуші халық болуы тиіс. Саяси биліктің, мемлекеттің ұстанатын идеологиясы қоғамның, оның әрбір әлеуметтік топтарының, азаматтардың мүддесінің, ой-пікірлерінің, яғни идеяларының жиынтығы болуы тиіс. Ал халық мүддесімен мемлекеттік идеологияны сәйкестендіретін демократияның дамуы болып саналады.

 

2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары

Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына, идеяларына негізделеді.Идеялардың негізгі көзі, бастауы ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі, Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік, реформистік, социал-демократиялық идеологиялар.

Либерализм – азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк. Осы ғалымныңұсынысы өз заманының қажеттілігінен туындады. ХҮІІ ғасыр адамзаттыңортағасырлық бұғаудан жаңа ғана шыға бастаған кезі еді. Адамзат тарихындаорта ғасырлар баршаға әйгілі монархияның, шексіз биліктің, тұйық ословиеның, еуропа елдеріндегі шіркеу түнегінің үстемдігінде болды. Әрбір адамның өз табиғи қабілетін іске асыру бостандығы мен мүмкіншілігі болмады.

Осылайша адамдарды мәжбүрлеу тәртібі қоғамдағы тоқыраушылық көріністерін күшейтті. Дж.Локк өзінің либералдық идеясында әрбір адам өз қабілетін іске асырмайынша, елдің дамуына өзінің үлесін қоспайынша қоғам қарқынды дами алмайды, адамдарды мемлекеттік дәстүрлі жіктеуліктен, дін құрсауының ықпалынан босату керек деп түсіндірді. Либералдық идеяны көпшілік жақтап шықты, әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық таптың тез қабылдауының арқасында кейін идеологияға айналды. Экономика саласында нарықтық қарым-қатынас қалыптаса бастады, енді біреулері кішкене шеберхана ашса, біреулері жеке меншік жерге ие болды, сөйтіп өндіріс дамыды. 50-100 жылдан кейін осы кішкене шеберханалар ірі зауыттарға, фабрикаларға, ал кішкене бау-бақша жерлері үлкен фермерлік шаруашылыққа айналды, нәтижесінде халықтың тұрмыс жағдайы қалыптасып жақсарды.

ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм – неолиберализм бөлініп шықты. Неолиберализм – азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі,либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, алнеолиберализм керісінше — мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ. Неолиберализм идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтыққатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, солсебепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды.

 

Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін

 

мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс. Неолиберализм идеологиясыбойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі – нарықтық жағдайдаазаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасаЛиберализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі “түнгі сақшы” сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет “жалпыға бірдей игілік” міндетін атқаруы тиіс.

 

ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік елдердегі көптеген саяси партиялар өз бағдарламаларын неолиберализм идеологиясына негіздейтін болды. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бастап билік басында сол елдің ең ірі– либералдық-демократиялық партиясы қызмет етеді. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және тағы басқа елдердің саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда. ХҮІІІ ғасырда дүние жүзінде тағы бір саяси идеология қалыптасты. Ол – консервативтік (консерватизм) идеология.

 

Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.ХҮІІІ ғасыр Еуропа, Америка және Азияның көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың дамып, капитализм қалыптасып, әлеуметті теңсіздіктің күшейген уақыты болды. Ол кезде еңбекшілер мен кедейлердің, жалпы жоқшылыққа ұшыраған адамдардың мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік қорғау жүйесі жетілген жоқ еді. Сол себепті революция ұйымдастырып, буржуазиялық тапты ығыстырып, социализм орнату қажет деген идеялар кеңінен тарала бастады.1789 жылғы Ұлы Француз революциясы бұның іс жүзіндегі дәлелі болатын. Осы саяси құбылыстарға байланысты қалыптасқан консерватизм идеологиясының негізгі мақсаты — қоғам мен мемлекетті, олардың саяси жүйелерін бұрынғы қалпында сақтап қалу болды. Консервативтік идеология – қоғамды әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан, ретсіз реформалардан, әсіресе қатыгез, қантөгісті революциялардан сақтап қалу жолдарын ұстандыКонсервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп,идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды.Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біраз елдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осыконсерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрле маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті. ХХ ғасырдың ортасынан бастап консерватизм идеологиясының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіліп консервативтік ой-пікірдің басты бағыты жаңарған консерватизмге (неконсерватизмге) ауысты.

53)Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқұқтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар.

54) Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты. Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың “этно-социология” деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсынының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын,қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. “Этника” деген ұғым “этнос” деген ұғымнан, терминнен шыққан. “Этнос” грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдарды тарихи – этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин “халық” деген ұғымға өте жақын. Этника немесе этникалық қауымдастық – белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы.Бұл табиғи – тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі, Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады. Адам қоғамдық әлеуіметтік организм ретінде өзінің әлеуметтік – этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процессі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы -әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санасына, т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді. Бұл қауымдастықтардың өздеріне тән шығу және даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл ең алдымен, олардың бір белгілі территориясынан- қауымдастықтың қалыптасуының бесігінен-мәдениетінен, басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік өқажеттілік адамның өмір сүруіне тікелей әсер етеді.

Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, ең алдымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материалдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамас етеді, соның нәтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттандырып отырады. Гентикалық шығу жағынан бір-юірімен өкешелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт әлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму процессінің тізбегін жасайды.

Этникалық қауымдастықты білдіретін ұғым “ұлт” терминіне қолданылады. Адамдардың белгілі бір топқа бірігуінің табиғи тірегі ретінде территория орталығы мен олардың тіл орталығы немесе олардың өзара жақындығы этникалық қауымдастықтың қалыптасуының негізгі шарты, факторлары болып табылады. Мысалы, Америка құрлығының бір қатар ұлттарының бір тұтас болып қалыптасуына этникалық қауымдастықтың әр тілде сөйлейтін бөліктері арасындағы “тіл орталығына” шаруашылық, мәдени, т.б. байланыстардың дамуы барысында қол жетті, яғни мұның өзі этногенес процесінің нәтижесіндеболды.

Тайпа, халық, ұлт этникалық қауымдастықтың тарихи типтері болып есептеледі. Сондай-ақ, белгілі бір жерде (яғни территория-аумақта) тұратын әлеуметтік ұйымы бар тұтас этникалық қауымдастықтар және территориялық жағынан бөлек-бөлек (әр жерде тұратын) этникалық қауымдастықтар болады. “Этникалық қауымдастық” термині кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингивистикалық топтарды атау үшін қолданылады. (Мәселен, қазақ, қырғыз, түркмен, өзбек, т.б. түркі тілдес халықтар моңғол типтес этникалық топқа енеді. Сондай-ақ, бір халықтың ішіндегі этнографиялық топтарды белгілеу үшін де “этникалық қауымдастық” термині қолданылады. Мысалы, қазақта әр түрлі жүздер (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) және алуан түрлі рулар (арғын, қыпшақ, үйсін, дулат, қоғңырат, шапырашты, т.б.) бар. Бұлар көрсетілген жағдайда “этнос” деп аталады.

Сонымен, жалпы этникалық қауымдастық адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол ру, тайпа, халық, ұлт түрлерінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.

Адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық қауымдастығының ең жоғарғы түрі- ұлт. Ұлт адамдардың материалдық тұрмыс жағдайларының, терииториясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктірінің ортақ болуы негізінде қалыптасты.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 2522 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)