Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәжірибелік сабақтарының жоспары

Читайте также:
  1. арналған жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспары
  2. ДӘРІСТЕРДІҢ 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  3. Дәріс жоспары
  4. Зертханалық жұмыстарының жоспары
  5. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  6. КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  7. Клиникалық эндодонтия» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары

 

Тапсырма 1. Құрылыс алаңындағы инженерлік-геологиялық шарттардың бағасы.

Әдістемелік ұсыныстар: Топырақты орнатудың толық атауы ГОСТ (8) көмегімен; меншікті ілінісудің нормотивтік мәні ҚНжЕ (6) кестесін анықтау; ішкі үйкелу бұрышы мен –деформация модулі, сонымен бірге топырақтың есептік кедергісі. Құрылыс алаңындағы геологиялық кескіннің салынуы.

Қосымша әдебиет: 1 [52-57]; 2[40-57; 72-84]

Бақылау сұрақтары:

1. Құм топырақтарының гранулометриялық құрамы қалай жіктеледі?

2. Саз балшық топырақтары иленгіштік саны бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

3. Ірі кесек топырақтар қандай түрлерге бөлінеді?

4. Топырақтардың толық атауларын анықтағанда қандай мөлшерлік құжаттар қолданылады?

Тапсырма 2. Табиғи негіздегі (саяз орнатылған) іргетастың орналасу тереңдігін анықтау. Ғимараттың есептік қималары бойынша түсетін тұрақты және уақытша жүктеме күштерді жинақтау.

Әдістемелік ұсыныстар: Іргетас тереңдігін орналастырудың негізгі факторлары: құрылыс аумағының климаттық ерекшеліктері, құрылыс алаңының геологиялық және гидрогеологиялық шарттары, салынатын ғимараттың конструктивтік ерекшкліктері; ғимараттың есептік қималары бойынша түсетін тұрақты және уақытша жүктеме күштерді жинақтап есептеу.

Қосымша әдебиет: 1 [60-62]; 2[90-97; 100-108]

Бақылау сұрақтары:

1.Жерасты суының деңгейі іргетастың орналасу тереңдігін анықтауда қалай әсер етеді?

2. Іргетасқа түсетін тұрақты және уақытша жүктеме күштерді жинақтау принципін түсіңдіріңіз?

Тапсырма 3. Топырақтың есепті кедергісін және іргетас табанының өлшемдерін алдын-ала анықтау.

Әдістемелік ұсыныстар: Іргетас табанының алдын-ала алынған өлщемдерін топырақтың есепті кедергісімен анықтау және оны іргетас табанының орташа қысымымен салыстыру. Қосымша әдебиет: 1 [62-90]; 2[109-131]

Бақылау сұрақтары:

1.Іргетас табанының ауданы қандай формуламен анықталады?

2. Топырақтың есепті кедергісі нені білдіреді?

3. ҚНжЕ талаптарына сай қандай шарттардың қолдануы деформация есебін анықтайды?

 

Тапсырма 4. Қарапайым қабатаралық эквивалентті қабатты қосу әдістерімен іргетастың шөгу есебі.

Әдістемелік ұсыныстар: ҚНжЕ және академик Н.А. Цытович ұсынған әдісімен іргетас шөгуін анықтау.

Қосымша әдебиет: 2[144-167]

Бақылау сұрақтары:

1.ҚНжЕ (6) көмегімен іргетас шөгуінің ретін анықтауды атаңыз?

2. Акадеаик Н.А. Цытович эквивалентті қабат әдісімен іргетас шөгуін анықтайтын формуласының мағынасы?

3. ҚНжЕ (6) әдісімен іргетас шөгуінің формуласын жазыңыз?

 

Тапсырма 5. Қадалы іргетас есебі: қадаманың өлшемдері мен түрлері, оның көтергіш қабілеті мен санын анықтау.

Әдістемелік ұсыныстар: Жердің деңгейінде жүктемені анықтау. Қадама топтамасының орнату тереңдігін белгілеу. Қадаманың алдын-ала өлшемдерін материал мен топырақ бойынша белгілеу. Іргетастағы қадаманың санының есебі;

Қосымша әдебиет: 1 [106-126]; 2[213-221]

Бақылау сұрақтары:

1.Тіреу қадамасының мағынасын түсіңдіріңіз.

2. Тіреу қадамадан ілінбелі қадаманың айырмашылығы?

3. «Топтама (ростверк)» термині нені білдіреді?

Тапсырма 6. Іргетас қадаларының шөгуін қабаттап қосу әдісімен анықтау.

Әдістемелік ұсыныстар: Қадалы іргетастың есептік сұлбасының салынуы. Әрбір қадаға түсетін жүктемелерді анықтау. Іргетас табанының шарттарын орташа қысым бойынша және топырақтың есептік кедергілерін салыстыру. Қадалы іргетастың шөгуін анықтау.

Қосымша әдебиет: 1[106-114; 126-129];

Бақылау сұрақтары:

1. Қаданың қандай түріне отыру есебі жүгізіледі: тірелгіш немесе үйкелгіш?

2. Ростверк биіктігін қандай жағдайларға байланысты анықтайды?

Тапсырма 7. Қазаншұңқырды құрғатуды есептеу:

Әдістемелік ұсыныстар: Қазаншұңқырды ашық және терең сусорғышпен немесе электроосмос көмегімен құрғату.

Қосымша әдебиеттер: 1[106-126]; [213-221]

Бақылау сұрақтары:

1. Қазаншұңқырды су асты суларынан қалай қорғайды?

2. Жер төле бөлмесін жер асты суынан қалай қорғауға болады?

3. Электроосмос көмегімен жерасты суларынан қалай қорғауға болады?

Тапсырма 8. Қазаншұңқырды жобалау.

Әдістемелік ұсыныстар: Қазаншұңқырды жергілікті жерге тік және көлденең байланыстыру, қазаншұңқырдың жоспары мен кескіндерін негізгі осьтермен белгілеу: үстіңгі және табанындағы абсолюттік өлшемдері бойынша, тереңдігін негізгі осьтерге байланыстыру, құлама немесе қабырға құрылымдарының бекіту өлшемдері.

Қосымша әдебиеттер: 1[274-278]; 2[178-187]; 2[162-166]

Бақылау сұрақтары:

1. Қазаншұңқыр қабырғаларының тұрақтылығын қалай арттырады?

2. Қазаншұңқырдың қабырғаларын қатайту қандай амалдардың көмегімен орындалады?

3. Анкерлі құрылымдардың түрлері мен олардың элементтерінің қолдану шарттарын атаңыз?

 

2.4. Стунденттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (СӨЖ)

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)