Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Герберт Спенсер

Читайте также:
  1. Герберт Уэллс. Страна Слепых
  2. Девід Герберт Лоуренс
  3. Дети Генерала Бута - Герберт
  4. ПЕРВЫЙ ПОЗИТИВИЗМ КОНТА, МИЛЛЯ И СПЕНСЕРА
  5. СОЦИОЛОГИЧЕСКИЙ ПОЗИТИВИЗМ Г. СПЕНСЕРА
  6. Социология права Е. Эрлиха. Социологический позитивизм Г. Спенсера. Политико-правовое учение солидаризма Л. Дюги

Социялогия тарихы және даму тарихы мәселелері

1. Әлемдік социялогияның дамуындағы классикалық кезең

ХХ ғасырдағы батыс социялогия мектептерінің негізгі бағыттары:эмпирикалық және теориялық социялогия

Әлемдік социялогияның дамуындағы классикалық кезең

Социялогияның ерекшелігі түсуін үшін оның ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында нақты тарихи жағдайда,Франция мен Англияда капитализм тұрақты орнаған кезде және қоғам туралы білім алмаған «үшінші» топтың пісіп жетілген кезінде пайда болғанын ескеру қажет.Социлогияның жеке ғылым ретінде тууы психологияның,антропологияның,құқықтың жеке салаларының және т.б.-ның дамуымен байланысты болады.Социлогияның қалыптасуына ағылшын және неміс нұсқаларындағы немістің классикалық философиясы,саяси экономикасы,сондай-ақ қоғамды қайта құруда жаратылыстануға ұқсас құрылған,обьективті және нақты жаңа әлеуметтік ғылым жетекші роль атқаратындықтан,Сен-Симон мен Фурьенің социалистік теориясы әсер етті.

Социялогия Европа елдерінде туған жоқ.Қоғам өзінің әлеуметтік –экономикалық,рухани күйінде бір ғасырлардағы АҰШ-тағы сияқты әлуметтік идеяларды сырттан қабылдауға немесе «озіндік» әлуметтік ойларын дамытуға дайын болуы керек еді.Сондықтан социялогияның қалыптасуына қоғамдық-ғылыми дәстүрлер,нақты елдердегі рухани әрекет ерекшеліктері,мәселені қою тәсілі мен мәдени құндылықтар сипаты маңызды роль атқарады.Сондықтан да неміс социялогиясы, американдық социялогия мектебі, француз социялогиясының дәстүрлері туралы айтылады.

Огюст Конт

Сен-Симонның шәкірті және алғашқы кезде оның ізбасары болған Огюст Конт (1798-1857)- социялогияның негізін салушы француз философы.Ол социялогияға атау беріп, оның ғылым ретіндегі негізгі методологикалық принциптерін,жаратылыстанудағы ғылыми әлеуметтік білімді біріктіретін біртұтас ғылым ретіндегі тұжырымдамасын жасады.Бұл бірліктегі алғашқы орынды Конт жаратылыстанудағы методологиясына алдымен физика мен биологияга берді.

Эмпиризм, верификация (кейінгі латын.verificatio-мақұлдама, дәләлдеме), физикализм сияқты социлогияның маңызды принциптерін негіздеуде Конттың еңбегі зор.Эмпиризм принципі әлеуметтік тәжербие мен оның ерекшеліктері туралы мәселе қозғады.Ол «эмпиризм әлем туралы шын ғылымының бірден-бір көзі тәжербие болып саналады.Позитивизімнің зерттейтіні- трансцендентальды тұрмыс не заттың алдамшы мәні емес,тек қана фактілер... физикализм -... жетілген түсініктің бәрін физика жасаған,сондықтан барлық ғылыми мәнді физикаға әкеліп тіреуге болады және солай ету керек»,-деп түсіндіреді.Бұдан байқағанымыздай,Конт социялогияны жаратылыстану ғылымдарының,әсіресе физиканың үлгісімен зерттеу керек деп бағамдамаған.

Сонымен бірге ғалым табиғаттың жекелеген құбылыстарын зерттейтін жаратылыстану ғылымының айырмашылығы социолигия қоғамды түгелдей, қоғамдық жүйені,әлеуметтік құбылыстарды қоғамдық өмірімен байланыста зерттеу керектігін атап көрсетеді.

Конт бойынша,жаңа әлеуметтік ғылым қоғамды статика және динамика тұрғысынан зерттеуі керек. Статикада қоғам «тәртіп» және «прогресс» заңына бағынады.Әлеуметтік статикада зерттелетін құбылыстар жиынтығы көп қатпарлы организм тәрізді.Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы,адам және ол әрекет ететін өмірін сүру жағдайды.

Әлуметтік динамика қоғам дамуындағы қозғаушы күштің не екендігі түсіндіру керек.Конттың баяндауында мұндай күштерге мыналар жатады: экономикалық табиғи жағдайлар, климат,географикалық орта,сол сияқты көзқарастар,идеялар,ойлау,адамдардың санасы.Әлеуметтік динамиканы Конт «үш кезең заңы» атты заңмен сипаттайды, ол қоғамдық және позитивті.Қоғамды бұлай үшке бөлуде өлшем ретінде не алынады?Өлшем үстемдік етуші идеялар болды.

Теологиялық кезең деп Конт діни идеялар үстемдік еткен ХVII-XVIII ғасырларға дейінгі қоғам дамуындағы белгілі бір кезеңді атады.Ол кезде идеялыық сипатағы үстмдік етуші негізгі күш – дін болды.Бұл кезең адамның ақыл-ойы абсолютті білімге ұмытылады.Бұл кезең өз уақыты үшін қажет болды,өйткені ол адамның әлеуметтік тұрғыда дамуы мен ақыл-ойы күшінің өсуін алдын ала қамтамасыз етеді.

Екінші кезең- метафизикалық кезең.Қоғамда бейнеленген абстракциялар мен метофизикалық тұжырымдамалар үстемдік алды,Конт оған революциялық теориялар мен материалистік философияны жатқызады.Бұл тұжырымдамаларды сынай отырып,ол марксизм қағидаларына,әсіресе оның таптық күрес жайлы іліміне келіспейтіндігін білдіреді.Бұл кезеңде «байқауыдың орнына дәлелдеуге тым ұмтылушылықтан» ақылмен көру бөлігі өте зор.Оның ойынша,метофизикалық ойлау өз табиғаты бойынша сындарлы,қиратқыш болып саналады.Оның шаралары қазіргі кезеңде де көп мөлшерде сақталған.

Үшінші кезең – позитивті кезең. Конт қоғамға тек позитивті ғылым ғана дамитын кезең қажет деп есептеді.Бұл діни және философиялық мәндер жүйесіндегі алыпсатарлыққа тыйым салады.Бұл кезеңде жаратылыстану ғылымдары үстемдік етіп, эмпиризм, позитивизм,физикализм,принциптері негізіндегі қоғамды зерттейтін социология дамуы керек.

Позитивті кезеңде,Конттың пікірінше,қиялды байқауға үнемі бағындырып тұрар заң әрекет етеді.Бұл кезеңде ақыл ақырғы себептер мен мәнді (абстракцияны) анықтаудың мүмкін еместігін мойындап,оның орнына заңдарға, яғни бақыладағы құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға қарапайым зерттеу жүргізуге тырысады. Бұл заңдарды білу олардың әрекеттерін ескеру және болжау жасау үшін қажет. Нағыз ғылым, - дейді Конт, - байқау мен болжау жасауды үйлестіреді, өйткені олар «барлық жағынан жағымды ғылымның басты» ерекшелігін құрайды.

Қоғамдық құратын басты элемент-отбасы,-деп есептейді Конт.Ол отбасынан ең кіші қоғам деп атады,отбасы-индивид бойұсыну мен басқарудың үйренетін әлеуметтәк өмір мектебі,-дейді ол.

Герберт Спенсер

Социялогияда неғұрлым айқын биологизаторлық үрдісті өткізген ағылшын оқымысты Герберт Спенсер (1820-1903).Оның идеяларының ықпалы,әсіресе жеке меншікке,құқық,мемлекет,жеке тұлғалар арасындағы қатынастарға және т.б. мәселелеріне қатысты айтарлықтай зор болды және тек Англияға емес,Америка,Австралия және Ресейде де тарады.

Қоғам биологиялық организмге ұқсас,тіршілік үшінші күрес әлеуметтік тұрмыстың басты принциптерінің бірі,табиғат пен қоғамды жақындастырущы эволюция идеясы идеясы- міне,оның еңбегіндегі негізгі нәрселер осы.

Спенсердің әлеуметтік ілімдері «органикалық теория» деп аталады.Онда қоғам үйлесе дамыған организм ретінде қарастырылады.Оның құрамдас бөліктері өзара тығыз байланыста болып,бір-біріне сәйкес қызмет етеді.Қоғамның идеалы куйі теңдік болып табылады.Теңдіктің бұзылуы қоғам үшін қауіпті.Сондықтан қоғамдағы барлық әрекет теңдікті сақтауға ықпал етуі керек,өйткені «біз барлық жерде теңдікке ұмтыламыз»(Г.Спенсер).

Спенсердің пікірінше, қоғамның қызметі көп жағынан тірі организмнің қызметіне ұқсас.(ол осылай салыстырды,бірақ теңестірмейді).Мысалы,ол тірі организмнің қан тамырлар жүйесінің қызметін қоғамда темір жолдар атқарады деп есептейді(екі жуйеде қоректенуде қажет заттарды жеткізеді).Спенсердің айтуынша қоғамда еңбекшілердің,жұмысшылардың және кәсіп орын иелерінің болуы –табиғи құбылыс.Тірі организмде жұмыс істеуші және басқарушы ағзалар бар,сол сияқты қоғамда да жұмыс істеушілер және басқарушылар болуы керек.Спенсер тірі организмдегі түкті жамылғылардың оны зақымданудан сақтайтын сияқты қоғамға армия керек деп есептейді.Армияның мақсаты да-қоғамды сырттан басып кіруден қорғау.Спенсер эволюцияны болмай қоймайтын күрделену процессі,ол бірыңғай «Әскери қоғамның»әлеуметтік қатынастар жүйесімен еңбек бөлінісі тармақталған «өндірістік» қоғамға тарихи даму арқылы нақтыланады деп түсіндіреді.Қоғам «ұйымдасқан біркеліктен», «ұйымдасқан әркеліккілік» күйіне өтеді.Адамдардың мінез-құлығы индивид пен түрді жақсы сақайтын мақсаттарға жету үшін неғұрлым жетілдірілген әрекеттерге бейімделе дамиды.Бұл бейімделу барысында басқа қадамдар мен қоршаған әлеуметтік емес ортаның тіршілік үшін күресі барысында-қоғамда «институттар» деп аталатын айрықша органдар маманданды, ол институттар үш түрге бөлінеді:

1) Адам тууын жалғастырушы (отбасы,неке);

2) Бөлгіш(экономикалық);

3) Реттегіш (дін және саяси жүйе);

Осы институттарды зерттеу арқылы ғана негізгі ұясы- индивидті тануға болады.Басты назарды отбасына аударған Контпен салыстырғанда Спенсер негізгі ретінде жеке тұлға мен оның құратын «қоғамдық агрегаттарын» алады.

Спенсер қоғамның екі түрі болады деді.Әскери және өндірістік.Олардың тіршілік үшін күрес құралдарының бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы бар:қоғамның бірінші типі әскери кекілжіндерге,ату мен жеңуші жеңілгенді құл қылуға бағытталады; екіншісі- өндірістік бәсекеге негізделді,мұнда жігері,қабілетті және т.б. күштілері,яғни интелектуалдық және моральдік сапалар саласында жеңіске жетеді.Күрестің мұнадай түрі тек жеңуші үшін ғана емес,бүкіл қоғамға пайдалы,өйткені оның нәтижесінде қоғамның өзінің интелектуалдлық және моральдік деңгейі,бүтіндей қоғамдық байлықтың көлемі өседі.

Конт сияқты Спенсер де әлеуметтік дамудың органикалық процесіне күшпен араласуға,мысалы ревлюцияға (төңкеріске) ұмтылуды жақтамады.Ол социализмге қарсы бола отырып,бұл жүйеде озаттардың есебінен төмендердің көтермелетін және заң алдындағы теңдік деп түсінді.Ол мемлекеттің экономикалық және жеке өмірге араласуына қарсы болды,ол алдымен,азаматтардың құқығын қорғауы керек деді. Г.Спенсердің социялогиялық теориясы функционализм (ХХғ) сияқты батыс мектептерінің қалыптасуына әсер етті.

Карл Маркс

ХІХ ғасырдағы социялогиядағы маңызды бағыттардың бірі марксизм болды,оның негізін Карл Маркс (1818-1883) қалды.

К.Маркс адамзат тарихын тауар өндіріс тәсілі әр формацияның экономикалық сипатын анықтайды.Өндіріс жүйесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар Маркс тұжырымдамасында қоғамдық процестерді түсіндіруде шешуші роль атқарды.Экономикалық ұйымдастырушы кез келген типінде өндіріс құралдарына ие болатын және өзіне жұмыс істейтіндердің тағдырын шешетін үстем тап болды.

Экономикалық принцип бойынша қоғамды таптарға бөлу – Маркс теориясының методикалық негізі.Ол адамзаттың дамуы –бір қоғамдық экономикалық формациядан екінші пронрессивті түріне өтіп отыратын,обьетивті және заңды табиғи-тарихи процесс.Марксизмде төмендегідей қоғамдық –экономикалық формациялар көрсетіледі:алғашқы қауымдық,құл иеленушілік,феодалдық,капиталистік және каммунистік.

Марксизм іліміне сәйкес қоғамдық-экономикалық формациялар, негізінен, өндіріс тәсіліне сүйенетін экономикалық тәсілдердің әсерінен жүреді. Бұл процестің материалдық алғашқы шарты: ескірген экономикалық қатынастар мен сәйкессіздік болып, оның тереңдей асқына түсуі болып саналады. Бұл күш бұрынғы өндірістік қатынастар шеңберіне сыймай, дамуы бәсеңдейді; нәтижесінде өндіріс тәсілінің дамуында құлдырау болады. Ескі өндірістік қатынастарды қоғамдық өндірісті көтеретін және осыған байланысты қоғам дамуының өзге мәселелерін шешетін жаңасымен алмастыру қажеттігі туады.

К.Маркс негізгі таптар буржуазия және пролетариат болып бөлінеді деп есептеді. Буржуазияның ішінде меншік иелері, олар әлеуметтік иерархиядағы жағдайына байланысты өндірістің (фабрика, жердің) маңызды құралдарының иелерінен ерекшеленеді. Маркс люмпенпролетариат деп аталатын, қоғамнан шетке шыққан адамдардың болатынын айтты. Оның әлеуметтік құрылым теориясында пролетариаттың өзін пайдаланушыларға қарсы революциялық көтерілісін «басатындарға»,яғни орта таптың орны мен рөліне көп көңіл бөлінеді.

Маркстің еңбегі – қосымша құн теориясын жасауында. Маркс капитализмнің дамуына қарай буржуазияны байи, пролетариатты кедейлене түседі деп есептеді. Олардың арасындағы шиеленіс күшейе түседі де, жұмысшылар революция жасап, өз диктатурасын орнатады. Әділетсіз қоғамдық құрылыс ретінде капитализм құрып, бүкіл әлемдік деңгейде социализмге өту басталады.

К.Маркстің ғылыми болжамы жүзеге аспады: капитализм күткен нәтижені бермеді. Пролетариаттың ішінде айтарлықтай сатыға бөліну орын алды. Экономикада қызмет көрсету аясы кеңіді: бұл саланың адамдардың жалдамалы жұмысшы бола отырып, өздерін жұмысшы таппен теңестірмеді. Қазіргі батыс социологтері дене жұмысымен айналыспайтын («ақ жағалылар») жұмысшылар хатшыдан инженерге дейін капиталистермен одақтас болуға мүдделі болды. Қожайындары олардың саяси қолдау көрсеткені үшін дене еңбегімен айнатысатындарға қарағанда неғұрлым көтеріңкі жалақы төлейді. Оның үстіне, үкімет пен жұмыс берушілер саяси қысымның әсері мен ұжымдық келісімшарт жүйесіне орай, жұмысшылардың мұқтаждықтары мен талаптарына көңіл бөле бастады. (Н.Смелзер).

Қаналушылар табының идеологиясына айналған марксизм қазіргі өркениеттің қалыптасуына едәуір үлес қосты, мұнда пролетариат шетке шығарылмайды, ал оның ұзаққа созылған таптық күресі біртіндеп әлеуметтік серіктестікке ауысады.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы социологиядағы ықпалды бағыттардың бірі – психологиялық бағыт. Ол әлеуметтік даму мәселелерін әлеуметтік психология тұрғысынан қараумен сипатталады.

Бұл бағыттың неғұрлым көрнекті өкілдері американдық социолог Лестер Уорд пен француз оқымысты Габриэль Торд болып саналады.

Лестер Уорд (1841-1913) соцологияны адам жетістіктерін зерттейтін ғылым деп есептеді. Уордтың пікірінше, адамзат қол жеткізгеннің бәрі – сезім, эмоция, тілек, мұқтаждық және т.б. әрекеттерінің нәтижесі. Индивидтердің өзара қатынасы нәтижесінде ғана әлеуметтік сипат алған психикалық күштерді Уорд табиғи және дене күштері (қайта өндіруші және сақтаушы), рухани күштер (эстетикалық, моральдік, интеллектуалдық) деп бөлді.

Уорд адамның барлық әрекеті тілектен шығады деді. Социологтың талдау логикасы мынадай: көбедлі тілеу, тамақтануды тілеу, аңға шығуды тілеу – бұл тілектің бәрі әлемді жылжытуға итермелейді. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста адам оны оңай жүзеге асыра алатын. Аңға шыққысы келсе - құс аулауға барды, тамақтанғысы келсе – орманға барып, тамағын тапты. Өркениетті қоғамда жағдай басқаша. Мұнда норма, заң бар, сондықтан белгіленген тәртіпті бұзбай, адам өз тілегін жүзеге асыра алмайды. Орындалмаса өзінде қалады, ал берілген тәртіпті бұзып тілеген жүзеге асыра, онда оның ішкі күйі, табиғаты кінәлі, оған ештеңе істей алмайсың. Сондықтан қоғамды өзгерту керек емес, адам табиғатын жетілдіру керек.

Габриэль Тард (1843-1904) социологияны биологизм мен органицизмнен арылтқысы келді. Тард әлеуметтік процестерді адамдардың өзара қарым-қатынасы құрылатын електеудің психикалық механизм әрекетімен түсіндіреді.

Тардтың әлеуметтік жүйесінде еліктеудің әлеуметтік факторы маңызды роль атқарады, ол қоғамды оның мәні мен заңдарын анықтау үшін әлеуметтік топтарға бөлудің межесі болады.

Тардтың пікірінше, қоғамның бір-біріне еліктеуші, не еліктеу үшін үлгі іздеуші адамдар қауымы болып есептеледі. Қоғам адамдардың бейімделуі, күресі, еліктеу үшін үлгі іздеуінің арқасында өмір сүреді. Мұның бәрі адам санасында басқа ететін әр түрлі процестердің арқасында болады.

Тард «еліктеудің әлеуметтік заңын» мойындауды талап етеді. Ол еліктеудің қоғамда физиологиялық организмдегі тұқым қуалаушылық сияқты роль атқаратынына сендіреді.

«Еліктеудің әлеуметтік заңын» әрекетін Тард үш кезеңге бөледі. Біріншісі – өнертапқыш дана бір адамның жаңалық атаулыға қарсы қалың көпшілікпен күресі. Екіншісі – шектеу сезімінен арылған жалпылама жаңаны енгізумен шұғылдану. Үшінші кезең – көпшілік дербес іс жасамастан, дананың соңынан ереді. Бұдан біз әлеуметтік өмірдегі психологиялық фактордың абсолюттенуін көреміз. Бұл-әлеуметтік психологияның қалыптасуы мен дамуына қосылған бағалы үлес, соңғысының социологияға қосылуы.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 250 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)