Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ортағасырлық Қазақстандағы халық, сиқырлық және ғылыми медицина

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  3. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  6. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда
  7. АХЭ кері және токсикалық әсерлері

Феодализмдік қоғамда басты идеологиялық институт шіркеу болып саналған. Шіркеуге барлық өңделген жердің үш бөлігі қараған. Одүниеге барғанда жандарын күту үшін манастрлерге және епископтарға: алтын, күміс, шаруалар, байлар мүліктерін қалдырған. ХІғ ортасына дейін христиан шіркеуі біртұтас болған. 1054ж Батыс немесе католиктік және шығыс немесе провославиялық болып екіге бөлінген.

Батыс Еуропадағы алғашқы ауруханалар манастрь қарамағында ашылған. Манастрьлерде дәрілік шөптер өсірген, дәрілерді жасайтын және сақтайтын бөлмелер болған. Олардың ішінде Лионский (VIғ) және Парижде (VIІғ), «Отель дье» Францияда болған. Медицинаны дінмен байланыстыратын манах дәрігерлер ғылыми ойдың дамуын тежеген. Мидицина аймағында Голен атақты дәрігер болған. Орта ғасырлардағы схоластикалық дін Галеннің анатомия және физиологиядағы жетекші эксперименттерін жасаған, оның толық зерттелмеген адам организіміндегі процесстер туралы ғылымдары схолостикалық медицинаның негізі болған. Осылай Галеннің тәжірибелерін бір жақты түсінетін Галенизм дамыған.

Аль-Фараби әлемдік дәрежедегі адам болған. Өз творчествосында ол үнді, грек, араб, парсы және түрік мәдениетінің бағалы құндылықтарын жақындастырған.

Аль-Бируни (973-1048) астроном, географ, минералог, этнограф, тарихшы болған. Коперник пен Галилейге дейінгі 5-6 ғасыр бұрын ол әлемнің гелиоцентрлік құрылысын дәлелдеген.

Өміріндегі барлық жетістіктеріне ол өзінің үлкен мүмкіндіктері мен еңбекқорлығының арқасында, ғылыми білімге деген ұмтылыстарының арқасында жеткен. Бала кезінде ол грек тілін, кейіннен араб, сирия және санскрит тілдерін үйренген.

Қызмет орны Хорезмшахтың астанасы Кят қаласында (қазіргі Қарақалпақстандағы Бируни) болатын. Осы қалада Багдадтағы «Шешендер үйі» сияқты академия ашылған.

22 жасында өте үлкен шаршының конструкциясын жасап, эклиптиканың экваторға еңкею бұрышын, жердің радиусы мен меридиан бойынша градустық өлшемін анықтаған. Оның фундаментальді еңбектері кеңдігімен, эрудиция тереңдігімен таң қалдырады. Ондай еңбектері: «Хронология», «Минералогия», «Фармакология», «Фармакогнозия». Өз дәуірінің ұлы атанған ол атеист те, материалист те болған емес.

11 кітаптан тұратын астрономия тақырыбындағы фундаментальді еңбегін ғалым Масуд сұлтанға арнаған және ол ғылыми әдебиетте «Масуд Каноны» деген атпен белгілі. Осы арнауы үшін ризашылығын білдіру үшін сұлтан Бируниге пілдің үлкендігіндей көлемде күміс тиындарды жеткізуге бұйрық береді. Бірақ, ғалым сыйды қабыл алмайды. Ол: «Бұл ауыр жүк менің ғылыми жұмыстарыма бөгет болады. Ал данышпан адамдар күміс кетсе де ғылымның мәңгілік екеніне сенеді»,- деп жауап қайтарады.

Райхан Бирунидің «Фармакогнозия» немесе «Китаб ас- Сайдана фи- т- тибб» (медицинадағы фармакогнозия кітабы) еңбегі біздің заманымызға 1927 жылы Брус (Түркия) қаласында табылған жалғыз қолжазба түрінде жеткен.

Ғалымның жазбасында: «Фармакогнозия- қарапайым дәрілік заттарды тегіне, түріне және ең жақсы пішініне қарай тани білу. Сондай-ақ, белгілі рецепт бойынша немесе сенім ұялататын, әрі дұрыс жүргізілген зерттеулер жазбасы негізінде күрделі дәрілерді жасау»,- деп жазылған. Бирунидің түсінігі бойынша, осыдан фармакологтың негізгі міндеттері туындайды. Ол – емдік заттарды жинау, оның ең жақсы түрлеріне таңдау жасап, бар рецептер бойынша күрделі дәрілерді дайындау деген сөз.

Бируни 4500-ге жуық араб, үнді, парсы, хорезмдік, согдиялық, тюрктік т.б. өсімдіктердің, жануарлардың, минералдар мен олардан алынатын өнімнің атауларын жинап, түсініктеме берген. Бұл оның өз дәуіріндегі дәрілік терминологияны ретке келтіру ісіне енгізген баға жетпес үлесі болды.

Бирунидің «Фармакогнозиясы» медицина мен фармацияда қолданылатын емдік өсімдіктер туралы оқудың орта ғасырдағы баға жетпес ескерткіші болып табылады.

Әлемдік тарихтың аса көрнекті дәрігерлерінің бірі- Абу Али ибн Сина (980-1037). Ол өзінен кейін орасан зор творчестволық мұра қалдырған. Білім көздерінде оның 450 шығармасының атауы аталады, бізге дейін 240-қа жуығы жеткен. Оның ішінде әлемдік- философиялық көзқарас мәселелеріне 150 кітап, медицинаға 40 кітап, басқа ғылымдарға 50 кітап арналған.

Ибн Синаның көркемдік шығармалары да болған. Оның басты медициналық еңбегі-

«Дәрігерлік ғылымның каноны»- нағыз медициналық энциклопедия. Мұнда ежелгі Греция мен Шығыс халықтарының ХІ ғасырға дейін келіп жеткен медициналық мұрасы және жеке басының зерттеулері мен бақылауларының нәтижесі біртұтас болып жинақталған. «Канон» 5 кітаптан тұрады. Бірінші кітапта медицинаның анықтамасы, анатомия мен ауру түрлері туралы мәліметтер, денсаулықты сақтау және емдеу әдістері туралы айтылады.

Екінші кітапта қарапайым дәрілерді тану және олардың әсері туралы жазылған. Үшінші кітап жеке патология мен терапиядан, жекелеген ауру түрлерінің сипаттамасы мен оларды емдеу әдістерінен құралған. Төртінші кітап хирургия мен лихорадка туралы жалпы ілімге арналған. Бесінші кітапта күрделі дәрілік заттар мен у және уды қайтаратын заттарға сипаттама берілген.

«Канонның» екінші кітабы 811 бөлімнен тұрады. Мұнда Ибн Сина донник, жусан, мирт, акация сияқты қарапайым дәрілік өсімдік түрлерімен таныстырады. Ибн Сина біздің назарымызды көгершіндерге (көгершіннің қаны мұрыннан кеткен қанды тоқтадады), иттерге (иттің дәретімен сүйелдерді емдейді) аударады, үйректің, шошқаның, қойдың, балықтың, майы туралы және тағы да басқа көптеген құралдар туралы жазады. Әсіресе жыланның уына қарсы заттар көп: өзен шаяны, бұрыш, жалбыз, шалқан, фисташки, сарымсақ, корица, девясил т.б.

Бесінші кітапта күрделі дәрілердің жекелеген анықтамасы териактар мен құрмалас дәрілік ботқалардан басталады. Кітапта териактың үш жазбасы бар. Олардың құрамы қиын қоспалы, негізгі қоспалардың бірі апиын болып келген, 60 қоспадан құралған.

Ибн Сина қалампырдан, яхонттан, сердоликтен, алтыннан және басқа да минералдардан дайындалатын ұйықтататын ботқалардың авторы.

Бұл дәрілік үлгілердің атаулары да ерекше болған: «Ұлы құтқарушы», «Олимп құдайларының асы», «Үлкен парсы дәрісі» т.б.

Құрғақ ұнтақ тектес дәрілер «калиха» деп аталған. Оларды әдетте, алдымен алақанға төгіп, сосын ауызға салған. Балаларға аузына құйылатын тәтті түрлері жасалған. Дәрілерді қуырып, түйгішпен түйіп, елеуіштен өткізген. Қайнатылған шырындар мен қоюлатылған шырындар пайдаланылған. Тәтті шырындарды хош иісті өсімдіктердің жемісіне сірке суы мен шарап және дәмдеуіштерді қосып дайындаған. Ұнтақтар мен дәрілік ботқалардың арасында күлшелер пайдаланған. Олар төрт жылға дейінгі мерзімге дайындалған. Камфаралық күлшелерді ыстықты түсіретін зат ретінде, жусанды күлшені тәбетті ашатын, анисті күлшені жұмсартатын зат ретінде пайдаланған.

Он бірінші бапта жапсырмалар мен таңғыштарға сипаттама берген. Жапсырмалар сорғыш және алаңдатушы құрал ретінде пайдаланылған. Жапсырмалардың бір түрі апостолдық деп аталған. Құрамы апостолдар саны жағынан 12 заттан тұрған. Осы зат христиан дінінің мұсылмандар тұрмысының әсеріне бақылау жасауға мүмкіндік берді.

Дәрілік таңғыштарды ауырып тұрған жерді таңу үшін пайдаланған. Оның құрамына болиголов, ароник т.б. өсімдіктер кірген.

«Канонның» бесінші кітабында жазылған көлем мен салмақ өлшемдері, жаңа дәуірдегі фармацияның үлкен қызығушылығын тудырды. Авиценна мөлшерге үлкен көңіл бөлген және кітаптың соңында пайдаланатындарға «канонның» араб және грек тілдеріндегі мәтініндегі көлемдер мен мөлшерлердің аудармасын келтірген.

«Канонның» бесінші кітабының екінші бөлімі фармакотерапевтік анықтама кітабы үлгісінде құрылған. Сегіз бөлімінде дене мүшелері мен органдар көрсетіліп, олардың әрқайсысының ауырған кезінде пайдаланатын дәрілерге сипаттама берілген.

Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылымның каноны» еңбегінің «Қарапайым дәрілер туралы» екінші және «Күрделі дәрілер туралы» бесінші кітаптары зерттеушілерге дәрітану тарихынан көптеген мәліметтер береді. Бұл кітап фармацевтер үшін тек фармацияның ғана емес, сол сияқты химияның, зоологияның, ботаниканың, минералогия мен философияның да теңдесі жоқ көне жәдігері болып табылады.

 

 

Тақырыбы: «Кеш орта ғасырдағы медицина»


Дата добавления: 2015-07-07; просмотров: 616 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мысырдағы медицина. | Месопотамияда, Вавилонда және Ассириядағы медицинаның дамуы. | Ндістан медицинасы. | Ытайдағы медицинаның дамуы. | Ятрохимия және медицина. | Хирургияның дамуы. | РСФСР Денсаулықсақтаудың халықтық комитетін құру. | Кеңес медицинасының принциптері | Ресей медицинасының жетістіктері және мәселелері. | Денсаулықтықорғау саласында халықаралық ынтымақтастық. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шығыстын ұлы ғалымдары: Әл-Бируни, Әл-Рази, Әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина.| Дәуірдің сипаттамасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)