Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Кәсіптік оқыту оқытушысын дайындау ерекшеліктері

Читайте также:
  1. Ағынды суды дайындаудың ашық түрдегі қондырғылары
  2. Ағынды суды дайындаудың жабық түрдегі қондырғылары
  3. Билет. 1.Сынама алу. Сынамалардың түрлері. Келісімділік. Сынаманы анализге дайындау.
  4. Дәріс. Кәсіптік білім беру психологиясының әдістері
  5. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
  6. Оқыту принциптері (ұстанымдары)B) Ғылымилық. C) Жүйелілік. G) Сананылық және белсенділік.

 

Кәсіптік-педагогикалық білім берудің басты айырмашылығы - кәсіптік-педагогикалық оқыту бастапқы және орта кәсіптік білім беруде қабілеттіліктерді тиімді пайдалана алатын, қызметкерлер мен мамандарды дайындауда кәсіптік-білім беру қызметтерін орындауға, ұйымдарда, кәсіп-орындарда маман дайындаумен айналысуға қабілетті тұлғаны қалыптас-тыруға бағытталған. Кәсіптік-педагогикалық мамандық. Білім беру сала-сында, басқа да материалдық және рухани өнім аясындағы сияқты, ішкі кәсіптік дифференциацияның даму бағыты байқалады. Осыған байланыс-ты, кәсіптік-педагогикалық білім беру мамандарды дайындаудың дербес саласы ретінде қарастырылады.

 

Педагог қызметінің шығармашылық деңгейіне қойылған мақсатқа жету үшін оның өзіндік мүмкіншілігін пайдалану дәрежесімен айқын-дайды. Сондықтан педагог қызметінің шығармашылық сипаты оның басты ерекшелігі болып есептеледі.

 

Педагог шығармашылығының басқа сала шығармашылықтарынан (медицина, техника және т.б.) айырмашылығы оның мақсатында, яғни жаңа құнды, өзіндік әлеуметтік жаңалық жасау емес, оның мақсаты - жеке тұлғаны дамыту. Педагог қызметінің тиімділігіне әсер ететін негізгі себеп -


 


 

ол педагогтің жеке басының қасиеттері. Олардың бәрінің кәсіби мағына-лары бар. Жақсы педагог – ең алдымен парасатты, адал, әділ, мейірімді адам. Сонымен қатар, өз жұмысын табысты орындау үшін, мамандықтың әр қызметкері жеке қасиеттеріне өз талаптарын қояды, ал ондай қалып-тасқан қасиеттері жоқ немесе аз болса онда еңбектің тиімділігі тез төмен-дейді. Ал педагогті сипаттайтын қасиеттер: көпшілдік, адамның бәріне тең қарау.

 

Әр педагог өз ісінің шебері бола ала ма немесе педагогикалық жетіс-тікке жету үшін ерекше дарындылық керек пе? Немесе кәсіби шеберлік қалыптасуы үшін, педагогикалық қызмет жемісті болуы үшін қандай себептер әсер етеді: табиғи және әлеуметтік.

 

Ұзақ уақыт бойы педагогика тарихында өмірге педагогикалық талан-ты бар тәрбиеші дайындайды деген көзқарастар көбірек болған; оның жұмысындағы негізгі жетістікке жетудің шарты арнайы қабілеттілігі болу керек деп саналады. Әрине, бұл сұрақтардың төңірегінде басқа да көзқа-растар бар.

 

Қазіргі таңда ғылым да педагогикалық қабілеттілік жөнінде біржақты жауап бере алмайды. Негізінен қабілеттіліктің қалыптасуына әсер ететін төрт факторды баса айтады: талап (бейімділік), тәрбие, орта, өздігінен жетуге талаптану.

 

Педагогикалық негізгі қасиеттерге мыналарды жатқызуға болады: экспрессивтік, дидактикалық, перцептивтік, ғылыми-педагогикалық, авто-ритарлық, конструктивтік, мажорлық, гностикалық, психомоторлық және назар аударып жинақтай білу қабілеттілігі.

 

Экспрессивтік қасиеттер – педагогтің сөзбен немесе сөзсіз әдіс - тәсілдермен, құрал-жабдықтармен өз ойын көрнекті түрде әдеппен, айқын айта білуі.

 

Дидактикалық қасиеттер – оқу материалын түсінікті және тереңмеңгеретіндей түсіндіре білу және оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдас-тыра білу.

 

Ғылыми-педагогикалық қасиеттер –педагогикалық бағыттағығылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.

 

Перцептивтік қасиеттер –оқушының ішкі дүниесін түсініп,әруақытта оның психикасын сезіне білу, оның сабаққа, педагогке деген ойын айқын таба білу.

 

Конструктивтік қасиеттер (немесе педагогикалық қиялдау) –тәрбиеленушілердің болашағын болжай білу, алдағы жұмысты мұқият жоспарлау, өзінің жұмысының нәтижесін көре білу.

 

Авторитарлық (әмірлік, өктемдік) қасиеттер - оқушыларға жігерліәсермен тез уақытта қадірлі, сыйлы бола білу, нәтижесінде жоғары беделді, абыройлы болу.


 


 

Коммуникативтік қасиеттер – бұл басқа адамдармен,әсіресе,оқу-шылармен жеңіл қарым-қатынас құра білу (тіл табысу) және әрмен қарай дұрыс қарым-қатынаста болу.

 

Мажорлық (сергек көңілді) қасиеттер - бұл оқу процесін,жұмыстыңкез келген түрін және демалысты жандандыруға, күрделі дау-жанжалдың алдын алып және дұрыс шешуге, шаршаудан айықтыруға көмектесетін педагогтің дүниеге сеніммен қарауы және зиянсыз әзіл-оспағы.

 

Ұйымдастырушылық қасиеттер –кез келген оқу-тәрбие жұмыс-

 

тарын, сынып сағатын, демалыс кешін, ата-аналар жиналысын және т.б. жұмыстарды дұрыс, тез ұйымдастырып, өткізе білу.

 

Психомоторлық қасиеттер – бұл педагогтің оқушылардың әрқайсы-сына практикалық оқу, тәжірибе жасау және басқа да жұмыстарды орын-даудың жеке әдістерін қарастыру қасиеттері, яғни оқушыларды әрқашан ойланып, орынды жұмыс істеуге үйрету.

 

Гностикалық қасиеттер – бұл құбылыстарды,пәндерді тез,дұрыстүсініп, талдау жасап және осыған сүйеніп, оларды түсіндіріп айта білу қасиеттері.

 

Жеке адамдық қасиеттер –бұл қоршаған ортаны түсініп,оған көңілбөле білу қасиеттері, сонымен қатар оқушыларды сыйлап, қамқорлықпен қарап, оларға талап қоя білу.

 

Педагог өзінің атқаратын, өзін көрсететін тәрбие жұмысын орындау кезінде оның педагогикалық қасиеттері айқындалады. Сонымен, педагогтің оқушылармен қарым-қатынастың қасиеттері: экспрессивтік, дидактикалық, авторитарлық, ғылыми-педагогикалық, коммуникативтік, жеке адамдық, ұйымдастырушылық, мажорлық, конструктивтік; оқушыларға арналған қасиеттер: перцептивтік, гностикалық; ал қоршаған ортаға қатысты қасиеті - ойын жинақтап, көңіл бөле білу.

 

Педагог кәсіпқойлығының белгілік сипаттамалары. Педагог кәсіп-қойлығын қарастыра және бағалай отырып бұл кәсіпте не жетелейтінін, қандай құндылық бағдарлардан бастау алатынын, бұл іспен не үшін айналысатынын, өз еңбегіне қандай ішкі мүмкіндіктерін жұмсайтынын анықтап алу маңызды.

 

А.К. Маркова педагог кәсіпқойлығының мынадай белгілерін жасап шығарған:

 

– объективті белгі мұғалім таңдап алған кәсіпке қойылатын талапқа қаншалықты сай келетінін анықтайды. Объективті белгілер қатарына жоғары еңбек өнімділігі, сан мен сапа, еңбек өнімділігінің сенімділігі, кәсіпте белгілі бір мәртебеге ие болу, тәрбиелеу мен оқытудың әр алуан мәселелерін шеше білу іскерлігі;

 

– субъективті белгілер: педагог мамандығы адамның талаптарына, оның мотивтеріне, қабілеттілігіне қаншалықты сай келеді, адам бұл кәсіп бойынша еңбегіне қаншалықты қанағаттанады, тұрақты кәсіби-педаго-


 


 

гикалық бағыттылық, кәсіптік құндылық негіздерін түсіну, жеке тұлғаның қажетті кәсіби-психологиялық сапаларының жиынтығы және т.с.с;

 

– нәтижелік белгілер: педагог өзінің педагогикалық еңбегінде қоғам қалайтын нәтижелерге жете ме? Педагог еңбегінің басым нәтижелері сапа-лық өзгерістер, қозғалыстар, оқушылардың психикалық дамуындағы «өсу-лер» (ақыл-ой және жеке тұлғалық) болып табылады. Педагог оқушылар-дың даму көрсеткіштерін, олардың бойларындағы және потенциалды деңгейлеріне диагностика жасай білуі, оқушылардың «жақын даму айма-ғын» және т.б білуі керек;

 

– процессуалды белгі: педагог өз жұмысының нәтижелеріне жетуде әлеуметтік тиімді тәсілдерді, әдістерді, технологияларды қолдана ма? Педагогтің қалай жұмыс істегені, қандай кәсіптік білімдер мен іскер-ліктерді, жеке тұлғалық психологиялық қасиеттерді (педагогикалық ойлау, педагогикалық эмпатия) қолданды, мұғалім мен оқушының күші мен уақытын жұмсау түріндегі нәтиженің психологиялық бағасы қандай, т.с.с;

 

– нормативті белгі: педагог таңдап алған кәсіп бойынша құжаттарды, ережелерді меңгерді ме және оның жоғары эталондарын шеберлік дең-гейінде жаңғырта ала ма? Ғылымда жасалып, практикада байқаудан өткен кәсіптік іс-әрекет және қарым-қатынас нормаларын меңгеруі;

 

– жеке-дара вариативті белгілер: адамның өз еңбегін даралауға ұмтылуынан, онда өз қажеттіліктерін өздігінен жүзеге асыруынан, өзін кәсіп құралдары арқылы дамытуынан байқалады. Педагогикалық даралық, әдетте, өз-өзімен тынбай жұмыс істеу, өзіне диагностика жасай білу, өзінің күшті және әлсіз жақтарын оқушылардың психикалық дамуы бойынша анықтай білуінің нәтижесінде қалыптасады.

 

– педагог бойындағы деңгейлік белгі: педагог кәсіпқойлықтың жет-кілікті жоғары деңгейіне жетті ме? Педагогтің бойында белгілі бір деңгей, өзекті деңгей және кәсіби дамудың жеке тұлғалық мүмкіндіктері болады;

 

– болжамдық белгі: маман жұмысының болашағы бар ма, өзінің «жақын даму аймағы» бар ма, басқалардың кәсіптік тәжірибесін меңгеруге дайын ба, кәсіби айқындығын байқата ма?

 

– шығармашылық белгі: педагог өз кәсібінің шеңберінен шығып, оны тәжірибемен өзгертуге, өзінің жеке тұлғалық шығармашылық үлесімен байытуға тырыса ма? Кәсіби айқындықтың, оқытуға бейім болудың және өзіндік шығармашылық ізденістің үйлесімділігі педагогикалық кәсіп-қойлық үшін маңызды болып табылады.

 

– әлеуметтік белсенділік пен бәсекеге қабілеттілік белгісі: педагог өз еңбегінің нәтижесімен қоғамды қызықтыра ала ма, білім беру қызметі нарығында бәсекелік қарым-қатынасқа түсе ме?

 

– кәсіптік жол қуу белгісі: педагогикалық кәсіптің ар-намысы мен абыройын сақтай ала ма? Өз-өзімен тұйық болмау, мұғалім мамандығын басқаларға қарсы қоймау.


 


Кәсіптік оқыту педагогінің жеке тұлғасының кәсіпқойлығы.

 

Жеке тұлға мен іс-әрекет кәсіпқойлығы - бұл бір құбылыстың екі беті тәріздес. Кәсіпқойлық дамуының әр кезеңдерінде оның біреуі басым болуы мүмкін. Егер кәсіби маңызды психологиялық қасиеттердің дамуы іскерліктерді меңгеруге және бұрыннан барларының деңгейін жоғары-латуға ықпал етсе, онда іскерліктердің қарқынды дамуы тежеледі. Олар бір-біріне сәйкес келгенге дейін солай жалғаса береді.

 

Жеке тұлға кәсіпқойлығы, В.А. Сластениннің айтуы бойынша, кәсіп-қойлықтың кәсіби маңызды және жеке тұлғалық іскерлік, акмеологиялық көп нұсқалардың дамуының жоғары деңгейін, креативтіліктің жоғары деңгейін, талаптанудың адекватты деңгейін, мотивациялық орта мен маманның прогрессивті дамуына бағытталған құндылық бағдарларды бейнелейтін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы.

 

Кәсіпқойлыққа тек өз іс-әрекетін дамыту арқылы ғана емес, тұлғалық-кәсіби қасиеттерді дамыту арқылы да жетуге болады.

 

Сондықтан нағыз кәсіпқой мен оның кәсіпқойлығының қалыптасуы маманның жеке тұлғалық кәсіби дамуымен қатар жүруі заңды.

 

В.А. Сластениннің ойынша, жеке тұлғалық кәсіби даму – бұл жоғары кәсіби жетістіктерге бейімделген жеке тұлғаның қалыптасу процесі, кәсіпқойлықты меңгеру жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуында, кәсіби іс-әрекет пен кәсіби өзара қарым-қатынаста жүзеге асады.

 

А.К. Маркованың ойынша, кәсіпқойдың жеке тұлғасының сипатына мыналар кіреді: мотивация (жеке тұлғаның бағыты мен оның түрлері), жеке тұлға қасиеттері (қабілет, мінез және оның бітістері, психикалық процестер мен жағдайлар), жеке тұлғаның интегралды сипаттамалары (өзін-өзі ұғыну, жеке дара стиль, шығармашылық потенциал ретіндегі креативтілік).

 

Педагог кәсіпқойлығының шешуші белгісі педагогикалық мәселе-лерді шығармашылықпен шешуге даярлығы болып табылады. Нақты педагогикалық іс-әрекетте норманы шығармашылықтан бөліп алу қиын. Шығармашылық қабілет барлық педагогтер үшін тән емес. Бұл – жеке тұлғаның ерекше қасиеттерінің бірі.

 

Жеке тұлғаның кәсіпқойлығын көтеруде кәсіби өзін-өзі жетілдіру мен өз-өзімен жұмыс істеу үлкен рөл атқарады. Өз-өзімен жұмыс істеу тәжірибесі кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің алғышартын құрады, ол өзінің жеке тұлғасын кәсіпқой ретінде дамыту бойынша сапалы жұмысты болжайды: өзінің жеке психологиялық ерекшеліктерін педагогикалық іс-әрекет талаптарына бейімдеу, кәсіби құзыреттілікті үнемі жоғарылату және жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік және басқа қасиеттерін үздіксіз дамыту.

 

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу негізінде мақсат пен мотив арасындағы қарама-қайшылықтар жатыр. Мотивтің мақсатқа қарай жылжуы өзін-өзі


 


 

тәрбиелеудегі қажеттілікті қамтамасыз етеді, ол өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші және көзі болып табылады. Бұл қажеттілік өзінің кемшіліктерін түсінуден, оларды жойғысы келетіндіктен, олардың себебіне талдау жасаудан шығады. Педагогтің өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажет-тілігі, ары қарай белсенділігі, жеке тұлғалық көзқарастардан қолдау табуы (сенім, борыштың сезімі, жауапкершілік, кәсіби ар-намыс, өзін-өзі жақсы көру және т.с.с). Мұның бәрі өзін-өзі жетілдіру бойынша іс-әрекеттер жүйесін қалыптастырады.

 

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу мазмұны жеке тұлғаның кәсіби маңызды және маңызды қасиеттері болуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеудің негізін өзін-өзі ұғыну немесе «Мен» концепциясы құрайды, яғни адамның өзі туралы түсініктерінің тұрақты жүйесі, оның негізінде ол өз-өзіне баға беруді және басқа адамдармен өзара қарым-қатынасын қалыптастырады.

 

Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесі үш кезеңде жүзеге асады: өзін-өзі тану, өзін-өзі бағдарламалау және өз-өзіне ықпал ету.

 

Бірінші кезең - өзін-өзі тану болашақ педагогтің таңдап алған кәсіпке қойылатын талаптарды тереңінен зерттеуімен, бұл талаптарды ұғынуымен, өзінің жеке тұлғасы мен өзінің кәсіби іс-әрекетіне талдау жасауымен байланысты. Кәсіби өзін-өзі тану ерік-жігердің даму ерекшеліктерін, оның аясын, темперамент пен мінез-құлық, таным процестерінің (қабылдау, ес, қиял, ойлау) ерекшеліктерін анықтауды болжайды. Өзін-өзі тану кезеңінде психология курсындағы әр алуан тестілер мен әдістемелер қолдану мақсатқа сай болады.

 

Өзінің жеке тұлғасындағы өзгерістерді өзін-өзі бағдарламалау процесі өзінің жеке тұлғасын жетілдіру мүмкіндігі жөніндегі өзіндік болжамды жүзеге асыруды қарастырады. Даму деңгейіне практикада өзін-өзі бағалау, педагогикалық іс-әрекет үшін ерекше құнды қандай да бір көзқарастардың қалыптасуы негізінде педагог өзін-өзі тәрбиелеу бағдар-ламасын жасайды. Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасымен қатар өз-өзімен жұмыс істеу жоспарын құруға болады: ұзақ уақыт көлеміне - максимум және минимум жоспар (бір күнге, аптаға, айға).

 

Әрмен қарай өзін-өзі өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер кезеңі жалғасады. Өзіне әсер ету құралдары мен тәсілдері әр алуан және жеке тұлға ерекшелігі мен нақты жағдайға байланысты. Өзін-өзі тәрбиелеу құралдарының ішінде өзін-өзі реттеу құралының орны ерекше. Оған өзінің назарын басқаға аудару, бұлшық еттерді босаңсыту, сондай-ақ өзін-өзі сендіру, өзіне бұйыру, өзін-өзі бақылау, өзін нандыру тәсілдерін жат-қызады. Өзіне ықпал ету құралдарының қызметтері әр алуан: өз-өзіне талдау жасау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі мәжбүр ету, өзін-өзі мақұлдау, өзін-өзі жазалау, өзін-өзі белсенділендіру және т.б. Өзін-өзі тәрбиелеу процесін ынталандыратын сыртқы факторларға педагогикалық ұжым, мектеп басшысының стилі және бос уақыт әсерлері жатады.


 


 

Педагогтің өзін-өзі тәрбиелеу мазмұнын, құралдарын, тәсілдерін және формаларын білуі, оларды меңгеруі педагогтің өзін-өзі кәсіби жетілдіруіндегі, жеке тұлғасының дамуындағы жетістіктерін анықтайды.

 

Кәсіптік оқыту педагогінің іс-әрекетінің кәсіпқойлығы. Педагогтің әлеуметтенуіне, кәсіпқойлануына еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жаңа маманның қалыптасуына қойылатын жаңа талаптар кәсіпқойлық пробле-масына деген көзқарастың өзгеруіне деген қажеттілікті көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта педагог кәсіпқойлығын өзара байланысты жүйелерден құрылған жүйе ретінде қарастырып жүр - жеке тұлға кәсіпқойлығы (жеке тұлғалық аспект) және іс-әрекет кәсіпқойлығы (функционалды аспект).

 

Кәсіпқойлықтың функционалды аспектісі әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік маңыздылықтың күрделілігін құрайды. А.А. Деркачтың ойын-ша, іс-әрекет кәсіпқойлығы – бұл еңбек субъектісінің жоғары кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін, әр алуан тиімді кәсіби іскерліктер мен дағдыларын, соның ішінде шығармашылық шешімге, кәсіби мәселелерді жоғары және тұрақты тиімділікпен шешуге негізделген іскерліктер мен дағдыларды бейнелейтін сапалық сипаттамасы.

 

Педагог кәсіпқойлығының функционалды немесе іс-әрекеттік сипаты оның іс-әрекетінің тиімділік дәрежесін ашады және педагогтің қосымша кәсіптік білім беру жүйесінде қайта даярлану барысында қызметтік немесе кәсіби жоғарылауына бағдар жасайды.

 

Педагог кәсіби іс-әрекетінің нәтижелерін жақсарту тұрғысынан кәсіпқойлықтың дамуына жағдай жасау мәселесі ерекше маңызды бола түседі. Ондай жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, экономикалық, ұйымдастыру, ақпараттық, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық.

 

Әлеуметтік-психологиялық жағдайға кәсіби дамуға, мотивацияға ынталануды жатқызуға болады. Ынталану ретінде жоғары қызметтік дәре-жедегі артықшылықтар болуы мүмкін (жалақыны жоғарылату, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік қорғаныс). Психологиялық ынталануға іс-әрекетті орындаумен байланысты талаптануды жатқызуға болады (бұл өзінің қабілеттерін, мінезін, өздігінен ұғынуға негізделген, жастармен жұмыс істеуге деген ішкі қажеттілік болуы мүмкін). Қызметтік-рөлдік ынталануға мыналар жатады: еңбек мазмұны, білім беру парадигмасының демокра-тизация мен ізгілену жағына қарай өзгеруі, әріптестерінің кәсіби деңгейі, оқушылардың ақыл-ойы дамуының деңгейі, өз еңбегі нәтижесінің жақса-руы, еңбек нәтижесін әріптестерінің, оқушылардың және ата-аналардың бағалауы.

 

Кәсіби іс-әрекетке сипаттама берген кезде кәсіби іс-әрекеттің қыз-меттік құрылымын ескерген жөн. А.А. Деркач, И.В. Кузьмина, В.А. Слас-тенин және т.б. гностикалық және рефлексивті-перцептивті іс-әрекетті, жобалау іс-әрекетін, ұйымдастыру және коммуникативті-ақпараттық іс-


 


 

әрекетті атап көрсетеді. Кәсіби іс-әрекеттің осы және басқа да түрлерін меңгеру және жекелеген іскерліктерді жетілдіру кәсіби деңгейдің жоғары-лауына ықпал етеді.

 

Кәсіпқойлық іс-әрекеттің жоғары өнімділігімен немесе тиімділігімен сипатталады. Сапалық негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары көрсеткіш-пен ерекшеленетін іс-әрекет жоғары өнімді деп есептелінеді: өнімділігі, тиімділігі, қарқындылығы, дәлдік пен сенімділік, ұйымдасқандық, тұрақ-тылық, әлеуметтік маңызды мақсаттар.

 

Сапа мен өнімділік төмен көрсеткіштермен сипатталып, оң, әлеумет-тік маңызды мақсаттарға жетуді көздемесе, өнімділігі жоқ іс-әрекет болып есептелінеді.

 

Мазмұны жағынан іс-әрекет кәсіпқойлығы педагогикалық шеберлік ұғымына жақын, өйткені ол да кәсіби іскерліктер мен дағдылардың да-муын қарастырады. Шеберлік – кәсіпқойлық категориясының құрамдас бір бөлігі.

 

Педагогикалық шеберлік практикалық тәжірибе негізінде, саналы түрде түсінілген және талдау жасалынған педагогикалық іс-әрекет арқылы қалыптасады. Педагогикалық шеберлікті меңгеру әр педагогтің қол жетім-ді нәрсесі, бірақ өз-өзімен мақсатқа сай жұмыс істеген жағдайда ғана мүмкін болады.

 

Осыған байланысты, өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы үнемі жетіліп отыру мәселесі өзекті болып отыр. Нақты педаго-гикалық іс-әрекет кезеңінде өздігінен білім алу мазмұнын педагог өз іс-әрекетіне талдау жасау негізінде анықтай алады. Өз-өзіне талдау жасау негізінде өздігінен білім алу бағдарламасы құрылады, онда өзекті сұрақтар мен ұсынылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Бұл өздігінен білім алу жұмысының тақырыбын таңдауға көмектеседі.

 

Педагогтің кәсіби өздігінен білім алуының неғұрлым тиімді жолы - оқу мекемесінің кешенді тақырыптарының шеңберінде ғылыми немесе әдістемелік проблеманы зерттеу. Өздігінен білім алудың тиімділігі оқу мекемесінде меңгерген өз бетінше жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылар-дың деңгейіне байланысты. Білім алу бойынша өз бетінше жұмыс істеудің ұтымды тәсілдері мен әдістерін меңгерудің және алынған ақпаратты дидактикалық қайта түрлендірудің маңызы зор.

 

Өздігінен білім алу арқылы педагогтер біліктілігін жоғарылату жүйесінің әртүрлі кезеңдеріндегі оқу және әдістемелік іс-әрекет процесін-де меңгеретін білімдер толықтырылады. Педагогикалық қызметкерлердің өздігінен білім алуының рөлі жоғарылады, бұл қазіргі жағдайда біліктілікті көтерудің жалғыз формасы болып отыр.

 

Кәсіби дамуда педагогтер идеалға қарай ұмтылады. Нақты жағдайда идеалды мұғалім болмайды. Бірақ ғалымдар кәсіпқойдың моделін жасауға тырысуда. Ол мына компоненттерді қамтиды (Е.А. Климов):


 


 

– тұтастай қарағандағы адам қасиеттері (әлем бейнесі, бағыттылық, ішкі әлемге деген қарым-қатынас, креативтіліктің байқалу ерекшеліктері, жеке-даралықтың ақыл-ой бітістері, эмоционалдық, кәсіби нәтижелер, кәсіби қоғамдағы өзінің орны туралы түсінік);

 

– кәсіпқой праксисі (өзіндік ерекше қасиеттер, іскерліктер, дағдылар, әрекеттер);

 

– кәсіпқой гнозисі (өзіндік ерекше қасиеттер, қайта өңдеу тәсілі және шешімді қабылдау, гностикалық іскерліктер, дағдылар мен әрекеттер);

 

– кәсіпқойдың ақпараттық талғамдығы, білімі, тәжірибесі, мәдениеті (өзіндік ерекше қасиеттер, ғылым мен теориялық білім саласындағы бағ-дарлау, пән саласы бойынша кәсіби білім);

 

– психодинамика (күйзелудің қарқындылығы, олардың ауысуының жылдамдығы, осы кәсіби саладағы жүктемелер мен қиындықтар);

 

– кәсіп талаптарына сай өзінің жас-жыныстық қатынасын ұғыну. Сонымен, адамның кәсіпқойлығы дегеніміз – еңбектің барынша

 

тиімділігі, адамның еңбекке деген ішкі қарым-қатынасы мен оның психи-калық қасиеттерінің жағдайы сияқты жеке тұлғалық компоненттердің мін-детті түрде болуы.

Кәсіпқойлықты жоғарылатудың мақсаты, құрылымы және функция-

 

лары.

 

Кәсіби оқыту педагогінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекет ерекшелігі оның кәсіби өсуінің және жоғары маңыздылығына себепші болады.

 

Біліктілікті жоғарылату үздіксіз кәсіби білім алудың маңызды бөлігі болып табылады. Ол маманның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы, оны әлеуметтік қорғай отырып, кәсіби-психология-лық мүмкіндігінің өзекті болуына жағдай жасайды.

 

Біліктілікті көтеру мақсаты – маманның кәсіби-психологиялық мүм-кіндігін барынша тиімді ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету мына мәселелерді шешу процесінде жүзеге асады:

 

– өздігінен дамуды, өздігінен білім алуды, кәсіби өсуді, мансапты мотивациялау;

 

– құзыреттілікті жоғарылату: әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, арнайы, экологиялық және т.б;

 

– психологиялық қасиеттерді, кәсіби маңызды қасиеттерді дамыту, жүріс-тұрыстың формаларын түзету;

 

– құзыреттілікті дамыту және маманның кәсіби психологиялық профилін түзету;

 

– әлеуметтік, кәсіби және жеке құзыреттілікті қалыптастыру;

 

– жеке тұлғаның өз-өзін дамытуына, өздігінен білім алуына және өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.


 

 


Біліктілікті жоғарылатудың негізгі функциялары мыналарға саяды:

 

– диагностикалық, қабілеттер мен бейімділіктерді анықтауды, білік-тілікті жоғарылатудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың дайындық деңгейі мен жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтауды қарастырады;

 

– компенсаторлық, білім берудегі олқылықтардың орнын толтыру-мен байланысты, оған себепші жалпы техникалық және арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіптік білім алуы процесінде білімдерді толық меңгермеуі, бұрынғы алған білімдердің ескіруі, пәндік-кәсіби және педагогикалық білімдер мен іскерліктерді неғұрлым тереңінен меңгеру қажеттілігімен байланысты;

 

– бейімділік – ақпараттық мәдениеттің дамуы, өздігінен білім алуға, педагогикалық менеджмент негіздері және оқу мекемесінің мәртебесі, дайындық профилі, қызметі, жұмыс орны ауысқан жағдайда іс-әрекетті бейімдеу мақсатында әмбебап педагогикалық технологиялар мен жүйені жобалау іскерліктеріне үйрету;

 

– танымдық, жеке тұлғаның ақпараттық, кәсіби және ақыл-ой қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді;

 

– болжамдық, шығармашылық потенциалды ашады, олардың мүм-кіндігі мен кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындығын анықтайды. Біліктілікті жоғарылату жүйесі екі бағытта қызмет етеді: біріншісі – қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату мен кәсіби қайта даярлау; екін-шісі – білім берудегі бос уақытты өткізу формасы (мәдени деңгейді жоға-рылату, ғылыми білімдер мен жалпы ой-өрісті кеңейту).

 

Білім беру бағдарламаларының түріне қарай педагогикалық, пәндік-кәсіби және арнайы біліктілікті көтеру қарастырылады. Арнайы білік-тілікті оқу мекемелерінің қажеттіліктеріне немесе тыңдаушылардың жеке тұлғалық сұраныстарына сай жасалған интеграцияланған оқу жоспары бойынша болуы мүмкін.

 

Пәндік-кәсіби біліктілікті жоғарылату пән бойынша білім мен іскерліктерді тереңдету, жетілдіру және жаңартумен байланысты. Ол бар-лық мамандар үшін қажет, әсіресе оқытудың жаңа ақпараттық техноло-гиялары саласындағы мамандар, гуманитарлық және мәдениеттану циклы-ның оқытушылары, жалпытехникалық және арнайы пәндер оқытушылары өндірістік оқыту шеберлері үшін сынақ мерзімінен өту қажет.

 

Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының сынақ мерзімінен өтуі негізгі кәсіби оқу мекемелерінде орналасқан, материалдық-техникалық жабдықталған біліктілікті жоғарылату институт-тарының арнайы құрылған профильді кафедраларында ұйымдастырылуы мүмкін.

 

Педагогикалық біліктілікті жоғарылату инженерлік-педагогикалық кадрлардың кәсіби психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалып-


 


 

тастыру мен дамытуға, оларды жаңа кәсіби педагогикалық ойлауға бейім-деуге бағытталған.

 

Біліктілікті жоғарылату нәтижесі кәсіпқойлықтың өсуі, инновация-ларға қарсыласудың азаюы, кәсіби-психологиялық потенциалдық жетілуі, кәсіби рефлексияның қалыптасуы, мамандарды кәсіби тәрбиелеу болып табылады. Біліктілікті жоғарылатудың маңызды функциясы - маманның кәсіби өзін-өзі сақтауы, өйткені кәсіпқойлық әлеуметтік қорғанысты қамта-масыз етеді және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатады (Э.Ф. Зеер).

 

Біліктілікті жоғарылату қосымша кәсіптік білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, ол кез келген педагогикалық жүйенің элементтеріне (мақсат, мазмұн, оқыту әдістері, оқытушылар, білім алушы-лар, оқыту құралдары) ие болады.

 

Құрылымы бойынша біліктілікті жоғарылату жүйесінің аясы қосымша білім беру жүйесіне қарағанда тар және өзара байланысты элементтер тобын құрайды:

 

– қосымша кәсіптік білім беру мекемелері (академиялар, универси-теттер, институттар, оқу орталықтары), оқу-әдістемелік кабинеттер, әдісте-мелік комиссиялар мен басқа да мекемелер;

 

– білім беруде бос уақытты жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдар (лекториялар, халықтық университеттер, т.с.с.)

 

Қосымша кәсіби-педагогикалық білім беру педагогикалық ғылым мен практикадағы өз бетінше жүретін бағыт болып табылады. Осыған байланысты инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамуын басқаруда әртүрлі құрылымдық бірліктерді бөліп көрсетеді. Оны жинақ-тап сұлба түрінде көрсетуге болады.

 

1-кесте Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру құрылымы

 

Басқару Біліктілікті   Кәсіби Біліктілікті Арнайы,
органдары жоғарылату   білім беру көтеру ақпараттық
  оқу мекемелері   мекемелері курстары және мәдени
            институттар
Мемлекеттік Оқу-әдістемелік   Озық Ғылыми Қоғамдық
  орталықтар мен   тәжірибе мекемелер ұйымдар
  кабинеттер   мектептері   мен ұйымдар  

Кәсіби оқыту педагогтерінің әлеуметтік функциясы мен кәсіби іс-әрекетінің ерекшелігі олардың кәсіби дамуының ерекше күрделілігі мен жоғары маңыздылығына себепші болады. Осыған байланысты кәсіби жоғарылау мәселесі ерекше өзекті болып отыр.

 

Кәсіби дамудың формалары мен сипаты әр алуан түрде ұйымдасқан және өзіндік біліктілікті көтеруі мен жеке тұлғалық дамуы болып табы-лады. Оларға мыналар жатады: біліктілікті жоғарылату, оқу мекемелерін-


 


 

дегі курстық дайындық, әдістемелік қызмет өткізетін әдістемелік комис-сияларға, семинарларға, педагогикалық оқылымдарға қатысу; сынақ мерзімінен өту; педагогикалық және арнайы әдебиеттерді оқу; оқытушы-лық жұмыс; мақалалар дайындау және т.с.с.

 

Кәсіби даму нәтижелері кәсіби потенциалдың өсуінен байқалады және ол өз кезегінде еңбек жағдайының жақсаруынан көрінеді.

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 1563 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 7. Қосымша әдебиеттер: 3, 4.| Студентам, проходящим производственную практику

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.071 сек.)