Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

Читайте также:
  1. Сынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

8 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ: КОММУНИКАЦИОНДЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР

Дәріс тезистері:

Пало-Альто мектебіндегі отбасымен терапиялық жұмыс жасау моделі (Д. Джексон, Г. Бейтсон, Д. Хейли и Д. Викланд). Шизофрения теориясы. Бұрмаланған коммуникациялар. «Екілік байланыс». Комплементарлы және симметриялы қатынастар.

Дж. Галейдің концептуалды құрылымдары. П.Деллдің логика және парадокс ұғымдары. Стратегиялық модельдың жұмыс істеу тактикасы.

 

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

9 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫН КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ЖҮЙЕЛІ МОДЕЛДЕРІ: М.БОУЕН МЕН Б.ХЕЛЛЕНГЕР

Дәріс тезистері:

Отбасының жүйелі терапиясы. Мюррей Боуеннің теориясының негізгі ұғымдары. Клиенттің актуальды тәжірибесіне екпін қояды, симптоматикалық мінез-құлық аналогиялық ретінде талқыланады. Отбасыішілік қатынастардың шым-шытырман байланыстарындағы бір звено өзгеріске ұшырайды. Осы өзгеріс басқа да звеноларда өзгеріс тудырады деп жорамалдайды. Боуеннің теориясы екі маңызды өмірлік күштердің төңірегінде шоғырланады: жұмылу мен индивидуация. Иддеалды жағдайда бұл екі күш өзара тепе-теңдікте болу керек. Тепе-теңдіктің бұзылысы жұмылу,а қарай ығысса – «қосылысу», «жабысу» немесе «дифференциацияланбау» орын алады. Дифференциация автономды функционалдау қабылеті – адамдарға реактивті полярляқтан құтылу мүмкіндігін береді. Кері жағдайда эмоционалды реактивтілік поляризацияланған позицияларға әкеп соқтырады – қуушы мен қашушы, белсенді функционер мен пассивті функционер. Боуендік теориядағы негізгі ұғымдар – өзіндік дифференциация («Мен» дифференциация), үшбұрыштар, нуклерлы отбасының эмоционалды процессі, отбасы проекциясының процессі, мультигенеративті тасымалдау процессі мен сиблингтың позициясы. Эмоционалды бөліну мен әлеуметтік эмоционалды процесс.

Берт Хеллингер «отбасылық өрім» («семейное переплетение») деген ұғымды енгізді. Оның әдісі отбасылық жүйелік орналастыру деп аталады. Бұл модельдің рамкасында терапевт отбасының өткен аяқталмаған процесстерімен жұмыс жасайтын феноменальды бағыттардың бірі. Жүйені тепе-теңдікке келтіру заңы. «Алу» мен «беру» арасындағы баланстың бұзылуы. Жүйедегі иерархия. Жүйеге жатқызу. Орналастырулардың түрлері. Отбасылық орналастырулар. Құрылымдық орналастырулар. Ұйымдық орналастырулар. Клиенттік орналастырулар. Сценарлық орналастырулар. Тетралеммді орналастырулар. Жасырын орналастырулар.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

10 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Дәріс тезистері:

Отбасылық диагноз. Отбасын диагностикалаудың міндеттерінің үш тобы. Психологиялық көмек көрсету барысындағы отбасымен диагностикалық жұмыс жасаудың принциптері. Диагностика мен психологиялық көмектің бірлігі, психодиагностикалық әдістемелердің санын көбейтуден бас тарту, диагностиканы күнделікті өмір шарттарына максималды жақындату, ең алдымен диагностикалық жұмысты отбасы мен оның әрбір мүшелерінде бар даму ресурстары мен өзіндік көмек көрсетулеріне бағыттау, отбасын оның даму динамикасында зерттеу. Бағалайтын интервью. Диагностикалық интервью. Бағалайтын интервью барысында терапевттің алдында тұратын міндеттер. Отбасылық жүйе туралы ақпаратты құрылымға келтіру картасы, гипотезаларды ұсыну мен терапияныі жоспары картасы. Отбасылық жүйе туралы ақпаратты құрылымға келтіруғ гипотезаларды ұсыну мен терапияны жоспарлау картасы:

1. Консультацияға келудің сылтауы. Кім жіберді.

2. Клиенттің сөзімен мәселенің көзі және қалайтын өзгерістер (клиенттердің метафоралары).

3. Отбасылық жүйенің генограммасы.

4. Отбасы тарихының мәліметтері.

А) Идентификацияланған пациенттің (ІР) ата-бабаларының отбасындағы өзарақатынастар мен функционалдау модельдері, маңызды оқиғалар.

В) ІР ядролық отбасындағы маңызды оқиғалар. Түйінді оқиғаларды уақыт осі бойынша құрылымға келтіру

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

11 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫЛЫҚ ТЕРАПИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫ

Дәріс тезистері:

Психолог немесе психотерапевт жұмыс орынды жүріп жатқаны туралы адекватты түсінік алу үшін оны орындаудың алуан түрлі альтернативті тәсілдерін білу керек. Техника – «қалай жасау керек» - әрекеттердің тиянақты жоспары, теорияға да, бақылауға да сүйенеді. Әрбір техниканың өз мақсаты болады. Сондықтан сәйкес келетін жағдайларда қоданылуы керек. Әрбір техниканы диагностикалық тест ретінде де қарастыруға болады. Техника психотерапевт тікелей жүзеге асыратын амалдар мен тәсілдердің комплексы ретінде қарастырылады. Оларды қолдану нәтижесінде клиент әрекеттер сериясын орындайды, соның арқасында ол өзінің мінез-құлқын дұрысырақ түсінеді, позитивті жаққа қарай өзгеруі тиіс. Фантазиялар мен бейнелерді қолданатын техникалар. Проекциялармен жұмыс жасаудың 4 типі: ассоциативті жұмыс, конструктивті жұмыс, аяқтау, экспрессивті жұмыс.

Жүйелі бағыттың теоретиктеріне сәйкес, отбасы беретін симптом отбасы жүйесінің қажеттіліктерінің метафорасы болып келеді. Психотерапевттің мақсаты симптомда көрсетілген метафораны «оқып», оны отбасы жүйесінің функционалдауымен байланыстыру. Бейнелер мен метафораларды қолдану терапевтке көптеген артықшылықтар береді: кеңістікті-уақыттық заңдылықтармен байланысты емес, формальды логиканың ережелерімен байланысты емес, шығармашылықты ойды тудырады, жеке басытың тәжірибесіне бағдарланған, клиентті дұрысырық саналы сезінуге және ішкі өмірін қадағалауға үйретеді. «Еске алулар», «отбасылық фотографиялар», «отбасылық қуыршықтық интервью».

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

12 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дәріс тезистері:

Отбасылық кеңес беру – отбасылық психотерапияның бір түрі ретінде. Оның ерекше белгілері мен шекаралары, араласудың басқа көлемі. Классикалық психотерпиядан айырмашылы,ы отбасылық консультациялау науқас концепциясынан бас тартады. Клиенттің өмірлік жағдайына, оның жеке басының ресурстарын көбірек көңіл бөледі. Арнайы ұйымдастырылған сұхбаттасудың арқасында консультант көмек сұрап келген адамның бойында қосымша психологиялық күштерді және қабылеттерді өзектендіре алады, соның арқасында ол қиын өмірлік жағдайлардан шығудың мүмкіндіктерін таба алады. Отбасылық консультациялау процессі 5 негізгі сұрақтардан тұрады.

Көмек сұрап келген (клиент) және көмек көрсететін адам (консультант) арасындағы процесстің мәні неде?

Процесс барысында консультант қандай функцияларды орындау керек және қандай тұлғалық кескіндер, бағыт-бағдарлар, білімдер мен ептіліктер осы функцияларды сәтті орындау үшін қажет болады оған?

Консультациялау барысында клиенттің бойында қандай резервтар, ішкі күштер өзектендірілуі мүмкін?

Консультация процессіне клиенттің өмірлік жағдайдың ерекшеліктеры қалай әсер етеді?

Специалист қандай амал мен техникаларды мұнда қолдана алуы мүмкін?

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

13 дәріс тақырыбы: НЕКЕГЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ НЕКЕ АЛДЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

Дәріс тезизі

Некеге дейінгі консультациялаудың негізгі міндеті некелік партнерды іздеу деп түсінуге болады. Ал неке алды жағдайда консультациялаудың негізгі міндетін шартты түрде - некелік партнерлардың потенциалды жұбайлық сыйымдылығын бағлау проблемасы деп түсінуге болады. Некелік партнерды іздеу мәселелері.

Клиентке өз ерекшеліктерін, артықшылықтарын саналы сезінуге көмектесу жэәне оларды қабылдап, жақсы көруге көмектесу. Екіншісі клиентке қандай адаммен ыңғайлы және жақсы болатындығын анықтау. Осы мәселе бойынша социумның қысымы – әлеуметтік стандарттар рнемесе жаңдайлар. Неке партнерын таба алмайтын клиенттердің басты мәселелер аймағы:

- Клиенттің тұлғасының ерекшеліктері партнерды ізеуді қиындатуы мүмкін.

- Социумның қысымы немесе өмірлік жағдайлар уақыттан озып неке партнерын іздеуге әкелуі мүмкін

- Ата-ана отбасы кедергі жасайды.

· Клиент отбасымен эмоционалды өмірмен аралас, онда отбасы үшін маңызды белгілі бір функцияларды орындайды.

· Дауыссыз түрде отбасы клиенттен басқалар шеше алмаған міндеттерді шешуді сұрайды, бұл отбасылық құндылықтар жүйесімен байланысты.

· Клиент отбасының эмоционалды өмірімен араласпайды, бірақ өзінің дифференциацияланбағандығынан өзі өзіне қандай да бір функцияларды тағады да, соларды орындауға талпынады. Жоғарыда айтылған жағдайлар клиентке некеге тұруға кедергі жасайды

- Потенциалды партнер үшін қатынастар тығырыққа әкелуі мүмкін.

- Клиенттің тұлғасының тұрпаты мен оның өмір сүру тәсілі некеге

тұруға кедергі кедергі болуы мүмкін.

Некеден қашу позицисы адамдар үшін психологиялық қорғаныс қызметін атқаруы мүмкін.

- Клиент партнер іздеуде тиімді емес стратегияларды қолданады. Стратегияларды тиімді ету үшін жасалатын жұмыс:

1) Клиенттің талғамдарын, қызығушылықтарын, икемдерін, ептіліктерін, қалауларын зерттеу.

2) потенциалды партнерды іздеуді қиындататын тұлғалық ерекшеліктермен жұмыс жасау

3) өзі туралы мәліметтерге сүйене отырып, потенциалды партнердың бейнесін құрастыру

4) Клиентті танысу техникасына үйрету

5) Партнерды іздеуге қатысты клиенттің белсенділігін жетелеу

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

14 дәріс тақырыбы: ЖҰБАЙЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ БҰЗЫЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖҰБАЙЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ.

Дәріс тезистері:

Жұбайлар арасындағы қатынастардың мәселесі. Некеге дейінгі консультациялау. Жұбайлар жұбын консультациялау, бөлінуді бастан кешіріп жатқан ажырасқандарды консультациялау.

Жұбайлар арасындағы бұзылыстарды терапиялаудың міндеттері эмоционалды қасіреттілік пен қиындықтарды жеңілдету, жұбайлардың жұбының және олардың әрбірінің жағдайлылығынна жету. Осы төңіректе шешілетін міндеттер:

· Мәселені біргелікті шешудің мүмкіндіктерін кеңейту.

· Патологиялық қорғаныс механизмдері мен қадалауды анағұрлым адекваттыларға ауыстыруды қолдау.

· Дезинтеграциялайтын ықпалға қатысты тұрақтылықты жоғарлату.

· Қатынастардың комплементарлығын жақсарту.

· Қатынастардың дамуын және партнерлардың әрбірін жеке демеу.

Психотерапевт ілгері қарай жүру үшін келесі техникаларды қолданады:

· Конфликттерді орынсыз мойындамау, орын ауыстыру мен рационализациялауға қарсы тұру.

· Айқын емес, жасырын конфликт формасын ашық қатынастар формасына трансформациялау.

· Жасырын ішкі конфликтті тұлғаарлық қатынастар деңгейіне дейін көтеру.

· жұбайлардың бірінің позициясын басқасын құрбан ету аррқасында бекітетін «кінәліні» табу қажеттілігінен айыру

· қарсыластықты жеңетін және конфликтті, кінәлі сезім мен үрейді төмендететін конфронтация мен интрепртация.

· Тұлғарарлық қатынастардағы қауыпты қадағалайтын, эмоционалды демеу мен қанағаттандандыру көрсететін, жеткіліксіз эмоционалды компоненттерді қамтамасыз ететін (орын басу терапиясын көрсететін функция, осы функцияны орындау барысында терапевт жұбайлардың өміріне неке мен отбасылық қатынастар туралы жаңа бағдарлар, эмоциялар мен түсініктер енгізеді) терапевттің ата-ана ролін ойнауы.

· Терапевттің өзін-өзі реалдылықты тексеру инструменті ретінде қолдануы.

· Терапевттің ағартушы функциясы мен өз мысалы арқылы жұбайлар арасындағы пайдалы дені сау өзара әрекеттесу модельдері үлгісін демонстрациялау.

Жұбайлар арасындағы мәселерді шешудегі тұрлі бағыттар.

Жұбайлардың біреуімен жұмыс жасау. Жұбайлармен жұмыс жасағанда үй жұмыстарын қолдану.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

15 дәріс тақырыбы: БАЛАЛАРМЕН АРА-ҚАТЫНАС ҚИЫНДАҒАН ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ОТБАСЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

Дәріс тезистері:

Отбасылық психотерпия мен консультациялаудың жиі кездесетін мәселелернің бірі ата-ананың өскен балаларымен қатынастарының қиындығына арыздануы. Балаларымен контакттың жоқтығы, балалардың өз ата-анасына қатысты дөрекі, құрметсіз қатынас, балалардың «дұрыс емес, бұрыс» өмір сүретіндігіне қатысты үрейлер, балалардың стандартты емес, ауытқитытын мінез-құлқымен байланысты мәселелер.

Терапевттің міндеті:

· Ата-ананың уайымдауының негізі бар ма екендігі анықтау.

· Балаға қатысты ат-ананың позициясы қандай екендігін түсіну.

Ата-ананың балаға қатысты стратегиялық өзгерістеріне келесі қадамдар септігін тигізеді: сенімділік акциясы, өз сезімдері мен уайымдары туралы баласымен сөйлесу, сенімді әңгімелесуді ұйымдастыру,

Ата-ананың өз басының қиындықтары баламен қатынатарға ісер етеді:

· Бостық сезім, ешкімге керек еместік сезімі, өз өмірін басқара алудың қолдан келмеуі.

· Өзін жүзеге асыра алмағандығы, сәтсіздігі, осы үрейлердің балаларға проекциялануы.

· Ата-аналық компетентсіздікті сезіну, бала алдындағы кінәлі сезімнің болуы, балалық шағында қажет көңіл бөлмегендігі, осыны компенсациялауға тырысуы.

· Анағұрлым терең тұлғалық мәселелер мен қорқыныштар және т.б.

Клиенттердің мәселесін, олардың уайымының локусын балалары емес өздеріне аудару жұмыстың басты қадамы. Алайда мұнда клиенттің бойында өзін бір қылмысты мойындатқандық сезімі қалыптаспау керек.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

7. Семинар (практикалық) сабақтар жоспары.

 

1 тақырып: ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ МЕН ОТБАСЫН КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДЫҢ ПӘНІ МЕН ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЛПЫ


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)