Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Кәсіптік білім беру психологиясының әдістері

Читайте также:
  1. Газ гидраттарымен күресу әдістері
  2. Гуманитарлы білім беру тұжырымдамасының жеке тұлға тәрбиелеу мәселесі
  3. Дәріс. Кәсіптік оқыту оқытушысын дайындау ерекшеліктері
  4. Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістері
  5. Мұнай-газ қоспаларын тасымалдауда қысымның бүлкілдеуін төмендету әдістері
  6. Оқытудың жалпы заңдылықтары:C) Оқыту мақсаты.E) Оқыту мазмұны.F) Оқыту әдістері.

 

Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білім-дердің тек жиынтығына ғана тәуелді болмауы тиіс. Оқылатын пәндердің мазмұны мен әдістемесі бітіруші студенттің психологиялық ойлауының қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай болып, нәтижелі әрі ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет.

 

ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық білім алу болып табылады. Оқытушының мақсаты – болашақ маманға өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді игерту, сонымен қатар оларды тәжірибеде және шындықтағы өмір жағдайында қолдануға үйрету.

Кәсіби білім берудің міндеттері:

 

1. Болашақ маман ретінде оқушыларда дүниетанымды және жеке адамның жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастыру.

 

2. Оқушылардың кәсіби бағыттылығын тәрбиелеу, яғни өз маманды-ғына қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге (тал-пыну), оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну.

 

3. Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу-тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу үдерісіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізінде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі туралы қорытынды жасауға үйрету.

 

Қазіргі қоғамдық өмірдің сұранысына байланысты, болашақ маманда теориялық білімі мен тәжірибесінің болуы таңдаған мамандығына сай, кәсіптік оқыту орындарында жобалай білім беру үрдісін қолдану өте тиімді болып саналады. Кәсіби білім беру үрдісі – бұл кәсіптік білім беру мекеме-леріндегі педагог пен оқушылардың арасындағы әлеуметтік ұйымдас-тырылған қарым-қатынас. Негізгі компоненттері, яғни субъектісі – бұл педагог пен оқушылар. Кәсіби педагогикалық үрдістің негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы және кәсіби дамуын қадағалау.


 

 


 

Кәсіби оқыту, дамыту және тәрбиелеу факторларының байланысы 1-ші схемада көрсетілген. 1-схема

 

Кәсіби білім беру

 

Кәсіби Кәсіби

оқыту тәрбиел

еу

 

 

Кәсіби

дамыту

 

Кәсіби білім беру үрдісін келесі 2-ші схема арқылы көрсетуге

 

болады.

 

2-схема

Кәсіби білім беру үрдісінің моделі

 

 

Оқушылардың өзіндік және кәсіби дамуы

 

 

Кәсіби педагогикалық

Кәсіби оқытудың қарым-қатынас Кәсіптік білім беру

педагогі мекемелерінің оқушылары

 

Кәсіби оқыту және

тәрбиелеудегі амалдар,

 

тәсілдер, әдістер

 

Кәсіби білім берудің мазмұны

 

Қорытынды

 

 


3-схема

 

Тұлғаның кәсіби даму жобасының үрдісі

 

Мақсат   Тұлғаның кәсіби дамуы        
               
           
    1. Әлеуметтік кәсіби дамудың қалыптасуы  
Амалдар  
  2. Психофизиологиялық қасиеттердің дамуы  
     
             
           
Қорытынды   1. Әлеуметтік құзырлық      
    2. Коммуникативтік      
   
    3. Ақпараттық      
    4. Когнитивті      
    5. Арнайы      
             
         
    1. Мемлекеттік стандарттың талаптары    
Жобалау формасы  
  2. Профессиограмма және психограмма    
       
               

 

Білімдерді меңгерудің табиғи заңдылық қажеттілігіне тек оқытудың белсенді әдістеріне дидактика жауапты бола алады.

 

Педагогикада белсенді оқыту әдістері алуан түрлі. Олар әртүрлі пәндерді оқытуда қолданылады.

 

а) бағдарламаланған оқыту әдісі; б) проблемалық оқыту әдістері; в) интерактивті оқыту әдістері.

 

1. Бағдарламаланған оқыту – П.Я. Гальпериннің ХХ ғасырдың 50-жылдарында жасаған ақыл-ой іс-әрекетін кезең деп қалыптастыру теориясына негізделген оқытудың белсенді әдістерінің жиынтығы.

 

Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым – 1) оқыту - басқару процесі ретінде; 2) ақпараттық процесс; 3) жекелендірілген процесс ретінде алынған.

 

Бағдарламалап (жоспарлап) оқыту – оқыту бағдарламасына негіздел-ген. Бұл бағдарламада 1) оқу материалының өзі; 2) оны меңгерудегі оқу-шының іс-әрекеті; 3) меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келті-рілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студент бір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе, материал қайталанып беріледі. Жоспарлап оқытудың негізін


 

 


 

салушы АҚШ ғалымы Скиннер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:

1. жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу;

 

2. педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімдеу.

 

Бұл әдіс бір бағытты деп аталады.

 

Келесі әдістің авторы да – американдық ғалым Краудер. Әдіс – көптармақты деп аталады. Бұл бағдарламада студент қойылған мақсатқа өз жеке басы ерекшеліктеріне сай түрлі жолдармен жетеді. Студент бақылау сұрақтарына берген жауаптарына сәйкес не келесі бөлімге, немесе сол бөлімнің тағы бір тармағына (вариантына) көшеді. Тармақтар бірнешеу болуы мүмкін. Белгілі бір тармақты немесе бұтақты өткеннен соң студент бағдарламаның негізгі діңіне қайтып оралады. Дайындық деңгейіне, табиғи қабілетіне қарай тек қана діңмен жұмыс жасайтын студенттер де болады, ал әлсіздері тармақтарға ауысып отырады. Бірақ барлық жағдайда да нәтиже біреу - студенттер берілген білім көлемін толық меңгеріп шығады.

 

Үшінші әдіс – бейімдендірілген (адаптациялық) деп аталады. Мұнда студенттің қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкін-діктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні студенттің алдыңғы жауап-тары мен жіберген қателіктеріне байланысты. Студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделілік деңгейі, сұрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады. Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:

 

1. оқу материалының мөлшерленіп берілуі;

2. студенттердің өздігінен белсенді жұмысты тануы;

 

3. студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда

болуы;

 

4. оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекше-ліктеріне сәйкестігі;

 

5. оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі.

 

Жоспарлап оқытудың шығуы оқытуда техникалық құралдарды қолдануға және оларды жетілдіре түсуге жағдай жасалады. Жоспарлап оқытудың басты міндеті – автоматтандырылған дағдыларды және мықты білім мен біліктерді қалыптастыру.

 

2. Проблемалық оқыту – оқытудың белсенді әдістерінің бірі. Пробле-малық оқыту арқылы студенттердің белсенді ойлау әрекетінің дәрежесін көтеру, оларды ақыл-ойдың шығармашылық әрекеттерінің жүйесіне үйрету болып табылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл-ой әрекетінің сапасын арттырып, ғылыми диалектикалық ойлауды қалыптастырады.

 

Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы


 


 

тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.

 

Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушы-лардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушы-ларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, таным-дық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, М.И. Махмудов және т.б.).

 

Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы бі-лімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталан-дырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді, нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді.

 

Проблемалық оқытудың ерекшелігі – мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалы міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өз іздестіруі тиіс. Бұл техно-логиялық әдістегі ең маңызды мәселе жаңа білімді жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблемалы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белігілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский т.б.) есімдері-мен байланысты.

 

Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оның мәні неде?» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді, яғни – болжам тастау, оны негіздеу және тексеру (одан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі – проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: «субъект - объект - субъект» қарым-қатынастарына түседі.

 

Проблемалық оқыту - оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.

 

Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдасты-рылуын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс-тәсілдері-нен көрініс табады. Мұның бәрі оқытудың құрылымына әсер етеді. Сондықтан да, проблемалық оқытуды өзінің ерекше технологиясы бар жаңа дидактикалық жүйе деп санауға әбден болады.

 

Бұл дидактикалық жүйенің технологиялық негізгі ұғымдары – «проблемалық жағдай», «оқу проблемасы», «проблемалық міндет», т.б.


 


 

Проблемалық жағдай – субъектіден жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Оны оқыту процесінің кез келген кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту және бақылау) құруға болады.

 

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

 

– оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

 

– оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

 

– түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

 

– кез келген нақты қызмет саласында өздік ерекшелігі болатын кәсі-би проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.

Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:

 

– мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;

 

– біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;

 

– сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды ұсынады;

– нақты сұрақтар қояды;

 

– проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;

 

– проблемалық міндеттерді қояды.

 

Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы, проблемалық міндеттердің құрастырылуы – проблемалық оқыту-дың бастапқы кезеңдері ғана. Әрі қарай оқушылар оқытушының бағыт-тауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:

 

– проблеманы шешетіндей нұсқаларды ұсынып, болжамдарын айту;

– болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;

 

– қорытынды жасау;

– шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру.

 

Сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді. Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсінуге алып келетін проб-лемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрежеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезеңде аяқта-лады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді.


 

 


Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:

 

– проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткі-лікті мотивациямен қамтамасыз ету;

 

– әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);

 

– шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;

 

– педагогтің оқушымен диалогінің өзара түсіністік пен сыйластықта құрылуы.

 

Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін атап өтуге тиіспіз. Бұл технологияның артықшылығына оқушының өзіндік шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушы-лығының, жемісті ойлау қабілеттерінің дамуы жатады. Ал, кемшілік жағына – кей кездерде процеске қатысушылардың танымдық іс-әрекет-терінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде уақыт-тың шамадан тыс көп шығындалуын атап көсетуге болады.

Проблемалық оқыту процесі мынадай:

 

– Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.

– Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды ұсыну.

 

– Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ереже-лердің дұрыстығын түп деректер арқылы тексеру.

 

Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрын-ғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория мен тәжірибе арқылы бекіту.

 

Мәселелік жағдаятқа енгізілетін оқу проблемалары қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай болу керек.

 

Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні бар. Біріншісі – оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі – кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін жаңа білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.

 

Гипотеза жорамал – ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза – проблеманы шешу тәсілі. Мысалы, бірінші мысалдағы есепті шығару үшін оқушылар жорамалдар ұсынады, яғни проблеманы шешу тәсілдерін іздейді, оны өздері табуға тырысады.

 

Дидактикада мәселелік оқытудың көптеген түрлері жасалды: іскерлік ойындар, процестерді модельдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және басқалары.

 

Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз – оқытудың сапасын да, мерзімін де өзгертпей, бірақ оқу ақпаратын кеңірек көлемде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық


 


 

потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекшілік ететін ғылыми түрде негізделген әдістерді жасау және енгізу қажет.

 

Оқытудың жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:

 

– оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни оқулықтың негіз-гі, базалық бөлімі мен негізгі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу және орналастыру, соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиет қарас-тырылуы тиіс;

 

– оқу материалын уақыт параметріне сәйкес бөлген кезде жаңа мате-риалды сабақтың бас кезінде – оқушылардың зейіні мейлінше белсенді кезеңіне лайықтап беру;

 

– аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып, өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім қорын жасақтау.

 

3. Интерактивті оқытуға келесідей әдістер жатады: эвристикалық әңгіме, пікірталас, «Ой шабулы», «Дөңгелек үстел», іскерлік ойындар, практикалық жұмыстар жарысы және оларды талдау.

 

Эвристикалық әңгіме – бұл ұжымдық ойлау немесе проблеманың жауабын іздеуге құрылған әңгіме.

 

Пікірталас – (дискуссия) бұл арнайы бағдарламаланған оқу бағдарла-масының теориялық сұрақтарын талдауы, әдетте бұл сұрақты қоюмен басталады және эвристикалық әңгіме түрінде өріс алады.

 

«Ой шабуыл» – әдісінің мәні бойынша кұрделі проблемаға жауап іздеу барысында әртүрлі ойға кез келген идеялар, болжамдар, ұсыныстар, кездейсоқ аналогияларды интенсивті айту, сонымен қатар қатысушы-лардың керекті немесе керексіз ассоциациялары пайда болуы мүмкін.

 

«Дөңгелек үстел» әдісі әртүрлі ғылыми аспектілерде теориялық проблемаларды меңгеру жолымен қарастырылатын, тиімділікті арттыра-тын әртүрлі профильдегі мамандардың қатысуымен өтетін әдіс.

 

Іскерлік ойын әдісі – мамандарды басқару және әрекет жасауға үйрететін әдіс.

 

Интерактивті оқытудың жаңа әдісі тренинг болып табылады. Тренинг – бұл арнайы жасалған кіші топтарда қарым-қатынасты ұйымдас-тыру арқылы өтетін психологиялық түзету әдісі.

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 849 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пәннің мазмұны| Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 7. Қосымша әдебиеттер: 3, 4.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)