Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Таңғыш қою арқылы қорғау

Читайте также:
  1. B. Сол жақ батырма арқылы
  2. Ig қай класы қан тамырлары арқылы өтпейді?
  3. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  4. Автобустардың жалға шығуын жолаушылардың жүктерін сақтауға қою,құжаттарын рәсімдеу
  5. АКТ –ны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
  6. Баға қою саясаты
  7. Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі

 

Микробпен зақымдалған жараны жұқтырмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттармен ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен ұстау арқылы енеді.

Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйсетін затта микроб болмау тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микобтарын толық жою тазартқыш деп аталады.

Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сәл тамырлана, сөл арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сепцис дамиды.

Антисептика-жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдердің

өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолддану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ертіндісі, йод тұнбасы, спирт, сутегі қолданылады.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәуледе өлтіреді.

Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға негізделген. Йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер вишневский майы сияқты бірнеше заттан құралуы мүмкін.

Биологиялық аитисептиктер жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.

 
 

Жарақатқа таңғыш қанның ағуын тоқтату, ауруды басу, қосымша зақымданудан және микроб түсуінен ескерту үшін қойылады. Таңу материалы ретінде дәке, бинт, салфетка, мақта, лигнин (ағаш мақта), кіші және үлкен медициналық таңғыш, жеке таңғыш пакеті мен орамал пайдаланылады.

18-сурет. Бинттеуден бұрын жараның маңайын тазалау

 

Пакетті пайдалану ережесі.

- резиналы жамылғының шетін тілігі бойынша ашу;

- алдымен бүгілген жерден түйреуішті алып қағаз тысты ашады;

- таңғыш материалды жастықшаның ішкі жағына, яғни жараға қойылған жоғарғы бетіне қол тигізбей жазады,

- егер жара тесіп өткен болса жастықшаның бірін аузына, ал екіншісін

астыңғы саңылауға қояды. Бұдан кейін екі жастықшаны да орап дәкінің

 
 

шетін түйреуішпен түйрейді.

 

19-сурет. Жеке таңғыш пакеті

Алғашқы көмек көрсету кезіндегі негізгі міндеттер: қанның кетуін тоқтату, жараны ластану мен жұқтырудан қорғау, қан кеткен кезде пайда болатын ауруларды ескертуге бағытталған шараларды жүргізу.

Жарақаттанудан кейінгі алғашқы сәтте қанның кетуі айрықшша қауіпті, сондықтан да кез-келген ықтимал әдіспен қанды тоқтатуға тырсу керек. Болмашы жараларға алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны мүмкіндігінше ыстық сумен, ал бар болса сутегі тотығымен шаяды. Бұдан кейін сыдырылған жерге йод немесе тотыяйын, яғни зеленка жағады. Үлкен жараны йодпен шаюға болмайды.

Инфекцияның жараға өтуін тоқтататын ең қарапайым әдіс оны өз уақытында таңып тастау. Таңғыш жараның тазалануына ықпал етеді, жараға енген микробтарды сорып алады.

Таңғышты ораған кезде міндетті түрде негізгі ережелерді ұстану керек. Таңған кезде жанға қатты батпау үшін, дененің зақымдалған бөлігін ұстап тұру керек. Бинтті оң қолмен жоғары қарай тарта ұстап, сол қолмен таңғышты ұстап, оның қыртысын жазып отыру керек. Бинтті солдан оңға қарай жарақаттың үстінен тоқтатпай орайды. Таңғышты оның қан айналымын бұзбау үшін аса қатты байламау керек. Алғашқы медициналық көмекті көрсеткен кезде, бастапқы таңғышты қоюдан бұрын сырқаттың жанын ауыртпай және жараны зақымдамай оның бетін ашу қажет. Сыртқы киімді шешеді немесе тігісі бойынша кеседі. Ең әуелі дененің сау жағындағы киімді содан кейін ауырған жағындағы киімді шешеді.

Зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсетіп, содан кейін оларды емдеу бекеттеріне немесе ауруханаға жөнелтеді. Жарақаттанған адамды алып шығудың бірнеше әдістері бар. Мұның барлығы жарақаттың қандай, ауыр-жеңілдігіне, қолда бар құралдарға және жарақаттанған адамдардың аз көптігіне байланысты.

Зардап шегушілерді емдеу мекемесіне жеткізу кезінде оған қосымша зақымдар мен жанын қиналтпау үшін нақты ережелер мен талаптарды қатаң сақтау керек. Жарақатына байланысты әр түрлі жолмен тасымалдайды:

- басы, омыртқасы және аяқ-қолдары жарақаттанған есі бар зардап шегушілерді арқасымен шалқасынан жатқызып тасымалдайды, іші ашық жарақаттанған және жамбас сүйектері сынған болса, шалқасынан жатқызып, тізесін бүктіріп, тақымының астына киімнен, көрпеден домалақтап салады;

- талықсу кезінде шалқасынан, басын денесінен төмен салақтатып, аяғын биіктеу көтеріп алып жүреді;

- омыртқа зақымданғанда және адам есін білмегенде зардап шегушіні екбетінен жатқызады;

 
 

- кеуде клеткалары және жыныс мүшелері зақымданған кезде жартылай отрырғызып, тізесін бүктіріп, тақымының астына киімнен, көрпеден домалақтап салып алып жүреді.

 

20-сурет. Кеуде клеткасы жараланғанда зақымданушыны тасымалдау

 

Жаралы адамды жұмсақ затпен орап, жылы ұстау керек. Іші жарақаттанған адамға су беруге болмайды.

Есінен айырылғандарға нашатыр спиртін иіскетеді, демалысы тоқтағандай болса, қолдан демалдыру амалын жасайды. Биікке көтерілетін болса ауру адамды горизонталдық бағытта жатуын қадағалау керек.

Жарақаттанған адамды жалпақ тақтайға, есікке, баспалдаққа, жинамалы төсекке салып алып жүруге болады. Кейбір жағдайда екі адамның қолынан кілт жасайды. Бұл әдіспен есінен айырылғандарды немесе қолы, аяғы жарақаттанғандарды алып жүреді.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 1100 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay | Мірін сақтay мен шығынды азайту шаралары | Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар | Аяқ-қол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек | Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі. | Олға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі | Тест сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Суға бату, тұншығу және иіс тию| Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)