Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гендерлік теңсіздік және оны еңсерудің жолдары

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  7. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды.
Яғни олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени ауанда босым боо отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты. Жыныс – гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рөліне қатысты астасып жататын көп мәдени нұсқалар бар екені дәлелденді. Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде – жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, өндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бөлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гөрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен өсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық өзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіпктік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бөлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады.

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процессінен қалмай алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.
2000 жылғы қыркүйекте өткен Мыңжылдық саммитiнде әлемнiң көптеген елдерiнiң лидерлepi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын қабылдады, оның сегiз мақсатының бiрi гендерлiк теңдiктi қолдау болып айқындалған.
Бұл мәселеге БҰҰ Бас ассамблеясының "Әйелдер 2000 жылы: әйелдер мен ерлер арасындағы теңдiк, XXI ғасырдағы даму және әлем" атты 23-ші арнайы сессиясы арналды. Осы сессияға қатысушы үкiметтерге әйелдердiң өмiрдiң барлық салалары мен барлық деңгейлерiне тең қол жеткiзуiн және толық ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдама Қазақстандағы гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi.
Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.
Сонымен, гендер – дегенміз - бұл ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат - қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 828 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)