Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 3 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАРАМЕТРЛАРЫ

Читайте также:
  1. Сынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

3 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАРАМЕТРЛАРЫ

Дәріс тезистері.

Отбасылық жүйенің негізгі параметрлері: өзара әрекеттесу стереотиптері, отбасылық ережелер, отбасылық мифтер, отбасы шекарасы, отбасының стабилизаторлары, отбасылық тарих. Отбасындағы өзараәрекеттесудің түрлері: бірдеңгейлік, екідеңгейлік, көпдеңгейлік. Көпдеңгейлілер конгруэнтті және конгруентті емес болып юөлінеді. Отбасының түрлі типтеріндегі өзара әрекеттесі стереотиптерінің ерекшеліктері. Отбасы ережелерінің түрлері: дауысты және дауыссыз. Мәдени ережелер. Уникальды ережелер. Ережелерге сәйкес отбасы ролдері мен функцияларының үлестірімі. Ережелерге сәйкес отбасы мүшесінің орнын анықтау. Ережелердің отбасы өмірінің динамикасына сәйкес өзгеруі. Ережелердің қарама-қайшылығы. Ережелердің функционалды және дисфункционалды түрлері. Отбасылық мифтердің негізгі мақсаты. Отбасылық мифтердің латенттілігі. Мифтердің даму этаптары. Отбасының шекараларының ерекшеліктері: ашық және жабық шекаралар. Үлкен әлеуемттік жүйелер мен отбасылық жүйелердің шекаралары арасындағы арақатынас. Отбасылық коалициялар. Вертикальды дисфункционалды коалициялар. Функционалды горизонтальды коалициялар. Отбасы стабилизаторлары: белсенділік формалары, адамдар, материалды заттар. Функционалды стабилизаторлар: ортақ өмір сүру ортны, ортақ қаржы, ортақ белсенділік пен іс әрекет, ортақ уақыт өткізу. Дисфункционалды стабилизаторлар: балалар, дерт, мінез-құлық бұзылысы. Отбасылық тарихтың мәні. Генограмма техникасы.

 

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

4 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ФУНКЦИОНАЛДАУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСЫ

Дәріс тезистері.

Отбасылық өмір циклындағы отбасы жолығатын қиын жағдайлар. Горизонтальды және вертикальды стрессорлар. Әлеуметтік процесстердің жағымсыз ықпалы: глобальды, макроәлеуметтік. Отбасылыардың қиыдықтарға қатысты тұрақтылығының ерекшеліктері. Отбасылық дағдарыстарға ықпал ететін факторлар: стрессорлар, отбасылық ресурстар, отбасындағы стрессорды субъективті интерпретациялау. Латентті отбасылық бұзылыс – отбасының қиын жағдайларды қолға алу стратегияларын түсіндіретін ұғым ретінде. Отбасындағы психотравмалық қалыптардың пайда болуы. Глобальды отбасылық қанағаттанбаушылық, отбасылық үрей, кінәлі сезім, ауыр нервті-психикалық және физикалық шиеленіс. Латентті отбасылық бұзылыстарға әкелетін факторлар – отбасыішілік қатынастардың ерекшеліктері, отбасы мүшелерінің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері. Отбасы мен оның мүшелері туралы түсініктердің бұзылыстары. Отбасындағы тұлғааралық коммуникацияның бұзылыстары. Отбасы интеграциясы механизмдерінің бұзылысы. Отбасы өмірінің құрылымдық-ролдік аспектісінің бұзылысы. Жұбайлардың сексуалды дисгармониясы. Психологиялық сыйымсыздық.

Отбасылық түсініктердің белсендірілуіне байланысты отбасылардың типтері. Пассивті отбасы, «соқыр» отбасы, «примитивті ойланатын» отбасы. Отбасы түсініктерінің примитивизмі, агнозия. Отбасының өзі туралы түсініктері. Отбасылық постулаттар.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

5 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ

Дәріс тезистері:

Отбасылық психотерапия отбасындағы анағұрлым айқын ауырған мүшесінің эмоционалды бұзылыстарын жою мақсатында тұлғааралық қатынастарды коррекциялауға бағытталады. Отбасылық психотерапияға пациентті емдеуге бағытталған психотерапиялық амалдар мен тәсілдердің комплексы кіреді. «Пациент», «алғашқы» немесе «идентификацияланған» пациент – симптомның ұстанушысы. Отбасылық терапияда симптомдар мен мәселелер отбасы мүшелерінің оптимальды емес, дисфункционалды өзара әрекеттесуінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Мұнда қиындықтар мен симптомдар отбасы мүшесінің атрибуты емес. Анағұрлым перспективті, әрі кең таралған, экономикалық мәні бар, терапиялық тиімді отбасы психотерапиясындағы бағыт жүйелі отбасылық бағыт. Отбасылық диагноз туралы гипотеза. Отбасындағы «шеңберлік себептілік». «Симптоматикалық мінез-құлық». Симптомның функциялары. Екі жүйелік принциптар – эквифиналдылық мен мультифиналдылық. Дисфункционалды отбасылық жүйенің бір типі түрлі симптоматикалық мінез-құлыққа әкелуі мүмкін (мультифиналдылық). Керісінше, отбасылық жүйелердің түрлі типтері ұқсас мәселелер туындауы мүмкін (эквифиналдылық).

Отбасылық терапияның мақсаттары мен міндеттері. Отбасымен жұмыс істеу мақсаттарының 4 деңгейі. Қысқамерзімді және ұзақмерзімді міндеттер. Отбасымен жұмыс істегендегі терапевттің стратегиялары мен тактикасы. Отбасылық терапияның этаптары.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

 

6 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ:: ПСИХОДИНАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БИХЕВИОРАЛДЫ МОДЕЛЬДЕР

Дәріс тезистері:

Психоаналитикалық (психодинамикалық) отбасылық психотерапия. Психоаналитикалық психотерпияның міндеті – инсайтқа жету, өткен шақтағы шешілмеген мәселелердің қазіргі кездегі отбасы жағдайына ықпал ететіндігін саналы сезіну. Психоаналитикалық отбасылық терапияның мақсаттары психотерапия қатысушыларын дұрыс өзарақатынастар құра алатын жағдайға қарай өзгерту. Қорғаныс механизмдер. Проективті идентификация. Психоаналитикалық бағыттың негізгі қағидалары мен ұғымдары. Бихевиоралды терапиядағы психолог пен клиент арасындағы қатынастардың ерекшеліктері. Мадақтау мен жазалау жүйесі. Жақсы отьасы туралы түсінік. Ата-аналардың қабылеттерін тренингы. Жұбайлар арасындағы қатынастарды коррекциялау.

Әлеуметтік үйрену концепциясының орталық мәселесі. Б.Скиннердің респонденттк және операнттық мінез-құлық типтері. Р.Сиренің үйрену теориясының принциптері. А.Бандураның әлеуметтік-когнитивті бағыты.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

 

7 дәріс тақырыбы: ОТБАСЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ: ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МОДЕЛЬДЕР

Дәріс тезистері:

Тәжірибеге негізделеген отбасын терапияның мәні – отбасы мүшелеріне жаңа тәжірибе беру, отбасы мүшелерін интеграциялау мен гармониялы ету. Тәжірибеге негізделген теоретикалық модельдің негізгі ұғымдары. Терапияның мақсаты – отбасына анағұрлым сәтті кездесулерді бастан кешіруге көмектесу. Экспериенциалды отбасылық терапия (Карл Витакер, Вирджиния Сатир). Экспериенциалды терапевттер қолданатын техникалар.

Минухиннің құрылымдық моделі. Отбасы үздіксіз эксперимент ретінде талқыланады Минухиннің отбасы туралы негізгі түсініктері. Отбасының субжүйелері. Субжүйелер арасындағы шекаралар мен олардың ерекшеліктері.


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 128 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)