Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТАҚЫРЫП

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

9.1. Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болды:

Халық саны - 145,2 млн адам Жұмыссыздар саны - 6153 мың адам

Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) - 3949,8 рубль.

Халықтың ақшалай шығындары (орташа жан басына шаққанда бір айға) - 38,805 рубль.

Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны - 65359 мың адам.

Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) - 10863,4 млрд рубль Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда - 75497,0 рубль Өнеркәсіптік өнім көлемі - 6867,9 млрд рубль.

Негізгі капиталға күрделі салымдар - 1758,7 млн рубль Бюджет табыстары - 3519,2 млрд рубль Бюджет шығындары-3422,3 млрд рубль Экспорт- 106154,3 млн доллар Импорт - 461530 млн доллар

§ Азық-түлік тауарлары және ауылшаруашылық шикізат

§ Минералды өнімдер

§ Химиялық өнеркәсіп өнімі, каучук,

Импорт

§ Тері шикізаты, мамық бұйымдары

§ Ағаш және қағаз өнімдер

§ Тоқыма бұйымдары, аяқ киім

§ Металдар, бағалы тастар

§ Машина, жабдықтар және транспорттық кұралдар

§ Басқалары

Ал, күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен тығыз байланысты. Төмендегі кестедегі көрсеткіштер арқылы 2001-2002 жылдар аралығындағы Ресейге салынған күрделі салымдар мен инвестор мемлекеттері көрсетілген.

 

11-кесте. Ресейге құйылған шет елдік күрделі салымдар көлемі

     
АҚШ-ң млн долл. % Ақш-ң млн долл. : %
Барлық күрделі салымдар        
Германия   8,7   20,2
Кипр   16,3   11,8
Ұлыбритания   10,9   П,5
Швейцария   9,4   6,8
Франция   8,4   6,0
Нидерланды   8,8   5,9
АҚШ   11,2   5,7
Жапония   2,9   2,2 -
Австрия   3,0   1,9
Швеция   0,5   0,7
Басқада елдер   19,9   27,3

 

Экспорт пен импорттың тауарлық құрылымы (2002 ж.) Экспорт

Ал, ендігі жерде осы шетелдік күрделі салымдардың экономика саласындағы таралған бағыттары төмендегідей жағдайда.

12- кесте. Ресейдегі шетелдік күрделі салымдардың экономика салаларына бөлінуі

     
АҚШ-ң млн долл. % Ақш-ң млн долл. %
         
Барлық күрделі салымдар        
Өнеркәсіп   39,7   37,1
Ауыл шаруашылығы   0,4   0,2
Құрылыс   0,7   0,6
Транспорт   5,3   0,9

 

12-кестенщ соңы

         
Байланыс   3,5   2,2
Сауда және қоғамдық тамақтану   37,1   44,5
Нарық қызметін қамтамасыз ететін жалпы коммерциялық сала   5,6   6,9
Қаржы, несие, сақтандыру,, зейнетақымен қамтамасыз ету   0,0   0,7
Тұрғын-үй шаруашылығы   0,2   0,1
Басқа да салалар   6,6   6,8

 

Жоғарыдағы кестеден байқайтынымыз күрделі салымдардың ауқымды көлемі өнеркәсіп және сауда мен қоғамдық тамақтандыру салаларына бағытталады. Жалпы Ресей Федерациясының қаржы жағдайын байқау үшін келесі бір кестемен танысқан жөн. Аталмыш кестеден мемлекет деңгейіндегі табыстар мен шығыстардың ара қатынасын, көлемін, деңгейін, түрлерін көруге болады.

 

13 кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы

     
  млрд ЖІӨ-ге млрд ЖІӨ-ге
  рубль %-бен рубль %-бен
         
Табыстар 2683,7 29,7 3519,2 32,4
Оның ішінде:        
Салықтық табыстар 2345,0 25,9 3136,8 32,4
Олардан:        
Кәсіпорын пайдасына салынатын салық 513,8 5,7 463,3 4,3
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық 255,8 2,8 358,1 ' 3,3
Қосылған құнға салынатын салық 639,0 7,1 752,7 6,9
Акциздер 243,3 2,7 264,1 2,4

 

13-кестенің жалғасы

         
Мүлікке салынатын салықтар 89,6 1,0 120,5 1,1
Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлемдер 135,7 1,5 330,8 3,0
Сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық операцияларға салынатын салық 331,3 3,7 323,4 3,0
Бірыңғай әлеуметтік салық 0,0 0,0 339,5 3,1
Салықтық емес табыстар 198,7 2,2 266,4 2,4
Олардан:        
Сыртқы экономикалық саладан 51,5 0,6 65,4 0,6
Мемлекеттік немесе муниципалды меншік иелігіндегі мүліктерден түскен табыстар 115,8 1,3 160,5 1,5
Қайтарымсыз аударымдар -15,0 - -56,7 -
Мақсатты бюджеттік қорлардың табыстары 146,7 1,6 160,3 1,5
Кәсіпкерлік саладан табыстар 8,3 0,1 12,4 0,1
Шығыстар: 2419,4 26,8 3422,3 31,5
Оның ішінде:        
Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару 111,0 1,2 149,0 1,4
Халықаралық іс 23,8 0,3 34,2 0,3
Ұлттық қорғаныс 247,7 2,7 295,4 2,7
Құқық қорғау және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету 183,9 2,0 240,4 2,2
өнеркәсіп, энергетика және құрылыс 237,4 2,6 324,5 3,0
Ауыл шаруашылығы және балық аулау 67,4 0,7 59,8 0,6
Қоршаған ортамен табиғи ресурстарды қорғау 10,0 0,2 16,0 0,1
Транспорт, жол шаруашылығы, байланыс және информатика 86,3 1,0 122,2 1,1
Тұрғын-үй шаруашылығы 196,0 2,2 221,9 2,0

 

13-кестенің соңы

         
Білім беру 277,8 3,1 409,4 3,7
Денсаулық сақтау және дене тәрбиесі 181,4 2,0 253,7 2,3
Әлеуметтік саясат 221,5 2,4 626,5 5,8
Мәдениет, өнер 30,9 0,4 48,6 0,5
Бұқаралық ақпарат құралдары 14,0 0,2 18,6 0,2
Мемлекеттік және муниципалды қарызға қызмет көрсету 244,4 2J 243,7 2,2
Мақсатты бюджет қорларының шығындары 152,4 1,7 169,3 1,6
Басқа да шығындар 131,5 1,4 189,1 1,8

 

Аталмыш кестеден байқағанымыз, шығыстар бөлігіне назар аударып, шығыстар деңгейіне екі жылға талдау түрінде қарасақ, барлығы сол өз шамаларында, тек әлеуметтік саясат бағыты 2002 жылы едәуір жоғарылап, егер 2001 жылы бүл шығынның ЖІӨ-ге %-бен алғандағы мөлшері 2,4% болған болса, 2002 жылы - 5,8% құраған.

 

9.2. Қаржы жүйесі және оның буындары

 

Қаржы өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан-алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.

Қаржы жүйесі - бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын ҚҰРУ және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына салаларынан тұрады:

• мемлекеттік бюджет;

• сақтандыру қорлары;

• қор нарығы;

• мемлекеттік несие;

• шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржыларына;

• бюджеттен тыс қорлар.

Жоғарыда келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекетікке орта лықтандырылған қаржылар жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.

Қаржы жүйесін буындарға бөлу себебі: әр буынның міндетіне байланысты және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.

Экономикалық-әлеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды рөлі, оның қол астындағы мөлшерлі көлемдегі қаржылық ресурстардың орталықтандыруына әкеледі. Бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді.

Ақша қорларының басқа да формаларын пайдалану қаржы жүйесінің несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Орталықтандырылмаған ақша қорлары кәсіпорынның өздерінің жинақтарынан және ақша пайдасынан құралады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын экономика салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды роль атқарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кәсіпорынның қаржыларымен тығыз байланысты.

Бір жағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттық пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсіпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттікі ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.

1-сызба. Ресей Федерациясының қаржы жүйесі.

Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, салықтардың, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.

Мемлекеттік бюджет - қаржы жүйесінің басты саласы. Ол мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді.

Ресей Федерациясының негізгі қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет экономиканы, әлеуметтік- мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға және басқаларға бағытталады. Жалпы мемлекеттік қаржының бірден- бір саласы бюджеттен тыс қорлар болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлар - федеративтік және жергілікті үкіметтің қаржылары.

1995 жылы жалпы бюджеттен тыс қорлардың пайдасы 90,5 трлн, немесе мемлекеттік бюджеттің 63% құрады.

Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Жеке және заңды тұлға, кәсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер болып келеді. Қаржы нарығында облигация және де т.б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта алады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.

Ресей Федерациясының ішкі қарызы ұзақ мерзімді міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей Федерациясынан алынған несие, мемлекеттік қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып табылады.

 

9.3. Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы

 

Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие - мемлекеттік бюджет.

Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы анықтаманы төмендегідей береді:

Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптатастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдерде, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын, және де ең басты міндет - мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету еді. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріңе бағындырған болатын.

Дегенмен, 80-90 жылдардағы Ресейдегі саяси өзгерістер Ресей экономикасын толығымен өзгертіп жібергені анық. Меншіктің жаңа түрлері, шаруашылық субъектілерінің пайда болуы ақша табыстары жүйесіне өзгерістер енгізді. Әкімшілік билік жойылған соң, қоғамньң қаржы ресурстарын заң шығарушы органдар мен атқарушы билік органдарының арасындағы құзырды аңықтау мәселесі туындады.

Мемлекет қаржыларын модернизациялаудың басты бағыты болганы - дамыған социализмнен қалыптасып қалған бірыңғай мемлекеттік бюджеттің өз бетінше үш жеке дербес бөліктерге бөлінуі:

федералды бюджет;

федерация субъектілерінің бюджеті;

жергілікті бюджеттер.

Сондай-ақ, бюджеттің басты табыс көзі ретіндегі салықтар жүйесі де қолға алынды, сыртқы сауда мен валюта қатынастарына монополияны болдырмау, өнеркәсіптерді мемлекет меншігін алу сияқты маңызды қадамдардың бәрінің нәтижесі Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мен құрылымын принципиал- ды түрде өзгертті.

Осылайша бүгінде Ресей Федерациясының бюджет жүиесі жоғарыда аталып кеткендей, үш деңгейлі:

Бірінші деңгей - Ресей Федерациясының федералды бюджеті мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;

Екінші деңгейі - Ресей Федерациясының субъектілер бюджеті (21 республикалық бюджет, 55 - өлке мен облыстар бюджеті, 10

- автономды аймақтардың аймақтық бюджеттері, Еврей облысы бюджеті, Москва және Санкт-Петербург қалаларының бюджеттері) және аумақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеттері;

Үшінші деңгей - жергілікті бюджеттер (29 мыңға жуық қалалық, аудандық, поселкелік және ауылдық бюджеттер)

Ескере кететін бір жәйт, Ресей Федерациясының БК-сі қабылданғанға дейін бюджеттен тыс қорлар қаржы жүйесінің элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін.

Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы бюджеттер жиынтығы - жиынтық немесе құрама (консолидированный бюджет) бюджет деп аталады.

Федералды бюджет - федералды жиналыс арқылы бекітілген мемлекеттің басты қаржы жоспары. Федералды бюджет ұлттық табыс пен ЖІӨ-ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, ол арқылы елді экономикалық дамытуды реттеу мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары жүмылдырылады.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - федералды бюджеттен тыс қалыптасқан және қолданылатын ақша қаражаттарының қорлары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар азаматтардың мынадай конституциялық қүқықтарын, яғни зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздык жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты қорғау және медициналық көмек көрсету сияқты қүқықтарын жүзеге асыру үшін бағытталған және олар қатаң мақсатты түрде жұмсалады.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, негізінен, міндетті аударымдар есебінен қүралады.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің орындалуы Ресей Федерациясының федералды қазыналығымен жүзеге асырылады.

Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар қатарына мыналар кіреді:

• Ресей Федерациясының зейнетақы қоры:

• Ресей Федерациясының әлеуметтік сақтандыру қоры;

• Федералды міндетті медициналық сақтандыру қоры;

• Ресей Федерацияеының халықты еңбекпен қамту қоры;

Және сондай-ақ, мақсатты федералды бюджеттік қорларда:

• Ресей Федерациясының жол қоры;

• Ресей Федерациясының экономикалық қоры;

• Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес қоры;

• Минералды шикізат базасын ұлғайту қоры;

• Ресей Федерациясының шекара қызметін дамыту қоры;

• Ресей Федерациясы атом энергиясы министрлігінің қоры;

• Ресей Федерациясының кеден жүйесін дамыту қоры;

Ал, мемлекеттік салық қызметінің федералды қоры жаңа заңдылық бойынша мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар құрамына кірмейді. Оған себеп, бүгінгі таңда көлтеген мақсатты қорлардың қаражаттары бюджетке жинақталып, ал қорлардың өздері өз дербестіктерін жоғалтуда.

Осылайша, Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары жүйесіндегі реформалау екі бағытта жүріп жатыр: кейбір бюджеттен тыс қорлар өз дербестіктерін жоғалтып, олардың қаражаттары бюджет құрамына енгізіліп, ал қорлардың өздері қаржы органдарының құрамына берілуде; енді біреулері болса, өздерінің заңды дербестіктерін сақтап қалса да Ресей Федерациясының бюджет жүйесінің құрамына кіруде.

Осылайша мемлекет қолындағы қалып ресурстарын орталықтандыру процесі қызу қарқынмен жалғасуда.

 

 

9.4. Ресейдің салық жүйесі

Қазіргі кездегі Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған Заңнан бастау алады.

Ресей Федерациясының салық жүйесі мемлекеттің Конституциясымен қадағаланады. Барлық салықтар мен алымдарды Ресеи Федерациясы Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлік қадағалайды;

Ресей Федерациясы Салық Кодексінде қалыптасқан салық жүйесінің негізгі қағидалары:

1. Салық төлеуші болып табылатын әрбір тұлға салық заңнамасымен бекітілген салықтарды төлеуге міндетті.

2. Салықтар саяси, идеологиялық, этникалық, конфессионалдық және т.б. осындай критерийлер негізінде қолданыла алмайды.

3. Ресей Федерациясы салық жүйесін бұзатын салықтарды енгізуге болмайды.

4. Салық мөлшерлемелерін, яғни дифференциалданған мөлшерлемелерді көтеруге, немесе салықтар енгізуге рұқсат етілмейді.

Ресей Федерациясы субъектілерінің салықтары мен алымдары:

• жергілікті салықтар мен алымдар.

Федералдық салықтар Салық Кодексімен бекітіліп, елдің барлық аумағында төленеді. Оған мынадай салықтар жатады:

• қосылған құнға салынатын салық;

• акциздер;

• жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;

• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;

• кеден баждары;

• ұйымдардың пайдасына салынатын салық;

• мұра мен сый ретінде келген мүліктерге салынатын: салық;

• ойын бизнесіне салынатын салық;

• пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салынатын салық;

• жер қойнауын пайдаланганы үшін төлем;

• мемлекеттік баж;

• су объектілерін пайдаланғаны үшін салынатын салық;

• спиртті алькогольді өнімдерді, этил спиртің өндіру және айналым құқығы мең лицензия беру үшін алынатын алым.

Қосылған құнға салынатын салық Ресейдің қазіргі салық жүйесіндегі салықтардың бірі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салықты мынадай заңды және жеке тұлғалар төлейді:

• үйымдар;

• жеке кәсіпкерлер;

• Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, Ресейдің кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалар.

Заңды тұлға болып табылмайтын коммерциялық кәсіпорындар және де салық салуда оңайлатылған жүйеге көшкен шағын кәсіпорындар төлемейді. Заң жүзінде салық кәсіпкерден алынады, бірақ шын мәнінде оның төлеушісі болып соңғы тұтынушы, яғни тауарды сатып алу барысындағы құнында төленеді.

Салық салу объектісі болып мыналар танылады:

• Ресей аумағында тауарларды өткізу, беру;

• Жеке тұтынуы үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау;

• Импорт операциялары.

Негізінен, қосылған құнға салынатын салық үш түрлі мөлшерлемемен: 0%, 10% және 20% мөлшерлемемен алынады. Нольдік мөлшерлеме:

а) мұнай, табиғи газ өнімдерінен басқа экспорт операцияларына;

э) ғарыш кеңістігіне байланысты жүргізілетін жүмыстар;

б) бағалы металдардың мемлекеттік қорына, Орталық банк пен екінші деңгейдегі банктерге бағалы материалдар өндіретін салық төлеушілер;

в) дипломатиялық қызметтегі шетелдік тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғалардың және олардың отбасыларының жеке және ресми пайдалануына әкелген тауарларына қолданылады.

10% мөлшерлемемен салық салынады. тірі салмақтағы мал, құс;

• деликатес, колбаса, консерві өнімдерінен басқа ет және ет өнімдері;

• жеміс-жидек негізінде жасалған балмұздақтан басқа сүт және сүт өнімдері;

• жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері;

• өсімдік майы, маргарин және азық-түлік өнімдері;

• балалар тауарлары;

• мерзімді басылымдағы жарнамадан басқа баспа өнімдеріне;

• отандық және шетелдік дәрі-дәрмектер, медициналық;

Бұдан басқа жағдайлардың барлығында 20 пайыздық мөлшерлемемен қосылған құнға салынатын салық.

Егер салық төлеушінің бір тосқауылды тауар өткізуден түсірген табысы 1 млн рублден кем болса, онда салық әрбір есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның 20-шы жұлдызына дейін, одан басқа жағдайлардың барлығында ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-шы жүлдызына дейін төленуі керек.

Қосылған құнға салынатын салықты төлеуден мыналар босатылады:

• тізімін Ресей Үкіметі бекіткен медициналық қызметке аса қажет болып табылатын отандық және шетелдік дәрі- дәрмектер, құрал-жабдықтар.

• косметологиялық және мемлекеттік ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен басқа медициналық қызмет көрсетулер;

халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жэне жер- гілікті органдарының науқастарды, мүгедектерді, қарттарды күтіп бағумен байланысты қызметтері;

• мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, секциялары, студиялары;

• такси және маршрутты такси мен жолаушы тасымалы;

• тізімін Ресей Үкіметі бекіткен жерлеу, әдет-ғұрып қызметтері.

• әскери қызметкерлерге тұрғын үй құрылысының мақсатты әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары аясыңда жүргізілгең жұмыстар;

• бажсыз сауда дүкеніне кеден режимі негізінде қойылған тауарлар;

Ресейдің әуе жайлары мен әуе кеңістігінде, әуе кемелерінде көрсетілетін қызметтер;

дәріхана ұйымдарының дәрі-дәрмек жасау, оптикалық көзілдіріктерді жасау және жөндеу, есту және қозғалу аппараттарын жөндеу жұмыстары;

• инкассадиядан басқа банктік операциялар;

• сақтандыру, қайта сақтандыру және өзара сақтандыру операциялары;

• орман өрттерін сөндіру жұмыстары және т.б.

Ресей салық заңнамасына сәйкес акциздерді мынадай заңды және жеке тұлғалар төлейді.

• ұйымдар;

• жеке кәсіпкерлер;

• Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалар.

Акцизделетін тауарларға мыналар жатады:

• коньяк спиртінен басқа этилді спирті;

• құрамында 9 пайыздан артық этилді спирті бар спирттік өнімдер:

• 270 млн аспайтын ыдысқа құйылған өкілетті федералдық органнан мемлекеттік тіркеуден өткен парфюмерия - косметика өнімдері;

• сыра;

• медициналық мақсатта қолданылатыннан баска спиртті өнімдер;

• алкоголь және темекі өнімдері;

• двигатель қуаты 112,5 кВт-тан жоғары жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер;

• дизельді отындар;

• табиғи газ және тағы басқалар.

Акцизделген минералды шикізатқа табиғи газ жатады. Дербес салық төлеуші болып табылмайтьн құрылымдық бөлімшелердің акцизделетін тауарларды өзара берілуі, салық төлеушілердің мұнай өнімдерін өткізуі, табиғи газды өзінің технологиялық мақсаттары үшін пайдалануы және тағы басқа акциз салығын төлеуден босатылады. Акциз салығының тұрақты, немесе адвалорлық мөл- шерлемелері әрбір акдизделетін тауар түрлері бойынша дербес тағайындалады. Акцизделетін тауарлар мен акдизделетін минералды шикізаттарға қолданылатын салық мөлшерлемелері.

 

 

Акцизделетін тауар түрлері Салық мөлшерлемесі (өлшем бірлігі %-бен немесе рубль және копейкамен)-
Барлық шикізат түрінен этилді спирт 1 л сусыз этилді спирт үшін 16 рубль 20 коп.
Қүрамында 25 пайыздан астамы этилді спирттен тұратын алкогольді өнімдер және спиртті өнімдер құрамындағы этилді спирт 9-25 пайызды құрайтын алкогольді өнімдер (шараптан басқа) құрамында 9 пайыз этилді спирті бар алкогольді өнімдер күшейтілген шарап. Акцизделетін тауарлар құрамындагы 1 л сусыз этилді спирт үшін 114 руб. акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 л сусыз этилді спирт үшін 84 руб. акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 л сусыз этилді спирт үшін 58 руб. акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 л сусыз этилді спирт үшін 75 руб.,
Шарап (щампан, табиги) Акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 л сусыз
Этилді спирт үшін 47 рубль 50 коп. Табиғи күшейтілмеген шарап. 1 л үшін 4 руб.
Шампан 1л үшін 10 руб. 50 коп.
Табиғи шарап 1л үшін 2 руб.
Құрамындағы этилді спирті 0,5-8,6 пайыз болатын сыра (0,5 пайызға дейін с салынбайды) құрамындағы этилді спирті 8,6 пайыздан көп болатын сыра 1л үшін 1 руб. 40 коп. 1л үшін 4 руб. 60 коп.
Темекі өнімдерінің түрлеріне байла- нысты Ікг үшін 214-522 руб. аралығында
Фильтрлі сигаретке 1000 данасына 50руб. + 5%
Фильтрсіз сигаретке 1000 данасына 19руб. + 5%
Двигатель қуаты 67,5-112,5 кВт болатын жеңіл автокөліктер Әрбір 0,75 кВт үшін 13 руб.
Двигатель қуаты 112,5 кВт жоғары автокөліктер мен двигатель қуаты 112,5 кВт болатын мотоцикл Әрбір 0,75 кВт үшін 129 руб.
Дизельді отын I тоннаға 890 руб.
Дизельді және карбюраторлық дви- гатель майы 1 тоннаға 2440 руб.
Ресей аумағындағы табиғи газ 15%
ТМД елдеріне еткізілетін табиғи газ 15%
ТМД елдеріне басқа шетелдерге табиғи газ 30%
Автокөлік бензині 1 тонна 2190-3000 руб. аралығында

Салық кезеңі күнтізбелік ай болып саналады. Атап айтқанда, акцизделетін минералды шикізат, мұнай өнімдері бойынша акциз салығы есептен кейінгі айдың 25-не дейін төленуі керек. Көтерме сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер акциз салығын есепті айдан кейінгі екінші айдың 25-не дейін, ал бөлшек сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер есепті айдан кейіңгі айдың 10-на дейін салық төлеуі керек.

Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты Ресейдің резидент немеее бейрезидент - жеке тұлғалары төлейді.

Салық салу объектісі болып резидент - жеке тұлғалардың Ресейдегі және Ресейден тыс жердегі көздерден алған табыстары, сондай-ақ бейрезидент - жеке тұлғалардың Ресейдегі көздерден алған табыстары танылады.

Салық төлеушінің Ресейдегі көздерден алған табыстарына мынандай табыстарды жатқызады:

• дивиденттер мен пайыздар;

• сақтандыру төлемдері;

• өткізуден түскен табыс (мүлікті, жарғылық капиталға қатынасу үлесін, т.б.);

• мүлікті жалға беруден және өткізуден түскен табыс;

• зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;

• авторлық және басқа да құқықтарды пайдаланудан түскен табыс;

• атқарылған жұмыс үшін марапат;

• кез-келген көлік құралдарын пайдаланудан түскен табыс т.б.

Ресейден тыс көздерден алған табыстарына мынадай табыстары жатады:

• шетел ұйымдарынан алған сақтандыру төлемдері;

• шетел ұйымдарынан алған талап құқықтары;

• шетел ұйымдарынан алған зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;

• шетел ұйымдарынан алған дивиденттер мен пайыздар;

• шетел ұйымдарынан алған авторлық және басқа да құқықтардан пайдаланудан түскен табыс;

• шетелдегі өткізудегі түскен табыс (мүлікті, жарғылық капиталға қатынасу үлесін, т.б.);

• шетелде атқарылған жұмыс (қызмет) үшін марапат;

• шетелдегі мүлікті жалға беруден және өткізуден түскен табыс;

• шетелдегі кез-келген көлік құралдарын пайдаланудан түскен табыс; т.б.

Жеке түлғаның мынадай табыстарына салық салынбайды:

• мемлекеттік бюджеттен алған зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;

• 24 жасқа дейінгі жетім балалардың білім алынуына төленетін сомалар;

• мемлекеттік меншікке қазына өткізгені үшін берілетін марапат;

• банктегі салымдар бойынша пайыздар;

• мерзімді әскери қызметтегі тұлғалардың табыстары;

• кәсіпорындық комитеттерінің төлемдері;

• мемлекеттік займ облигациялары бойынша ұтыстар;

• біржолғы материалдық көмек сомалары;

• донорларға төленген марапат;

• салық төлеушінің емдік шөптерді, жабайы өсімдіктерді жинаудан тапқан табыстары;

• шаруа қожалығының құрылғанынан бастап 5 жыл мерзімге дейін оның мүшелерінің тапқан табыстары;

• жеке тұлғаның мұра немесе сый ретінде заттай және ақшалай нысанада алған табыстары;

• спортшылардың ақшалай және заттай нысандағы жүлделері;

• табылған байлықты мемлекет меншігіне өткізуден алынған табыс;

• сайлау қоры есебінен жеке тұлғаларға төленген сомалар және т.б.

Атап айтқанда мынадай стандартты салық шегерімдері жасалды:

• ай сайын 3000 руб. мөлшерінде мына жеке тұлғаларға:

а) Чернобыль апатында зардап шеккендер және оны жою бойынша жұмыс жасаған жеке тұлғалар;

ә) Отан соғысының мүгедектері;

б) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер және бала кезінен мүгедектер;

в) Ауғаныстанда интернационалдық борышын өтеген тұлғалар және т.б.

• ай сайын 300 руб. мөлшерінде мына жеке тұлғаларға:

а) салық төлеуші ата-ананың (асыраушының) стандартты шегерім мөлшері 20000 руб-ден асқанға дейінгі асырауындағы әрбір балаға; 18 жасқа дейінгі балаларға, 24 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде дәріс алушыларға, аспиранттарға, ординаторларға, курсанттарға асырауындағы бала ретінде 300 руб. мөлшерінде стандартты шегерім қарастырылған. Жалғыз басты ата-анаға, асыраушыға бұл шегерім екі еселенген мөлшерде беріледі.

Салық салу барысында, сондай-ақ әлеуметтік салық шегерімдері де қолданылады. Атап айтқанда ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелеріне қайырымдылық көмек түрінде берген қаражаттары бойынша салық кезеңінде алған табысынан 25 пайыз мөлшерінде шегерім жасалады.

Бірақ, әлеуметтік салық шегерімінің өлшері 25000 руб-ден көп болмауы керек. Медициналық мекемелерде қымбат емдеу жүргізілген жағдайда, нақты шығын сомасы толығымен шегерімге енгізіледі.

Мүліктік салық шегерімдері салық кезінде меншігінде 3- 5 жыл болған жылжитын жэне жылжымайтын мүліктерді сату кезінде алған табыстарына сәйкесінше 1 млн. және 125 мың мөлшерінде салық шегерімдері беріледі.

Кәсіби салық шегерімдерін мындай жеке тұлғалардың пайдалануына болады:

• заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жалпы алған табыс сомасынан 20 пайыз мөлшерінде шегерім жасауьша болады;

• азаматтық-құқықтық келісім шарттары бойынша жұмыс жасаған салық төлеушілер сол жұмысты атқарған кезде шеккен шығындарын құжатпен растаған жағдайда шегерімге жатқыза алады;

• ғылым, өнер, әдебиет, авторлық құқық салаларында табыс алатын салық төлеушілер нақты шеккен шығындарын құжатпен растаған жағдайда шегерімге жатқыза алады. Егер бұл шығындарын құжатпен растай алмаған жағдайда, шегерім мына мөлшерде беріледі:

 

15-кесте. Кәсіби салық шегерімдері

Атауы. Нормативтік шығьш (есептелген табыс сомасына пайыз-қ)
Өнер туындыларын жасау, оның ішінде театр, кино, эстрада, цирк  
графика, архитектура, дизайн туындыларын, фоторобот жасау  
әр түрлі техникада мүсін, театр, кино декорациясының өнерлерін жасау  
Аудиовизуальді туындылар жасау (видео-; теле-; кинофильмдер)  
музыкалық туындылар жасау, опера, балет, музыкалық комедия, симфония  
әдебиет пен өнер туындыларын орындау  
ғылыми еңбектер жасау мен өнерлер көрсету  
өнеркәсіп үлгілерін табу, құру, жасау  

Жеке табыс салығы мынадай табыстардан 35 пайыздық мөлшерлемемен алынады:

ә) ойындар, конкурстарда лотерея бойынша ұтыстар жүлделерін және т.б 2000 рубден асқан мөлшерлеріне; ә) банктегі салымдар бойынша пайыз сомасының Орталық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 3/4 бөлігінен аеқан мөлшеріне;

б) салық төлеушінің зайымдық қаражаттардан алған пайыздық сомасының Орталық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 3/4 бөлігінен асқан мөлшеріне.

Ресейдің бейрезиденттері барлық алған табыстарынан 30 пайыздық мөлшерлемемен табыс салығын төлейді. Жеке тұлғаның дивиденд түріндегі табысына 6 пайыздық мөлшерлемемен салық салынады. Ал, басқадай табыстарының барлығына 13 пайыздық пропорционалдық мөлшерлемемен салық салынады.

Салық агенттері есептелінген табыстан салық сомасын есеп- теп ұстап қалуға міндетті. Салық декларациясын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін салық органына тапсыру қажет. Салық декларациясында жеке тұлғаның салық кезеңінде алған табыстары, оның көздері, шегерімдері, есептелген салық сомасы, салық кезеңі ішінде төленген аванстық төлемі, салық кезеңінің қорытындысы бойынша төленуі тиіс салық сомасы көрсетіледі.

Біртұтас әлеуметтік салық азаматтардың зейнетақысын, әлеуметтік сақтандыруын және медициналық көмегін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген болатын. Бұл салық:

• жеке тұлғаларға табыс төлейтін тұлғалар;

• заңды тұлғалар;

• жеке кәсіпкерлер;

• адвокаттар;

• жеке кәсіпкер деп танылған жеке тұлғалар төлейді.

Салық салу объектісі болып салық төлеушінің жеке тұлғаға

төлеген әр түрлі нысандағы төлемдері, марапаттары саналады.

Біртұтас әлеуметтік салықтардан:

а)уақытша еңбекке жарамысыздығына, жүктілігіне, босануына, жұмыссыздығына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақылар;

ә) бір жолғы материалдық көмек;

б) шаруа қожалығы мүшелерінің табысы — 5 жылға дейін;

в) кәсіподақ ұйымының мүшесіне кәсіподақтық мүшелік жарналары есебінен берілген ақшалай және заттай нысандағы төлемдер - жылына 10000 руб-ден аспаса және бұл төлем түрі 3 айдан жиі берілмесе;

г) табыс мөлшері салық кезеңінде 2000 руб-ден аспаса;

ғ) табыс мөлшері салық кезеңінде 100000 руб-ге дейін болатын 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

д) ғылым, білім саласының мамандары босатылады.

Салық аванстық төлем түрінде прогрессивтік шкаламен анықталады. Аванстық төлем түрінде прогрессивтік есепті айдан кейіңгі айдың 15-не дейін жасалуы керек. Салық декларациясы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 наурызына тапсырылуы қажет.

 

 

10-ТАҚЫРЫП

УКРАИНАНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

1. Украинаның қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы, түрлі ой-пікірлер.

2. Мемлекеттік бюджет: кірістері мен шығыстары.

3. Украинаның салық жүйесі.

10.1 Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер

Жалпы қаржы жүйесі қаржы түсінігінің неғүрлым ең көлемді дамыған бөлігі. Қаржылар қоғамдық экономикалық қатынастарды білдіреді. Ал, кәсіпорын қаржылары материалдық өндірісті қамтамасыз етеді. Олардың қатысуымен жиынтық ішкі өнім құралады.

Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекеттің негізгі орталықтандырылған қорына қаржы ресурстары жұмылдырылады және шаруашылық салалары, экономикалық аймақтар, халықтың әлеуметтік топтары арасында қайта бөлініске түседі.

Ал, ірі әлеуметтік зейнетақы қорында азаматтарға төленетін зейнетақы қаражаттары шоғырланған т.с.с.

Осылайша қаржы жүйесінің әрбір буыны қаржы қатынастарының белгілі бір саласын білдіреді, ал қаржы жүйесі - қаржы қатынастарының түрлі салаларының жиынтығы.

Басқаша айтқанда, қаржы жүйесі дегеніміз - мемлекет пен кәсіпорындардың ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу, қолданудың түрлері мен тәсілдері.

Кеңес үкіметі тараған соң Украина өз тәуелсізідігін жария еткелі ел экономикасы, жалпы қаржы жағдайы күрт өзгерістерді бастан кешуде, дегенмен бүгінгі таңда жүргізіліп отырған талдау мен тәжірибе көрсетіп отырғандай, Украинаның қаржы жағдайы экономикалық реформалаудың барлық талаптарына сай деп айту қиын.

Украинаның қаржы жүйесінің құрылымы мен құрамын көптеген оқымысты - экономисттер әр қырынан көреді. Оған басты себеп Украинаның қаржы жүйесі туралы нақты заңның болмай, тек түрлі пікір таластардың орын алуы.

Мысалы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Василин О.Д. қаржы жүйесінің құрамына ерекше мән беріп, бұл жердегі басты буыны болып, қаржылық қатынастардың шамамен 80%-ға жуығын қаржыландырып, мемлекет өз іс-шараларын жүзеге асыра алады. Мемлекеттік қаржылар құрамында мемле- кеттік бюджет, мақсатты бағыттағы орталықтандырылған қорлар, мемлекеттік және коммуналды меншік түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылары, мемлекеттік несие, мемлекеттік жеке және мүліктік сақтандыру.

Ал, келесі кезекте басқа оқымысты былай пікір білдіреді. Опарин В.В. бойынша ақша ағымы қозғалысына ерекше мән беріліп, экономикалық жүйе деңгейлерін ажырата білген жөн. Деңгейдің өзін төртке бөліп:

1) микроэкономика деңгейі - шаруашылық субъект қаржылары;

2) макроэкономикалық деңгейі - мемлекеттік қаржылар;

3) әлемдік шаруашылық деңгейі-халықаралық қаржылар;

4) тұжырымдалған деңгейі - қаржы нарығы деп қарағанды жөн көреді.

Осылайша Украина қаржы жүйееі сан қилы тұжырымдар мен көзқарастар арасында күрделі мәнде. Айта кететін бір жай Украинадағы қаржы жағдайының тұрақсыздығының басты себебі: ішкі және мемлекеттік қарыз, бюджет тапшылығы, салықтардың толық мөлшерде жиналмауы, көлеңкелі экономика саласының арта түсуі, инфляция салдары т.б.

Бюджет тапшылығының басты себептері болып отырған рента төлемдері, транзиттік төлемдер, табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлемдер, жекешелендіруден түсетін түсімдер, жоспарланған салықтық түсімдердің жиналмауы, төлемдердің толық жиналмауы.

Жиналмау себептері - қызметтен босаған өндірістер. Салықтардан түсетін бюджет түсімдері толығымен дерлік мемлекеттік қарызды өтеуге бағытталады.

Украинаның қаржы тұрақтылығындағы басты мәселе болып

- инфляция саналып отыр.

Бүгінде инфляцияға қарсы күрделі де кешенді шаралар қажет. Экономикада монополия құрылымын жою қажет. Ақша массасына шектеу қойып, мемлекеттік бюджет тапшылығын ығыстыру, валюта құнын тұрақтандыру, бәсекелікті жоғарылату сияқты мемлекет деңгейіндегі мәселелер әлі де өз шешімін тапқан жоқ.

Төмендегі макроэкономикалық корсеткіштер арқылы Украинаның экономикалық жағдайына қысқаша шолу жасап, ТМД өзге елдермен салыстыра отырып, белгілі бір тұжырым жасауға болады.

16-кесте. Кейбір ТМД елдерінің макроэкономикалық көрсеткіштеріне салыстырмалы шолу, 2002 ж.

Елдер Халық саны (млн, адам) Еңбекпен қамтылған халық саны (млн, адам) Жұмыс- сыздық деңгейі (%) ЖІӨ (%) Өнер- кәсіпөнім көлемі (%) Ауылша- руашылық өнімдері көлемі (%)
Украина 48,2 3,8 104,1 107,0    
Белоруссия 10,0 4,3 3,0 104,7 104,0  
Қазақстан 14,8 6,7 2,6 109,5 110,5 103,4

 

17-кесте. Жиынтық бюджет табыстары мен шығыстары (млрд, ұлттық валютамен), 2000 ж.

Елдер Табыстар Шығыстар
Украина 49,1 48,1
Белоруссия 3181,0 3236,4
Қазақстан 598,7 602,0

 

18-кесте, Сыртқы сауда, экспорт және импорт, 2000 ж., (млн, доллар)

Елдер Экспорт Импорт Сальдо
Украина      
Белоруссия     -1243
Қазақстан      

 

 

10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары

Қандай да мемлекетте болмасын - мемлекеттік бюджет мемлекеттік реттеудің және экономиканы ынталандырудың басты құралы бола отырып, мемлекеттің өз іс-шараларын жүзеге асыруына басты ықпал ететін қаржылық буын.

Украинаның бюджет жүйесі «Украинаның Бюджет жүйесі туралы заңына» сәйкес реттеліп отырады. Бүл заңда көрсетілгендей, Украинаның мемлекетгік бюджет жүйесі: мемлекеттік бюждет, Қырым (Крым) АР республикалық бюджеті мен жергілікті бюджеттерден тұрады.

Мысалы, «Украинаның 1999 жылғы мемлекеттік бюджет туралы» заңында мемлекеттік бюджет сомасы 25135260,8 мың гривенге бекітілген. Бюжеттапшылығы 1240 млн гривен мөлшерінде анықталған.

Ал, мемлекеттік бюджеттің табыстар қатары төмендегідей:

• Украинаның мемлекеттік бюджеті туралы заңымен анықталатын ҚҚС-ң бөлігі;

акциз төлемінің бөлігі;

• кәсіпорындар мен ұйымдар пайдасынан алынатын салық;

• сыртқы экономикалық саладан түсетін түсімдер;

• мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер;

• жалға алған мүлік үшін төлем;

• Украинаның зейнетақы қорының жарналары;

• халықты әлеуметтік қорғау мен Чернобыль апаты салдарын жою шараларын жүзеге асыру қорының жарналары;

халықты еңбекпен қамту қорының мемлекеттік жарналары;

• мемлекеттік мақсагты қорлардың жарналары;

• ішкі займдардың түсімі;

• мемлекет қолындағы құнды қағаздардан түскен дивидендтер;

• табиғи рестустарды арнайы пайдалану үшін төлем;

• Украина заңымен бекітілген басқа да табыстар.

Украина Мемлекеттік бюжджетінің шығыстары

• халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту мен қолдау бағдарламаларын қаржыландыру;

• халықты әлеуметтік қолдау шаралары;


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Capítulo dos| Main Strategic Principles of China in Central Asia

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.099 сек.)