Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Екі өлшемді массивтер

Читайте также:
  1. Дәріс. Массивтер және көрсеткіштер
  2. Дәріс. Массивтер. Бірөлшемді және екіөлшемді массивтерді өңдеуге арналған программаларды құру
  3. Дәріс. Массивтерді іздеу мен сұрыптаудың әдістері мен алгоритмдері
  4. Тақырыбы: Бірөлшемді массивтер. Екіөлшемді массивтер
  5. Тақырып. Арифметикалық өрнектер. Сызықты программалар.
  6. Тақырып. Бірөлшемді массивтер
  7. Тақырып. Бірөлшемді массивтерді өңдеу.

СОӨЖ өткізу түрлері: есепті шешу.

Әдістемелік ұсыныс: Екі өлшемді нақты сандардан тұратын массив берілген (А матрицасы), массивті төмендегі варианттарды қолданып, өңдеу. Бастапқы деректерді тапсырма ерекшеліктерін назарға ұстай отырып қолдан енгізу. Алгоритм блок-схемасын құрып, программасын жазу.

Тапсырмалар варианттары:

1. k (0 < k < 11) саны мен 4х10 матрицасы берілген. k бағананың элементтерінің қосындысы мен көбейтындысын табу.

2. 5 х9 матрицасы берілген. Оның барлық жұп бағаналарының элементтерінің қосындысын табу.

3. 5 х10 матрицасы берілген. Оның барлық тақ бағанасындағы минимальды мәнді табу.

4. 5 х10 матрицасы берілген. Оның барлық жұп бағаналарының элементтерінің қосындысын табу.

5. Берілген 5х10 матрицасында максималді элементі орналасқан жолды минималді элемент орналасқан жолмен ауыстыру.

6. 5х10 матрицасы берілген. Барлық бағаналардың элементтерінің қосындысының арасындағы минимальды мәнді табу және сол минимальды мән орналасқан бағананың нөмірін табу.

7. 5х10 матрицасы берілген. Әр жолдың максимальды элементтерінің арасындағы минимальдысын табу.

8. 5х10 матрицасы берілген.Оң және теріс элементтерінің саны тең болған бірінші жолдың нөмірін шығару (нөлдік элементтер есептелмейді). Егер ондай жолдар болмаса, 0 шығару.

9. 5х10 матрицасы берілген.Тек оң элементтерінен құралған соңғы жолдың нөмірін шығару. Егер ондай жолдар болмаса, 0 шығару.

10. MхN матрицасы берілген.Егер жолдарда (бағаналарда) кездескен сандардің көптігі сәкес келсе, онда ол жолдарды (бағаналарды) ұқсас деп атаймыз. Соңғы бағанаға ұқсайтын бағаналардың санын табу.

11. MхN матрицасы берілген. Барлық элементтері әр түрлі жолдардың санын табу.

12. MхN матрицасы берілген. Бірдей элементтердің саны максимальды болған бірінші кездескен жолдың нөмірін шығару.

13. M квадратты матрицасы берілген. A[1,M] бірэлементтік диагональдан бастап басты диагональға параллельді диагональдардың элементтерінің қосындысын табу.

14. M квадратты матрицасы берілген. A[1,1] бірэлементтік диагональдан бастап қосымша диагональға параллельді диагональдардың элементтерінің қосындысын табу.

15. M квадратты матрицасы берілген. A[1,1] бірэлементтік диагональдан бастап қосымша диагональға параллельді диагональдардың элементтерінің арасындағы максимальдысын шығару.

16. M квадратты матрицасы берілген. басты диагональдан төмен жатқан элементтерді нөлге ауыстыру.

17. M квадратты матрицасы берілген. Басты диагональмен қоса одан жоғары жатқан және қосымша диагональмен қоса одан төмен жатқан элементтерін нөлге ауыстыру.

18. M квадратты матрицасы берілген. Матрица симметриясына горизонтальды оське байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.

19. M квадратты матрицасы берілген. Матрица симметриясына вертикальды оське байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету

20. M квадратты матрицасы берілген. Матрицаның басты диагоналына байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.

21. M квадратты матрицасы берілген. Матрицаның қосымша диагоналына байланысты оның элементтерін айналық түрде көрсету.

22. M квадратты матрицасы берілген. Оны 90 градуске оң жаққа қарай бұру.

23. M квадратты матрицасы берілген. Оны 180 градуске оң жаққа қарай бұру.

24. M квадратты матрицасы берілген. Оны 270 градуске оң жаққа қарай бұру.

25. k саны мен 4 x 10 өлшемді матрица берілген. K нөмірлі жолды матрицадан алып тастау.

26. 5 x 10 өлшемді матрица берілген. Минимальды элементті қамтитын бағананы матрицадан алып тастау.

27. 5 x 10 өлшемді матрица берілген. Тек оң элементтерін қамтитын барлық бағаналарды матрицадан алып тастау.

28. 4 x 9 өлшемді матрица берілген. K нөмірлі жолдың алдына нөлдерден құрылған жолды қою.

29. 4 x 9 өлшемді матрица берілген. Максимальды элементті қамтитын бағананың көшірмесін құру

30. 5 x 9 өлшемді матрица берілген. Тек оң элементтерден құрылатын соңғы бағанадан кейін тек 1-ден құралатын бағананы қосу.

 

Бақылау мысалы

NxN екі өлшемді массив берілген. Басты және қосымша диагоналдардағы элементтердің қосындысын табу.

program primer5;

uses crt;

const n=5;

var a:array[1..n,1..n] of integer;

i,j,s,s1,s2:integer;

begin

clrscr;

for i:=1 to n do

for j:=1 to n do

read(a[i,j]);

s:=0; s1:=0; s2:=0;

for i:=1 to n do

for j:=1 to n do

begin

if i=j then s1:=s1+a[i,j] else

if i+j=n+1 then s2:=s2+a[i,j];

end;

s:=s+s1+s2;

write('s=',s);

end.

 

 

Негізгі әдебиет: 3 [123-135], 4 [92-105].

Қосымша әдебиет: 5 [12-14].


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 724 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс. Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар. Стандартты процедуралар және функциялармен жұмыс істеу. | Тақырыбы: Арифметикалық операциялар. IF шартты операторы | Тақырыбы: Формулалар бойынша есептеулер. | Тақырыбы: Бірөлшемді массивтер. Екіөлшемді массивтер | Лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар | Тақырыбы: Процедуралар мен функциялар | Тақырыбы: Жазбалар мен файлдар | Лабораториялықжұмысқа арналған тапсырмалар | Тақырып. Арифметикалық өрнектер. Сызықты программалар. | Тақырып. Цикл операторлары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Бірөлшемді массивтер| Тақырып. Символдық деректер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)