Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аяқ-қол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Читайте также:
  1. Дәрістер. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ мерзімді баспасөзі.
  2. Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.
  3. Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек
  4. Сынған сәуленің поляризациясы. Брюстер заңы.
  5. Тарау. Тамақ өнімдерін суықпен өңдеу кезіндегі жылу-физикалық қасиеттерінің өзгеруі және жылу мен массаалмасулары
  6. Тоңазытқыш машиналарының көмекші жабдықтары

Сүйек сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгісі үш зақымданған сүйектің әдісті орындау қажет жағының тыныштығын қамтамасыз ету, яғни иммобилизация болып табылады, сол үшін табельдік шина қолданылады немесе қолда бар заттар: таяқ, тақтай т.б. заттар қолданылады.

Тыныштық болу үшін шина немесе қолда бар жоқ болса, аяқ-қолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады (қолды тігінен бүгеді) немесе байламға, белбеуге іліп қояды.

Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды. Шинаны (немесе қолда бар затты) сынықтың екі жағының да қозғалысын болдырмайтындай етіп (сынықтың үстіңгі және астыңғы жағы) қою қажет. Сүйектің шығыңқы жерінде шинаның астына жұмсақ мақта немесе жайлы мата қояды.

Шинаны (қолда бар материалды) мақтамен жауып, дәкімен орайды (матамен, киім кесіндісімен), бұлай ету сынған жердің қатты қысылмауы үшін жасалады, содан соң оны қайтадан зақымдалған аяққа орайды.

Қандай да бір қосалқы материал жоқ кезде иммобилизацияны зақым- данған аяқ-қолды дененің сау мүшелеріне: қолды денеге төменгі жақты сау аяққа байлау арқылы жүргізген дұрыс.

 
 

11-сурет. Зардап шегушіні шинамен тасымалдау кезінде басын тиянақтау

 

Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:

1. Иммюбилизация үшін пайдаланатын шиналар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.

2. Шинаны бірден жалаңаш аяқ-қолға қоюға болмайды.

3. Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек (мысалы сирақ сынған кезінде сирақ табан және тізе буындары бекем байланады).

4. Сан сынған кезде аяқ- қолын барлық буындармен бекем байлау қажет (тізе, сирақ- табан, сан-жамбас).

Саусақ түйіспелері мен буын сүйектерінің ашық сынығы кезінде жараға тазартқыш таңғыш қойғаннан кейін алақанға саусақтар жартылай бүгіліп тұру үшін дәкімен оралған тығыз мақта түйірін қояды. Білекке, қолдың шашақты ұшына және саусақтарға үйеңкі, картон немесе саты шинасын қояды, қолды орамалға іліп қояды.

 
 

Білек сүйектері сынған кезде шинаны саусақтарды қамти отыра иыққа жақындатып қояды, шынтақ пен кәрі жілік және білек буындарының қозғалмауын қадағалап, байламға іліп қояды.

12-сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою

 

Тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік сынған кезде саты шинасымен немесе қолға қоюға ыңғайлы болатындай ретпен қиылыстырады. Қолды байлап орайды.

Бұғана сынғанда кәрі жілік төңірегіне арқаға немесе Дезо бинт таңғышына байланатын екі мақта-дәкі шығыршығын қояды. Қолды орамалға іліп қояды.

Табан сүйектері мен сирақ-табан буындары сынған кезде иммобилизация үшін саты шинасын немесе қолда бар құрал пайдаланылады. Шинаны әуелі табанның өкшесі мен сирақтың артқы жақ үстіне қоюға ыңғайлы болатындай етіп бүгеді. Өкше сүйегі үшін үңгіме жасайды, оған өкше сүйегіне қысым түспеу үшін мақта салады. Бұдан кейін шинаны аяқ-қолға салады және сирақтың төменгі тұсы мен табан арқылы бинттің сегіздік тәріздес орамдарымен бекітеді, оны бинттің шеңберлі орамдарымен сирақтың үстіңгі тұсында аяқтайды. Табан тірек бұрышпен сираққа мығым байлануға тиіс.

Үйеңкі кесіндісімен және ағаш рейкалармен иммобилизациялау кезінде оларды сирақтың үстіңгі тұсынан бүйірлей табанның өкшесіне дейін қояды: біреуін сыртқы жағынан, екіншісін сыртқы жағынан, содан соң табанды мықтап бекітіп аяқ-қолға орайды. Шығыңқы сүйек ұшына кесінділер тиетін жерге мақта қояды.

Сирақ сүйегі сынған кезінде иммобилизацияны сирақ-табан және тізе буындарының қозғалмауын қамтамасыз ете отыра, сирақ-табан буындары зақымданған кездегідей жүргізеді. Шинаны немесе қолда бар құралды табаннан санның үстіне сәл жақындатып қояды.

Егер төңіректе иммобилизация үшін ыңғайлы зат кездеспесе, зақымдалған аяқ-қолды сау аяқ-қолға байлап тастау керек.

Санның сүйегі сынған кезде ең жақсы көлік шинасы Дитерикс шинасы болып табылады. Шина ұзындығын оңай өзгертуге болатын екі ағаш шинадан тұрады және бұрамасы бар ағаш өкшеден тұрады. Бұл шинаны киімнің үстіне қояды және ағаш өкшені сырқат аяқтың табанына байлаудан бастайды. Зардап шегушінің бойына қарай шинаның сыртқы жағы (ұзын) сабы мен қолтықтың арасына тіркелуге тиіс. Ал оның қарсы жағы өкшеден 12-15 см шығуы қажет. Бүйірдегі шинаны әуелі ағаш өкшенің ілгек арқылы өткізеді, содан кейін шаптың төңірегімен қолтықтың астына қояды. Өкшенің астына шинаның төсемдері қиғаш тақтайшамен бекітіледі. Шинаны аяқ пен денеге енді бинтпен, белбеумен, орамалмен және т.б. орайды. Табан сирақ және тізе төңірегендегі сүйектің шығыңқы жері не мақта түйнегін немесе мата орамын қояды. Ағаш өкшеден саптың түйістіретін қуысына мықты екі қабат бау өткізеді оны байлау арқылы аяқ-қолды түзейді.

 

 
 

13-сурет. Сан мен сирақ сынған кезде иммобилизациялау

 

Омыртқаның сынуы - қатерлі жарақаттардың біреуі. Омыртқа жоталары жарақаттанған кезде омыртқаның өзінің зақымдануы ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұндай сырқаттардың тағдыры көп жағдайда оқиға орынында көрсетілген алғашқы көмекке байланысты. Жұлын буын сабақтары мен омыртқа денелерінен құрылған арнайы қуыста орналасқан. Омыртқа жотасы зақымданған кезде жұлын зақымдалуы мүмкін. Бұл көбінесе ауыр жағдайға алып келеді.

Омыртқаның мойын тұсының жарақаттануы аса қауіпті. Жұлын, әсіресе оның жоғары тұстары деңгейіндегі зақымданған кезде кеуденің тыныс талшықтарының салдануы пайда болады, оның нәтижесінде тыныс алу тарылады.

Жарақат кезінде жұлын мен оның қатпары сыдырылуы, қысылыуы және үзілуі мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек- жұлының зақымдануы аса қауіпті, сондықтан аса қажетсіз жағдайда оны мазалауға болмайды. Егер омыртқаның маңайында жара болса, оны тазартқыш таңғышпен жабады. Омыртқасы сынған зардап шегушіні омыртқаны бүгілтпейтін қалқаны бар, ал егер арнайы шина жоқ болса, сырқатты екбетінен жатқызады.

Омыртқаның мойын тұсының зақымданғаны хақында күдік болса, бас пен мойынды қозғалтпау керек. Бұл үшін стандартты шиналар қолданады. Уақытша Шанц жағасын пайдалануға болады. Мұндай жағаны даярлау үшін көлемі кемінде 90х40 см қалың мақта (қалыңдығы 2 см дейін) қажет. Мақтаны екіге бүкітейді және оны мойынға, иек пен желкеге нығыздап бекітеді. Осындай тәсілмен жасалынған жағаны жұмсақ бинтпен мықтап байлайды. Жағаны кесілген картон қаңқасын арасына сала отыра барынша қаттырақ жасауға тырысу керек.

Иммобилизациялаудан, қатты байлайтын жаға қоюдан, зардап шегушіні сауатты тасымалдаудан басқа ауруды әлсірету немесе жазу үшін шаралар қабылдау аса маңызды.

Зардап шегушіні тыныштандыру үшін оған валериан тұнбасынан 20 тамшы, аналгин, димедрол ішкізген дұрыс.

Жүрек тамыр жолдарының әлсіреуін ескерту қажет. Бұл үшін сырқатқа валокордин, корвалол, кордиамин сияқты жүрек дәрмектерін беру қажет. Зардап шегуші жақсы қымталуға және суықтан қорғалуға тиіс. Оның аяқтарын орамалға бүктелген ыстық жылытқы мен ыстық су құйылған шөлмек арқылы жылыту қажет.

Жамбас сүйектерінің сынулары. Жамбас сүйектерінің зақымдалуы әдетте санның айналасына қандай да бір заттардың тиюі, заттардың соққысы, құлауы санның әртүрлі бағытта сәтсіз қысылуының салдары болып табылады.

Осыларға байланысты жамбас сүйектерінің ашық және жабық сынықтары болады.

Жамбас сүйектерінің сынуымен қатар жамбас органдары зақымдалуы мүмкін. Жамбас сүйектерінің зақымдануы төрт топқа бөлінеді. Жамбас жүзікшесінің бұзылуынсыз болған сынық кезінде көбінесе сынған жердің айналасы сырқырайды. Сыныққа жанасқан бұлшық еттің кернеуі сырқырауды күшейте түседі. Мысалы, құймышақ сүйегі сынған кезде сырқырау зақымдалған сүйекті сипаған кезде де, сондай-ақ бұлшық еттің кернеуі немесе созылуы кезінде де пайда болады.

Жамбас жүзікшесінің тұтастығы қоса бұзылатын сынықтардың анық белгісі бар, бұл тірек қызыметінің бұзылуына, қанның көбірек кетуіне және анық байқалған сырқатқа байланысты, ара-тұра естен тануға соқтырады.

Жамбас шұңқыры сүйектерінің сынуы буын шеміршегін қоса зақымдайды. Зақымдану дәрежесі үлкен болған сайын ауру асқынып кетеді. әсіресе, сынықтардың қозғалуы, шеміршек шұңқырындағы жамбас буынының таюы қатар болатын сынықтар кезіндегі сырқырау дәрежесіне төзуі өте қиын.

Жамбас буындарының сынығы сегізкөз-мықын сүйек буындалатын жердегі жамбас сүйектерінің ажырауы кезінде пайда болады.

Алғашқы медициналық көмек- жамбас сүйектері сынған кезде таңғыш байлау, көлік иммобилизациясы, ауруды басатын дәрі-дәрмек (промедол, морфин) беру арқылы көрсетіледі.

Зембілге салынған кезде аяқтарды жартылай бүгіңкі күйге келтіреді.Санды қажетсіз оңды-солды қозғаудың қажеті жоқ, оны сырқат үшін ыңғайлы күйде қалдырады.

Сырқаттың жамбасын дәкімен қатты тартпай орап тастаған дұрыс.

14-сурет. Жамбас сүйегі сынған кезде сырқатты әкету

 

Терінің айтарлықтай беріктік қаситеі бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін.

Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәргерге барып, ауруға қарсы ектіру керек.

Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады, соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.

Тарамыстың созылуы секірген, құлаған ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері - буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі, қозғалудың қиындығы.

Буынның шығуы - бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатомиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу (таю) болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге, кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.

Буынның шығу белгілері: домығу, буынның табиғи емес пішіні, өзгеруі, буынның төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.

Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компресс қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстуаға тырысыңыз, бұл буынның домығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап жатқызуға тырысыңыз.

 

 

Күйіктер

Күйік - жоғарғы температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.

Термиялық күйік - денеге жалың, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарғылығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ - қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.

Химиялық күйік денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірне, карбол және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металлдардың кейбір тұздарының (ляпис, хлорлы мырыш және т.б.) әсерінен пайда болады.

Зақымданудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттарының әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды, ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.

Сәулелік күю - адролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінрек анықталады.

Күйіктің ауырлығы оның таралу аясымен және денесімен зақымдану тереңдігімен анықталады. Күйік тарала түскен сайын ол адам өмірі үшін қауіпті бола түседі. Дененің үстіңгі 1/3 бөлігі күйген жағдайда көбінесе өлімге әкеліп соқтырады. Зақымдану тереңдігі бойынша күйік 4 дәрежеге бөлінеді:

I - дәрежедегі күйікте дене қатты қызарып домығады. 3-5 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.

II - дәрежелі күйікте қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады. Бүршіктер мөлдір сары сұйықпен толады.

II - дәрежелі күйік кезінде терінің тереңдігі қабатттары зақымданбайды, сондықтан, егер терінің күйген беті асқынбаса, онда бір аптадан соң терінің қабаттары кедір-бұдырсыз қалпына келеді.

III - дәрежелі күйікте ұлпалар жансызданып қабыршақтар пайда болады. Зақымданған жерде үлпілдек ұлпа пайда болады. Ол қосқыш ұлпамен ауысып сол жерде дөрекі жұлдызша тектес дақ пайда болады.

IV - дәрежелі күйікте аса қуаіпті жоғарғы темпеатураның әсерінен тері қарайып күйеді. Бұл күйіктің ең жоғары ауыр түрі, тері, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады.

 
 

15-сурет. Саусақтың үшінің күюі 1,2 және 3,4 дәрежелер

 

III және IV - дәрежелі күйіктер өте баяу оңалады. Күйген терінің бетін тек теріні қайта жапсыру арқылы ғана жабуға болады.

Күйік ауруының алғашқы кезеңі күйіктен ес шығу деп аталады. Күйіктен ес шығу кезінде сырқат әуелде қозады, ыңырсиды, іші бұрап аурады, бұдан кейін селқостық басталады. Әдетте ес шыққан кезде құсық, шөлдеу, тамырдың әлсіз жалдам соғысы байқалады. Күйіктен естен танудың басты белгісі кіші дәреттің күрт азаюы, ал кейде мүлдем тоқтауы болып табылады.

Күйіктен ес шығудан кейін өте ауыр күйік азабы, яғни денеге улы заттардың түсүінен қанның улануы басталады. Бұл кезеңде жарадан қаңға ұлпаның ыдырау өнімдері сорылады одан кейін жүйке жүйесінің бұзылуы қозуға (ұйқысыздыққа, бұлшық еттердің шоршуына) немесе еңсенің түсуіне алып келеді.

Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек- зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынан әкетуге, оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады. Жалын қаулаған киімді әсіресе, егер оған жылдам тұтанғыш сұйық түссе, ең алдымен, зардап шегушіні тығыз матамен орап тастау жолымен сөндіруге болады, сонда отқа ауаның баруы тоқтап жалын өшеді. Бүкіл киімді, әсіресе жылдың суық мерзімінде шешудің қажеті жоқ, өйткені дененің суынуы жарақатқа жалпы ықпал етеді және үрейді күшейте түседі.

Алғашқы көмектің келесі міндеті күйіктің үстіңгі бетіне оның асқынуын ескерту мақсатында тазартылған таңғыш қою болып табылады.

1- дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, марганец қышқылды калиймен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға жәнен алуға, сондай-ақ күйген жерге қандайда бір май жағуға (вазелин, мал немесе өсімдік майы) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға немесе басуға көмектеспейді есесіне жұқпалылардың енуіне жол ашады ал бұл өз кезегінде алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге қыиндық келтіреді.

Химиялық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек - химиялық заттың түріне байланысты. Концентрацияланған қышқылдар күйдірген кезде (күкірттен өзге) күйіктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады, бұл күйікті асқындыруы мүмкін, сілті ерітінділерімен (сабынды су, сода ерітіндісі - стакандағы суға бір шай қасық қосылады) шаю оң нәтиже береді. Күйген жерге бор, магнезия себуге болады.

Сілтілерден болған күйікті сумен жақсылап шайып, артынша сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен тазалау қажет (стакандағы суға бір шай қасық асханалық сірке су (ем- домнан кейін күйген жерге тазартылған таңғыш қоюға болады, таңғышты ерітінділермен ылғалдауға болады фосфордан болған күйік қышқылмен және сілтіден болған күйіктен ерекшеленеді, өйткені фосфар ауада тұтанады және күйік аралас - термиялық және химиялық (қышқыл) болып шығады. Дененің күйген жерін суда ұстаған жақсы, судың астында фосфор кесектерін таяқпен және мақтамен кетіреді. Фосфор кесегін қатты су ағынымен шаюға болады. Сумен шайғаннан кейін күйген жерді мыс купоросының 5% ерітіндісімен тазалайды, бұдан кейін терінің үстін тазаланған таңғыштармен жабады. Май мен мазды пайдалану жағымсыз әсер етеді,

өйткені олар фосфордың сорылуына көмектеседі. Напалмда фосфор болатындығын ұмытпау қажет, сондықтан ол күйдерген кезде ол фосфорлық күйік тәрісздес болуы мүмкін.

Сөндірілмеген әктен болған күйікті емдеуді маймен жүргізеді. Әктің барлық кесектірін алғаннан кейін ғана жараға маз жағылған таңғыш қоюға болады.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 2891 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay | Мірін сақтay мен шығынды азайту шаралары | Суға бату, тұншығу және иіс тию | Таңғыш қою арқылы қорғау | Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі | Олға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі | Тест сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар| Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)