Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқытушы қолы __

Читайте также:
  1. A - Pseudarthroses hypertrophiques
  2. A - Wellhead to the oil or gas formation
  3. A 3 bed village house in good condition in Magalas
  4. A A/anand some103 Everyone, something, etc
  5. A Access to the inner hose (arrowed) is restricted
  6. A ANTIGA E MUITO NOBRE FAMÍLIA BLACK
  7. A Apply a thread-lock to the bolt

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацептика академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Мейірбике ісі анестезиология және реаниматология курсымен кафедрасы

Мейірбике ісі негіздері

ПӘні бойынша Әдістемелік өңдеу

Мамандығы: Мейірбике ісі

Курсы: 2

Семестрі: 3

Растырушы: Тагабаева Л.М.

ШЫМКЕНТ, 2013 ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді.

 

№ «____» хаттама «_____» ____________

 

Бекітемін.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. _________________________ Әлдешев А.Ә.

 

 

1 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медбике ісінің даму тарихы және философиясы.

2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: Оқушыларды мейірбике ісі философиясымен таныстыру

· тәрбиелік: мейірбике жұмысы барысында науқастармен, әріптестермен қарым қатынас ерекшеліктерін үйрету

· дамыту: ж ұмыс барысында тақырып бойынша алған білімдерін қолдана білу

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

· Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

· Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

· Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Жоспар:

· Мейірбике ісі философиясының түсінігі;

· Мейірбике ісінің даму тарихы;

· Мейірбике ісі негіздері сабағының мағынасы;

· Мейірбике маманының міндеттері.

 

Мейірбике ісі философиясы.

Философия - адамның рухани іс әрекетінің формасы, онын ой- пікірі, өмір турасында түсінігі. Философия әлемді бөлінбейтін түрде үйрететін пән. Адам мен әлемді біріктіреді, сондықтанда әр бір Адам, әрбір науқас бүтін бір әлем. Сау адам немесе науқаспен қаншалық көп және ықыласпен сұхбаттассаңыз, оны соншалық терең пікірлі, шексіз білімді өзіне тән мінезге, пейілге ие екеніне сеніміңіз артады. Оның физикалық азаптарымен рухани қиналуларын білу, сезіну, сізді және күрделі мәселелер әлеміне тартады. Сондықтан да науқаспен ұзақ уақыт, ауру кезеңінің басты бөлімінде бірге болатын мейірбике философиялық ой-өрісін дамытатын мәселеге кең және терең қарайтын маман иесі болуы керек. Қорытындылап айтқанда мейірбике философиясы ол медбикенің практикасына деген қарым-қатынасы мейірбикелік ісіне, әлем бүтіндігіне көзқарасы жөне онда мейірбикенің орны турасындағы дүние қарасын көрсету.

Дүние жүзілік келісімге орай мейірбике ісі философиясы негізгі 4 түсініктемеге негізделген:

1. Науқас

2. Мейірбике, мейірбикелік ісі

3. Қоршаған орта

4. Денсаулық

Жеке ад ам туралы түсінік мейірбике ісі философиясында ерекше орын алады. Науқас мейірбике қызметінің обьектісі болып табылады. Мейірбикенің әр түрлі дәрежедегі науқастар мен жұмыс істеуіне тура келеді. Әр бір науқас үшін, медбике құрмет көрсететін атмосфераны жаратады. Қызметкерлер немесе басқа да адамдар жағынан науқасқа кауіп төнсе мейірбике қажетті шараларды қолданады.

Науқас - мейірбикелік күтімге мұқтаж адам.

Мейірбике- мейірбикелік ісі философиясы мен мейірбикелік міндетін білетін кәсіби білімді маман иесі.

Мейірбикелік ісі - қоршаған орта жағдайын өзгертетін адам. Денсаулығымен байланысты мәселелрді шешуге бағытталған ғылым және өнер.

Қоршаған орта - адамныңденсаулығына өмір сүруіне әсер ететін басты фактор. Адам өмір сүруінде кездесетін социальды, психологиялык, рухани жағдайлардың жиынтығын өз ішіне алады.

Денсаулық - аурудың жоғалуы емес, жеке адамның қоршаған ортамен динамикалық сәйкестігі болып қаралады.

Мейірбикелік ісі философиясының басты пікірі адамның жетістіктеріне міндетіне құрметпен қарау. Мейірбикелік ісі философиясы мейірбике және жеке санасын анықтайды.

Этика - сөзі юнонша аetһоc- деген сөзден шыққан болып, яғни жүріс тұрыс «әдептілік» деген мағынаны білдіреді. «Әдеп» бұл адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын тәртіпке салып тұратын жағдай. Медициналық этиканы ең басты міндеттері төмендегілер: Адамдардың, науқастардың саулығы үшін адал қызмет ету әрдайым медициналық жәрдем көрсету науқасқа жан ашу, көңіл кою өзінің әрекеттерінде адамгершілікті, кішіпейілділікті сақтау медицина қызметкерлерінің міндетін түсіну, өз отанына, халқына мейірлі болу. «Әдептілік» түсініктемелері: «намыс», «міндет», «жауапкершілік», «бакыт», «ар», «қадыр кымбат», түсініктемелері жатады.

«Намыс» - бұл өз кәсібінің ұстасы болып, өз абыройын, қадірін сақтау. «Жауапкершілік»- медицина қызметкерлерінің өз міндетін атқару кезінде, кәсібін алдамау, жұмысты толығымен міндетті түрде атқару. «Қадір қымбат»- өз кәсібі, мақтанышы, өз кәсібін сүю, алға ұмтылу. «Ождан» адамның ішкі әдептілігін түсінуі, жауапкерлікті сезінуі, мінез құлқы үшін әдептілік жауапкершілікті сезінуі өз пікіріне, әрекеттеріне баға беру.

1. Эгогения науқастың өз өзіне әсер етуі

2. Эгротогения науқастың бір-біріне өзара әсері

3. Ятрогения медицина қызметкерлерінің ұқыпсыздығы, қопалдығы, дұрыс жасамаған іс әрекеттері нәтижесінде пайда болатын науқастардағы жағдай, яғни ятрогения ауру.

Бұл жағдайға төмендегілер себеп болады:

А) Науқастың диагнозын және нәтижелерін асығыс түрде науқасқа жеткізу.

Б) Қызметкелердің әрекетсіздігі немесе көңілсіздігі «сөзсіз» ятрогения.

4. Госпитализм- бұл науқастың ауруханаға және оның жағдайына үйренгеніне дейінгі жағдайлар.

Біріккен Ұлттар Ұйымының денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын ең ірі мекеме /ВОЗ/-ДДСҰ/ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болып саналады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1945 жылы қаңтар айында құрылған. Ол әртүрлі аурулармен күресуде үлкен жұмыс жүргізеді, медицина ғылымымен айналысады, журнал, бюллетеньдер шығарады, сонымен бірге «орта буынды медицина» мамандығына қатысты сұрақтарды шешеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мейірбике мамандығының мәселелерімен айналысатын арнайы сараптама комитеті бар. Бұрын бұдан басқа мейірбике мамандығына қатысты мәселермен айналысатын «Мейірбикелер мен акушерлердің құрама одағының халықаралық мекемесі» мен «Халықаралық медицинаның кеңесі» 4 жыл сайын конгреске жиналып, орта буынды медицина мамандарының теориялық және тәжірибелік сұрақтарын шешіп отырады.

ДЖДСҰ анықтамасы бойынша «Мейірбике үрдісі» - әртүрлі мейірбикелік қатынастар.

Мейірбике ісі негіздері сабағының мағынасы:

Бірінші әрекет:

· Күтім жасауда алдын ала қолданылатын шаттар;

· Клиникаға кірісулер (науқастың және оның жанұя мүшелеріне мейірбикелік процесті) үйрету, психологиялық қолдау көрсету.

· Адам және оның жанұясының қажеттілігіне баға беру;

· Қажеттілігін анықтау және жүргізу;

· Денсаулықтың алғашқы байланысты мәселелерін анықтау;

· Күтімді жоспарлау және орындау;

· Мамандық стандарттарын қолдану.

Екінші әрекет:

· Науқастарды және орта буынды медицина қызметкерлерін (мейірбике, акушерлер, фельдшерлер) үйрету;

· Адамның денсаулығын сақтауына оны қалпына келтірудегі қатынасты дағдысына, біліміне баға беру, сәйкестік деңгейде керекті хабарлауды дайындау және беріп отыру;

· Жаңа білімді дағдылану үшін науқастарға, орта буынды медицина қызметкерлеріне көмек көрсету;

· Алынған мамандық бойынша стандарттарды қолдану.

Үшінші әрекет:

· Тәуелсіз, тәуелді рольдерді орындау;

· Медициналық қызметкерлердің құрамында науқастарға қызмет көрсету;

· Кейбір компаненттерін науқаспен, оның жанұясымен және де басқа денсаулық сақтау саласындағы қызметкердің қатысуымен жоспарлау;

· Ұйымдастыруға қатысу және науқастың жоспарын, күту нәтижесін талқылау.

Төртінші әрекет:

· Орта буынды медицина қызметкерлерінің тәжірибесінің дамуын зерттеулердің негізінде жүзеге асыру.

 

Маманның жеке басына қойылатын талаптар:

· Ұжымда ұйымдастырушылық қабілетіне ие болу;

· Еңбекқор адамгершілік қасиетіне ие болуы;

· Отанын сүйгіш, халықаралық ынтымақтастықты дамытатын адам болуы тиіс;

Кәсіптік міндеттері:

· Науқастардың ауруының алдын алу, емдеу диагностикалау шараларын жүргізуге;

· Халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайы туралы деректерді жинауға;

· Біздің елде және шет елде халықтың денсаулығын қорғаудың даму болашағына қатысуға;

· Халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғаудың қағидасын, негізгі қолданылатын медициналық жабдықтардың, құжаттардың мазмұнын білуге;

· Медициналық этика мен деонтологияны, денсаулықты алдын ала сақтаудың негізгі жағдайларын білуге

· Халықты диспансерлеуге әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруын білуге міндетті.

Мейірбике маманының міндеттері:

· Науқастарды күте білуі;

· Балалардың, қартайған кісілердің үйінде, емханадағы жағдайына баға бере білуі және оларды бақылап, күтіп, керек болған кезде дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу;

· Жасанды реанимациялық іс-шаралардың әдістерін қолдана білу;

· Күрделі манипуляцияларды орындай білу;

· Дәрігерге ассистенттік көмек көрсетуді білу;

· Науқастарды және емдеу диагностикалық процедураға қажет аспаптарды әзірлей білу;

· Анализдерді талдай білу;

· Халықтың санитарлық-эпидемиялық ережелерді орындауын қамтамасыз ету;

· Құрал-жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыру, дезинфекциялауды білу;

· Медициналық құжаттарды толтыру;

· Медициналық этика мен деонтологиялық ережелерді орындай білу.

Орта буынды медицина қызметкерлері өз жұмысында, тек қана моральдық жауаптан басқа, заң алдында да жауап береді, мысалы, дәрігерлік құпияны жариялағаны үшін, құрамында наркотик бар дәрілерді ұрлағаны немесе сатқаны үшін керек жерде медициналық көмек көрсетпегені үшін және т.б.

11. Жаңа сабақты бекіту. 9 мин (10%)

Мейірбикеге қойылатын талаптар мен негізгі міндеттерді бағалау.

Тесттер:

1. Медбикелік ісі философиясымен келісілген түсінікті табу:

1) медбикенің этикалық міндеттері

2) медбикенің этикалық бағасы

а) шындықты айту

б) шыдамдылық

в) адамгершілік қасиеті

г) жауыздық жасамау

д) науқастың құқықын құрметтеу

е) жақсылық жасау

ж) күту

2. Медбикелік ісі философиясының негізгі түсініктерін атаңыз

1) науқас, медбике, қоршаған орта, денсаулық

2) денсаулық, экология, жақсылық, күту

3) күту, кәсіптес, медбике, қоршаған орта

4) қарыз, этика, деонтология, мораль

5) деонтология, этика, медбике, науқас

3. Медбикелік ісі негізін қалаушыларды атаңыз

1) Даша Севастопольская

2) Флоренс Найтингейл

3) Екатерина Бакунина

4) Варвара Щедрина

4. Адам өміріндегі кездесетін әлеуметтік, психологиялық және ішкі дүниелік жағдайлардың жиынтығы, аталады

1) денсаулық,

2)қоршаған орта

3) науқас

4) медбике

5. Медбикелік ісі философиясымен келісілген медбикелік ісіне анықтама беріңіз

1) науқаспен қарым қатнас жасау өнері

2) науқасты күту турасындағы ғылым

3) қоршаған ортада адамның ден саулығына байланысты пайда болған мәселелерді шешуге бағытталған ғылым және өнер

4) науқаспен медбикенің өзара қарым қатнасы турасындағы пән

6. Халықаралық кодекске орай медбикелердің фундаментальды жауапкершілігінің төрт негізгі аспектілерін атаңыз

1) қиыншылықты жеңілдету

2) ұқыптылықпен күту

3) аурудың алдын алу

4) денсаулықты тіктеу

5) дәрігердің айтқандарын толығымен орындау

6) денсаулықты қуаттауға кірісу

Дұрыс жауапты табыңыз

А) 1,2,3,5 Б) 2,3,4,6 В) 1,3,4,6 Г) 3,4,5,6 Д) 2,3,4,5

7. Медбикелік ісінің философиясы қанша мөлшердегі негізгі түсініктерде

1) 2

2) 3

3) 4

4) 5

5) 6

8. Медбикелік ісінің негізгі принциптерін атаңыз

1) өмірге деген, адам құқықына, жетістіктеріне құрмет

2) дәрігердің айтқандарын шала орындау

3) ұлтқа қатыссыз науқасты жақсы күту

4) науқасқа көңіл бөлу және сүю

9. «денсаулық» түсінігі білдіреді

1) аурудың болмауы

2) физикалық және материалды жетістіктер

3) аурудың болмауы және көңіл күй комфорты

4) толық физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайдағы жетістіктер

10. Медбикелік ісінің философиялық көзқарасына орай «медбике» түсінігі

1) қандас туысқан аға

2) Медбикелік жұмысқа құқықы бар, медбикелік ісінің философиясын бөлетін кәсіптік маман иесі

3) науқасқа күтім жасайтын медицина қызметкері

4) науқасты күтіп, бақылайтын әйел

 

Ситуациялық есептер:

1. Қабылдау бөліміне ыстығы шыққан үш жасар баланы алып келді, баланың ыстығы көтерілген, жағдайы орташа ауырлықта. Балаға дәрігер ыстығын түсіретін дәрі берді. Бала қолында шприці бар мейірбикені көргенде қорыққаннан айқайлап жылады. Бұл кезде мейірбике не істеу керек?

2. Кардиология бөлімінде жатқан 72 жастағы қария науқас ауруының қауіпті екеніне қарамастан, мен бәрібір емделмеймін «өлімім» жеткен көрінеді деп мейірбикенің манипуляцияларынан бас тартты. Бұл кезде мейірбике науқасқа қандай көмек көрсету керек?

 

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1, 1 - бөлім, 3 -12 бет

2 – cабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық мекемелердің негізгі түрлері.

2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: Оқушыларды ЕСҰ негізгі типтерімен таныстыру

· тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын ЕСҰ шарттарына тәрбиелеу.

· дамыту: кез – келген медициналық ұйымдардың түрін ажырата білуді үйрету

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

· Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

· Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

· Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

- Мейірбике ісі философиясы ұғымы.

- Науқас, мейірбике, мейірбике ісі, қоршаған орта, денсаулық ұғымдары.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Жоспар:

- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;

- жеке ЕП¥ бағыттары;

- ЕП¥ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;

- медбикенің күкығы мен міндеттері;

- стационардын кұрал-жабдықтары, күрылымы және күрылысы;

- аурухана қүрылысы.

 

Емдік мекемелер өзінің функциясы бойынша 2 негізгі топқа бөлінеді:

1. амбулаториялык (емхана, амбулаторйя, медициналы-санитарлы бөлім, диспансерлер, жедел кемек көрсету станциясы, әйелдер консультациясы)

2. стационарлык (госпитальдар, клиникалар, санаториялар, ауруханалар).

Емхана - амбулаториялык емдік-профилактикалык мекеме, кұрамына негізгі клиникалык мамандар бойынша (терапия, хирургия, гинекология, неврология, көз аурулары, эндокринология, ортопедия, уролог-ия) дәрігерлік кабинеттер кіреді. Емханада негізгі диагностикалык кабинеттер бар: реңтген, функционалды диагностика және т.б. Емдік ине егу орындауға арналған кабинеттер бар: физикотерапевтік бөлімше, емдік дене шынықтыру кабинеті, инъекция жасайтын процедуралык кабинет және т.б. емхана күрамында тіркеу, кызмет көрсету кабинеттері және бірқатар косымша кабинеттер бар.

Емхананын негізгі жұмыс істеу ережелері - территориалды-бөлімшелі. Емхана кызмет ететін территория бөлімшелерге бөлінеді, ол әр бөлімшеге дәрігер және бөлімшелі медбике тағайындалады. Бұларға белгілі бір халықтың саны бекітіледі.

Бөлімшелі дәрігер мен медбике өз бөлімшесінде жүргізілген емдік және профилактикалык шараларға толык жауапты болады. Бұдан бөлек халыкка диспансеризация жұмыстарын жүргізудін үлкен маңызы бар.

Диспансеризация - бұл халықтың денсаулығын, тұрмысты және енбек шарттарын окып білу, аскынған ауруы бар науқастарды білу мақсатында жүргізілетін систематикалык бакылаудағы ұйым.

Амбулатория - кала типтес ауыл түрғындарына көмек көрсететін, күрамында 1-3 дәрігері (5-тен көп емес) ауруханадаң тыс мекеме. Амбулатория кұрамына дәрігерден басқа фельдшер, акушер, медбикелер және санитарлар кіреді. Амбулатория медбикесінін жұмысы бөлімшелік медбикенің жұмысына ұқсас, бірақ қатаң жауапкершілікті талап етеді.

Медициналы-санитарлы бөлім жүмысшыларға және қызмет көрсетушілерге медициналық қызмет көрсету мақсатымен өндірістік мекемелер ұйымдастыратын емдік-профилактикалык ұйымдар комплексі. Бұлардың жұмыс істеу ережесі цехті-бөлімшелі ережесі бойынша жұмыс істейді. Медициналы-санитарлы бөлімшенің кұрылымы әр түрлі болады: олардың кұрамына емхана, амбулатория, стационар, емдеу пунктері, стоматологиялык емхана, профилакториялар, санаториялар, балалар лагерлері кіруі мүмкін.

Медициналы-санитарлы бөлімдердін функциялары әр түрлі. Амбулаториялык медициналык көмек көрсетуден, науқастарды стационарда емдеуден бөлек тұрғындарымен жұмыс істеу мекеме өкілдері жұмысшылардың денсаулығын бакылау бойынша диспансеризация жұмыстарын жүргізеді. Бұл жүмыстар жүмысшыларды жүйелі профилактикалык қараудан, аскынған аурулармен ауыратын адамдарды табу, ауырғандардың барлығын амбулаториялык шарттармен немесе стационарларда емдеу аркылы іске асырылады.

Бөлімшелі медбикелер мен дәрігерлер, емдеу пунктерінін жұмысшылардың еңбек ету шарттарын жұмыс орнында карайды, өндіріс жұмысшыларынын тұрмыс және еңбек шарттарын жақсарту максатына бағытталған профилактикалык комплексті шараларды шешуге қатысады.

Диспансерлер - диспансерлі әдіс бойынша жұмысты жүргізетін (ауру түрі аныкталған - туберкулез, тері аурулары және т.б. - ауруларды емдеу) амбулатория түрлері арнайы

мамандандырылған ерекше мекемелер. Профилактика және емдеумен бірге диспансерде патронаж жүргізіледі. Диспансер жұмысының спецификасы бойынша туберкулезге карсы, онкологиялык, тері-венерологиялык, психоневрологиялык және т.б. болып бөлінеді.

Жедел медитналық көмек көрсету станциясы- науқастарға тәулік бойы жедел түрде медициналык көмек көрсететін (жаракаттанғанда, уланғанда, кан аққанда) емдік мекемелер. Жедел медициналык көмек көрсету станцияларында жұмысшылар 2-3 адамнан тұратын бригада болып істейді (дәрігер және бір немесе екі фельдшер). Медбикелер халыктан шакыру алатын және оларды шығушы бригадаларға айтатын диспетчер болып істей алады.

Әйелдік кенес беру орталығы - екі кабат әйелдерді бакылау және гинекологиялык аурулардың профилактикасы және емдеуі жүргізілетін емдік-профилактикалык мекеме. Әйелдік кеңес беру емхана сияқты территориялы-бөлімшелі ережесі бойынша жұмыс істейді.

Госпиталь әскери адамдарды және соғыс мүгедектерін емдейтін аурухана болып табылады.

Клиника - ауруларды стационарлы емдеуден бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін емдік-профилактикалык мекеме.

Санаториялар - аурулардын толык жазылуы жүретін стационарлы мекеме. Санаториялар емдік минералды суы немесе балшығы бар колайлы климатты жерде орналасады.

Ауруханалар - үнемі карауды және емдеуді кажет ететін ауруларға арналған емдік мекеме. Сипаты және куаты жағынан ауруханалар бірнеше топка бөлінеді.

1. Мамандығы бойынша:

а) бір маманды (психиатриялык, инфекциальдык және т.б.);

б) көп маманды: аурухана кұрамында бөімшелер болады: терапиялык, хирургиялык, гинекологиялык және т.б.);

2. Максаты бойынша:

а) аудандық; б) калалык; в) облыстық; г) республикалық.

3. Төсек орындык куаты бойынша. Төсек орнының санына байланысты категорияларға белінеді.

Ауруханалардың негізгі кұрылымды бірліктеріне мыналар жатады: кабылдау бөлімі; арнайы бөлімшелері немесе палаталары бар стационарлар; косымша бөлімшелер (рентген, патологоанатомиялык, лабораториялар, физиотерапиялык және т.б.); дәріхана; асхана; әкімшілік және басқа бөлмелер.

Емдік бөлімшелер (терапиялык, кардиологиялык, гастроэнтерологиялық және т.б.) келесі бөлмелерден тұрады:

- наукастарға арналған палаталар;

- санитарлы түйін (ванна, душ, туалет, әйелдерге арналған гигиеналык бөлмелер); ине егу кабинет;

- манипуляциялык кабинеттер;

- асхана;

- ординаторлык (дәрігерлерге арналған кабинет);

- бөлімшені басқарушы кабинеті;

- жоғарғы медбикенің кабинеті;

- медбикелік.

Медбике жұмысынын мазмүнын ЕП¥ әкімшілігі орта медициналык жұмысшынын тарифті-квалификациялык сипатына негізделіп жасайды.

Стационар медбикесінің функционалды міндеттеріне келесілер кіреді: бөлімшеде емдік-карау тәртібін сактау, дәрігердін тапсырмасын уакытылы орындау, наукастарға карау, дәрігер наукасты карағанда наукасқа көмек керсету, наукастың жалпы жағдайын бакылау, бірінші дәрігерге дейінгі көмекті көрсету, санитарлы-эпидемиологиялык тәртіпті сактау, инфекционды ауру туралы СЭС-ке уактылы ақпарат жеткізу, дәрілік заттарды алу және оларды сақтау мен тексеру, бөлімшенің кіші медкызметкерлер баскарушылык жұмыстарын жүргізу. Медбикелер жүйелі түрде өз квалификациясын жоғарлату керек, емдік мекемеде немесе бөлімшеде ұйымдастырылатын конференцияларға катысу керек.

Емхананың бөлімшелі медбикесі дәрігерге көмек көрсету керек, әр түрлі іс қағаздарды толтыру керек, науқастарды әртүрлі егулерге дайындау керек, лабораториялык және аспаптык зерттеулерді білу керек. Емхана медбикесі жұмысты үйінде жүргізеді:

дәрігердін тапсырмасын орындайды, туыскандарды наукаска қараудың қажетті элементтеріне үйретеді, наукастың физиологиялық кажеттіліктерін канағаттандыратын колайлы жағдайларды жасауға үйретеді, науқасқа және онын жанұясына психологиялык колдау көрсетеді, өзінің наукастарының денсаулығын жаксарту мақсатында әртүрлі іс шаралар жүргізеді.

Фельдшердің міндеттері өте кен, әсіресе дәрігер болмаған жағдайда. Фельдшерлі акушерлік пунктте фельдшер стационарлы, консультативты, амбулаториялык көмек көрсетуді, үйге көмек көрсетуді, санитарлык-профилактикалык жұмысты, дәріханадан дәрілік заттарды жазып алу жұмыстарын және т.б. жүргізеді. ЕПҰ-да дәрігер басшылығымен жұмыс істейді.

Перзентхана және әйелдік кеңес беру акушерінің жұмыс істеу мазмұны жұмыстың нақты ерекшеліктеріне байланысты. Ол өздігінше немесе дәрігермен бірге босануды кабылдай береді, екі кабат әйелдердің, ана мен баланын емдік-профилактикалык жұмыстарын жүргізеді. Ол гинекологиялык аурумен ауыратын адамдарды аныктап, әйелдердін босануына кажетті психопрофилактикалык жұмысты, екі кабат әйелдерді бақылауды жүргізеді. Акушер, емхана медбикесі сияқты үлкен патронажды жұмысты жүргізеді, медбикенің тікелей міндеттерін орындайды.

Фельдшер, медбике және акушер өзінін міндеттерін аткару үшін көлемді білім деңгейі және практикалык кабілеттері болу керек, карауда жауапкершілік танытып, жанашарлык болу керек. Олар өзінің психологиялык, мамандык және баска сапаларын үнемі жетілдіріп тұру керек.

Олар инфекциалык ошақтарды жою жұмыстарына, профилактикалык егу жүргізгенге, дәрігермен бірге балалар мекемелерін тексеруге катысады. Арнайы дайындығы бар орта меджұмысшылар рентгенологиялык, физиотерапиялык және баска да мамандандырылған бөлімшелерде немесе кабинеттерде жұмыс істей алады.

Орта меджұмысшылар құқығы жок функцияларды өз мойнына алғаны үшін тәртіптік немесе кылмыстык жауапкершілікке тартылады.

11. Жаңа сабақты бекіту. 9 мин (10%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

1. Стационарлы емдік мекемелерге кіретіндер:

а) емхана

б) санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана

д) клиника

е) әйелдер консультациясы

ж) диспансер

з) госпиталь

и) медициналы-санитарлы бөлім

к) жедел көмек керсету станциясы

Жауаптардын дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

1) б, в, д, и 2) а, г, д, е, з 3) г, д, ж, к 4) б, г, д, з 5) б, в, и, г, к

 

2. Қала типтес ауыл тұрғындарына көмек көрсететін, кұрамында 1-3 дәрігері бар, ауруханадан тыс емдік мекеме_______аталады.

а) емхана

б) санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана

д) клиника

 

3. Қай емдік мекеме территориалды-бөлімшелі принцип бойынша жұмыс істейді:

а) медициналық-санитарлық бөлім

б) госпиталь

в) диспансер

г) емхана

д) санаториялар

 

4. Амбулаториялық емдік мекемелерге жатады:

а) емхана

б) санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана

д) клиника

е) әйелдер консультациясы

ж) диспансер

з) госпиталь

и) медициналы-санитарлы бөлім

к) жедел көмек көрсету станциясы

Жауаптардын дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

1) а, б, д, и, к 2) а, в, е, ж, и, к 3) б, в, г, з, и 4) а, д, ж, и, к 5) б, в, е ж, и

 

5. Көрсетілгендердің кайсысы топтык наукастарға емдік – профилактикалық көмек көрсетуге арналған емдік - профилактикалык мекеме болып табылады:

1) емхана

2) аурухана

3) жедел көмек көрсету станциясы

4) диспансер

5) клиника

 

6. Санатория типті мекемелерге жатады:

1) туберкулезге карсы санатория

2) дене шынықтыру диспансері

3) курортты ауыл тұрғындарына арналған емдік пункті

4) әйелдер консультациясы

5) курортты пансионат кызмет ететін емхана

 

7. Емханаға ұйінен кұйіп калған ауруды алып келді. Сіз медбикесіз, сіздің тактикаңыз? Бұндай ауруды сіз емханада емдейсіз бе?

1) бірінші көмек көрсетпей үйіне кайтару

2) ия

3) қажетті бірінші көмекті көрсетіп, стационарға жіберу

4)жок

5) ауруға ауруды токтататын дәрі беру

 

8 Патронаж дегеніміз не?

1) үнемі аурулардын үйіне барып тексеру

2) медбикенің жасөспірімдермен жұмысы

3) медбикенің кәрі адамдармен жұмысы

4) медбикенін бөлімшедегі жұмысы

5) профилакториядағы медбикенің жүмысы

 

9. Қандай ауруларға стационарлы емдеу көрсетіледі?

1) емханадан бағыт алған ауруларға

2) стационарлы-курортты емдеуден өткен ауруларға

3) диспансерлі тіркеуде тұрған ауруларға

4) туб диспансерде тіркеуде түрған ауруларға

5) диагностиканын күрделі әдістерін және жүйелі кадағалауды талап етілетін ауруларға

10. Емдік профилактикалық мекеме нешеге бөлінеді?

1) 3

2) 2

3) 5

4) 6

5) 4

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР.

1. Ауру түру орны бойынша, емханаға күрсак бөлігінде операцияны талап ететін хирургиялык аурумен шағымданды. Ол қандай емдік мекемеге жіберілуі керек?

2. Ауруды буындар ауруы бойынша стационардан емдеп шығарды. Ауруға ары карай минералды ванналарды және балшыктарды кабылдау үсынылды. Ол кандай емдік мекемеге жіберілуі керек?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1, 1- бөлім, 154 – 173 бет

 

 

3 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі медициналық мекемелеріндегі медбикелер қызметінің негізгі бағыттары

2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

· оқыту: оқушыларды әртүрлі медициналық мекемелеріндегі медбикелер қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру

· тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын этика және деонтологиялық нормаларға тәрбиелеу.

· дамыту: ауруханаларда медицина қызметкерлерініңжұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

· Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

· Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

· Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;

- жеке ЕПҰ бағыттары;

- ЕПҰ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;

- медбикенің күкығы мен міндеттері;

 

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Жоспар:

• Мейірбике процесінің негізгі бес кезеңі

• Мейірбикелерге квалификциялық сипаттама

• Науқасты аспаптармен және зертханалық зерттеудің алдында, оларды дайындықтан өткізуі

• Халі ауыр науқастарды күтімі

• Адамға керек 14 қажеттілік А.Маслоу бойынша

 

Мейірбике процесі бұл қазіргі кездегі мейірбикелер ісінің модельдер негізінің түсінігі. Мейірбикелер ісі бойынша оқыту стандартының талабына сәйкес, мейірбике процесі- бұл науқасты күтуді ұйымдастыру әдісі және науқасты мейірбикелік күтуді орындауға және адамның, отбасының, қоғамның, физикалық, психологиялық және әлеуметтік талабын қанағаттандыруға бағытталған шара.

Мейірбикелердің қызметі науқасты дұрыс қарауға және денсаулығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған. Ол үшін мейірбике науқасты жеке жан-жақты қарап, өзінің жұмысын дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана науқас уақытына сәйкес сырқатынан жазылады, ал ол мейірбикелердің әлеуметтік мәртебесін және қоғамдағы абыройын жоғарылатады. Мейірбикелер науқастың алып жатқан әр түрлі ем – шараларына ағзаның беретін жауап реакциясын бақылауы керек және жасалып жатқан шаралар туралы науқастың да пікірін тыңдағаны дұрыс. Мейірбике процесін жүргізуде ең әуелі өзін-өзі бақылауы тиісті және алға қойған мақсатына жеткенін мейірбикенің өзі анықтайды. Мысалы, мейірбике науқасқа ауыратын жерін басатын дәрі салды делік, арада шамалы уақыт өткен соң мейірбике міндетті түрде, оның нәтижесін бақылауы керек.

Мейірбике процесі негізгі бес кезеңнен тұрады:

Кезең. Мейірбикелердің науқасты зерттеуі немесе тексеруі.

Науқастың денсаулығы жайлы мәлімет жинау, бұл субъективті және объективті сипатта болады. Субъективті әдіске - науқас туралы физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелер жатады. науқастан мәліметті сұрау арқылы немесе бұрынғы тексерілген құжаттары болуы мүмкін немесе дәрігермен болған әңгімелері немесе туыстары арқылы алынады. объективті әдіс – бұл науқастың физикалық жағдайын көзбен көріп, қолмен ұстап тексеріп, оған баға береді. Науқастың бойын, салмағын өлшейді, дене қызуын, тыныс алу санын, қан тамырларының соғуын, артерия қысымын өлшеп анықтайды және оларға баға береді. Бұл кезеңде алынған мәліметтерді мейірбике науқастың ауру тарихына немесе мейірбикенің байқау картасына жазады, бұл мейірбикенің кәсіби дербес қызметтерінің құжаты болып есептеледі.

Кезең. Науқас мәселесін тұжырымдау және мейірбике диагнозын құрастыру.

Науқас мәселесі қазіргі және алдағы уақытта болатын мәселе болып бөлінеді. Қазіргі мәселеге яғни науқасты дәл қазір не мазалайды, сол мәселе жатады, ал потенциалды мәселе болса, ол дәл қазір жоқ, бірақ кейіннен пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайда науқасты бір емес бірнеше мәселе мазалайды, мұндай жағдайда мейірбике жан-жақты ойланып науқасқа сол мәселелердің ішінде қайсысы өте қауіпті екенін анықтап барып, соған қарсы әрекет жасайды.

Мейірбике диагнозына келетін болсақ, дәрігер диагнозы мен мейірбике диагнозы арасында айырмашылық бар. Дәрігер диагнозы науқаста пайда болған белгілі аурудың негізінде қойылса, ал мейірбике диагнозы науқастың қазіргі немесе потенциалды проблемасына сәйкес науқас ауруының ағзаға берілетін реакциясының негізінде қойылады.

 

Кезең. Мейірбикелер күтімінің мақсатын анықтау және мейірбикелер қызметін жоспарлау.

Мейірбике күтімін жоспарлау мақсаты тез арада немесе ұзақ уақыт ішінде жетістікке жетуге бағытталған. Мақсатты қалыптастырғаннан кейін нәтижесін күту, орындалу уақыты, әрекеті және жағдайы. Мысалы: мақсаты - науқас мейірбикенің көмегімен 1- наурызда кереуеттен тұруы керек.

Әрекеті – кереуеттен тұруына жағдай жасау - мейірбикенің көмегімен. Күту жайлы мақсаттарды және міндеттерді анықтағаннан кейін мейірбике егжей тегжейлі етіп жасаған жұмыстарын мейірбикелік ауру тарихына немесе мейірбикелік байқау картасына жазады.

Кезең. Жоспарлы іске асыру әрекеті.

Мейірбике бұл кезеңде аурудың алдын алу, зерттеу, емдеу, науқасты бұрынғы қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Мейірбикенің араласуы үш категорияға бөлінеді. Категорияны таңдау науқастың мұқтаждығына қарай анықталады. Мейірбикенің тәуелді араласуы дәрігердің нұсқауымен және бақылауымен іске асырылады. Мейірбикенің дербес араласуы дәрігерсіз өзінің ойымен, ақылымен жұмыс істейді. Мысалы, науқасты гигиена жайлы үйрету т.б. Мейірбикенің өзара араласуы – мұнда мейірбике дәрігер мен немесе басқа мамандармен бірігіп жұмыс істейді.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 870 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Төсекті ауыстыру | Kabul eden: J.B. Ataýew | Mesopotamia from Both Sides | Coda: Amateur Archaeology in Iraq |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Курс, 4 семестр| Ситуациялык есептер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.101 сек.)