Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ятрохимия және медицина.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  3. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  6. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда
  7. АХЭ кері және токсикалық әсерлері

Қайта өрлеу дәуірінде ятрофизика және ятромеханикамен бірге кең өріс алған ятрохимия – химия дамуымен байланысты медицинадағы бағыт.

Ятрохимияның негізін салушылардың бірі – Ере Қайта өрлеудің табиғатты зерттеушісі, әрігері және химигі Филипп Ауриол Теофраст Бомбаст фон Гогенгейм. Тарихта бұл ғалымның есімі Парацельс деген латын атымен белгілі. Парацельс бойынша, медицинаның негізі тәжірибе болып табылады. Тәжірибесіз білім жоқ. Ол дәрілердің мөлшерленуі туралы білімді дамытқан. Бірақ ол қателесулер мен Ортағасырлық сарқыншақтардан босай алмады.

Теофраст Парацельс – медицинаның реформаторы. «Парацельс» есімі аударғанда «Цельспен бірдей, Цельске ұқсайтын» дегенді білдіреді. Ғалым бұл есімді өзіне ересек кезінде иеленген. Парацельс Швейцариядағы Эйзидельнде дүниеге келген. Бұл жерде зор дәрігерлік тәжірибесі бар. Оның әкесі кен мектебінде сабақ берген. Медициналық білімді Парацельс Италияда (Феррар) университетте алған. Парацельс бүкіл Еуропаны, соның ішінде Жаңа Литва, Беларусия, Батыс Украина елдерін, тіпті Мысырды шарлаған. Саяхаттар кезінде ол тек қана университеттер мен медициналық мектептерді аралап қана қоймай, сондай- ақ ауруларды емдеудің халықтық тәжірибесін үйренуге талпынды. Қаладан қалаға өтіп, ол ворожба, жұлдыздар арқылы болжау және ауруларды емдеу көмегімен күнін көрген. 1523 ж ол отаны Базельге аса қиын және қауіпті ауруларды емдей алатын танымал дәрігер болып оралды.

Парацельс бойынша, жануар организмі белгілі бір химиялық заттардың қосылуы болып табылады. Парацельс айтуынша, аурулар дегеніміз – организм құрамының өзінің қалыпты жағдайынан ауытқуы, яғни тепе- теңдіктің химиялық бұзылуы, сондықтан осы тепе- теңдікті қалпына келтіру үшін химиялық заттармен және амалдармен әрекет жасау керек. Адам жерден жаратылған және толық немесе жартылай жанатын және отқа тұрақты заттардын: күкірттен, сынаптан және тұздардан тұрады (Парацельстің химиялық теориясы).

Парацельс айтуынша, ауруларды емдеуді ең жақсы әсер көрсететін тек химиялық жолмен жасалған дәрілер. Бұл дәрілердің ішінен ең бірінші орныға ол «квинтэссенцияны» қойды (өсімдіктер мен минералдардан алынған ғажайып бір зат). Химиялық препараттардың ішінен Парацельс науқастырды емдеуде сурьма препараттарын қолданды. Кейін сурьма препараттары XVI ғасырдағы дәрілердің танымал препараттарына айналды. Сондай- ақ, күкіртті мышьк тәрізді және сынап тәрізді препараттарды, мысты купоросты, қорғасын қантын және кейбір улы және күшті әсер ететін минералды заттарды қолданды. Ауыр ауруларды емдеуде «алтын тинктураны» (aurum potabile – «ішетін алтын»), яғни алтынның қызыл коллоидты ерітіндісін пайдаланды.

Парацельс мерезді емдеу үшін сынап майларымен сылау жасаған. Ол ең бірінші болып мырыштың қасиеттерін суреттеген. Парацельс сол кезде белгілі барлық дерлік химиялық препараттардың әсерін сынап көрді. Ол химияны тек дәрілерді табу үшін ғана қолданды, ал алтын табумен байланысқан емес. Парацельстің емдік мақсатта сынамаған химиялық қосылыстары аз, ол тіпті күшті әсер етуші уларды қолданудан да тайынбаған. Науқастардың бұл химиялық препараттармен улануға мүмкіндігін қарастыра отырып, Парацельсті тіпті бірнеше рет айыптаған. «Удың не екенін білесіз бе? Барлығы у, және барлығы шипа. Тек бір ғана мөлшер затты не у, не шипа етеді» - деген екен Парацельс. Парацельстің бұл сөздері бірнеше ғасырлардан кейін қанатты афоризмдерге айналған. Парацельс ғылымдағы тәжірибелік әдістің негізін қалаушылардың бірі болды. «Дәрігердің теориясы – бұл оның тәжірибесі. Ғылым мен тәжірибесіз ешкім дәрігер бола алмайды», - деп айтқан және «кітап бойынша» дәрілерді тағайындайтын және өзіндік білімі (әсіресе химиялық) жоқ дәрігерлерді ұнатпаған.

Загрузка...


Өсімдік препараттары да Парацелстің назарынан тыс қалған жоқ. Өсімдіктермен байланысты оның бірінші жұмысының мақсаты «таза» препараттарды алу болды. Новатор ретінде Парацельс бірінші болып этил спиртін экстрагент ретінде қолданды (ол кезде оны алхимиктер ашқан) және оның негізінде тұнбалар, экстркакттар, ерітінділер және басқа препараттарды ала бастады.

«Сигнатуралар» жөнінде біімнің пайда болуы және дамуында Парацельстің ролі зор. Ол былай деп жазды: «Өсімдіктердің қасиеттерін және күшін Диоскорид немесе Мацер бойынша емес, сигнатура (signa naturae – табиғат белгісі), яғни әрбір өсімдіктің табиғатпен таңалануы арқылы біле алады». Ғалым жапырағында қызыл дақтары бар блошница деген өсімдікті мысалға келтіреді. Кейін сигнатура туралы білімде Парацельстің ізбасарларының еңбектерінде көрініс тапқан.

Парацельс өз заманының өте сауатты химиктерінің бірі болды. Ол осы ғылымның дамуына көп әсер етті. Парацельстің тағы бір зор еңбегі – аурулары химиялық препараттармен емдеуге шақырды, дәрігерлерді химиямен айналысуға үгіттеді. Химимяның басты міндеті деп Парацельс дәрілерді жасау деп есептеді.

Парацельс ғылымдағы тәжірибелік әдістің негізін салушылардың бірі болып табылды. Ол студентерін тек дәрістреде ғана емес, сондай- ақ науқастың төсегінің жаңында немесе минералдар мен дәрілік өсімдіктерді іздегендегі серуендеу кезінде де оқытқан. Ол бір уақытта теоретик және тәжірибеші болды: «Дәрігердің теориясы – бұл оның тәжірибесі. Ғылым мен тәжірибесіз ешкім дәрігер бола алмайды», - деп айтқан және «кітап бойынша» дәрілерді тағайындайтын және өзіндік білімі (әсіресе химиялық) жоқ дәрігерлерді ұнатпаған.


Дата добавления: 2015-07-07; просмотров: 181 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мысырдағы медицина. | Месопотамияда, Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы. | Ндістан медицинасы. | Ытайдағы медицинаның дамуы. | Шығыстын ұлы ғалымдары: Әл-Бируни, Әл-Рази, Әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина. | Ортағасырлық Қазақстандағы халық, сиқырлық және ғылыми медицина | РСФСР Денсаулықсақтаудың халықтық комитетін құру. | Кеңес медицинасының принциптері | Ресей медицинасының жетістіктері және мәселелері. | Денсаулықтықорғау саласында халықаралық ынтымақтастық. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәуірдің сипаттамасы| Хирургияның дамуы.

mybiblioteka.su - 2015-2017 год. (0.083 сек.)