Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Поршенді сығымдағыштар

Читайте также:
  1. Бұрандалы сығымдағыштар.
  2. Ротационды сығымдағыштар
  3. Сығымдағыштарды таңдау.

 

Поршеньді сығымдағыштар суық өндірімділігіне байланысты: кіші (Qo ˂ 12 кВт), орташа (12 ˂Qo ˂ 120 кВт) және ірі (Qo ˃ 12 кВт) болып үш түрге бөлінеді. Қолданылатын тоңазытқыш зат түріне байланысты: аммиакты, хладонды және әмбебапты болып бөлінеді. Қолдану аймағына байланысты: тұрақты және транспортты болып бөлінсе, сығымдағыштағы цилиндр санына байланысты: бір, екі және көп цилиндрлі болып бөлінеді.

Сығымдағыштарды конструкциясына байланысты, құрылысына және басқа де көрсеткіштеріне байланысты мынадай түрлерге жіктеуге болады:

- кривошипті – шатунды механизм түріне байланысты: крейцкопсыз және крейцкопты, негізінде көп тарағаны крейцкопсыз түріне;

-сығымдағышта цилиндрдің орналасуына байланысты: тік, көлденен, V, W, VV, жұлдызша тәріздес түріне;

- қысу сатысына байланысты: бір және көп сатылы түріне.

Сығымдағыштарды герметикалық жабылу дәрежесіне және қосылатын немесе бөлінетін бөлшекетер түріне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

- сығымдағыш электроқозғалтқышпен бірге бір герметикалық қорапта орналасқан;

- сығымдағыш сальниксіз электроқозғалтқыштың осьіне орналастырылып жабық қораптың қақпағы шешілетін болып;

- ашық немесе сығымдағыштан шығып тұратын білік бөлігі сальникпен тұйықталған болып;

- поршеннің тоңазытқыш затын қысу түріне байланысты: бір жағымен қысу немесе оның екі жағыда сығатын болып бөлінеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Респубилкасында тоңазытқыш сығымдағыштары шығарылмайды. Еуропа елдері арасында сығымдағыштар жасайтын кәсіпорындардың ішіндегі ең озық кәсіпорын бұл «Frascold» (Франция) болып табылады. Бұл кәсіпорында прошенді және бұрандалы сығымдағыштардың бір қатар модельдері жасалынып шығарылады.

Ресей мемілекетінде тоңазытқыш сығымдағыштарды жасайтын бірқатар кәсіпорындар бар. Мысалы «Bitzer», ОАО «Пезкомпрессормаш», ОАО «Холодмаш», Краснодар сығымдағыш зауыты және тағыда басқа кәсіпорындар. Аталған кәсіпорындарында поршенді, ротационды, бұрандалы және турбосығымдағыштардың барлық модельдерімен сериялары жасалынады. Мысалы бұрандалы сығымдағыштардың мынадай маркілері: ВХ280, ВХ410, ВХ350, МS3-2500, МS3-900, GEO MC-2 және де басқа маркілері шығарылса, поршенді сығымдағыштардың мынадай төменгідей түрлері: АУ200, АУ300, П110, П220 және де басқа модельдері шығарылады.

Украина мемілекетінде ең ірі сығымдағыш жасайтын кәсіпорын - бұл «Bitzer» кәсіпорнының филиалы болып табылады. Онда сығымдағыштардың «Octagon» түрлерінің бірнеше сериялары жасалынады. Бұл сығымдағыштарда тоңазытқыш зат ретінде: R22, R134а, R404а, R407 және R507а қолданылады.

Ашық сығымдағыштар. Электроқозғалтқышсыз сығымдағыштар-ды ашық сығымдағышдеп айтады. Қазіргі уақытта ашық сығымдағыштардың ішіндегі ең көп тарағаны крейцкопсыз сығымдағыштар (46 - сурет).

 

 

46-сурет. Ашық сығымдағыштар модельдері

 

Бұл сығымдағыштардың құрылымы өте қарапайым және шағын болып келеді. Сығымдағыштың бұл түрінде поршен тоңазытқыш затын бір жағымен қысады.

Ашық сығымдағыштарда цилиндр саны бірден алтыға дейін жетеді.

Бір және екі цилиндрлі сығымдағыштар негізінде тік болып келсе цилиндір саны көбейген сайын цилиндрдің сығымдағыш ішінде орналасу бұрышына байланысты - V, W, VV, жұлдызша тәріздес болып жасалынады.

Қазіргі уақытта ашық сығымдағыштардың ішіндегі ең көп қолданылып жүрген түрі бұл блок-картерлі сығымдағыштар. Блок-картерлі сығымдағыштардың цилиндрлері ұзақ жұмыс істеген кезде желінбес үшін оның ішіне ауыстырып тұруға болатын гильза орналастырылады.

Сығымдағышқа түсетін жылулық салмақ шамасына және қолданылатын тоңазытқыш зат түріне байланысты сығымдағыштағы цилиндр ауамен немесе сумен суытылады.

Тікелей ағынды сығымдағыштарда сору клапандары поршен түбінде орналасса, шығару клапандары цилиндрден жоғары орналасқан арнайы қақпақта орналасады.

Тікелей емес ағымды сығымдағыштарда сору және шығару клапандары цилиндрдің жоғары жағында арнайы қақпақта орналасқан болып келеді. Поршен жоғарғы өлі нүктеден төмен қарай қозғалған кезде цилиндрдегі қысым сору құбырындағы бу қысымнан төмендеп, тоңазытқыш затының буы сору клапандары арқылы өтіп цилиндрді толтырады. Поршен жоғары қарай қозғалған кезде цилиндрдегі тоңазытқыш затының бу қысымы көтеріліп шықтану қысымынан артқан кезде шығару клапаны ашылып сығылған бу айдамалы құбырына ағады.

Бұл сығымдағыштарда екі тіректі, екі иінді және иіндері арасындағы бұрыша 90° тең иінді білік қолданылады.

Герметикалы сығымдағыштар. Герметикалы сығымдағыштар электрқозғалтқышпен бірге болаттан жасалынған қаптамамен жабылып қойылады (47 - сурет).

 

 

47- сурет. Герметикалы сығымдағыштар модельдері

Мұндай сығымдағыштар ашық сальникті сығымдағыштармен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтары бар және қолдануға тиімді.

Герметикалы сығымдағыштардың электрқозғалтқышының роторы тікелей иінді біліктің жалғасына орнатылған. Герметикалық сығымдағыштарда иінді біліктің айналу жиілігі 50 с-1 тең. Мұндай айналу жиілігі сығымдағыштардың геометриялық өлшемдерін және массасын азайтуға мүмкіндік береді. Герметикалы сығымдағыштарда электрқозғалтқыш тоңазытқыш заты буыны ағымымен салқындатылады. Бұл электрқозғалтқыштың күшін арттыруға мүмкіндік береді. Бірақ будың қызуы және оны қысуға жұмсалатын меншікті жұмыс шамасы арттырады. Герметикалы машиналар дыбыссыз жұмыс жасайды. Герметикалы сығымдағыштардың негізгі түрлері бір- және көп цилиндрлі сығымдағыштар болып келеді. Мысалы: цилиндрлері көлденең орнатылған ФГ0,45, ФГ0,7, ФГ1,1, ФГ2,8, ФГ5,6, ПГ5, ПГ7, ПГ10.

Ресейде «Борец» кәсіпорны герметикалы сығымдағыштардың АВ-5, 1АВ-5, АВ-5-01, 1АВ-5-01, АВ-5-02, 1АВ-5-02, АВ-10, 1АВ-10 модельдерін шығарады. Бұл сығымдағыштарда тоңазытқыш зат ретінде R 22 және экохол-3 пайдалынады. Жоғарыда аталған герметикалы сығымдағыштардың суық өндірімділігі 6000 –нан 1200 Вт аралығында болып келеді.

Украинада «Bitzer» кәсіпорны шығаратын герметикалы машиналардың басқа герметикалы машиналарға қарағанда артықшылығы, ол жұмысшы клапандардың тиімді жұмыс істеуінде, өлі кеңістіктің минимальді болуында және тиімді үлкен көлемді электрқозғалтқышын қолдануында (48-сурет).

 

48-сурет. «Bitzer» кәсіпорны шығаратын герметикалы машиналар модельдері

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 214 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары | Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау | Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы | Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері | Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы | Эжекторлы тоңазытқыш машинаның айналмасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі| Ротационды сығымдағыштар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)