Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс жоспары

Читайте также:
  1. арналған жеке күнтізбелік-тақырыптық жоспары
  2. ДӘРІСТЕРДІҢ 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  3. Дәріс тезистері
  4. Дәріс №15. Типтік машина бөлшектерін жөндеу
  5. Дәріс. Құралда ағын болуы мен оның процес барысына әсері. Болу уақытының таралу статистикасы.
  6. Дәріс. Құралда болу уақыты бойынша сұйық таралуы. Ағын құрылымын индикаторлы зерттеу әдісі.

Жалпы гигиена және экология кафедрасы

Амрин М.К.

Медико-профилактикалық іс факультетінің студенттеріне арналған

Жалпы гигиена пәні бойынша

Д Ә Р І С

Тақырып: Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанның ғалым-гигиенисттері. Гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері. Гигиеналық нормативтердің анықтамасы және сипаттамасы. Нормалаудың критерийлері.

Уақыты: 2 сағат

Алматы, 2008 ж

 

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Жалпы гигиена және экология кафедрасының мәжiлiсiнде бекiтiлдi

 

Хаттама №___ «___» ____________2008ж.

 

Кафедра меңгерушiсi м.ғ.д., профессор У.И.Кенесариев

бекiттi __________________

 

 

Дәріс жоспары

1. Эмпириялық гигиена кезені.

2. Ғылыми-эксперименталдық гигиена кезені.

3. Ресейдің ғалым-гигиенисттері.

4. Қазақстанның ғалым-гигиенисттері.

5. Гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері.

6. Гигиеналық нормативтердің анықтамасы және сипаттамасы.

7. Нормалаудың критерийлері.

 

Гигиенаның даму тарихын шартты түрде ұзақтығы бiр-бiрiне тең емес негiзгi екi кезеңге бөлуге болады.

1. Эмпириялық гигиена (тәжірибеге негiзделген) көп ғасырлар бойына дамыған.

2. Ғылыми-эксперименталдық гигиена, салыстырмалы түрде қысқа кезеңді қамтиды.

Бiрiнші кезеңi тамырымен тарихқа дейiнгi уакытқа өтiп кетедi, адам өзiнiң өмiр сүруi үшiн күресу нәтижесiнде, өзiн қоршаған табиғатпен және оның әртүрлi факторларымен қатынасу тәжірибесiн жинай бастады. Адам табиғатта өтiп жаткан құбылыстардың нағыз себебiн түсiнбей, тек жеке факторларды бiлiп отырған, сөйтiп олардың денсаулыққа зияндылығы немсе пайдалылығы жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдамалар жасаған. Мұндай байқаулар мен тұжырымдамалардың көпшiлiгi дұрыс бағытта болған және бүгiнгi күнге дейiн өзiнiң мәнiң жоғалтпағаны жөнiнде ғылыми негiздеулерге ие болған.

Мысалы, ерте дүниедегi шығыс елдерiнiң дiни iске асыруға арнаған ұсыныстарында (предписание) профилактикалық сипаттағы ақылды нұсқаулар болған. Вавилон мен Ассирийдiц заңдылы құжаттарында (бiздің эрамызға дейiнгi 19 ғасыр) жекебастың және қоғам гигиенасына қатысты жерлерi болған. Ерте дүниедегi Египетте тағамдық азықтарды, сумен емдеудi, массаж қолдану жөнiнде, базарларда бақылау жүргiзу т. б. жөнiнде санитарлық ұсыныстар болған.

Ерте дүниедегi Қытайдың медициналық трактаттарында, ауруды емдеудiң күрделiлiгiне байланысты, олардың алдын алу қажет екендiгi көрсетiлген.

Гипократтың еңбектерiнде (б.э.дейiнгi 460-377 жылдар) адамның денсаулығына әсер ететiн жалпы (топырақ, су, ауа райы) және жеке бастың (тамақтану, тұкым қуалаушылық. өмiр сүруiндегi әдет-ғұрыптары) факторлары көрсетiлген. Ерте дүниедегi Грецияда сусындар мен тағамдық азықтарды сату кезiнде 6ақылау жүргiзiлген, су тасымалдау жүйесi, канализациялар салынған (Афины), елдi мекендер жоспарланған. Санитарлық техникалық құрылыстардың ең жоғары дамыған жерi ерте дүниедегi Рим (Рим аквдуктерi, канализациялар. бассейндер, қоғамдық моншалар).

Ерте, орта ғасырлардағы шығыстың атақты дәрiгерi Ибн-Сина (980—1037) бес томдық “Дәрiгерлiк ғылымның кононы” (конон врачебн.науки) жазған. Оған ауа, су т.б. гигиенасы жөнiнде тараулар кiрген. ХІI-ғасырда «Салериндiк денсаулық кодексi» құрылган. Жалпы орта ғасырлар кезеңi санитарлық мәдениеттiң шұғыл төмендеуiмен сипатталады. Оған мынандай мысал келтiруге болады, Европаның iрi қалаларында лас заттарды, қоқыстарды терезеден сыртқа төге беретiн корольдар мен қоғамда әйгiлi адамдардың семьяларының өзiнде денелерiмен киiмдерiне қажеттi тiптi болмашы да күтiм жүргiзiлмейтiн. Мұндай жағдайлар халық арасында өлiм санын арттыратын кемшiлiктiң ауруына әкеп соқты.

Дегенмен де, ХV ғасырда санитарлық мәдениеттiң бiраз жоғарылағаны байқалады. Бұл уақытта өндiрiс дамиды, техника өндiрiле бастайды, мұның өзi ғылыммен мәдениеттiң дамуына ыкпал етедi. Левенчук микроскоп ойлап шығарады, медицина мен табиғаттануда түбегейлi ғылыми жұмыстар пайда болады. ХVIII ғасырдың соңында Петр Франктың сол кезеңдегi санитарлық мәлiметтердi тұжырымдайтын “Медициналық полицияның толық жүйесі (полная система медицинской полиции) деп аталатын шығармасы жарық көредi. Бiрақ бұл кезде гигиена өз алдына ғылым болып бөлiнбейдi, бұрынғы эмпирияльқ деңгейiнде қалады.

Тек ХIХ ғасырда гигиенаның эмпириялық даму кезеңi ғылыми-эксперименталдылыққа ауысады. Бұған ыпал еткен өндiрiстiк революция мен өте iрi ғылыми жаңалықтардың ашылуы едi. Зерттеушiлер табиғи байқаулармен қатар ғылыми эксперименттер жүргiзе бастады. Гигиенадан бiрiншi жұмыстар шыға бастады, мысалы, ағылшын Э. Паркстың (1857 Практикалық медицинаға басшылық).

Ғылыми-эксперименталды гигиенаның дамуына елеулi үлес қоскан Мюнхеннiң санитарлық дәрiгерi Макс Петтенкофер болды. 1865 жылы ол Мюнхен университетiнде бiрiншi гигиена кафедрасын ашты, содан кейiн гигиена институтын ашты. М.Петтенкофердiң еңбегi гигиенаны нақтылы ғылымға айналдырған көптеген лабораториялық эксперименттер жүргiзуiнде. Ол кезде инфекциялық аурулардың қоздырғыштары белгiсiз болатын, сондықтан да, оның бiраз ойлары қате болып шықты (локальды топырақ теориясы холера этиологиясы т. б.). Бiрақ ол гигиеналық маңызы бар бiрқатар жанама ойлар айтқан, ең бастысы, одан әрi зерттеулер жүргiзуге ұйытқы болған.

Орыс гигиенистерiнiң iшiнде бiрiншi кезекте А.Л.Доброславиндi айтқан жөн. Ол 1971 ж. Петербургтағы әскери-медициналық академия базасында гигиена кафедрасын ашты. Осы жылдан бастап Ресейде өз алдына гигиена сабағы жүргiзiле бастады. А.Я.Доброславин гигиена практикасына лабораториялық зерттеу әдiстерiн кеңiнен енгiздi, мұның өзi гигиенаның ғылыми пән болып қалыптасуына ықпал еттi.

1869 жылы Швейцариядан Петербургке жас көз-дәрiгерi Ф. Ф. Эрисман келедi. Көз аурулары бойынша докторлық диссертация қорғап, ол мектеп оушыларының алыстан көрмейтiн (близорукость) ауруының этиологиясына айрықша көңiл аударды. Мұның өзі ғылымды гигиена саласына өткiздi. Сөйтiп ол гигиенадан (стажировканы) мамандықты М. Петтенкоферден өтедi.

1882 ж. Ф.Ф.Эрисман Ресейде, Москва университетiнде, екiншi гигиена кафедрасын ұйымдастырады. Одан кейiн ол Москвада санитарлы-гигиенальқ лаборатория және санитарлық станция ашады. Ф.Ф.Эрисман көп гигиеналық жұмыстар жазды. Ол бiрiншi болып медицина мен гигиенаның арасындағы айырмасын байланысты көрсеттi. Бiрақ ол 1896 ж. көз қарастары алдынғы қатардағы (прогрессивтi) студенттердi қолдағаны үшiн университеттен жұмыстан шығарылады. Сөйтiп Швейцарияға орналасады.

Ф. Ф. Эрисманныц оқушысы Г. В. Хлопин (1863-1929) Әскери-медицина академиясының гигиена кафедрасын басқарды және сумен жабдықтау, су көздерiн қорғау, тұрғын үй т. б. гигиенасыньң саласында санитарлы-гигиеналық зерттеу жүргiзуге көп көңiл бөлдi. Көптеген оқулықтар мен кiтаптардың авторы. «Гигиена және санитария»журналының редакторы болды.

1872 ж. Ресейде санитарлық дәрiгердiң жұмыс орны (должность) бекiтiлдi, оған И.И.Моллесон (1942-1920) тағайындалды.

Санитарлық баспалар мен ауылдың бала бақшаларының құрылымы соның инициативасына жатады. И.И.Моллесон адамның денсаулығына табиғи ортаның әсерiн обьективтi бағалауға ықпал ететiн жергiлiктi жерлердi санитарлы-топографиялық бейнелеп жазуды кеңiнен ұсынды.

1922 жылы Ресейде “Республиканық санитарлық органдары туралы” деген декрет қабылданды, мұнда елдiң санитарлық қызметiнiң негiзгi құқы мен мiндеттерi құрастырылып жазылған.

Осы жылы қазiргi «Гигиена және санитария» журналы шыға бастады, оның бұрынғы бiрiншi он жыл бойындағы аты “Гигиена және эпидемиология».

Бiрқатар қалаларда гигиенаның профильдегi ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1931 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарында санитарлық-гигиенальқ факультеттер ұйымдастырылды, 1933 жылы ССРО-ның Бүкіл Одақтық мемлекеттiк санитарлық инспекциясы құрылды.

Сол кезеңдегi атақы гигиенистердiң iшiнен А. Н. Сысиндi атап кеткен жөн, ол 1913 жылдан бастап Москва қаласының санитарлық дәрiгерi болып жұмыс iстедi, одан кейiн РСФСР-дiң денсаулық сақтау наркомының сан.-эпид. бөлiмiнiң бiрiншi бастығы және Москваның I-шi Медициналық институтының гигиена кафедрасының профессоры болды. 1944 жылдан бастап өмiрiнiң соңына дейiн өзi құрған ССРО МҒА жалпы және коммуналды г. зерттеу институтының директоры болып жұмыс iстедi. қазiргi кезде ол институт оның атында жене РМГА қоршаган орта гигиенасы мен адам экологиясының ғылыми зерттеу институты деп аталады.

А.В.Мольков (1870-1947) отандық гигиенистер мектебiнiң негiзiн қалаушы, оның ынталылығымен ССРО-да бұл пәннен бiрiншi кафедра құрылған.

1923 жылдан бастап ол РСФСР наркомздравының әлеуметтiк гигиена институтын баскарды. Мектеп гигиенасы жөнiндегi оқулықтьң авторы.

Коммуналдық гигиенаның дамуына аса елеулi үлес қосқан А. Н. Марзеев (1883-1956) Украина Наркомздравының санэпид бөлiмiнiң бiрiншi бастығы. Ол Киевтегi жалпы және коммуналды гигиена институтын құрды (қазір А. Н. Марзеев атындағы). ССРО-да бiрiншi болып коммуналды гигиена оқулығын жазды, сондай-ақ, көрсетiлген проблемалар бойынша бiрқатар кiтаптар жазды.

Соңғы онжылдьқта алатын болсақ, көптеген атақты отандық гигиенистердi айтуға болады, бiрақ олардың кейбiреулерi ғана гигиенаның әртүрлі салаларынан өзiнiң ғылыми бағыттары кұрған. Мұндай ғалымдарға В. А. Рязановты (атм.ауа гигиенасы), С.В.Черкинскийдi (су гигиенасы және су объектiлерiн санит. қорғау), Г.Н.Сердюковская (балалар мен жасөспiрмдердiң гигиенасы) В.Г.Кротковты (радиациялық гигиена), Е.И.Гончарук (топырақ гигиенасы). Г.И.Сидоренко (ИО гигиенасы), Измеровты (еңбек гигиенасы) т.б. айтуға болады.

Жоғарыда гигиенаның екi даму сатысы эмпириялық және ғылыми-эксперименталды айтылған болатын. Екiншi сатысы бiрқатар құрылым өзгерiстерiмен сипатталады. Басында гигиена бiр ғылыми пән ретiнде дамыған. Бiрақ, ғылыми зерттеулердiң тереңдей түсуiне және бiрқатар салаларында ғылыми мәлiметтердiң жиналуына байланысты бiр пәннiң аумағы тар келiп, гигиенадан келесi өз алдына жеке пәндерi бөлiнiп шықты: коммуналдьқ гигиена, балалар мен жасөспiрiмдер гигиенасы, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, әскери гигиена, аурухана гигиенасы, жеке бастың гигиенасы, радиациялық гигиена т. б.

Жалпы гигиена аталган пәндердi оқуда кiрiспе курсы болып отыр.

Гигиена бiрқатар бөлiмдерден тұрады, оның ешқайсысы гигиена ғылымы мен практикасының өз алдына жеке салаларын қамтиды.

Коммуналдық гигиена. Елдi мекендердегi табиғи және әлеуметтiк факторлардың организмге әсерiн зерттейдi және оптималды өмiр сүру жағдайын жасау үшiн гигиеналық нормативтер мен шараларды даярлайды.

Тамақтану гигиенасы - құрамында әртүрлi қоректiк заттары бар тағам рационының организмге әсерiн, тамақтық заттардың саны мен сапа жағынан организмге қажеттiлiгiн, жұмыс және тұрмыс жағдайына байланысты олардың организм үшiн оптималды ара қатынастарын зерттейдi, алиментарльқ аурулардың алдын алу шараларын даярлайды.

Еңбек гигиенасы — адамның жұмыс iс-әрекеттерi мен өндiрiстiк ортаны организмге әсер ету мүмкiндiгi тұрғысынан зерттейдi, жұмыс жағдайын сауықтыруга кәсiби аурулардың алдын алуға бағытталған гигиеналық шаралар мен нормативтердi даярлайды.

Балалар мен жасөспiрiмдер гигиенасы. ҚО факторларының, оқу тәрбиелеу процесстерiнiң балалар организмiне әсерiн зерттейдi және балалардың дене құрылысы мен ой өрiсiнiң дамуын қамтамасыздайтын, гигиеналық жағдайын жасау мақсатында балалардың қоршаған ортасына гигиеналық талаптар мен нормативтер даярлайды.

Радиациялық гигиена - иондағыш сәулеленудiң, радиациялық заттардың адам организмiне әсерiн зерттейдi және осы заттармен жұмыс iстейтiн адамдардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыздау жөнiнде сан. гигиеналық шаралар мен нормативтер даярлайды.

Адамның денсаулығына және оның өмiрiндегi санит. жағдайына қолайсыз әсер ететiн қоршаған ортаның факторларын гигиеналық тұрғыда нормалау алдын алу шаралар жүйесiндегi негiзгi звено болып табылады.

Табигаты әртурлi (химиялык, физикалык, биологиллық) факторларды регламенттеудiң гигиеналық концепциясын даярлауда отандьқ гигиена ғылымы алдыңғы қатарда екенiне ешқандай күмән жоқ. Бұл концепцияны практика жүзiнде дүние жүзiндегi барлық елдерi қабылдады деп айтуға болады.

 

Гигиеналық норматив - бұл заттар мен факторларды концентрациясы дозалары, деңгейлерi, олар адамның өмiрi бойына күнделiктi әсер еткенде оның денсаулығына және келешектегi ұрпақтарына тiкелей немесе баска орта арқылы қолайсыз әсерi болмайды. Ортаның объектiлерiндегi химиялық заттар үшiн мұндай норматив ШРЕК (ПДК), физикалы факторлар үшiн ШРЕД (ПДУ). Сонда-ақ химиялық заттардьң уақытша шамамен алынған нормативi бар. ШЗКД - шамамен алынған заттардъң қауiпсiз деңгейi (ОБУВ-ориентировочный безопасный уровень веществ) (атмосфералык ауа және жұмыс зонасындағы ауа үшiн). судағы заттар үшiн - шамамен алынған рұқсат етiлген деңгей (ОДУ - ориентировочный допускаемый уровень), заттардьң топырактағы шамамен алынған руқсат етiлген концентрациясы (ОДК- ориентировочные допустимые концентрации веществ в почве).

Көрсетiлген регламенттердi шамамен алынған деп атайды, себебi олар қысқа мерзiмдi эксперимент негiзiнде немесе есптеу әдiсiмен болжау негiзiнде орнатылады. Бұл нормативтер әдетте даярланған ШРЕК (ПДК) жоқ кезде, сақтық санитарлық бақылауды жүргiзу сатысында қолданылады. Әдетте олардың іс жүзiндегi күшi 2 жылдан аспайды.

Қазiргі кезде көптеген нормативтер ғылыми тұрғыда негiзделген:

жұмыс зонасыньң ауасындағы химиялық заттар үшiн - 1800 артық норматив- тер бар; суат суларында - 1500 ден астам, атмосфера ауасында - 700 ден астам, тағамдық азықтарда - 100-ден астам, топырақта - 100-ге жуық орнатылған нормативтер бар.

Сондай-ак, негiзгі физикалық факторлардың (шу, вибрация, электромагниттiк өрiс т. 6.) ШРЕД-те (ПДУ) ғылыми тұрғыда негiзделген. Қоршаған ортадағы биологиялық ластандырушы заттар үшін де нормативтер даярлануда.

Нормалаудың бiрiншi кезектiлiгi (приоритетность).

Ғылыми техникальқ прогрестiң жедел қарынмен дамуы жылсайын өндiрiсте, қоршаған ортаны ластайтын, ондаған жүз жаңа химиялық қосылыстардьң пайда болуына әкеп соғуда. Бұл заттардың биологиялық активтiлгi белгiсiз деп айтуға болады, ал ғылым, қарамағындағы зерттеу мекемелерi мұндай мәлiметтердi алу үшiн жеткiлiксiз. Сондыктан да гигиена ғылыми практика алдында қарыздар.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып гигиеналық нормалауды жүргiзу кезiнде, қай факторды бiрiншi кезекте (приоритетность) нормалау керек екендiгiн анықтау қажет. Оны анытауда келесi критерияларға сүйенедi:

1. Нормалауға алатын фактордың көп тарағандығы және оньң әсерiне ұшырайтын, (адамдардың) халыктьң санына байланысты. қоршаған ортада көп тараған факторлар бiрiншi кезекте нормалануға тиiстi.

2. Фактордың биологияльгқ әсер сипатына байланып әсер салдары бiраз уақыт өткеннен кейiн (отдаленные) пайда болатын (мутагендiк, канцерогендiк, змбриотоксикалык) факторлар алдымен нормалауға алынуы қажет.

З. Өндiрiстiң келешектегi дамуын ескерiп фактордың әсер ету кеңдiгiн болжауға сүйенiп. Бiрiншi кезекте нормалауға алынатын факторлар өндiрiстiң кеңейу дәрежесiмен аньқталады.

4. Фактордың коршаған ортада тұрақтылығы. Бiрiншi кезекте ең тұрақты факторлар нормалануы қажет.

5. Биологиялық активтiлiгiнiң күрт жоғарлауына әкеп соғатын қоршаган ортадағы заттың трансформациялануы. Осындай заттарға норматив бiрiншi кезекте орнатылуы қажет (мысалы, сынап металының микроорганизмдердiң әсерiмен метилсынапқа айналуы. Минамата ауруы).

6. Нормалауға алынатын факторлар басқа факторлармен өзара әсерлескенде (аралас, комплекстi, қабаттасып әсер еткенде) денсаулыққа зиянды әсерi одан әрi күшейетiн болса ондай факторлар бiрiншi кезекте нормалауға алыңуы қажет.

7. Фактор жөнiнде мәлiметтер (информация) болса және гигиеналық зерттеу жургiзуге мүмкiншiлiк болса. Бiрiншi кезек осы бiлiм бойынша қорытындыға байланысты берiледi.

 

Дебиеттер

1. Ү.И.Кенесариев, Н.Ж.Жақашов. Экология және халық денсаулығы. ЖОО мен колледждерге арналған оқулық. Алматы, 2004.

2. Ү.И.Кенесариев, Н.Ж.Жақашов. Экология және халық денсаулығы. ЖОО мен колледждерге арналған оқулық. Алматы, 2004.

3. Ю.В.Новиков. Экология, окружающая среда и человек: Учебное пособие для вузов, средних школ и колледжей – 2 издание; исправлено и дополнено. - М.: издательско-торговый дом ГРАНД ФАИР-ПРЕСС, 2002.-560с.

4. Ю.П.Пивоваров, В.В.Королик, Л.С.Зиневич Гигиена и основы экологии человека. Серия «Учебники и учебные пособия» Ростов на Дону: «Феникс», 2002. – 512 с.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 448 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)