Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЯШЫҚҚА МӘНДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ РЕДАКТОРЛЕУ

Читайте также:
  1. АУІПТІ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ
  2. Дәріс. Файлдық енгізу-шығару.
  3. ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

Кестелік курсор

Excelде мәтіндік және қарапайым курсордан басқа 1 суретте көрсетілгендей ұяшықты қоршап қалың сызықтармен көрсетілген кестелік курсор бар. Кестелік курсор мәтіндік және қарапайым курсор сияқты өз қажеттілігі бар, яғни бұл курсор қоршаулы тұрған ұяшыққа белгілі ақпаратты немесе мәндерді енгізеді. Кестелік курсор орналасқан ұяшықты ағымдағы ұяшық деп атайды. Ағымдағы ұяшықтың адресі формула панелінің сол жағында (адрес жолында) орналасады.

Кестелік курсорды, курсорды басқару стрелкаларымен немесе «Ноmе», «End», «PageUp», «PageDown» стрелкалары арқылы және тышқанның көмегімен басқара аламыз. Егер курсорды ұяшыққа орналастырып тышқанның көмегімен шертсе, онда сол ұяшық ағымдағы ұяшыққа ауысады.

Сурет 1. Кестелік курсор

 

Бос ұяшыққа мән енгізу

Қашанда ұяшыққа мән енгізгенде, енгізіліп жатқан мәтін екі жерден көрінеді: ұяшықтың өзінен және формула жолынан. Мәтінді енгізу барысында жіберілген қателіктерді түзету үшін «Backspace» пернесі қолданылады.

Ұяшыққа мәлімет енгізіп, «Enter» батырмасын басқанда кестелік курсор төменге бір ұяшыққа ауысады, «Таb» пернесін басқанда оң жақтағы ұяшыққа ауысады, ал Енгізу батырмасын басқан жағдайда осы ағымдағы ұяшықта қалады және жан-жақты стрелкаларды басқанда сол стрелка бағыты бойынша көрші ұяшықтарға орын ауыстырады. Ұяшықтарға мәліметтерді енгізуді аяқтау үшін «Shift»+«Enter» батырмаларын да басуымызға болады. Бұл жағдайда кестелік курсор қарама-қарсы бағытқа ауысады, яғни жоғарғы қарай. Егер сізге мәліметтерді енгізу барысында бір ұяшық ішінде бір жолдан келесі жолға ауысу керек болса, «Alt»+ «Enter» пернелерін басу керек.

Ұяшықтарды біріктіру, ұяшықтың ішіндегі ақпаратты бөлу, бөлшек санның разрядын үлкейту/азайту

1 тәсіл:

перенос текста, ұяшықтарды біріктіру, санның разрядын үлкейту, азайту батырмаларын қолдану.

2 тәсіл: Главная/Выравнивание/Формат ячеек

3 тәсіл: Контекстік меню/Формат ячеек

Ұяшықтағы мәтінді көркемдеу.

Excel-де мәтінді көркемдеу үшін Главная/Шрифт командалар тобы немесе Формат ячеек/Шрифт диалогтық терезесі қолданылады.

Ұяшықтағы мәліметтердің мазмұнын өзгерту

Ұяшықтың мазмұнынын редакторлеуді келесі тәсілдердің біреуімен жасауға болады:

• Кестелік курсторды ұяшыққа орнатып «F2» батырмасын басу.

• Ұяшыққа апарып тышқанды екі рет шерту.

• Кестелік курсторды ұяшыққа орнатып тышқанның көмегімен формула жолына басу.

Парақтардың бірінен екіншісіне өтудің екі жолын білеміз:

• Беттердің жарлықтарынан тышқанмен шерту арқылы;

• «Ctrl» + «PageUp» және «Ctrl» + «PageDown» батырмаларын басу арқылы.



Және тағы бір жолы, ол осы жұмыс кітабында көп парақтар болып Excel терезесіне сыймаған жағдайда (2) суретте көрсетілгендей жарлықтар жанындағы бағыттаушы стрелкалардың көмегімен ауысуға болады.

Сурет 2. Беттер жарлықтары. Excel жұмыс кітабының парақтары арасында бірінен-біріне өту

 

Парақтарды қосу және жою

Стандартты түрде Excel жұмыс кітабы 3 парақтан тұрады. Жаңа парақ қосу үшін жарлықтардың соңында орналасқан батырманы басу қажет. Нәтижесінде «Лист 4» атты жаңа парақ қосылады. Егер қандай да бір парақтың алдынан қосу керек болса, онда:

Загрузка...
1. Сол парақты белгілеу. 2. (3) суретте көрсетілгендей лентаның Главная қаптамасына барып, Ячейки құралдар батырмасынан Вставить және Вставить лист қомандасын басу керек немесе «Shift»+«F11» пернелерін басуыңызға да болады. Сурет 3. Жұмыс кітабына жаңа парақ қосу

Парақты жою үшін парақтың жарлығын тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп пайда болған контекстік менюден Удалить командасын таңдау немесе Главная қаптамасының Ячейки құралдарынан Удалить немесе Удалить лист командасын таңдауымызға болады.

Парақтың орнын ауыстыру мен көшіру

Тышқанның көмегі арқылы парақтардың орнын ауыстыру өте қолайлы болып келеді. Сізге тек керек парақтың жарлығын тышқанмен ұстап алып, қажетті орынға апарып қою керек.

Егер тасымалдау кезінде «Ctrl» пернесін басып тұрсақ, онда орын ауыстыру емес парақты көшіру болады. Көшірме атауы бастапқы атаумен сәйкес болып келеді, тек оған жақшаның ішінде көшірме нөмірі қосылады.

Формулаларды енгізу. Формулаларды қолдану

Кестелік процессорлар бірінші кезекте формулалар көмегімен есептеулер жүргізуге арналған программа. Парақтың бір ұяшығына формула енгізгеннен кейін ол ұяшықта есептеу нәтижесі көрінеді, ал формуланың өзін формула жолынан көруге болады. Егер ұяшықтағы берілген мәндерді өзгертетін болсақ, онда формуламен есептелген ұяшық нәтижесі автоматты түрде өзгереді.

Формула енгізілетін ұяшықты алдымен белсенді қылу керек. Кез-келген формула тең (=) белгісінен басталады, сондықтан формуланы енгізгенде осы символды енгізуден бастау керек. Егер тең белгісін енгізбесеңіз, онда оны жай мәтін деп қабылдайды. Формула тұрақты саннан, жеке ұяшықтардың немесе ұяшықтар диапазонының адрестеріне сілтемеден, функциялардан, операторлардан, жақшалардан тұруы мүмкін. Формула енгізу барысында ұяшықтар адресіне сілтемені қолдан енгізбей, тышқанмен шерту арқылы енгізілуі керек. Ол формуланы енгізуді тездетеді және ұяшықтар адресін қатесіз енгізуге көмектеседі.

Формула жолы

· Ұяшыққа мәліметті енгізгеннен кейін формула жолында үш функционалды батырмалар пайда болады:

· «Қайтару» командасы

· «Енгізу» командасы

· формула енгізуге мүмкіндік береді.

Көп жағдайда формулаларда ұяшықтардың салыстырмалы адрестері қолданылады, олар ұяшықтарды формулалармен толтырған кезде автоматты түрде өзгереді.

Бірақ та кейде формулалармен толтырған кезде кейбір ұяшықтардың адрестері өзгеріссіз қалулары қажет. Бұл жағдайда ұяшықтың абсолютті адресі қолданылады. Ұяшық адресі өзгеріссіз қалу үшін оған доллар ($) символын қосып енгізу керек:

$А$11 – абсолютті адрес(толтыру кезінде ол өзгеріссіз қалады);

A11 – салыстырмалы адрес(толтыру кезінде ол өзгереді);

$А11 – аралас адрес(толтыру кезінде баған аты өзгермейді, ал жол аты өзгереді);

А$11 - аралас адрес (толтыру кезінде жол аты өзгермейді, ал баған аты өзгереді).

Абсолютті адресті екі әдіспен көрсетуге болады: доллар символын енгізіп немесе Формулалар жолындақажетті ұяшықтың адресінде шертіп, қажетті нәтиже шықпайынша F4пернесін бірнеше рет басу. Бір формулада ұяшықтардыңсалыстырмалыадрестерін де, абсолюттіадрестерін де қолдануға болады.

Excelдегі негізгі қателер

Егер формула енгізу барысында қате кетсе, онда осы ұяшықта қате туралы хабар шығады. Excelдегі негізгі қателер:

##### ұяшыққа мәліметтер сыймаған кезде пайда болады. Бұл жағдайда мәтінді толық көру үшін бағаннын енін өзгертіп үлкейту қажет.

#ДЕЛ/0! формулада санды нөлге бөлу кезінде пайда болады. Көбінесе нөлдік мәнге немесе бос ұяшыққа бөлінген кезде шығады.

#Н/Д! "анықталмаған мәндер" сөзінен қысқартылған. Бұл қате формулада бос ұяшыққа сілтеме жасалғанын көрсетеді.

#ИМЯ? формула қолданылғанда аты жойылып кетсе, не бұрын анықталмаған болса пайда болады. Ол үшін мәндер облысының атын, функцияның және т.б. аттарын дұрыстаңыз.

#ПУСТО! екі ұяшықтар облысының қиылысу берілген болса, ал олардың шын мәнінде ортақ ұяшықтары болмаса пайда болады. Көбінесе бұл қате ұяшықтар диапазонына сілтемеде қате кеткенде шығады.

#ЧИСЛО! функцияда сандық аргументтің орнына басқа форматты мән қолданылса пайда болады. Ол үшін функция аргументі сан болатындай мәндерді қолдану керек.

#ССЫЛКА! формулада ұяшыққа қолдануға болмайтын сілтеме қолданылса пайда болады. Мысалы, егер ұяшықтар жойылған болса немесе бұл ұшықтарға басқа ұяшықтардың мәндері енгізілсе.

#ЗНАЧ! формулада қолданылмайтын аргумент типі немесе операнда қолданылғанда пайда болады. Мысалы, оператор мен функция үшін сандық немесе логикалық мәндердің орнына мәтін енгізілген болса.

Бұл қателерден басқа циклдық сілтеме де болуы мүмкін. Бұл қате формулада ұяшыққа сілтеме жасалғанда сілтеме өз ұяшығына жасалып тұрса пайда болады.

Суммаларды есептеу (автосуммалау)

Кестелерді құрастыру кезінде автосуммалау операциясы жиі қолданылады. Суммалау үшін функциялар мастерінқолдануға болады, басқа да жолы бар: келесі әрекеттер тізбегін орындайды.

1. Сумма орналасуы қажет ұяшықты белсендіету

2. Саймандар панеліндегі Автосуммабатырмасын басу.

3. Тізімнен қажет функцияны таңдау.

4. Суммалау диапазонына сәйкес келетін ұяшықтар блогын тышқан нұсқағышының көмегімен белгілеу.

5. Enter пернесін басу.

Нәтижесінде белсенді ұяшықта сумма есептеледі.

Автотолтыру

Excel программасында енгізуді автоматтандыратын құралдар бар. Олар: автотолтыру, формулалармен автотолтыру.

Формулаларды алмастыру буфері арқылы, тышқан көмегімен жылжытқанда немесе көшіргенде ұяшықтардың абсолютті және салыстырмалы адрестері әртүрлі әрекет етеді.

Салыстырмалы адрестер формула орналасқан ұяшыққа қатысты орналасуын сақтайтындай етіп өзгереді, ал абсолютті адрестер өзгеріссіз қалады (яғни сол ұяшықтарға сілтейді).

Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін автотолтыру әдісін қолданады. Автотолтыруды нөмірленген тізім құрғанда және ұяшықтағы сөзді бірнеше ұяшықтарға қайталау керек болған кезде қолданады.

Мысалы: Нөмірленген тізімді жасау. А6 ұяшығына 1, ал А7 ұяшығына – 2 санын енгізіңіз. Екі ұяшықты белгілеп, курсорды А7 ұяшығының оң жақ төменгі бұрышына апарыңыз. Тышқан нұсқағышы крест таңбасына ие болғанда тышқанның сол батырмасын басып тұрып курсорды қажет ұяшыққа дейін созыңыз. Бұл автотолтыру деп аталады.

Егер ұяшық ішіндегі мәліметті өшіру керек болса, алдын ала қажетті ұяшықты белсенді етіп, Delete пернесін қолдануға болады немесе ұяшыққа тышқанның оң батырмасын шертіп, контекстік менюден “Очистить содержимое” опциясын таңдау керек.

Жол, бағана, ұяшық өлшемдерін автоматты түрде орнату.

Егер енгізілген мәтін ұяшыққа сыймаса, бағанның шекарасын жылжытуға болады. Сонымен қатар баған және жолдардың өлшемін автоматты түрде орнатуға болады. Ол үшін бағандар немесе жолдар шекарасына тышқанды апарып екі рет шерту керек. Бұл баған немесе жолдың өлшемдерін ішіндегі мәліметтерге сәйкес автоматты түрде орнату. Екінші әдісі: Главная – Ячейки – Формат – Автободбор ширины столбца (Автоподбор высоты строки).

Excel жол, баған өлшемдерін автоматты түрде өзгертуге мүмкіндік бере отырып, оларда терілген мәтіндердің өлшемдерін де ұяшық еніне қарай өзгертеді.

Мәтінді ұяшық өлшемімен теңестіру үшін:

· керекті мәтіні бар ұяшықты белгілеу керек;

· Формат ячеек диалогтық терезесінің Выравнивание закладкасын таңдап, Автоподбор ширины ауыстырып қосқышын орнатыңыз.

Кестеге шекара қою үшін:

Формат ячеек диалогтық терезесінің Граница закладкасын таңдап, сызықтар тобынан сызық түрін тандау және внешние және внутренние батырмаларын басу.

Егер шекаралары әртүрлі сызықтармен қоршалу керек болса, онда Жоғарыдан, Төменнен, Оңнан, Солдан ауыстырып қосқыштарын таңдау керек.


 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Excel жаңа кітабы| Сущность и значение расчетов, принципы организации денежных расчетов.

mybiblioteka.su - 2015-2017 год. (0.091 сек.)