Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ауіпті жӘне зиянды факторларды талдау

Читайте также:
  1. Дәріс №2. Термиялық талдау
  2. Дәріс №9. Масс – спектрлік талдау
  3. Модульденген сигналдардың спектрлік талдауы.
  4. Неркәсiптiк объектiнiң қауiпсiздiгiн талдау
  5. Рентген құрылымдық талдаудың әдістері
  6. ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

 

Аудан күрт континентальды климатымен жауын-шашынның аз мөлшерімен, суық, желді қысымен және құрғақ, ыстық жазымен сипатталады. Қыста температура – 400 С, ал жазда + 400 С –ге дейін. Жылдамдығы 15 м/с желдер мен ауаның 35% ылғалдылығы сипатты. Атмосфералық жауын – шашын аз. Олардың ең көп мөлшері сәуір мен қырқүйек айларында болады және 63 – 85 мм шамасында.

Мұнайдың негізгі элементтері көміртегі мен сутегі. Мұнайдың қауіптілігі мен зияндылығы, оның құрамындағы ауыр және жеңіл көмірсутектердің фракцияларына байланысты. Жолаушы газдың 75,6% -і метан, 20,4% -і этан, 1,96% -і пропан, 0,4% -і бутан және 0,1%- і көмірқышқыл газ, азот және т.б. инертті газдар. Метан, этан, пропан, бутан улы емес газдар қатарына жатады. Олармен аз мөлшерде тыныс алу, адам организміне кері әсерін тигізбейді.

Мұнай кәсіпшіліктерінің электрлендірілуінің жоғары деңгейі мен электр жабдықтарды пайдаланудың ауыр жағдайлары қызмет ететін адамдардың электрден қауіпсіздендірілуіне аса мұқият көңіл бөлуді талап етеді. Электр тоғының адамға әсер етуінің ерекшеліктері болып, қауіптің айқын белгілерінің болмауы, күтпеген жерден болуы, өлім қаупінің жоғары ықтималдығы болып табылады.

Қабат қысымын көтеру жөніндегі жұмыстардың негізгі бөлігі ашық аспан астында жүргізілетіндіктен, жұмысшыларға климат кері әсерін тигізеді. Су айдауды, қабат қысымын көтеру цехы жүргізеді. Цехтағы ауаның ылғалдығы 28%.

Суды дайындауда және айдағанда шоғырлы сорап станцияларында ЦНС–180–950 электрсораптарын қолданады, олар қозғалысқа 6000 В кернеудегі СТД–800–2 электр қозғалтқыштармен келтіріледі. Жұмыс кезінде туындайтын шу 92 – 104 ДБ, ал адам үшін қауіпсіз деңгей 85 ДБ.

Су құбырларындағы тасымалдау қысымы 10–15 МПа, айдалатын судың температурасы 70 – 800С, ал адам үшін қалыпты температура 360С, жоғарыдағыдан екі еседей аз; технологиялық ережелер сақталмаған жағдайда термальдық судан күйіп те қалуға болады.

Өрттен қауіпсіздік қатынасында қабат қысымын көтеру цехы "Б" өндірістік категориясына, өртке беріктіктің ІІІ дәрежесіне жатады.

 

4.3 ӨРТ СӨНДІРУ ҚҰРАЛДАРЫНА ТАЛАП

 

Әрбір мекеме мен аймақта жергілікті өрт қорғанысымен келісілген және мекеме басшысымен бекітілген осы күнге ережелер негізінде өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар шығарылуы тиіс.

Өрт қауіпсіздігі бойынша ереже талаптарының сақталуын бақылау мекеме мен аймақтың әкімшілігіне жүктеледі.

Аймақтың әрбір жұмысшысы мен оған кіріп - шығатын адамдар өрт қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде біліп, оларды қатал орындау қажет, ал өрт пайда болған жағдайда өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға барлық шараларды қабылдау керек.

Өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған айыпты адамдар Қазақстан – Республикасының әрекетті заңдылықтары бойынша тәртіптік әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Өрт сөндіру құралдарын таңдау және сөндіру кезінде жабдықтардың, материалдардың, заттардың бүлінуіне әкелетін өрт сөндіру құралдарының ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Аймақта өрт сөндіргіштерді, өрт сөндіру құралдарын және өрттік дабыл беру жүйесін орналастыру «Аймақтардды қорғау үшін өрт техникасы» ГОСТ - ССБТ - ға сәйкес көрсетілеі.

Біріншілік өрт сөндіру құралдарды бөлмелерден кіріс - шығыс жерлерде, сондай - ақ өрт ошағы пайда болуы мүмкін өрт қауіпті жерлерде орналастыру қажет. Оларды орналастыру үшін келесідей ұсынылатын инвентарь жинағы бар арнайы өрт щиттері орнатылуы тиіс:

- көмірқышқылды өрт сөндіргіштер 1

- құмы бар жәшік 1

- тығыз жанбайтын мата 1

- күректер 2

- ломдар 2

- балта 1

- өрт шелектері 2

Мекеме территориялары бір щит есебінен 5000м - қа дейінгі ауданғаөрт щиттерімен қамтамасыз етіледі.

Біріншілік өрт сөндіргіштер құралдарының қажетті мөлшері әрбір қабат пен ғимарат бойынша бөлек есептеледі.

Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар үшін мүмкін ошақтан өрт сөндіргішті орнату орнына дейінгі қашықтық 20м - ден, А, Б және В категориядағы бөлмелер үшін 30м - ден, В, Г бөлмелері үшін 40м - ден, Д категориядағы бөлмелер үшін 70м - ден аспауы тиіс.

Өрт сөндіргіштердің орны «Дабылдық түстер және қауіпсіздік белгілері» ГОСТ - қа сәйкес еден деңгейінен 2 - 2,5м биіктікте көрінетін жерлерде орналасқан көрсету белгілері бойынша анықталады.

Өрт сөндіргіштерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету дайындаушы заводтың құжатына сәйкес жүзеге асырылады.

Аймақтарда өрт инвентарінің мөлшері және оны дұрыс күйде сақтауға жауапты адамар көрсетілген кестелер орнатылуы тиіс, кезекшілікті тапсыру кезінде журналда өрт сөндіру құралдарының ұрыстылығы мен толықтылығы туралы белгі қойылады.

Пайдалану бойынша құжаттар мен нұсқаулар жауапты адаммен белгілі бір жерде сақталады.

Өрт сөндіргіштерді беріктілікке сынау және зарядтау дайындаушының нұсқауларына сәйкес мамандырылған ұйымдармен жүргізіледі.

Мекемелерде көбікті, көмірқышқылды, көмірқышқыл - бромэтилді, аэрозольді және ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолдану ұсынылады.

Көбікті және көмірқышқыл - бромэтилді өрт сөндіргіштер жану және жарылыс қаупін күшейте отырып, барлық жанғыш қатты және сұйық заттардың тұтануы кезінде жаңадан басталып жатқан өрт ошақтарын өшіру үшін арналған. Көбікті өрт сөндіргіштер кернеу астында тұрған электр жабдықтарын өшіру кезінде қолданылмауы тиіс.

Көбікті сөндіру қондырғыларына жарты жылда бір рет көбік түзейтін құрлдардың сапасын тексеру қажет.

Көбік түзейтін құралдарды қолдану, сақтау және сапасын тексеру жағдайлары «Көбік түзеушілерді пайдалану, сақтау, тасымалдау және оның сапасын тексеру бойынша нұсқауларда» баяндалады.

Көбік түзеушілер сақталатын резервуарлар мен сыйымдылықтары жөндеу және қызмет көрсету кезінде мұнай және мұнай өнімдері бар резервуалар мен сыйымылықтарды жөндеу және қызмет көрсету кезіндегі сияқты өрт қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс.

Көбікті сөндіру қондырғылары мен құралдарына көбік түзейтін қондырғылар - көбік араластырғыштар, әуе - көбікті бағаналар, жоғары еселі көбік генераторлары, генераторлары бар көбік көтергіштер, көбік түзеушілер жатады. Оларды айына бір рет тексеру қажет. Бұл кезде жалпы аппараттар мен қондырғылардың бөлек бөлшектерінің жағдайы тексеріледі, аппаратты тазалау, қажалатын беттерді майлау жүргізіліп, формуляр журналда сәйкесінше жазу жасалады.

Аэрозольді және көмірқышқылды өрт сөндіргіштер әртүрлі материалдар мен заттардың аз ғана жануын, сонымен қатар 330В- тан жоғары емес кернеу астында тұрған электр қондырғылардың жануын өшіру үшін арналған.

Ұнтақты өрт сөндіргіштер сілтілі металдарды, мұнай өнімдерін, ерекшеліктерді, қатты заттарды және 380В - тан жоғары емес кернеу астында тұрған электр қондырғыларды өшіру үшін арналған. СИ - Д ұнтақты құрамы бар СИ - 120 өрт сөндіргіші - алюминий органикалық қосылысты және СИ - ВК заряды бар өрт сөндіргіші - кремний органикалық қосылыстарды өшіру үшін арналған.

Мұнай - газ өндіру аймағының кәсіпшіліктері БППБ - 93, СН және П жобасымен және талаптарына сәйкес стационарлы өрт сөніру кешендерімен жабдықталады, олар өз кезегінде тапсырыс берушінің, жобалық ұйымның, өрт бақылау органдарының шешімі бойынша толықтандырылуы мүмкін.

Төмендетілетін аймақтардың қызметкерлері автоматты өрт сөндіру құралдарының бар екендігі туралы мәлімет алып, жұмыс принциптері мен техника қауіпсіздігінің ережелері туралы инструктажан өтуі тиіс.

Стационарлы өрт сөндіру құралдарының техникалық жағдайын бақылау үшін бұйрықпен мекеменің техникалық қызметкерлерінің ішінен жауапты адам, ал қонырғыға тәуліктік қызмет көрсету үшін – арнайы айындықтан өткен жұмысшылар санынан бригаа белгіленеді. Стационарлы қондырғының жұмысына жауапты адам оның жағдайын жүйелі бақылап, журналды ұрыс жүргізуі тиіс.

Қызмет көрсету бригадасы кезекшілік кезінде өрт сөндіру заттары қорының сақталуын, құбырдағы қысымның шамасын, тіректі арматураның дұрыс орналасуын, автоматты және дистанционды жіберу атчиктері мен тарату құбырларының, желілерінің жағдайын бақылауы тиіс.

Газбен сөндіру құралдарын бақылама өлшеуді әрбір 3 айда жүргізу қажет. Тексеруі жүргізу күндері мен олардың нәтижелері арнайы журналға енгізілуі тиіс.

Автоматты өрт сөндіру құралдарының жүйесіндегі қысым әр ай сайын тексерілуі тиіс. Қысымның төмендеуі 0,02МПа - дан аспауы тиіс.

Жылына бір рет автоматты өрт сөндірудің барлық жүйесінің жұмысын тексеруүшін өрт сөндіру қондырғыларының аппараттары мен құбырларға гидравликалық сынамалар жүргізіледі.

Өрт сөндіру құралдарын бұйрықпен белгіленген адам өрт қорғау органдарының жұмысшыларымен бірге тексеріп, сынауы тиіс.Тексеру және сынау нәтижелерін актпен реттеу қажет.

Қондырғыларды тексеру кезінде қондырғының бөлек аймақтарын жылыту құрылғылары мен жылу оқшаулағыштарға ерекше назар аудару қажет.

Стационарлы өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған аймақтарда техникалық жағайларға сәйкес өрт сөндіру қондырғыларынан сұйықты құю деңгейіне дейінгі қашықтықты бақылау қажет.

Өрт құбырларындағы тіректі құрылғыларды жеңіл алынатын жерлерден орналастыру қажет. Әрбір тіректі құрылғыда қымет көрсету аймағы көрсетілген нақты белгі болуы тиіс. Түнгі мезгілде басқарудың әрбір торабы жарықтандырылған болуы тиіс.

Автоматты өрт сөндіру жүйесі мен өрттік дабыл беру жүйесін пайдалануды «Өрт автоматикасы құралдарын техникалық сақтаудың типтік ережелері» мен «Өрт сөндіру қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша нұсқаулармен» сәйкес жүзеге асыру қажет.

Жылжымалы өрт сөндіргіштердің типі мен мөлшері жобамен, ал жобалық құжат болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының келісімі бойынша мекеменің басшысымен анықталады.

Жылжымалы өрт техникасының аймақтарын іріктеп сайлау норма бойынша жүргізіледі.

Жылжымалы қондырғылар мен өрт сөндіру құралдарының мөлшері аймақ бойынша бір өрт есебінен анықталады.

Өрт техникасы мен өрт жабдықтары үнемі дұрыс күйде болуы тиіс. Оларды сақтау үшін арнайы қыздыру қамқорлығы қамтамасыз етілуі тиіс.

 

5 ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМІ

 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 396 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТЕКТОНИКА| ОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)