Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ііі. Қазақстан республикасы төлем жүйесінің қалыптасуы және қазіргі кездегі жағдайы

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
  7. азақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы даму бағытының сипаттамасы

 

Қазақстанның қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі орталықтандырылған жоспарлы экономика жүйесі мен Кеңес Одағының мемлекеттік банкі қолдаған жүйеге негіз болғанымен, нарықтық экономиканың жаңа шарттарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты 1991 ж. Ұлттық банк төлем жүйесі реформасын жүзеге асыра бастады. Қазақстан Республикасы төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаты – банк пен оның клиенттері арасында төлем жүргізуді жылдамдату (1990 жылдың басында бірінші төлем мерзімі 3-12 күндік уақытты алған), сонымен қатар р түрлі төлем құралдарын айналымға енгізу болып табылады. Төлем жүйесін реформалаудың алғашқы бастамасы 1991 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі филиалдарында ашылған коммерциялық банкілердің МФО шоттарын корреспонденттік шотқа аударудан басталады. Бұл МФО шоттарын жауып, банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыруды және коммерциялық банкілердің (Кредсоцбанк, Өнеркәсіп-Құрылыс банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Жинақ банкі) кассалық қызметінің орындалуын қамтамасыз етті. 1992 ж. КСРО құлағаннан кейін, ТМД мемлекеттерінің Ұлттық банкілерінде сауда-экономикалық есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында корреспонденттік шот ашылды. 1993 жылдары Ұлттық банк мемлекет ішіндегі және мемлекеттен тыс шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қарызды есепке алуды жүзеге асырды. Осы жыл ішінде Қазхақстанның облыстары арасында жалған авизоны қолдануды алдын алу мен төлемдерді жылдамдату мақсатында барлық дайын техникалық құралдардың күшімен электрондық есеп айырысуды енгізу басталды.

1994 ж. Мемлекеттік бағалы қағаздардың орталық депозитарийі құрылды. Қазіргі уақытта Орталық депозитарийде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың электрондық жүйесі енгізілген. Бұл делдалға нақты уақыт ішінде өз офистерінде, биржадан тыс нарықта бекітілген мәмілелер б есеп айырысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Төлемдер мен банк арасында құжаттар айналымын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында, 1995 ж. қазақстанда алғашқы клирингілікпалата (Алматы клирингілік палатасы) ашылды және ол көп жақты өзара есепке алу әдісі бойынша қызмет атқарады. Банкілер соңғы есеп айырылысуларды рбір қатысушының позициясы бойынша операциялық күннің соңында бір рет қана жүзеге асырады. 1995 ж. Ұлттық банкідегі шоттарды мұқият тексеру мен рубль зонасындағы мемлекеттердің тарапынан Ұлттық банкілердің корреспонденттік шоттарын қайта реттеу жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы төлем жүйесін дамыту мен жетілдіру мақсатында, 1996 ж. Ұлттық банкінің облыстық филиалдары тарапынан аймақтық-клирингілік палаталар құрылды, олар ішкі аймақтық төлемдердің банкаралық клирингін жүзеге асырады.

Осы жылы нормативті түрде «электронды төлем тапсырмасы» ұғымы бекітіледі. SWIFT жүйесіне бағытталған төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы төлем бойынша ақпаратпен айырбас үшін электронды қатынас форматы дайындалып енгізіледі. Бұл жүйе өз кезегінде филиалдар арасындағы есеп айырысуды талап етпейді.

1996 ж. Алматы клирингілік палатасы Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы (БЕАҚО) болып қайта құрылды. Бұл төлем жүйесінің тиімді, тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін әлемдік тәжірибедегі соңғы жетістіктерді ескере отырып, ақпараттық технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды қолданады. Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы мынадай негізгі функцияларды атқарады: МСПД, банкаралық клиринг, SWIFT, VISA, KAZNNSS, СОБС, ФАСТИ. Республикадағы төлем жүйесін дамыту бағытында 1996 ж. Тамыз айында Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы негізінде есеп айырысуды жүзеге асыратын және электронды төлем тапсырмасын дайындайтын. Ірі төлемдер жүйесі (ІТЖ) құрылды. (нақты уақыт режимінде жалпы есеп айырысу жүйесі). Ірі төлемдер жүйесі есеп айырысу жүйесін мемлекеттік бағалы қағаз бойынша пайдаланып жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бірыңғай қатынастарстандарты (барлық ақпараттық қатынастар мен төлем құжаттары SWIFT стандарттарына сәйкес құралады) мен ISIN стандарттарының талаптарына сйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссияларын кодтау жүйесі қабылданған. Төлем жүйесін дамытуға әсер еткен маңызды шаралардың бірі – 1998 ж. Қазан мен қараша айлары аралығында Ұлттық банкінің орталық аппаратында екінші деңгейлі банкілердің корреспонденттік шотын орталықтандыру болып табылады. Корреспонденттік шоттарды орталықтандыру негізінде Ұлттық банк есеп айырысу мен банкілік қызметті тез жүзеге асыруға, төлем жүйесінің бақылау функциясын және жалпы банкілік жүйенің тиімділігін көтеруге мүмкіншілік берді.

Соңғы жылдары тиімді әрі қауіпсіз банкілік және қаржылық секторлардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, Ұлттық банк тарапынан дамыған шетелдік мемлекеттерде қызмет ететін жалпы есеп айырысу жүйесіндегі ірі төлемдер жүйесін жетілдіру мен жақындастыру бойынша көп жұмыстар атқарылды. Сонымен 2000 ж. Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығының жүйесі халықаралық қаржы ұйымдар тарапынан берілген барлық негізгі талаптарға жауап беріп RTGS нақты уақыт режимінде есеп айырысуды жүзеге асырып МСПД-ға қайта ұйымдастырды. МСПД-ның маңызды принциптері – төлемнің нақты уақыт режимінде аяқталуы, есеп айырысудың түпкіліктілігі мен қайтарып алынбайтындығында. МСПД арқылы жүзеге асырылатын төлемдер Ұлттық банкінің ақшаларымен кепілдендіріледі. Өтімділік, кредиттік және жүйелі тәуекелді басқару мақсатында, Ұлттық банк электрондық әдіспен банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы ақпараты негізінде МСПД-ны қолданушылардың ұстанымдарын жүзеге асырады. Банкаралық валюталық нарыққа қатысушылар шетел валютасының бағамы бойынша төлемді теңгемен жүзеге асырады. Қазіргі уақытта төлем жүйесі арқылы төлем жүргізу мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру кезіндегі уақытша кідірістер жойылған. Төлем жүргізу қауіпсіздігі мен тиімділігінің жоғарылуына байланысты Қазақстанның төлем жүйесі екінші деңгейлі банкілерден, банкілік емес ұйымдардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден қолдау табуда.

Қазақстан Республикасындағы ақшалар ағымында банкілік жүйе жағдайын, төлем балансын, сыртқы қарызын, ақша-кредит саясаты мен валюталық саясаттың параметрлерін бақылайтынжоспарлайтын және тез арада талдау жасайтын көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Осыған байланысты 2001 ж. Кодтау жүйесі енгізіп, Қазақстан Республикасының территориясында төлем құжаты қолданатын төлемдерді бекітудің бірыңғай топтастырушысы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік топтастырушысының жұмыс тәртібі анықталдды. Зейнетақы реформасын жүзеге асыру үшін МТ 102 форматындағы электрондық жиынтық төлем тпасырмасы енгізілді. Сонымен қатар, зейнетақы салымы бойынша төлемдерді жүзеге асыру тәртібі банкімен бірлесіп дайындалды. Өтпелі кезеңде экономиканы реформалаудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде бір жағынан төлем кризисі мен оның салдары, ал екінші жағынан жаңа банкілік жүйенің негізіндегі есеп айырысудағы өзгерістер саналады. Қазіргі уақытта республикадағы Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығында ірі көтерме төлем жүйесі мен бөлшек төлем жүйесі қызмет етуде.

Республиканың төлем жүйесін дамытудың негізгі кезеңі RTGS (нақты уақыт режимінде есеп айырысу жүйесі) нақты уақытта есеп айырысуды жүзеге асыратын Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы базасындағы ірі төлемдер жүйесін құру болып табылады. RTGSжүйесін құру үшін кез келген мемлекеттің қаржы саласындағы артықшылығы басым болуы керек. Бұл жүйенің болуы мемлекеттегі банкілік жүйенің тұрақты қызмет етуін сипаттайды. Бүкіл әлемде осындай жүйелерді құру үшін жалпы қабылданған стандарттар әрекет етуі қажет. 1996 жылдың соңына қарай өз қызметін бастаған Ірі төлемдер жүйесінің қызметі соңғы жылдар ішінде тиімді жүргізілуде. Осы уақыт аралығында Ірі төлемдер жүйесі бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық модернизациялауда көптеген өзгерістерді басынан өткізеді. Бірақ Ірі төлемдер жүйесін бүгінгі күні – тиімді әрі қауіпсіз төлем жүйелеріне жатқызуға болады.

Қазіргі кезде Ірі төлемдер жүйесін қолданушылардың қатарына екінші деңгейлі банкілер, жекелеген банкілік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі де жатады. Терминалды қолдану арқылы қатысушылардың өздері осы жүйеде өзара тікелей қызмет етеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ірі төлемдер жүйесіне қатысу үшін, Қазақстан Ұлттық банкінің корреспонденттік шотында сақталған сома шегінде қолданушылардың ақшалай аударымына кепілдік береді. Мұнда Қазақстан Ұлттық банкі, Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы мен басқа да жүйеге қатысушылар арасында жауапкершілік бөлінеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде Ірі төлемдер жүйесіне қатысушылар нетто есеп айырысуы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бухгалтерлік кітабындағы операция жүргізілген күніне көрсетілуі тиіс. Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы жүйені қолданушылардан қабылданған төлемдерді дайындауға, бір қолданушыдан екіншісіне аударылған ақшаның дұрыстығына жауап береді. Қолданушылар электронды төлем құжатының нақтылығы мен дұрыс толтырылуына мұқият болуы керек.

Қазақстанда Ұлттық клирингті енгізу KAZNNSS 1999 жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарланған. Ол үшін KAZNNSS мәліметі бойынша, соңғы есеп айырысуды жүргізген Есеп Агентінің қызметін өз жауапкершілігіне алатын ұйымды таңдау керек болады. Қазіргі уақытта жеті Қазақстан Ситибанкі, ABN AMRO Bank,Казкоммерцбанк, Альфа-банк, Алматы Сауда-Қаржы банкі KAZNNSS-тің қатысушылары болып табылады. Бұл факт Қазақстан нарығындағы жекелеген банкілік қызметтерде карточкалық бизнестің белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Мұның өзі өз кезегінде Қазақстандағы Ұлттық клирингілік Visa International жүйесін енгізудегі тиімділік пен дер кезділікте сипаттайды. Барлық Visa карточкаларын қолдануға трансакциялар екі Visa орталықтың біреуіне-біріншісі Бейсингсток, Ұлыбританияға және екіншісі Мак-Дине, Вирджиния, АҚШ-қа есеп айырысу, авторландыру қызметі бойынша бағытталады. Барлық осы ақпараттық ағымдар VisaNet арқылы арнайы шлюзбен (желіге қол жеткізу нүктесі) VAP компьютерлік интерфейске бағытталады. 1997 ж. қарашасына дейін Қазақстанда тек бір ретті қолданылатын VAP – Тұран Әлем банкіне орналастырады. VAP арқылы ақпарат желісін көбейтуде Visa жүйесіне қатысушы-банкілердің карточкалық бағдарламасының дамуы айтарлықтай дау тудырды.1997 ж. Visa International Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы өз құрамына VAP жаңа нұсқасын енгізуге (алғаш бұл кешен Украинада орнатылған) ұсыныс жасады. Келісім шарт пен дайындық жұмыстары біткеннен кейін, 1997 ж. Қарашада Банкаралық есеп айрысудың Қазақстандық орталығында Express Connect, Service Visa Net, Point VisaNet желілерімен бірден 6 банк жұмыс істей алатын шлюзді бағдарламалық-техникалық кешен орнатылды. Бұл VAP X25 желісі сенімсіз телекоммуникацияларды пайдалану үшін арнайы дайындалған. Х25-те көпшілік желісі ретінде Banknet дамыған желісі бар банкаралық қаржылық телекоммуникациялар орталығы таңдалып алынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төлем карточкалары, кепілдендірілген чектер, вексельдер сияқты төлем құралдарының Қазақстан территориясында қолдану тәртібін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді дайындап бекітті. Қазақстан Республикасының төлем жүйесі қызметін реттейтін нормативті-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, 1998 ж. 29 маусымда қол қойылған «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» ҚР Заңы дайындалды. Қолма-қол ақшасыз аударым бойынша Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығына қызмет көрсетумен байланысты қатынастарды реттеу үшін, жүйенің ұйымдастырылуы мен қызмет ету тәртібін анықтайтын ҚР Ұлттық банкі басқармасы дайындаған «Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аудару жүйесіндегі ақша аудару ережесі» қабылданды.

Әр түрлі кадрлық мәселелерді шешудегі сапа мен жылдамдық мамандардың біліктілігіне байланысты болады. Интернет-банкинг жүйесін дайындау үшін программистер (тек қана интернет технологиясында жұмыс істейтіндер ғана емес), жүйелік администраторлар, веб-дизайнерлер, веб-программистер, компьютер мен коммуникацияны қорғау бойынша сарапшылар экономистер, маркетологтар, заңгерлердің барлығы интернет әлемін өте жоғары деңгейде білу керек. Мысал үшін, қазіргі кезде электрондық коммуникациядан хабары бар заңгерді табу қиын және табылған күнде де ондай заңгерлердің қызметі өте қымбат болады. Дәл осы жағдай желінің қауіпсіздігін сақтайтын мамандарға да қатысты, себебі көп жағдайда жалған пластикалық карточканы жасаушылардан сақтану қажеттігі жиі туындайды. Бұл шараларды құқық қорғаушы органдардың қатысуынсыз нығайту мүмкін емес, ал олардың қызметі пластикалық карточка туралы заңдардың жоқтығына байланысты шектелуде. Күнделікті өмірде интернет-банкинг саласында қызмет ету үшін аралас маманның қажеттілігі туындай бастады. Құқықтық мәселелер: интернет-банкингтің дамуына кедергі келтіретін проблемаларға нақты жүйеленген, қалыптасқан жалпы электронды коммерция саласындағы қауіпсіздікке байланысты заңнаманың жоқ болуы жатады. Интернет-бизнеспен айналысатын тұлғалардың алдында кедергі туындамайды. Олар өз қызметінде акт, қаулылардан жинақталған ақпараттарға сүйеніпзаңды негіздеме жасап шығарады. Бірақ, жаңа іс ашқысы келетін тұлғалар заң мен жаңа технологияны жеткілікті деңгейде білмесе, онда бұл жағдай оның интернет-бизнеспен айналысуына үлкен кедергі болады.

Қаржылық мәселелер: нақты мәліметтерде келтірілген шығындардың орнын қайта толтыру үшін, орташа есептегенде шамамен 5 жыл уақыт кетеді. Интернет-банкингтің тағы бір маңызды аспектісі – ол электрондық есеп айырысу жүйесіне қатысушыдан ережеге сәйкес белгілі көлемдегі ақшалай соманы сақтауды талап ете алады. Банкаралық есеп айырысуда сақталған қаражаттар корресподенттік шоттарда – қалдықтар (қалдық мөлшері реттелуі мүмкін), ал банк клиенттері үшін шоттағы қалдықтар – лимит болып табылады. Қысқаша айтқанда, онлайындық есеп айырысудың ыңғайлылығы үшін қаражаттың бір бөлігін белсенде айналымын шегеру керек. Сондай – ақ қаржылық мәселеге рентабельдік және микротөлемдер құны мәселесін де жатқызуға болады. Интернет арқылы кішігірім сатып алулар жасауға болатыны барлығына белгілі. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес микротөлемдердің соммасы 1s аспайды. Осындай трансакцияны жоғарғы емес ставкада (жоғары тұрақты ставкаға қарағанда) жүзеге асыру клиенттерге маңызды әрі қолайлы жүйе ретінде көрінсе, ал оның иесіне пайда табу тұрғысына тиімсіз.

Электрондық есеп айырсу жүйесіне енгізу мен қолданудың экономикалық тиімділігі өте маңызды. Жаңа өнімді енгізудегі тиімділікті есептеу үшін, енгізу мен пайдалануға кеткен шығындар мен түскен пайданы, орнына қайта толтыру мерзімін есептеу керек. Мұны жүзеге асыру мүмкін емес себебі электрондық есеп айырысуды енгізуге арналған нақты схема жоқ. Сонымен қатар, енгізудің әр турлі схемасы электрондық есеп айырсу жүйесін енгізу мен қолдануға байланысты түрлі деңгейдегі пайдалар мен шығындарды көрсетеді. Телефондық қызмет көрсету жуйесін енгізу бағдарламасының құны 10 000 $ оған жұмсалған қаржы 1500 $ жетеді. Сонымен қатар банк телефондық желіге қосылу үшін де қаржы бөледі (шамамен 1000 $).Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып электрондық банкілік қызмет жүйесін енгізуге орта есеппен 300$- дан 20 000 $- ға дейін қаржы жұмсалғаныны анықтауға болады. Бұл жерде инфрақұрылымды дамыту мен қолдануға кеткеншығындар есептелінбейді. Сондықтан, банк жұмсалған қаржыны өтей алмайтынын білсе, онда мұндай аз сомаға шығындалмайды. Аталған мәселелерді шешу Мемлекеттік интеграциялық комитет жалпы есеп айырысу, төлем жүйесін құру мүмкіншілігі туралы ұсыныстар жасады. Осыған байланысты наурыз айының екінші жартысында осы мемлекеттердің Орталық банкілерінің өкілдері ҚР Ұлттық ьанкі мен Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығына келді. Мұндағы мақсат – Кеденлік Одаққа мүше мемлекеттер арасында есп айырысуды жүргізу үшін қазақстандық төлем жүйесін қолданудың мүмкіншіліктерін анықтау болды.Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің Орталық банкілері сарапшыларының хаттамасында Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің жалпы төлем жүйесін құруы туралы мэселе қарастырылды. 2000 ж. 29 наурызында Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығында төлем жүргізудің технологиялық және бағдарламалық қауіпсіздігінің деңгейі жоғары екені аңықталды. Қазіргі уақытта ТМД мемлекеттері төлемдерінің трансшегаралық жүйесін құру концепциясы дайындалуда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы аумағында төмендегідей төлем жүйелері жұмыс істейді:

· нақтылы уақыт режиміндегі жалпы есеп айырысу жүйесі (банкаралык ақша аударымдарының жүйесі);

· клирингілік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі).

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін бүтіндей (жалпы негіздегі) төлемдер жүйесі 1996 ж. тамызынан бастап Қазақстанның Банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ). ІТЖ жетілдірумен оны дамыған елдерде әрекет ететін есеп айырысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлтық банк көп жұмыстар атқарылды. 2000 жылдың соңына ІТЖ жүйеге қатысушылардың есепшотындағы ақша негізінде нақтылы уақыт режиміндегі есеп айырысуды жүргізетін (RTGS) – нақтылы уақыт режиміндегі есеп айырысу), халықаралық қаржы ұйымдарының төлем жұйесіне қоятын барлық талаптарына жауап қурылды. Кез келген мемлекетте RTGS жүйесін құру- қаржы саласында ең жоғары басымдықты қажет етеді. Мұндай жүйенің болуы – мемлекеттік банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуімен сиптталады. БААЖ-дың мақсаты – осы жүйені пайдаланушылардың Ұлттық банк шотындағы ақшасын пайдалана отырып, ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз ету. БААЖ-а үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады. БААЖ-а мәліметтер алудың тек электронды тәсілмен жүзеге асуы Ақша аударудағы банкаралық жүйенің қызмет көрсету ерекшелігіне жатады. БААЖ-а электронды мәліметтер беруді куәландыру мен оларды беру кезінде қателерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар жіберілген және қабылданған электрондық мәліметтерді есептеп, оған бақылау жүргізеді. БААЖ-а зерттелген барлық электрондық мәліметтер аудиторлық із қалдырады. Жоғарыда аталып өткендей, БААЖ-а төлем жүйесін пайдаланушылардың шотындағы ақша мөлшерінде нақтылы уақытта жүзеге асырылады. Пайдаланушы төлем құжатында көрсетілген сомаға сәйкес төлем жасайтын ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігіне байланысты ҚБЕО-дағы төлем тапсырымдарына кезекке тұрады. Кезекте тұрган құжаттар басымдылық кодтарына сәйкес қарастырылады. Басымдылық кодтары негізінде кезекте тұрған төлем тапсырыстарының орындалуы олардың кезекте тұру тәртібімен жүзеге асады. Пайдаланушылар төлем тапсырыстпррының орындау кезеңін белгілеуге және өзгертуге құқылы. Пайдаланушыларға кезекте тұрған төлем құжаттарын қайтарып алуына болады. БААЖ-а мәліметтерді алу жылдамдығы орташа есеппен алғанда секундына 5-7 рет трансакцияланады. Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) – клирингілік палаталар (клирингілік жүйе) арқылы кішігірім сомдағы төлемдердің электрондық аударымдарын жүзеге асырады. Бөлшек төлемдер жүйесінің негізгі ерекшелігі – операция жүргізетін күннің ішінде жүйеге қатысушылардан келіп түскен төлемдер бойынша олардың өзара талап-тілектерінің айырмашылықтары анықталып, тек сол бойыгша ақша аудару жүзеге асырылады. 1995 ж. қаңтар айынан 1998 ж. қарашасына дейін ҚБЕО-дағы клирингілік палата ретінде клирингтің қатысушыларына күнделікті дебеттік және кредиттік шектеулер қоятын (қазіргі уақытта бұл шектеулер алынып тасталған) облыстық клирингті жүзеге асырды. Мұндағы тәуекелдіктерді басқару жүйесі мен қызмет көрсету қағидалары клирингке қатысушылардың аясын екінші деңгейлі ірі банкілердің аз ғана санымен шектейді. Дегенмен, банк жүйесінің дамуы Қазақстанның барлық қаржылық ұйымдары мен аймақтары үшін ашық клирингті құру қажеттігін туындатады.

1998 ж. 1 қаңтарынан бастап ҚБЕО-да Қазақстанның барлық банкілері мен Қазыналық зейнетақы қорларын қоса есептегенде, басқа да банкілік емес мекемелерді біріктіретін жаңа клирингілік жүйе пайдалануға берілген болатын. 1999 ж. тасыз айына дейін БТЖ кішігірім сомадағы бакаралық төлемдерді жүзеге асыратын ҚБЕО жанындағы Алматы клирингілік палатасы мен Ұлттық банкінің облыстық филиалдары жанындағы клирингілік палаталардан тұрған болатын. Қазіргі кезде ҚБЕО-дағы, «Тимей» ЖШС, аймақтық-клирингілік плпта мен қаржы-өндірістік компаниясы банкаралық клирингті жүзеге асыра бастады (2003 ж. маусым айынан бастап «Тимей» ЖСШ банкаралық клирингті жүзеге асыруды тоқтатты). 1998 жылдың соңына қарай Алматы клирингілік палатасы АҚШ-тың автоматтандырылған клирингілік палатасының үлгісіне сәйкес жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта ҚБЕО-дағы төлем жүйесін пайдаланушылар байланыс арналарының барлық түрлерін қамтамасыз ететін озық коммуникацияқ құралдармен жабдықталғаг. Кеңес Одағы құлағаннан кейін, Қазақстандық қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесінде көптеген оң өзгерістер болды. Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы бұл ұйымның негізгі және осы жүйе арқылы біздің көптеген банкілер қызмет көрсетеді. Коммерциялық банкілер осы жүйе арқылы ірі қаржы мекемелерімен жоғары деңгейлі байланыс орнатты. Сонымен қатар бұл банкілер тез қарқынмен халықаралық стандарттарға өтіп, нәтижесінде өз клиенттеріне жоғары деңгейдегі әр түрлі қызметтер көрсетіп келеді. Қазіргі кезде Қазақстанның төлем жүйелері тұрақты,тиімді әрі қауіпсіз қызмет көрсетумен ерекшеленеді. Қазір Ұлттық банк төлем жүйелерін ары қарай дамытып жатыр. Тәжірибе алмасу мақсатында 2005 ж. қыркүйек айында Ұлттық банк Жапония, Австрия, Италия, Туркия, Латваия, Ресей, Украина, Булорусь, Молдава, Армения, Әзірбайжан, Тәжікстан және Қырғызстанның Орталық Ұлттық банкілері өкілдерінің қатысуымен «Төлем жүйелері қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде» атты кездесу өткізді. Аталмыш кездесудің аясынла тәжірибе алмасу, төлем жүйелерін құру, Орталық банк жұмысының негізгі басымдықтарын айқындау, төлем жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету саласындағы өзекті проблемалар мен қазіргі заманғы процестер талқыланды.

Қазақстанның төлем жүйелерін Еуропалық Одақтың стандарттарына сәйкестендіру мақсатында, Ұлттық банк 2005 ж. банкілердің өз клиенттеріне тағайындайтын банкілік есепшоттарының құрылымын реформалауды жалғастырады. Осы жұмыстарды жүргізу шеңберінде шоттың жаңа құрылымы, шоттың жаңа бірыңғай құрылымға өту мерзімі мен тәртібі әзірленді. Халықаралық төлем жүйесі саласында Мемлекетаралық банк пен жалпы төлем бойынша Есеп айырысу жүйесін құруға қатысты өзара іс-әрекеттер жалғасын тапты. Осы жүйенің құрылуы мен жұмыс істеуіне негіз болатын құжаттарға қол қойылып, Мемлекетаралық банкіге қатысушы мемлекеттердің қолма-қол есеп айырысу жүйесіндегі жобасын іске қосуға байланысты негізгі мәселелер пысықталды. Негізгі орталық орналасқан ауданда техногендік немесе табиғи сипаттағы апаттар туындаған жағдайда, сондай-ақ соғыс жағдайында төлем жүйесінің жұмысын жедел жаңартуға мүмкіндік беретін сақтық қор орталығын құру қарастырылған. Осыған байланысты Ұлттық банк Астана қаласында Жаңа сақтық қор орталығын құру концепциясын дайындады. Жаңа сақтық қор орталығын салған кезде оған орын таңдауда, жобалау мен құрылысына қойылатын жалпы талаптарға баса назар аударылды. Жаңа сақтық қор орталығы төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ Ұлттық банкінің елдегі Ұлттық қордың алтын валюта активтерін басқару жөніндегі стратегиялық маңызды функцияларын орындау, бүгінгі банкілік ақпарат жүйелері мен деректер базасын тиісті техникалық деңгейде қолдану үшін пайдаланылады деп болжануда.

Ұлттық банк 2005 ж. төлем карточкаларының нарығын дамытуға баса назар аударды.Төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымын жағдай жасау мақсатында, 2002 ж. 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкіметі «Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» қаулы қабылдады. Екінші деңгейдегі банкілердің төлем карточкаларын ұлттық банкаралық жүйенің жұмысына қатыстыру үшін, «Ұлттық процессингілік орталық» акционерлік қоғамында, Ұлттық банкіге тиесілі акциялар пакетін мүдделі екінші деңгейдегі банкілерге сатуға қатысты іс-шаралар жүргізіледі. Жалпы алғанда 2005 ж. ел экономикасының дамуына үлес қосқан қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер саны мен көлемінің айтарлықтай өсуі байқалды. Мәселен, 2005 ж. ұлттық төлем жүйелері арқылы жүргізілген қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдердің жалпы мөлшері 51 705,7 млрд. теңге болды, қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдердің саны 23,2 млн. Трансакция деңгейінде қалыптасты. 2004 жылмен салыстырғанда қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдердің көлемі – 72,1 %-ға, ал төлемдердің саны – 33,4 %-ға көбейді.

Банкаралық ақша аудару (БААЖ). 2006 ж.1-тоқсанында Банкаралық ақша аулару жүйесі (БААЖ) мен Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдер саны 6 033,7 мың трансакция құрап, сомасы 17 098,7 млрд. теңгеге жетті. 2005 ж. 1-тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 28,8 % -ға, ал төлемдер сомасы 77,2%-ға артқан. Бұл ретте, БААЖ арқылы жасалған төлемдерге 2006 ж. 1-тоқсанында еліміздің төлем жүйелерінде жасалған барлық төлемдер санының 32,2%-ы, ал төлемдер көлемінің 97,8%-ы келеді. Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдерге, сәйкесінше төлемлер санының 67,8%-ы ал жалпы жасалған төлемдер көлемінің 2,2 %-ы келеді. 2006 ж. 1 сәуірінде жағдайға байланысты БААЖ қатысушыларының саны 52-ге жетті. Оның 34 екінші деңгейлі банкілер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық комитеті, банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 10 ұйым, Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық банк, Мемлекетаралық банк, ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының банк-кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ). 2006 ж. 1-тоқсанында Ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы жалпы сомасы 16 728,8 млрд. теңгені құрайтын 1 944,4 мың трансакция жасалған. 2005 ж. 1-тоқсанымен салыстырғанда 2006 ж. 1-тоқсанында байқалған БААЖ-дағы төлемдер көлемінің артуы келесідей операция түрлерінің артуымен байланысты болды: ҚР президенттерінің бағалы қағаздары мен операциялары – 43,7 %-ға, банкілер мен олардың клиенттерінің дипозиттері және жеке қаражаттарының аударымдары – 2,8 есе, шетел валютасы мен бағалы металдар операциясы – 2,2 есеге артқан. Бұл төлемдер көлемінің арту сомасы БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемі өсімінің 85,9%-ын құрады. 2006 ж. 1- тоқсанында жүйеде жасалған төлемдерді пайдаланушыларға қатысты мәліметтер 1-2 қосымшыларда келтірілген.

Банкаралық клиринг№ 2006 ж. 1 сәуіріндегі жағдайға байланысты Банкаралық клирингке қатысушылардың саны 34 болған болса, оның 26-сы – екінші деңгейлі банкілер, Қазақстан Республикасы Қарды министрлігінің Қазыналық комитеті, «Қазпошта» АҚ және «ТАТ Кредит», Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық (3 есепшот ашылған), ҚР ҰБ, Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қорының, банк-кастодианы. 2006 ж. 1-тоқсанында бөлшек төлемдер сомасы 370 млрд. теңге болатын 4 089,3 мың құжатты құрады. 2005 ж. 1-тоқсанымен салыстырғанда Банкаралық клирингте жасалған саны 34,6 %-ға, ал сомасы 36,8 %-ға артты. 2005 ж. 1- тоқсанмен салыстырғанда 2006 ж. 1-тоқсанында Банкаралық клирингтегі төлемдер көлемінің өсуі тауарлар мен материалдық емес активтер бойынша төлемдердің 30,4%-ға, көрсетілген қызметтер бойынша төлемдердің 35,4%-ға, бюджетке төленетін төлемдер мен бюджеттен төленетін төлемдердің 31,2 % -ға және зейнетақы жарнасы бойыгша төлемдердің 44,1%-ға артуымен байланысты болды. Осы төлем түрлері өзгерісінің жалпы үлесі Банкаралық клирингтегі төлем көлемінің жалпы өсімінің 87%-ын құрады. Қарастырып отырған кезде клирингілік жүйеде зерттелген трансакциялардың орташа күндік көлемі 6,2 млрд. теңге сомасындағы 68,2 мың құжатты құрады. 2005 ж. 1-тоқсанмен салыстырғанда төлемдердің орташа күндік саны 17,5 мың құжатқа (34,6%-ға) сомасы 1,7 млрд. теңгеге (36,8%-ға) дейін артқандығы байқалады.

2006 ж. 1-тоқсанында Банкаралық клирингте жасалған төлемдерді пайдаланушы топтарға қатысты мәліметтер 3-4 қосымшаларда келтірілген. Төлем карточкалары. 2006 ж. 1 мамырындағы жағдайға байланысты 20 банк және «Қазпошта» АҚ нақтылы түрде төлем каррточкаларын шығаруды жүзеге асыра бастады. Екінші деңгейлі банкілер Ahyn Carci – «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Алматы Сауда-Қаржы банкі» АҚ, SmartAlemCard – «Туран-Әлем банкі» АҚ, Дуэт – «Валют –Транзит банк» АҚ, «Каспий банкі» АҚ, «Сити банкі» АҚ, «Цесна банкі» АҚ, KazCard – «Казпошта» АҚ жергілікті жүйедегі төлем карточкаларын шығаруды қолға алды. Бұдан басқа, қазақстандық банкілер халықаралық жүйе карточкаларының келесі түрлерін шығарып таратумен айналысуда. Олар: Visa International, Europay International American Express International және Diners Club International. 2006 ж. 1- мамырдағы жағдайға байланысты шығарылған төлем карточкаларының саны 3,54 млн. дананы құраса, бұл карточкаларды ұстаушылардың саны – 3,37 млн. адамға жеткен. (2005 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштер 34,9 % және 34,2%-ға артқан). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны – халықаралық жүйе карточкалары. Олардың өзіедік үлесі 88,4 %, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі – 11,6 %№ 2005 ж. 1 мамырында бұл арақатынас 87,5 % және 12,5 %-ды құраған болатын. (5-6-7 қосымшалар)

2006 ж. сәуір айында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасаған трансакциялардың көлемі 89,4 млрд. теңгені құрады.(2005 ж. сәуір айымен салыстырғанда 37,4 %-ға өсті). Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі (9,2 млрд. теңгеге дейін немесе 70,8%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар көлеміне (80,2 млрд. теңгеге дейін немесе 34,4 %-ға) қарағанда жоғары қарқынмен өсіп келе жатқандығын айта кеткен дұрыс. 2006 ж. сәуір айында трансакциялардың саны 5 млн. трансакцияны құрап, 2005 жылдың сәу»р айымен салыстырғанда 27,7 %-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасы төлемдер санының (575,7 мың трансакцияға дейін немесе 34,1%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өөсуін (4,5 млн.трансакцияға дейін немесе 27 %-ға) қарағанда жоғары қарқынмен өсуі байқалды. Мәліметтер 8-9 қосымшаларда берілген. Төлем құралдары. 2006 ж. 1-желтоқсанында екінші деңгейлі банкілер мен «Қазпошта» АҚ 1-кестеде берілген төлем құралдары пайдалана отырып, 10 445,2 млрд. теңге сомаға, 22 544,2 мың трансакция көлемінде трансакция өткізді. Жалпы алғанда түрлі төлем құралдарын пайдалану тенденциясы артып келеді. Мысалы 2005 ж. 1-тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 36,2%-ға, ал төлемдер сомасы 18,7%-ға өскен. (10-қосымшаны қараңыз)

Ұсынылған төлем құралдарының жалпы санының ұлғаюы негізінен төлем тапсырмалары санының 460,4 мың трансакцияға төлем карточкаларының 3 697,2 мың трансакцияға өсуімен байланысты. Ал төлемдер көлемінің ұлғаюы негізінен төлем тапсырмаларын пайдаланып, оны 1 923,7 млрд.теңгеге өсіруімен байланысты болды. (10-қосымшаны қараңыз).

Бұрынғыдай Қазақстан аумағында төлем тапсырмалары мен төлем карточкалары неғұрлым кең таралған болып табылады. Мұндай жағдайда, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2006 ж. 1-тоқсанында 1,4 млн. теңгені құрады, яғни 2005 ж. 1-тоқсанымен салыстырғанда 16 %-ға артқан. Сонымен бірге төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының жоғарғы үлес салмағы мен төлемдер көлемі бойынша төменгі үлес салмағы осы төлем құралдарының қолма-қол ақша сомасын алу үшін пайдаланылатындығымен сипатталады (2006 ж. 1-тоқсаныныда бір трансакцияның орташа сомасы 17,8 мың теңге болды). (Мәліметтер 11,12,13-қосымшаларда берілген).

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 590 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)