Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма

Читайте также:
  1. Ала аралық және облыстық желілердің біріктірілуі
  2. Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау
  3. Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма
  4. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау
  5. Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары
  6. Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау

 

Екі сатылы тоңазытқыш машинасының ең қарапайым схемасы және айналмасы lgP-i, T-S диаграммаларындағы кескіндері 31- суретте келтірілген.

Төменгі қысымды сығымдағыш (II) Р0 қысымда буландырғыштан (I) тоңазытқыш затты бу күйінде (1і - нүкте) сорып алып, оны Ра қысымға дейін қысады (1-2-үрдісі). Қысылған газ аралық суытқышта (III) Ра қысымда сумен суытылады (2-3 -үрдісі), одан кейін жоғарғы қысымдығы сығымдағышта (IV) Рк қысымға дейін қысылады (3-4-үрдісі).

 

31- сурет. Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін тоңазытқыш машинаның схемасы (а), айналманың lgP-i (б) және T-S (в) диаграммаларында көрсетілуі: I -буландырғыш; II- төменгі қысымды сығымдағыш; III- аралық суытқыш; IV -жоғарғы қысымдағы сығымдағыш; V- шықтандырғыш;. VI - дроссельдік вентиль

 

Қысылған тоңазытқыш зат шықтандырғышта (V) суытылып сұйыққа айналады (4-5-үрдісі).

5-6 -үрдісінде тоңазытқыш зат Рк –дан Р0-ге дейін дроссельденеді де оның температурасы Т0-ге дейін төмендейді. Буландырғышта ылғалды бу (6-нүкте) суытылатын денеден жылу алып, қайнап буға айналады да, қайтадан төменгі қысымда бу аса қызған буға жатады.

Аралық қысымда қаныққан бу 3І нүктесімен сипатталынады. Егер қайнау қысымынан (Р0) сұйылу қысымына (Рк) дейін қысу бір сатылы болса, ол 1'-2' үрдісімен сипатталынады.

Екі сатылы қысуға өтудің арқасында 2-3-4-2' ауданына тең жұмыс үнемделінеді.

Тоңазытқыш заттың буының температурасы неғұрлым жоғары болса (1'- нүкте), солғұрлым оны қысуға жұмсалған жұмыс көп болады. Оны lgP-i диаграммадан анық көруге болады.

 

(2.80)

Айналманың негізгі сипаттамалары:

Меншікті массалық суық өндірімі:

(2.81)

Шықтандырғышта тоңазытқыш затынан алынатын жылу шамасы:

 

(2.82)

 

Адиабаталық қысу жұмысы:

 

әрине (2.83)

 

Айналманың тоңазытқыш коэффициенті:

 

(2.84)

 

Екі сатылы қысуда жұмыс аз болғандықтан, бір сатылы қысумен салыстырғанда оның тоңазытқыш коэффициенті 3-4% көп болады. Екі сығымдағышта да қысылатын тоңазытқыш заттың мөлшері бірдей.

Айналымдағы тоңазытқыш затының мөлшері:

(2.85)

Сығымдағыштарда тоңазытқыш затын қысуға жұмсалатын жұмыс шамасы:

(2.86)

 

Айналманың аралық суытуы толық болмағандықтан жоғарғы қысымды сығымдағыштан шыққан тоңазытқыш заттың температурасы, бір сатылы сығымдағышта қысқан тоңазытқыш заттың температурасынан аса төмен емес. Сондықтан бұл айналманы -400С температурадан төмен температура алуға қолданбаған жөн. -400С-тан төмен температура алу үшін аралық суытуы толық айналманы қолдану керек..

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру | Тоңазытқыш машиналардың термодинамикалық циклі | Кері айналмаларды жіктеу | Карноның кері айналмасы | Ылғалды бу аймағындағы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Дроссельді бу тоңазытқыш машинаның айналмасы | Тоңазытқыш заттын сорып аларда аса қыздыру | Бір сатылы бу тоңазытқыш машиналардың схемалары мен айналмалары | Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау | Бір сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасын талдау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау| Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)