Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

СОБӨЖ Сайын Мұратбековтің соғыс жылдарындағы ауыл өмірі туралы жазған

Читайте также:
  1. Ақбота» тобындағы балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасы
  2. Бөлім. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  3. Дәріс. Паскаль тілі туралы негізгі мағлұматтар. Меншіктеу операторы. Шартты оператор.
  4. ЗЕН КЕНОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
  5. ІІ-дүниежүізілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік режимнің күйреуі.
  6. Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар
  7. Кафедра және оқытушылар туралы мәліметтер

повестері мен әңгімелері (Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты:Жазушы шеберлігін таныту.

Әдістемелік нұсқау:Мұратбеков әңгімелерінде өмір жатыр,өмірдің қатпар-қатпар қойнаулары жатыр, сол өмір қозғалысындағы адам тағдырлары жатыр. Адам тағдырлары арқылы уақыт бедерін сезінесің, заман ағымын көресің.

Мұратбеков әңгімелерін оқып отырғанда соғыс жылдарының жайсыз ызғарын да, бейбіт өмірдегі алаңсыз тіршілікті де сезінесің. Өмірдің сан тарау соқпағына түскен жандардың тіршілік бейнесінен өзіңді, айналаңда жүрген өзгені де танисың,көңіл өзгерісіне түсесің.

Сайын Мұратбеков шығармаларындағы адами нысана – жақсылық пен жарастық нысанасы – әр қырынан көрініп, белгілі жүйемен дамиды.

Соғыс алапаты алыста қалса да, ол салған жан жарасы жазылып біткен жоқ. Көңіл көкжиегінде мұнарта көрініп тұратын әлем-тапырық елес. Ол әдебиет әлемінде ескірмейтін тақырыпқа айналып, соғыс әкелген кесапатты адам санасына қайта оралта суреттей беру нысанадан тыс қалмайтын құбылыс.

Балалық шағы соғыс жылдарының ауыр күндеріне тап келген Сайын Мұратбеков көңіл таразысынан өткізген, алыста қалған балалық шағының жүрек сыздатар мұңды елесін өзінің шығармаларына арқау етті.

Мұратбековтің соғыс тақырыбына арналған «Жабайы алма», «Жусан исі» т.б. повестері мен «Зорлық пен қорлық», «Жеңеше», «Күзгі бұралаң жол», «Кәментоғай» т.б. әңгімелері бар.

Мына еңбектерді қараңыз: Сайын Мұратбеков «Жабайы алма»,А. «Атамұра»2002ж.,400бет., Сайын Мұратбеков Көкорай А. «Жазушы» баспасы 1979жыл,504бет., Сайын Мұратбеков Екі томдық таңдамалы шығармалар,А «Жазушы» баспасы 1991ж.,464бет.

 

13 СОБӨЖ С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері(Конспект)

Өздік жұмысының мақсаты: С.Мұқановтың ғалымдық қырларын таныту.

Әдістемелік нұсқау: С.Мұқанов–қазақ әдебиетінің тарихында сыншы, әдебиет зерттеушісі ретінде де танымал. Қазақ әдебиетінің тарихына қатыстыдеректерді мол жинап, алғаш сол тарихты жазған кісілердің бірі.

Сәбит Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер,шешендер»,

«Абай – халық ақыны», «Абайдың ақындық мектебі», «Менің қателерім қандай» «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очерктер», «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті», «Айтыс», «Сынға сын», «Жікшілдік туралы», «Мен қалай жазып келемін», «Халық мұрасы» «Жарқын жұлдыздар», «Қазақ қауымы»,т.б. мақалалар мен зерттеу еңбектері мен оқулықтары бар.

14 СОБӨЖ Ғ.Мұстафиннің«Шығанақ» романы(Ауызша)

Өздік жұмысының мақсаты: Мұстафиннің Шығанағы – өмірдегі тарышының өзі емес, әдеби жиынтық бейне екендігін таныту.



Әдістемелік нұсқау:Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы 1945 жылы басылды. «Шығанақ» романы – өз дәуірінің тәуір шығармалары қатарында бағаланған.

«Шығанақ» романы өмірде болған нақты адам мен оның еңбегі жайлы деректі материалдарға сүйеніп жазылған. Роман Ұлы Отан соғысы кезінде жанқиярлық еңбек етіп, тарының гектарынан 1232 пұт өнім алып, дүние жүзінде болмаған рекорд жасаған Шығанақ Берсиев жайлы.

Романға негіз болған Шығанақтың Отан соғысы кезінде әлемдік рекорд жасауы және шығарманың сол тұста жазылуы – тылдағы еңбеккерлердің жанқиярлық еңбегінің соғыс, жеңіс мүддесіне арналуы әсерлі суреттелген.

Загрузка...

Қазақ халқы өмірінің жаңа кезеңдерінің шындығын тануға ұмтылыс жасаған бұл шығармалар көркемдік ізденістері жағынан да, өмірді тақырыптық қамтуы жағынан да әр қилы болатындығына назар аударыңыз.

Ғ.Мұстафин- Шығармалар. Бес томдық. 1 том, 1981,82 б. еңбегін қараңыз.

 

15 СОБӨЖ Ғ.Мүсіреповтің көркемдік әлемі(Конспект)

Өздік жұмысының мақсаты:Ғ.Мүсіреповтің көркемдік әлемінің бейнелі тіліне, жазушының шығармашылық ізденістеріне айырықша көңіл аударту.

Әдістемелік нұсқау:Ғ.Мүсіреповтің көркемдік әлемі типологиясының тұрақты белгілерін пайымдауда «Оянған өлке» романының екінші кітабы «Жат қолында» романы үлкен рөл атқарады.

Бір кездегі қазақ даласын билеп-төстеген қуатты күштердің өз ұясында пайда болған жаңа қатынастардан талқан болуын Мүсірепов «Жат қолында» романында сұңғыла сезімталдықпен суреттейді. Романында қазақ даласына «кешігіп болса да келіп жатқан» жаңа қожайындардың түрлі мақсат пен мінездері де үлкен суреткерлікпен бейнеленеді.

Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» романының көркемдік жүйесінде халқымыз ХХ ғасырда тап болған шаруашылық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени күрделі,қиын жайларға қатысты талай-талай астарлы ойлардың барлығы анық.

Зинол-Ғабиден Бисенғали,Жамал Манкеева Қазақ филологиясы:егіз негіз(Ғылыми мақалалар жинағы) –Алматы: «Арыс»баспасы,2010. –168бетін қараңыз.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 258 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ДӘРІС ТАЙЫР ЖАРАКОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ДӘРІС ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ | ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ҚЫСҚАША | Тәжірибелік сабақ: Қасым Аманжоловтың өмірі, шығармашылығы. | СОБӨЖ Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СОБӨЖ М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясының жарыққа шығуы жайлы| Студенттердің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау

mybiblioteka.su - 2015-2017 год. (0.081 сек.)