Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су қорын тиімді пайдалану жолдары

Читайте также:
  1. Гендерлік теңсіздік және оны еңсерудің жолдары
  2. Геометриялық стандарт емес есептер шығару жолдары
  3. Дәріс. Химико-технологиялық жүйелердің сипаттамалық қасиеттері мен тиімділік критерийі.
  4. Лемдегі кедейшілік және онымен күрес жолдары
  5. Науқастар мен стационардың төсек қорының қозғалыстарын есепке алу ПАРАҒЫ
  6. Ойлау сапасы мен ойлау қызметінің әдістерін дамыту жолдары

Су қорының сандық сарқылуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар:

1) суды аз пайдаланатын технологияларды қолдану;

2) өндірістік жағдайда суды бірнеше рет пайдалануға өту (тұйық немесе қайтымды циклдер);

3) өнідірістік процестерде ауыз суы арналып берілетін суды пайдаланбау. Бұл ең алдымен сапасы жоғары жер асты суларына қатысты;

4) ауыз су, тамақ дайындау және санитарлық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын суды бөлек беру. Суды қайта пайдалану;

5) судың асырап болмауын және суды өлшеп беруді қамтамасыз ететін су таратушы қондырғыларды пайдалану;

6) тұтынушыларға жеткізу кезінде және әкетуде судың ысырап болуына жол бермеу;

7) суға экономикалық тұрғыдан дәлелденген бағаны тағайындау. Ол суды үнемдеуге және қайтадан пайдалануға әкелетіндей болуы қажет. Іс жүзіндегі бағаны қою суды үнемдеуді 1,5-2 есе арттырады.

8) су қоймаларын жасау және оның бетінен булануды кеміту. Мұндай шағынды болдырмаудың негізгі жолы – су қоймаларының ауданын жағалауларда көтеру мен таза жерлерін бөліп тастау. Ірі су қоймалары жазық салу тиімсіз;

9) қайтымсыз шығын болатын суды кеміту;

10) суармалы егіншілікке суды тиімді пайдалануда жетілдірген технологиялар мен жаңа суару әдістерін қолданудың мүмкіндіктері зор.

Сулардың ластануы төмендетуге бағытталған іс шаралар ең алдымен технологиялық процестер мен суды пайдалану, тазарту әдістерін жетілдірумен байланысты. Суды тазарту әдістерінің ішіне биологиялық әдістер анағұрлым экологиялық және тиімді болып табылады. Олар мынадай арнаулы жүйелерді жамсауға негізделуі қажет: суарылатын манап, сүзу танабы аэрация станциялары және т.б. Мұндай жағдайда, су әр түрлі дақылдар өсірілетін манапқа беріледі. Биогенді элементтердің басым бөлігі сіңіріледі де, биологиялық құрылымдарға енеді. Судың бір бөлігі топырақ грунты арқылы өтіп, биологиялық (негізінен редуцент-ағзалармен) және физико-механикалық (фильтрация нәтижесінде) тазарудан өтеді.

Аэрация станцияларында биологиялық тазарту процестері ластанған судың үнемі оттегімен және редуцент ағзалармен байытылу есебінен интенсивті жүреді.

Суды тазартуға табиғи экожүйелерді де қолдануға болады. Жоғары өнімді табиғи экожүйелерде (мысалы, орман) суды тазарту интенстивтілігі жасанды жүйелермен бара бар. Судың сапасын жақсарту мақсатында озондау, ультра күлгін сәулелермен өңдеу, жер асты су қоймаларына орналастыру кеңінен қолданылуда. Жер асты қоймалары беттік сулармен толтырылады. Олардың тазаруы грунт арқылы фильтрация кезінде және қойманың өзінде жүргізіледі. Бұл су ластануында жақсы қорғалған және температуралық режимі реттелген болады.

Кез келген табиғи ресурсқа адамның әскерін бағалау жан-жақты болуы қажет. Суларды ластандыра отырып, адам өзінің осы ресурсқа деген тапшылығының туғызып қана қоймай, көптеген ағзалардың мекен ету ортасын және оларға тән байланыстарды бұзады.

Табиғат адамзатқа қажетті барлық материалдық игіліктің бірден – бір қайнар көзі. Оны асқан ұқыптылықпен пайдалану керек. Міне, бүгінде осы табиғат қазыналарын қорғау, қадірлей білу мәселесі- бүкіл жер шары үшін аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.

Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Ресрубликасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдардан, сондай – ақ басқа да заң актілері мен өзге де нормативтік – құқықтық актілерден тұрады.

Жерді, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандар мен өзгеде өсімдіктер, жануарлар дүниесін, экологиялық, ғылыми және мәдени жағына н ерекше құнды қоршаған орта обьектілерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану мәселелері осы заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының тиісті заң актілерімен және өзге де нормативтік – құқықтық актілермен реттеледі.

Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай ластанатын болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүретініне үлкен зиян келетіні сөзсіз. Сондықтан да, табиғатты қорғау жастардың тек міндеті ғана емес, абыройлы борышы. Халық шаруашылығын дамытуды жетілдіре отырып, табиғатты қорғауды да ұмытпау керек. Тек осы жағдай да ғана еліміздің табиғат және табиғат байлығын сақтап қала аламыз

Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзра ұйлесімді іс – қимылына, қоршағаен ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды

ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 914 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)