Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақ тілінен тест тапсырмалары

Читайте также:
  1. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  2. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  3. Абай қазақ қоғамының жағдайын қалай сипаттайды?
  4. Азақ тілі ” пәні бойынша глоссарий
  5. азақстан тарихынан 9-сыныптарға арналған мемлекеттік қорытынды аттестациялаудың (емтихан сұрақтары) билеттері
  6. Азақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер -2с.

1. Қажет сөзді белгілеңіз.

Бізге А.Дистервергтің жүзге... еңбектері жеткен.

А) туралы

В) астам

С) шақты

D) жуық

Е) шамалы

 

2. Сөйлемдегі баяндауыштың түрін ажыратыңыз.

Темперамент дегеніміз – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.

А) есім баяндауыш

В) етіс баяндауыш

С) күрделі баяндауыш

D) екі баяндауыш

Е) қатыстық баяндауыш

 

3. Сөйлем құрмаластың қай түріне жатады?

Ахмет Байтұрсынов И.Крыловтың еңбектерімен танысып қана қоймай, оны аудардып қазақ халқына таныстырды.

А) шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

В) себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

С) мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

D) мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Е) амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

 

4. Жай сөйлемді табыңыз.

А) Сангвиниктер бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал.

В) Сангвиник темпераменті басым адам жылдам, көңіл-күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады.

С) Мағжан Жұмабаев қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі.

D) Холерик темпераменті қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды.

Е) Ол өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі.

 

5. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Абай сынды ақын ғасырларда бір туатын тұлға, сондықтан оның өмірі қазақ тарихымен тамырласып кетеді.

В) Абай Евгений мен Татьянаның образын қазақ халқына бар бояуымен жеткізді де, туған елінің ұлы мен қыздарындай етті.

С) Халыққа ұнамды болып, тез таралу үшін ол Онегин мен Татьянаның хаттарына ән шығарды.

D) Пушкин романы қазақ даласына танылса, ол – Абайдың еңбегі.

Е) Абайдың аудармасы бұрынғы Мұрсейіт қолжазбасында жекеше аталған.

 

6. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Абай сынды ақын ғасырларда бір туатын тұлға, сондықтан оның өмірі қазақ тарихымен тамырласып кетеді.

В) Ақын «Евгений Онегин» романымен танысып қоймай, оны бөлек-бөлек үзінділер түрінде қазақ тіліне аударды.

С) Халыққа ұнамды болып, тез таралу үшін ол Онегин мен Татьянаның хаттарына ән шығарды.

D) Пушкин романы қазақ даласына танылса, ол – Абайдың еңбегі.

Е) Абайдың аудармасы бұрынғы Мұрсейіт қолжазбасында жекеше аталған.

 

7. Дұрысын таңдаңыз.

Дәрігер Гиппократтың еңбектерінде темперамент... біраз пікірлер айтылған.

А) үшін

В) арқылы

С) туралы

D) сайын

Е) соң

 

8. «Аударма» сөзімен тіркесетін сөзді белгілеңіз.

А) мәдениеті, әдісі

В) дәстүрі, дәрігері

С) ісі, кісі

D) өнері, өзені

Е) тәжірибесі, тәрбиесі

9. Жалғаулықтың түрін анықтаңыз.

Абайдың аудармалары әрі жатық, әрі дәл.

А) тезектес

В) ырықсыз

С) кезектес

D) ыңғайлас

Е) талғаулы

 

10. Көп нүктенің орнына дұрыс вариантын таңдаңыз.

А.Дистервергтің ғылыми еңбектері... тілдеріне аударылған

А) әлем

В) әсем

С) әділ

D) әркім

Е) әжім

 

11. Сөйлемдегі баяндауыштың түрін ажыратыңыз.

Мағжан Жұмабаев қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі.

А) қатыстық баяндауыш

В) етіс баяндауыш

С) күрделі баяндауыш

D) екі баяндауыш

Е) есім баяндауыш

 

12. Есім баяндауышты сөйлемді белгілеңіз.

А) Аударма – құты қашпас қазына.

В) Абай өзінің ішкі дүниесіне сай аударма таңдайды.

С) Түпнұсқадағы ой, сезім аудармада толық көрінеді.

D) Абай өлеңнің қазақ өміріне жақынын іріктейді.

Е) Жақсы аударма халық пен халықты жақындастырады.

 

13. Етіс баяндауышты сөйлемді белгілеңіз.

А) Атақты Мағжан Жұмабаев ақын, сонымен қатар атақты педагог.

В) 1922 жылы Орынборда Мағжанның «Педагогика» деген еңбегі жарық көреді.

С) Поэзиялық аударма – екі тілдің жарысы.

D) Абайдың аудармалары әрі жатық, әрі дәл.

Е) Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі

 

14. Етіс баяндауышты сөйлемді белгілеңіз.

А) Мағжанның «Педагогика» атты еңбегі осының айғағы.

В) Мағжанның тұңғыш өлеңдер жинағы – «Шолпан».

С) Поэзиялық аударма – екі тілдің жарысы.

D) Поэзияның аудармасы – бәсекелес.

Е) М.Жұмабаевтың педагогика саласындағы еңбектері әлі де өз мәнін жойған жоқ.

 

15. Дұрысын таңдаңыз.

Оның еңбектерін қазіргі ұстаздар... ағарту саласындағы қызметкерлер әлі де пайдаланады.

А) мен

В) пен

С) әлі

D) ғана

Е) біресе

 

16. Қажетін табыңыз.

А.Байтұрсынов алдымен И.Крыловтың мысалдарын...

А) қалыптасады

В) кең тарайды

С) аудара бастайды

D) әсер береді

Е) аудара таңдайды.

 

17. Қажетін белгілеңіз.

А.Байтұрсыновтың мысалдарының... мәні зор

А) көлемі

В) тәрбие

С) тәрбиелейді

D) тәрбиелік

Е) аударма

 

18. Қазақ тіліне аударыңыз.

Духовная близость автора и переводчика обеспечила высокое качество перевода.

А) Автор мен аудармашының рухани жақындығы аударманың сапалы болуын қамтамасыз етеді.

В) Автор мен аудармашының рухани жақындығы аударманың сапалы болмауын қамтамасыз етеді.

С) Аудармашы мен аудармашының рухани жақындығы аударманың сапалы болмауын қамтамасыз етеді.

D) Автор мен аудармашының жақындығы аударманың сапалы болмауын қамтамасыз етеді.

Е) Автор мен аудармашының рухани жақындығы аударманың сапалы болуын ажыратады.

 

19. Сөйлемді толықтырыңыз.

Мағжан - өмірі мен өлеңі...... ақын.

А) әңгімеге айналмаған

В) ертегі әлеміне

С) дастанға айырылған

D) аңызға айналған

Е) аңыз айтылған

 

20. Күрделі баяндауышты белгілеңіз.

А) Мағжанның «Шолпан» атты жинағы басылды.

В) Мағжанның «Шолпан» атты жинағы басылып шықты.

С) Мағжанның «Шолпан» атты жинағы шықты.

D) Мағжанның «Шолпан» атты жинағы жарияланды.

Е) Мағжанның «Шолпан» атты жинағы сатылды.

 

21. Сілтеу есімдіктерді көрсетіңіз.

А) ешкім, ешқашан, ешқайда

В) біреу, әлдекім, әрбір

С) кейбір, қайсыбір, осы

D) сонау, сен, сіз

Е) осы, анау, мына

 

22. Жалпылау есімдіктерді көрсетіңіз.

А) күллі, барлық, түгел

В) біреу, әлдекім, әрбір

С) кейбір, қайсыбір, осы

D) сонау, сен, сіз

Е) ешкім, ешқашан, ешқайда

 

23. Болымсыздық есімдіктерді көрсетіңіз.

А) сонау, сен, сіз

В) біреу, әлдекім, әрбір

С) кейбір, қайсыбір, осы

D) ешкім, ешқашан, ешқайда

Е) осы, анау, мына

 

24. Белгісіздік есімдіктерді көрсетіңіз.

А) ешкім, ешқашан, ешқайда

В) біреу, әлдекім, әлдеқашан

С) кейбір, қайсыбір, осы

D) сонау, сен, сіз

Е) осы, анау, мына

 

25. Есімдік сөйлемнің қандай мүшесі.

Кінәні маған емес, жүрекке қой.

А) пысықтауыш

В) анықтауыш

С) толықтауыш

D) бастауыш

Е) баяндауыш

 

26. Қай сөз жіктеледі?

А) тәрбиеші

В) көңіл

С) келбет

D) қайрат

Е) баяндауыш

 

27. Қай сөз жіктеледі?

А) келмеңдер

В) көлдер

С) ағартушы

D) көшелер

Е) кемелер

 

28. Сөйлемдегі жалғаулықтың санын анықтаңыз.

Қазақтың сар даласы да кең, тілі де бай.

А) 5

В) 3

С) 4

D) 2

Е) 1

 

29. Сөйлемдегі жалғаулықтың саны қанша?

Оның еңбектерін қазіргі ұстаздар мен ағарту саласындағы қызметкерлер әлі де пайдаланады.

А) 2

В) 3

С) 4

D) 5

Е) 1

 

30. Сөйлем салаластың қай түріне жатады?

Қазақтың даласы біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді.

А) ыңғайлас

В) талғаулықты

С) қарсылықты

D) шартты

Е) мақсатты

 

31. Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан?

Қазақтың даласы біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді.

А) үстеу

В) сан есім

С) зат есім

D) етістік

Е) сын есім

 

32. Сөйлемнен сапалық сын есімді табыңыз.

Қазақтың даласы біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді.

А) тынық

В) желсіз

С) түндей

D) құйындай

Е) даласы

 

33. Туынды сын есімдер қай топта?

А) таза бұлақтай, шалқар көлдей

В) жылы жаңбырдай, суық аяздай

С) сұлу әуендей, нәзік жандай

D) қанатты құстай, жазғы самалдай

Е) әйгілі әңгіме, жаңа құрылыс

 

34. Негізгі сын есімдер қай топта?

А) ақылды бала, қайсар бала

В) жаңбырлы күндей, кестелі орамал

С) қанатты құстай, жазғы самалдай

D) гүлдей нәзік, күзгі аспан

Е) таза бұлақтай, нәзік жандай

 

35. Зат есімдер қай топта?

А) көңіл, келбет, белгі

В) жаңбырлы күндей, кестелі орамал

С) көңілді, келбетті, белгілі

D) гүлдей нәзік, күзгі аспан

Е) ақкөңіл, ақжарқын

 

36. Сын есімдер қай топта?

А) жаңбыр, күн, кесте

В) көңілді, келбетті, белгілі

С) көңілден, белгіле, ажарлану

D) ажар, белгі, көңіл

Е) тез, дереу, жорта

 

37. Үстеулерді табыңыз.

А) ажар, белгі, көңіл

В) жаңбыр, күн, кесте

С) көңілден, белгіле, ажарлану

D) тез, дереу, жорта

Е) көңілді, келбетті, белгілі

 

38. «Псюхе» сөзі қазақ тілінде қандай мағына береді?

А) жан

В) жаңбыр

С) мекен-жай

D) өзен

Е) ғарыш

 

39. А. Янушкевичтің айтуынша...

Жетісу жер үстіндегі...

А) жұмбақ

В) жұмақ

С) жұпар

D) жазық

Е) жырақ

 

40. Жалқы есімі бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Шаңырақ Отан деген ұғымды білдіреді.

В) Тудағы қыран –еркіндіктің белгісі.

С) Біздің елтаңбамыз шеңбер ішінде.

D) Ансельм кестесі бойынша көк түс-адалдық пен тазалықтың белгісі.

Е) Қазақ елінің мемлекеттік рәміздері бекітілді.

 

41. Жалпы есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Шаңырақ қазақ ұғымында отанды білдіреді.

В) Ансельм кестесі бойынша көк түс –адалдықтың түсі.

С) А. Янушкевич Ойжайлауға маусым айында келген еді.

D) Елтаңбаның сәулетшілері – Ш. Уәлиханов пен Ж. Мәлібеков.

Е) Шарын шатқалы – ерекше табиғат ескерткіші.

 

42. Жалпы есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Асатаяқты «Сазген», «Шертер» оркестрінде көруге болады.

В) Асатаяқ туралы Ш. Уәлиханов пен Б. Сарыбаевтің еңбектері бар.

С) Асатаяқтың көне үлгісі Семейдегі Абай мұражайында бар.

D) Асатаяқ – қазақтың ежелгі музыка аспабы.

Е) Асатаяқ жайындағы деректер П. Бекетовтың еңбектерінде кездеседі.

43. Сұраққа жауап беріңіз.

- Әнші құм қайда орналасқан?

А) - Іленің аңғарын бойлай орналасқан.

В) - Қараталдың бойында орналасқан.

С) - Талас өзенінің жағалауында тұр.

D) - Қапшағай өзенінде орналасқан.

Е) - Көксудың аңғарың бойлай орналасқан.

 

44. Диалогты аяқтаңыз.

- Әнші құм Алтынемел ұлттық паркі құрамына кіре ме? -Иә,...

А) кіреді

В) кірмейді

С) кіріп келмейді

D) кіре жатыр

Е) кіре алмайды

 

45. Сәйкес нұсқасын табыңыз.

Әнші құм Жібек жолы... орналасқан.

А) бұрында

В) бойында

С) жағасында

D) тұсында

Е) жайында

 

46. Тиісті сөзді таңдаңыз.

Ахмет Жұбанов үкілі Ыбырайдың... насихаттады.

А) көңіл - күйлерін

В) ән - күйлерін

С) күй - жағдайларын

D) күйшілерін

Е) ән-аңыздарын

 

47. Сөйлемді толықтырыңыз.

Шешендік сөздерде халықтың...,... бейнеленеді.

А) көзқарасы, жыл мезгілі

В) ақыл – ойы, арман - тілегі

С) бата – тілегі, ауа - райы

D) дау талабы, дене мүшелері

Е) көптеген оқиғалары, қиянаттары

 

48. Сөйлемді аяқтаңыз

Шешендік өнердің бір саласы -....

А) шешендік жолақ

В) шешендік жұмақ

С) шешендік жұмбақ

D) шешендік өлке

Е) шешендік жұпар

 

49. Тиістісін қойыңыз.

Орал... келді.

А) -дай

В) - дағы

С) -ден

D) -дас

Е) - дан

 

50. Диалогты аяқтаңыз.

- Жанар, сен кезекшісің бе? - Иә,...

А) кезекшіміз

В) кезектемін

С) кезекшісің

D) кезекшімін

Е) кезекші

 

51. Сөйлемді аяқтаңыз.

- Бағдат, сіз Абайдың өлеңдерін...

А) аударасыз ба?

В) аудармашы?

С) аударт

D) аудармақсың ба?

Е) аударшы

 

52. Антонимдік қатарды анықтаңыз.

А) баға мен құн

В) дария мен өзен

С) өзек пен өзен

D) нәрсе мен зат

Е) мырза мен сараң

 

53. Сөздің қосымшасын белгілеңіз.

Алғырлығы... көзге түсті.

А) -мес

В) -бен

С) -мен

D) -нда

Е) -нан

 

54. Көмектес септікті сөзі бар мақалды табыңыз.

А) Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.

В) Туған жердің ауасы да шипа.

С) Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді.

D) Адам – ақыл патшасы.

Е) Түсі жылыдан түңілме.

 

55. Көмектес септікті сөзі бар мақалды табыңыз

А) Туған жердің ауасы да шипа

В) Ата көрген – оқ жонар.

С) Әркімнің өз жері жұмақ.

D) Таспен ұрғанды, аспен ұр.

Е) Түсі жылыдан түңілме.

 

56. Дұрысын таңдаңыз.

Ахмет Байтұрсынұлы....

А) қазақ теоремасының негізін салушы

В) қазақ теориясының негізін салушы

С) қазақ театрының негізін салушы

D) қазақ телерадиосының негізін салушы

Е) қазақ терминологиясының негізін салушы

 

57. А. Байтұрсынұлының еңбектерін көрсетіңіз.

А) «Әдебиет танытқыш», «Атаулар сөздігі»

В) «Қазақ хрестоматиясы», «Тіл –құрал»

С) «Тіл-құрал», «Маса»

D) «Қазақ фразеологиясы», «Мен кім?»

Е) «Әдебиетке кіріспе», «Тіл зерттеулері»

 

58. Дұрысын таңдаңыз.

А. Байтұрсынұлы.......

А) Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітірді

В) Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірді

С) Торғайдағы мұғалімдер семинариясын бітірді

D) Петербордағы мұғалімдер семинариясын бітірді

Е) Қостанайдағы мұғалімдер семинариясын бітірді

 

59. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп кім айтқан?

А) А. Байтұрсынұлы

В) А. Бөкейханов

С) М. Жұмабайұлы

D) Қ. Жұбанов

Е) А. Бекмағамбетұлы

 

60. А. Байтұрсынұлы кім? Артық нұсқасын табыңыз

А) ғалым -лингвист

В) әнші -импровизатор

С) әдебиет зерттеушісі

D) ақын -аудармашы

Е) оқулықтардың авторы

 

61. Дұрысын таңдаңыз

А. Байтұрсынұлы қазақтың...... реформа енгізді

А) ән -күйіне

В) жану -сызуына

С) оқу - сызуына

D) ән -айтуына

Е) жазу -сызуына

 

62. А. Байтұрсынұлы ұйымдастырған газет

А) «Қазақ»

В) «Алаш Орда»

С) «Қазақ елі»

D) «Қазақ үні»

Е) «Дала үні»

 

63. Тиісті сөзді таңдаңыз.

А. Байтұрсынұлы...... де шұғылданды.

А) ажырату ісімен

В) ауыр ісімен

С) аударма ісімен

D) саудалау ісімен

Е) аудармау ісімен

 

64. Терминология нені зерттейді?

А) нақты объектілердің арнайы ұғымдары мен атауларын

В) нақты объектілер арнайы ұғымдары мен аталарын

С) нақты объектілердің арнайы жұрнақтары мен аттастарын

D) нақты объектілердің арнайы жұмыстары мен атауларын

Е) нақты объектілердің арнайы жалғаулары мен аттарын

 

65. Қазақ тіліндегі алғашқы терминологиялық сөздік қай жылы жарық көрді?

А) 1941

В) 1932

С) 1931

D) 1935

Е) 1961

 

66. Алғашқы қазақ терминологиялық сөздігінің атауы

А) «Атаулар сөздігі»

В) «Аталар сөздігі»

С) «Аттар сөздігі»

D) «Атаулық сөздігі»

Е) «Алғашқы сөздігі»

 

67. Сөйлемді толықтырыңыз.

К.Ушинский... өмірін ағарту ісіне арнады.

А) қайта

В) бүкіл

С) бүгін

D) табиғи

Е) ешқандай

 

68. «... ұлттық тілдің құрамы» орысша

А) структура национального языка

В) схема национального языка

С) система национального языка

D) слова национального языка

Е) состав национального языка

 

69. М.Жұмабаевтың туып- өскен жері.

А) Сырымбет ауылы

В) Петрозаводск қаласы

С) Павлодар өңірі

D) Петербург облысы

Е) Петропавл өңірі

 

70. М.Жұмабаев... мұғалімдер семинариясын бітірді.

А) Омбыдағы

В) Орынбордағы

С) Петербордағы

D) Торғайдағы

Е) Оралдағы

 

71. М. Жұмабаевтың Қазан қаласында жарық көрген жинағы.

А) «Мұштари»

В) «Шоқ жұлдыз»

С) «Шолпы»

D) «Шолпан»

Е) «Шолпан жұлдызы»

 

72. М.Жұмабаевтың өлеңдерін белгілеңіз.

А) «Сағындым», «Мен кім?»

В) «Менің заманым», «Бұлбұл»

С) «Кек», «Мен жастарға сенемін»

D) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Е) «Кел, балалар, оқылық», «Өзен»

 

73. «Педагогикалық антропология» кімнің еңбегі?

А) А.Дистерверг

В) Д.Ушинский

С) М. Мақатаев

D) Ы.Алтынсарин

Е) В.Выготский

 

74. Болымсыздық пен белгісіздік есімдіктерді белгілеңіз.

А) осынау, қайсыбір

В) кейбір, ешкім

С) біреу, күллі

D) біздер, олар

Е) ешқашан, өзі

 

75. Құрамында есімдіктер бар өлең жолын белгілеңіз.

А) желсіз түнде жарық ай

В) ай туды, күңгірт келед, алтын табақ

С) тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың

D) қараңғы түнде тау қалғып

Е) қозғамас ойды бекер - ау...

 

76. Құрамында есімдіктер бар өлең жолын белгілеңіз

А) қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

В) жапырақ - жүрек, жас қайың

С) аққудың әуеніндей үнің бар –ау..

D) сарғайған күздің әлемі

Е) адамға бақыт екен –ау, қартайя білген әдемі

 

77. Құрамында есімдіктер бар мақал – мәтелді табыңыз.

А) Кен асылы жерде

В) Бабадан сөз қалады, әкеден із қалады

С) Туған жердің ауасы да шипа

D) Жақсы ұстазға жан жетпес

Е) Әркімнің өз жері - жұмақ

 

78. Құрамында есімдіктер бар мақал – мәтелді табыңыз

А) Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа

В) Мақал – сөз патшасы

С) Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа

D) Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді

Е) Сөз асылы елде

 

79. Баяндауышы қай сөз табынан?

Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.

А) сын есім

В) зат есім

С) жалпы есім

D) сан есім

Е) күрделі есім

 

80. Сөйлемдегі есімдік қай септікте тұр?

Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған.

А) табыс септігінде

В) барыс септігінде

С) атау септігінде

D) ілік септігінде

Е) шығыс септігінде

 

81. Сілтеу есімдіктер қай топта?

А) осынау, сол

В) кейбір, ешкім

С) біреу, күллі

D) біздер, бұл

Е) ешқашан, өзі

 

82. Болымсыздық пен белгісіздік есімдіктерді белгілеңіз.

А) біреу, күллі

В) осынау, қайсыбір

С) әлдекім, ешқайда

D) біздер, олар

Е) ешқашан, өзі

 

83. Сөйлемдегі зат есімдердің септігін анықтаңыз.

Мағжан Қызылжарда медресені бітіреді.

А) атау, табыс

В) жатыс, шығыс

С) барыс, ілік

D) табыс, жатыс

Е) көмектес, барыс

 

84. Сілтеу және жалпылау есімдіктерді белгілеңіз.

А) біздер, олар

В) кейбір, ешкім

С) осынау, қайсыбір

D) сонау, күллі

Е) ешқашан, өзі

 

85. Баяндауыштың түрін анықтаңыз.

М. Жұмабаев – қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі.

А) етіс баяндауыш

В) жалғыз баяндауыш

С) күрделі баяндауыш

D) дара баяндауыш

Е) екі баяндауыш

 

86. Жіктік жалғаулы есімдік қай қатарда?.

А) Басқаларға үлгі болатын - сенсің

В) Кейін Уфа қаласына оқуға барады

С) Мағжан ауыл мұғалімінен хат таниды

D) Біздер бір қалада тұрамыз

Е) Мұғалім әркімнің жүрегінде болуы тиіс

 

87. Болымсыздық пен белгісіздік есімдіктерді белгілеңіз.

А) осынау, қайсыбір

В) кейбір, ешкім

С) біреу, күллі

D) біздер, олар

Е) ешқашан, өзі

 

88. Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар

А) Қ. Жұбанов, С. Аманжолов

В) А. Байтұрсынов, Ә. Қастеев

С) Ә. Қайдаров, М. Төлебаев

D) Н. Сауранбаев, Ж. Мәлібеков

Е) М. Шаханов, М. Балақаев

 

89. Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктері қалай аталады?

А) томография

В) топография

С) темперамент

D) аффект

Е) зейін

 

90.Жетісудың ірі өзендерін белгілеңіз

А) Орал, Іле

В) Есіл, Теңіз

С) Жайық, Елек

D) Ертіс, Еділ

Е) Іле, Тентек

 

91. Күрделі зат есімді белгілеңіз

А) Сарыарқа, Ұлытау

В) Атырау, тау

С) Сарыарқа, Ахмет

D) қасық, терезе

Е) Талдықорған, Есік

 

92. Деректі зат есімдер қай топта?

А) Ұлттық сана-сезім

В) Ұлттың салт-дәстүрлері

С) Ұлттық құндылықтар

D) Ұлттық киім

Е) Ұлттық тәрбие

 

93. Дерексіз зат есімдер қай топта?

А) арман, қиял

В) қағаз, қалам

С) өзен-көлдер

D) ұлттық тағамдар

Е) жеміс-жидек

 

94. Туынды зат есімді белгілеңіз.

А) Сарыарқа, сарғыш

В) Қараой, жылы

С) ойшыл, ойсыз

D) сөздер, тіл

Е) кітап, қалам

 

95. Сөйлемді толықтырыңыз.

Жер-су аттарынан... мәлімет алуға болады.

А) табиғат байлықтарынан соң

В) киім-кешек арқылы

С) көл-тоған бірге

D) климат ерекшелігімен

Е) жануарлар мен өсімдіктер туралы

 

96. Сөйлемдегі жалқы есімдердің саны қанша?

Қ.Сәтбаев шикізатқа бай Сарыарқа, Кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау аймақтарын зерттеді.

А) 4

В) 3

С) 2

D) 1

Е) 0

 

97. Термин сөздерді белгілеңіз.

А) халықтық тәрбие

В) репродуктивті әдіс

С) алыс аймақ

D) жергілікті тұрғындар

Е) тұңғыш президент

 

98. Баяндауыштың түрін ажыратыңыз.

Қ.Сәтбаев атындағы планетаның түсі – қара сұр, қара-қоңырлау.

А) есім баяндауыш

В) етіс баяндауыш

С) дара баяндауыш

D) ырықсыз баяндауыш

Е) ырықты баяндауыш

 

99. Сын есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Аспан денесінің көлемі шағын.

А) пысықтауыш

В) бастауыш

С) баяндауыш

D) толықтауыш

Е) анықтауыш

 

100. Сөйлемдегі тіуелденген сөздердің саны қанша?

Алатаудың бір шыңы мен мұздығына ғалымның есімі берілді.

А) 2

В) 1

С) 3

D) 4

Е) 0

 
 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 441 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақ тілі ” пәні бойынша глоссарий| Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.138 сек.)