Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шеңбер: дөңгелек: шеңбер ұзындығы :дөңгелек ауданына байланысты мәтіндік есептер

Читайте также:
  1. Алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді топтау.
  2. Алгебралық теңдеулермен теңсіздік жүйесіне келтірілетін есептер
  3. Бірігіп істелінген жұмысқа берілген есептер.
  4. Геометриялық есептерді шешудің дидактикалық негідері
  5. Геометриялық стандарт емес есептер шығару жолдары
  6. Есептер шешу арқылы оқушының ойын дамыту.
  7. Есептер шешудегі анализ бен синтез.

№1

Жердің диаметрі шамамен 12700 км. Жердің диаметрі шамамен Юпитердің диаметрінен 11 есе аз. Юпитердің диаметрін тап.

№2

Жерден Айға дейінгі қашықтық 384400 км. Ай жерді шеңбер бойымен айналады,осы шеңбер диаметрі неге тең?

Дөңгелек диаграмма: диаграммалардың да практикаға қажеттілігін көрсететін мәтіндік есептер

№1

Организмдегі қалыпты судың мөлшерінің сақталуы тірі оргазмнің өмір сүруі үшін қажетті жағдай. Адам массасының 65%-і,жануарлар массасының 50%-і, үй жануарларының массасының 59%-і,үйректер массасының 70%-і,балықтар массасының 75%-і және медуза массасының 99%-і су. Аталған организмдердегі судың проценттік мөлшерін бағанды диаграммада көрсетіңдер.

Сызықтық функция:бір айнымалысы бар теңдеулерге берілген мәтінді есептер.№1 Ағаштың берілген массасының 20%-нен қағаз дайындалады.Оқушының бір дәптері орта есеппен 25 г,ал кітап одан 16 есе ауыр.Сыныптағы 32 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше киллограмм ағаш қажет? №2 Егістік алқабының ауданы 127 га. Трактор күніне 12 га жер жыртқанда 5күннен соң әлі жыртатын қанша егістік жер алқабы (S) қалды?Мұндағы t-S; 6;10 қалған Sжер ауданының трактордың жұмыс жасаған күндерінің tсанына тәуілділік функциясын формуламен жазып алып,есептеңдер. Осы сызықтық функцияның анықталу аймағын табыңдар. Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қассиеттерін білудің қажеттілігін ашатын мәтінді есептер

№1 Километрмен алынған Андромеда тұмандығына дейінгі шамамен 95 000 000 000 000 000 000-ге тең қашықтықты стандарт түрде жазыңдар.

Көпмүше;бірмүше; Оларға амалдар қолдануға арналған есептер.

№1

Бригада әр күні жоспардағы 50 га жерден бидай орудың орнына 60 га жерден бидай орып, жұмысты мерзімінен 1 күн бұрын бітірді. Бидай алаңының ауданыны қанша?

Теңдеу құру арқылы есеп шығару;теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығаруға байланысты мәтінді есептер

№1

Екі бригада бірігіп жұмыс атқарғанда,су қондырғысының құрылысын 12 күнде бітіреді.Егер бұл жұмысты әр бригада жеке орындаса,онда бірінші бригада екіншісіне қарағанда 10 күнге ерте бітіреді.Әр бригада жұмысты жеке неше күнде бітіреді?

№2

Бригада белгілі бір уақытта 120га жерге егін егуді жоспарлаған.Бірақ жоспарланғаннан күндік норманы 10 га артық орындай отырып,бригада егісті 2 кун бұрын аяқтап шыққан.Бригада әр күн сайын неше гектар жерге егін еккен?

Арифметикалық прогрессия және геометриялық прогрессияға байланысты мәтінді есептер

№1

Бригада ұзындығы 16 м және ені 2,5м болатын 30 қатар бар.Бақшадан 30 м қашықтықта орналасқан құдықтан шелекпен су әкелінеді және бір рет әкелінген су тек бір қатарды суғаруға жетеді.Барлық бақшаны суару үшін бағбаншы қанша жол жүруі қажет? Бағбаншы журген жолы құдықпен басталып қудықпен аяқталады.

№2

Бірінші қабаттың едені 1 м биіктікте орналасқан. Бірінші қабаттан екінші қабатқа апаратын саты 18 баспалдақтан тұрады және әрқайсысының биіктігі 20 см.Жер бетінен кез-келген баспалдаққа дейінгі биіктікті есептеуге болатын өрнек құрастырыңдар. Екінші қабаттың едені жерден қандай биіктікте орналасқан?

Мектеп курсындағы мәтінді математикалық есептердің мазмұнына байланысты классификациясы:

Сандық тәуелділікке арналған есептер:

№1

Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың ара қашықтығына сәйкес кесіндінің ұзындығын тап. Сонда сен өз «қарыс» ұзындығыңды табасың. «Қарыс» ұзындығына өзің отырған парта бетінің ұзындығы еселік бола ма? Тексеріп көр.

№2

Балмұздақтың бағасы 35 теңге.Балалар балмұздақты сатып алу үшін неше теңге төлеулері мүмкін:70теңге;83 теңге,105 теңге,126 теңге,140 теңге?


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 681 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)