Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есептер шешу арқылы оқушының ойын дамыту.

Читайте также:
  1. Алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді топтау.
  2. Алгебралық теңдеулермен теңсіздік жүйесіне келтірілетін есептер
  3. Бірігіп істелінген жұмысқа берілген есептер.
  4. Геометриялық есептерді шешудің дидактикалық негідері
  5. Геометриялық стандарт емес есептер шығару жолдары
  6. Есептер шешудегі анализ бен синтез.

. Еліміздің егеменді ел болғалы бері кетелі де ауқымды өзгерістер жүруде.Саяси экономикалық қаржылық тағы да басқа салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ,себебі мемлекетті нығайту көркейту үшін-өмірге жаңаша көзқарастағы білімді жан жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады.Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы тәрбиелі етіп шығару оның басты бағдарламаларының бірі.Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат.Осыдан білім беру мекемелерінің алдынан күрделі міндеттер тұр. Ол оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамды өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтарда көруімізге болады.Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен меселе оқушыны қалайша шаршатпай енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады.Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану-бұл проблеманы шешудің бірден бір жолы.

Оқыту үрдісі деңгейін арттыру арқылы,ақыл-ойы жетілген,жан-жақты дамыған,шығармашылықпен еңбек етуге қабілетті,өз тағдырларын өздері шеше алатын, оз бетінше білімін толықтыру және өздігінен кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндігі бар азаматтар даярлау білім саласындағы басты мақсат болып табылады.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,қызығушылығын арттыруда,оларды тәрбиелеуде,біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда математиканың практикамен байланысын көрсетудің маңызы зор.Математиканы оқытудағы басты мақсаттарға жетуде есеп басты қызметші болып табылады.Әрбір мектеп бітіруші оқушы орта есеппен 15000-дай есеп шығарады екен.Ал солардың көпшілігі жоғары және арнаулы оқу орындарына түсу тестісінде математикадан берілген тапсырмаларды шығара алмай жатады.Бұл әлі де мектеп математикасын оқытуда есеп шығаруға көңіл аз бөлініп отырғанның дәлелі.

Психологиялық,педагогикалық,логикалық,философиялық және әдістемелік зерттеулерге талдау жасап,"есеп", "есептерді шығару" ұғымдарының мән-мағынасын, мазмұнын ашу және негіздеу, оқу есептерінің классификациясын жасау, стандарт және стандарт емес есептерге анықтама беру,оқу есептерінің ойлауды қалыптастырудағы және дамытудағы рөлін анықтау,оқу есептерінің ойлауды қалыптастырудағы және дамытудағы рөлін анықтау,оқу есептерінің міндеттерін айқындау арқылы оқушыларды есептерді стандарт емес тәсілдермен шығаруға баулу олардың білім жүйесін толық игеруіне,ойлау қабілеттері мен ізденушілік әрекеттерінің дамуына елеулі әсерін тигізеді.

Мектепте оқушыларды есептерді стандарт емес тәсілдермен шығаруға баулуға көңіл аз бөлінеді,әсіресе туынды,вектор және интегралды пайдалану тәсілдеріне,сондай-ақ оқушыларды есептерді стандарт емес тәсілдермен шығаруға баулуда көптеген кемшіліктер орын алған (туынды, вектор және интеграл ұғымдарының қалыптасуы мен даму болашағына терең үңілмеу, бұл ұғымдардың қолдануға қажетті тұстарын таба алмау,туынды,вектор және интегралды пайдалану тәсілдері мен стандарт тәсілдер арасындағы әр түрлі байланыстар ман қатынастарға жете көңіл бөлмеу,оқушыларды есептерді туынды, вектор және интегралды пайдаланып шығару тәсілдеріне баулуға арналған есептер жүйесінің рөлін бағаламау және т.б.)

Оқушыларды есептерді стандарт емес шығаруға баулудың жоғары деңгейде болуы үшін арнайы дайындаған есептер жүйесін (туынды,вектор және интегралды пайдаланып шығаруға берілген есептер)қолдану тиімді.

Есептер жүйесін оқу үрдісінде қолданғанда оқушылардың психикалық ерекшеліктері,жекелеген өзгешеліктері және есептерді стандарт емес тәсілдермен шыгаруды игеру қабілеттері ескерілуі тиіс.

Арнайы құрастылған есептерді оқыту мазмұнына жүйелі енгізу бағдарламадағы материалдарды терең оқып үйренуге, оқушылардың оқу үлгерімінің жоғарлауына қолайлв жағдай туғызады.

Ең бастысы арнайы құрастырылған стандарт емес есептер жүйесін оқыту үрдісінің әр түрлі кезеңдерінде үзіліссіз пайдаланудың және Х-Х1 сынып оқушыларын аталған есептер жүйесін туынды,вектор және интегралды пайдаланып шығару тәсілдеріне баулудың сондай-ақ жоғары сынып оқушыларын "Математика в школе", "Квант", "Алгорифм"журналдарының арнайы ажыратылған "Есептер" бөліміндегі стандарт емес есептерді шығаруға үзіліссіз баулудың маңызы орсан зор деп білеміз.

Қорыта келгенде стандарт емес есептер ғана оқушылардың математикалық ойлауын қалыптастырудың және дамытудың математикалық ойлауын қалыптастырудың және дамытудың математикалық мәдениетін арттырудың,оларды дарындылыққа тәрбиелеудің басты құралы болып табылады, сондай-ақ оқушыларды олардың алдағы іс-тәжірбиелерінде күнделікті тіршіліктегі практикадағы, ғылым мен техникадағы алуан түрлі қиындығы жоғары есептерді шығара білуге дайындайды және тәрбиелейді

 

1) Есеп шығару кезіндегі ойша орындау мен қабылдау, еске түсіру.

Математикалық есептерді шығару кезінде көптеген ойша орындалатын дағдылар қажет болады.

Есептің берілгендеріне талдау жасау, ізделінді мен берілгендерді, бұрын өтілген есептермен салыстыру берілген жағдайдағы қасиеттерді анықтау, қарапайым модельдерді құрастыру, ойша экспериментті іске асыру, синтездеу, есеп шығаруға қажетті информацияны таңдау, оны бір жүйеге келтіру, бұл информацияны қысқаша текст, символика, график түрінде тұжырымдап есеп шығаруға қолдану. Есеп шешімін жалпылау, берілгендер арасындағы ерекше жағдайды зерттеу. Есеп шығару кезінде осы заманғы психологияның жетістіктерін пайдалану. Психологтары есептерді бір сыныптың әр оқушылары әр түрлі формада түсінеді. Математикаға қабілетті оқушы есептердің дербес элементтерін, бір тұтас комплекстегі өзара байланысты элементтерді, комплекстегі әрбір элементтердің ролін түсінеді. Орташа оқушы есептің дербес элементтерін ғана түсіне алады. Сондықтан есептерді шешуді үйреткен кезде есеп элементтердің арасындағы қатысты арнайы талдау керек. Бұл есептер шартын талдауға қажетті тәсілдерді таңдап алуға мүмкіндік береді. Есеп шығару кезінде көбінесе бұрын өтілгендерді еске түсіруге тура келеді. Қабілетті оқушы ең қажетті информацияны «жалпыланған, структурасы қабаттасқан» информацияны есінде қалдырады. Есте сақталған информация мида асып төгіледі, есте қалғандары пайдалануға оңай, оңай есте қалады. Есептер шешу кезіндегі жалпылау тек ойды дамытып қана қоймай, еске сақтауды да және «жалпыланған ассоциацияны» қалыптастырады. Есеп шығару кезінде осылардың бәрін ескеру керек.

2) Ойлауды оқыту.

Математикалық есептер мен жаттығулардың тиімділігі көбінесе оқушылардың есептер шешу кезіндегі творчестволық белсенділігінің дәрежесіне тікелей байланысты. Есеп оқушылардың сабақтағы ойлау қызметін белсенді қалыпқа келтіреді. Есептер оқушылардың ойын оятып, оны жұмыс істеуге ойлануға мәжбүр етеді, сол арқылы дамып жетіледі.

Оқушылардың ойын дамытқанда – салу, түрлендіру, тұжырымдарды еске сақтау арқылы дәл ойлауға, талқылай білуге, фактілерді қарастыра білуді, жалпы және әр түрлі ой қорытындысын жасауды үйренеді.

Математика мұғалімінен жалпы іргелі және арнайы математикалық білім ғана емес, педагогтік қызметке шығармашылықпен қарау, іскерлік белсенділік көрсету арқылы өз білімін үздіксіз жетілдіру қабілеті де талап етіледі. Дәл осындай қасиеті бар мұғалім қоғамның жедел өзгерістеріне тиімді түрде бейімделе алады.

Сондықтан, орта мектептің математика курсының ең басты міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарына даярлауға тіреледі.

Математикалық теориялық негізін есеп түрінде меңгеру болашақ мұғалімдердің ойын белсендіреді, икемділік, тереңдік, жинақылық, жүйелілік, шапшаңдық және т.б. шығармашылық тәрізді математика мұғаліміне қажетті қасиеттерді қалыптастырады.

Осыған орай, студенттерді шығармашылық қабілетке шыңдау мәселесі туындайды.

Педагогикалық оқу орнындағы математика курсындағы математикалық есеп студенттің ұғымдарды, теорияны, және математика әдістерін меңгерудің тиімді, қажетті құралы. Студенттердің ойлау қабілеттерін дамытуда, оларды тәрбиелеуде біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуында, математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің маңызы зор. Есеп шығару – ой жұмысы. Ой жұмысы арқылы студенттің дербес ойлануға, қорытынды шығарып, математикалық ақиқатты көре білуге, дәлдікке үйренеді. Сондай-ақ, есепті бірнеше әдіспен шығару да ізденушілік қасиетін, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттілігінің дамуына көп көмектеседі. Енді жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу әдістерін топқа бөліп қарастырайық.

№ 8-9 лекция.

Тақырыбы «Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешудің жалпы тәсілдеріне үйрету».

1. Рационал және бөлшек-рационал теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері.

2. Иррационал теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері.

3. Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері.

4. Тригонометриялық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 520 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)