Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

V. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы

Читайте также:
  1. II. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы
  2. XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
  3. Білқайыр хандығы
  4. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
  5. Күн тәртібі: Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты. Тіл саясатының негізгі принциптері
  6. Кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы

 

Ø Қазақ хандығының құрылуы

  1. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеген өңір: Ұлытаудан Есілге дейін жерлер.
  2. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы қоңыраттар мекендеген өңір: Түркістан мен Қаратау аралығы.
  3. Қазақ хандығы құрылу қарсаңында Тарбағатай, Жетісу, Ертіс, Зайсан көлі маңын мекендеген тайпа: Керейлер.
  4. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында үйсіндер мекендеген өңір: Жетісу.

v Арғындар – Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстан.

v Дулаттар – Іле, Шу, Талас бойы, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірі.

v Қаңлылар – Қаратау бауыры, Сырдария бойы мен Жетісу.

v Жалайырлар – Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу.

  1. XV ғасырларда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар ықпал етті: Қазақ халқының ұлттық мемлкет болып құрылуына.
  2. XV ғасырда қазақ жерін мекен еткен тілі, салт-дәстүрі ортақ тайпалардың этникалық, саяси-тарихи бірігуі негізінде:Қазақ хандығы құрылды.
  3. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып мемлекет етіп құру міндеті тиді: Керей мен Жәнібектің үлесіне.
  4. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердегі саяси оқиғаларға байланысты: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы.
  5. Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті: XV ғ.
  6. Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр ханның ел ішіндегі беделін түсірген оқиға: 1456-1457 жж. Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі.
  7. Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық: «Көшпелі өзбек мемлекеті».

v Қазақ тайпаларының Жетісуға көшуі, олардың Әбілқайыр ханның адам төзгісіз езгісіне, үсті-үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткерлікке, феодалдық тартыстар мен соғыстардың ауыртпалығына деген қарсылығы еді.

  1. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті Моғолстанның батыс аймағына.
  2. Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы: Есенбұға хан.

v Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп берді.

  1. Моғолстан ханы Есен-бұғаның Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдау себебі:Әбілқайыр, Темір ұрпақтарына қарсы одақтас табу.

v Ойраттарға қарсы қазақтардың күшін пайдалану.

  1. Моғолстан ханы Есен-бұға қайтыс болған жыл: 1462 ж.
  2. «Әбілқайыр ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті...Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма: «Та’рих-и-Рашиди».
  3. Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы: Мұхаммед Хайдар Дулати.
  4. Қазақ хандығының құрылған уақыты: 1465-1466 жж.
  5. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар: Керей мен Жәнібек.
  6. Керей мен Жәнібек хандардың қазақ тарихындағы орны: Қазақ хандығының негізін салушы.
  7. Жәнібек хан Барақ ханның баласы.

v Керей хан Болат сұлтанның баласы.



  1. Қазақ хандығының негізін қалаған әулет:Шыңғыс хан әулеті.
  2. Моғолстан жеріне келген Керей мен Жәнібек сұлтандарға Есен-бұғаның берген жері (Қазақ хандығының алғашқы Ордасы): Қозыбасы.
  3. Қазақ хандығының алғашқы территориясы: Шу мен Талас өзендері маңы.
  4. Қазақтың алғашқы ханы: Керей.

v Керейдің ақылдасар тірегі болған: Жәнібек сұлтан.

  1. XV ғ. 50-70 жылдары Керей мен Жәнібек хандардың маңына Әбілқайыр хандығынан көшіп келген халықтың саны: 200 мың.
  2. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты: Ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартыстарды.

F Қазақ хандығының Алтын Орда, Ақ Орда, т.б. хандықтарының мемлекеттік құрылымынан негізгі айырмашылығы – Қазақ хандығы жаулап алушылық нәтижесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық, этникалық негіздерден шықты.

Загрузка...
  1. XV ғасырда жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған тарихи міндет: Қазақ тайпаларының басын қосып, этникалық аумағын біріктіру.
  2. XVI ғасырдың басында Орта Азияда Мұхаммед Шайбаниден жеңіліс тапқан әулет: Темір әулеті.
  3. Қазақ хандығы үшін саяси-эканомикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған: Сыр бойындағы қалалар.
  4. XV ғасырдың соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары үшін.
  5. XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: Шайбани хан.
  6. XV ғасырдың екінші жартысында Шайбани ханға қарсы соғыста Қазақ хандығымен одақ құрды:Әмір Темір әулеті.
  7. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандары Шайбани ұрпақтарымен шайқаста одаққа тартты:Жошы ұрпақтарын, Батыс Сібір билеушісін, Ноғай мырзаларын.
  8. XV ғасырда Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығына қарсы Шайбани ханмен бірге соғысты:Моғолстан билеушілері.
  9. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы, Шайбани хан, Темір ұрпақтары, Моғолстан билеушілерінің арасындағы талас-тартыстың негізі:Сыр бойындағы қалалар.
  10. 1470 жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала: Түркістан.
  11. 1470 жылы Созаққа шабуыл жасаған қазақ ханы: Жәнібек.
  12. 1470 жылы Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасаған қазақ қолына басшылық жасады: Керей, Жәнібек.
  13. XV ғасырдың 70-жылдары Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан қашты: Бұқараға.
  14. Қазақ хандары Сырдария мен Қаратау өңірін өздеріне қаратты: XV ғасырдың 70 жылдарында.
  15. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандары мен Шайбани ханның арасындағы шайқастардың басым бөлігі өтті:Созақ, Сауран, Сығанақ, Отырар қалаларының маңында.
  16. XV ғасырда Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандары мен Шайбани хан арасындағы шайқас созылды:30 жылға.
  17. XV ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандары мен Шайбани хан арасындағы шайқас аяқталды:Бітімге келумен.
  18. XV ғасырдың соңына қарай Шайбани ханмен болған шайқас нәтижесінде Қазақ хандығына қараған өңір:Түркістан аймағының солтүстігі.
  19. XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар: Созақ, Сығанақ, Сауран.

v Мұхаммед Шайбани ханға қарады: Отырар, Йасы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі.

v Моғолстан хандығына енген қалалар: Ташкент пен Сайрам.

  1. XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытқан: Сыр бойындағы қалалар.
  2. XV ғасырдың екінші жартысында көптеген саяси процестер негізінде Қазақстан жерінде саяси жағынан нығая түскен мемлекет:Қазақ хандығы.
  3. XV ғасырдың аяғындағы Сырдария бойындағы қалалар үшін болған шайқаста басымдыққа ие болды:Қазақ хандығы.
  4. ХVІ ғасырдың бас кезінде Шайбандықтар бастаған көшпелі өзбектердің бір бөлігі кеткен жақ: Мәуереннахр.

 

Ø Қасым ханның тұсындағы Қазақ мемлекетінің өрлеуі

  1. Керей мен Жәнібек хандардан кейін хан тағына отырған Керей ханның ұлы Бұрындық.
  2. Бұрындық ханның билік құрған жылдары:1480-1511 жж.

v Бұрындық пен Қасымның арасында билік үшін күрес Қасым сұлтанның жеңісімен аяқталды.

  1. Қасым ханның билікке келген жылы:1511 жыл.
  2. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы: Қасым хан.
  3. XVI ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақ хандығын билеген хандар:Бұрындық, Қасым.
  4. Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар күшін жұмсаған хан: Қасым.
  5. Қасым ханның қазақ тарихында алатын орны:Қазақ жерін кеңейтті.
  6. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының Батыс Солтүстіктегі шекарасы жетті: Жайық алқабына дейін.
  7. Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының аумағының солтүстігі жетті:Қарқаралыға дейін.

v Шығыс Солтүстікте " Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып өтті.

v Оңтүстікте " Сырдария алабы (Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалалар).

v Шығыс Оңтүстікте " Шу, Талас, Іле өзендерінің аңғары.

  1. Қасым ханның қол астындағы халықың саны: Бір миллионға жуық.
  2. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының бастапқы кездегі саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы: Сығанақ.
  3. Қасым хан тұсында Сығанақ қаласынан кейінгі Қазақ хандығының астанасы: Түркістан.
  4. Қасым тұсында біраз жыл Қазақ хандығының астанасы болған қала: Сарайшық.
  5. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының астанасы болған қалалар: Түркістан, Сығанақ, Сарайшық.
  6. Қасым ханның кезінде батыстан Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды:Ноғай Ордасына бағынышты халықтың бір бөлігі.
  7. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы мен Моғолстан арасындағы қарым-қатынас: Достық негізінде қалыптасты.

v Қасым ханнан шайбандықтарға қарсы күреске көмек сұраған Моғолстан билеушісі: Саид хан.

  1. Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсуіне себепші болған оқиға: 1514 жылы Моғолстан билеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі.
  2. XVI ғасырда Моғолстанның әлсіреуі Қасым ханның осы өлкедегі билігін нығайта түсті: Жетісудағы.
  3. Қасым ханның билігі жүрген жоқ: Қырғыздарға.

v Енисейден көшіп келіп Ыстықкөл алқабына қоныстанған қырғыздар жергілікті түрік тілдес халықтармен араласып, «қырғыз» деген атқа ие болды.

  1. XVI ғасырда Қасым ханның Шайбани ханмен күресіндегі алдына қойған мақсаты (сыртқы саясатының басты бағыты): Сыр бойындағы қалаларды қаратып алу.
  2. Билік жолында қазақ хандарымен ұзақ күрес жүргізген Әбілхайыр немересі:Мұхаммед Шайбани.
  3. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан: Мұхаммед Шайбани.
  4. «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын» деген жарлық шығарған хан: Мұхаммед Шайбани.

v Сонымен қатар қазақ саудагерлерінің керуенін тонау туралы бұйрық берді.

  1. XVI ғасырдың басында Шайбани хан Қазақ хандығына экономикалық соққы беру үшін: Екі ел арасындағы сауда байланысын тоқтатуға тырысты.
  2. Шайбани ханның қазақ даласына жорық жасаған жылдары: 1503, 1505, 1506 жылдар.
  3. Шайбани хан әскерлерінің Сығанақ маңында қазақтарға жеңіліп, Самарқанға қашуы: 1510 жыл.
  4. 1510 жылы Шайбани ханның жеңілісінен кейін Қасым ханның билігіне өтті: Түркістан қалаларының көпшілігі.
  5. Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы хандық билікке өзара таластың басталуына әсер еткен: 1510 жылы Шайбани ханның Мерв түбінде Иран шахы І Исмаилмен шайқаста қаза болуы.
  6. 1510 жылы Шайбани хан қаза тапқан соң, ұрпақтарының арасындағы алауыздықты пайдаланып Қасым хан басып алған қала: Сайрам.
  7. Қасым хан сауда-саттық, дипломатиялық байланыс жасаған елдер:Ресей, Сібір хандығы,Еділ бойындағы елдермен.

v Қасым ханның тұсында алғаш рет Ресеймен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.

  1. Мұхаммед Хайдардың деректері бойныша Қасым хан қайтыс болған: 1518 жылы.
  2. XVI ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде белгілі болды: Орта Азия мен Шығыс Еуропаға.
  3. XVІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының кеңеюі мен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға: Қасым хан.

 

Ø Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі

  1. Қасым хан қайтыс болған соң: Ішкі саяси дағдарыс Қазақ хандығын әлсіретті.

v 1523 – 1532 жж. Тахир ханның ел билеуі.

v 1532 – 1537 жж. Бұйдаш ханның ел билеуі

  1. Хақназар ханның билік құрған жылдары: 1538-1580.
  2. XVI ғасырда Қазақ хандығының тағында ұзақ отырған хан: Хақназар.

F XVI ғасырдың ортасында Ноғай Ордасы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Нәтижесінде Ноғай Ордасында қырқысқан екі топ пайда болды. Бір тобы Мәскеуге қосылуды жақтаса, екінші тобы Қазақ хандығына қосылуды жақтады.

  1. XVI ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға: Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы.

v Мәскеуге қосылуды жақтаған ноғайларды Хақназар хан ығыстырды: Дон даласына қарай.

  1. XVI ғасырда Хақназар ханның кезінде Кіші жүздің құрамына қосылды:Ноғай Ордасының ұлыстары.
  2. Орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түскен жағдай: Ноғай Ордасының ыдырауы.
  3. XVI ғасырда Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығымен саяси қақтығысқа түскен елдер: Өзбек хандығы, Моғолстан.
  4. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид Жетісу мен Ыстықкөлдің маңындағы жерлерді басып алу үшін Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастады: XVI ғасырдың 50-60 жылдары.
  5. XVI ғасырдың 50-60 жылдары Моғолстан ханы Абд ар-Рашидке қарсы Хақназар хан пайдаланды: қазақ-қырғыз одағының әскерлерін.
  6. XVI ғасырдың екінші жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға: Ойраттардың тонаушылық жорықтары.
  7. Моғолстан ханына қарсы соғыстарда Хақназардың айырылып қалған жерлері: Жетісудың біраз жерінен.
  8. 1570 жылдардың аяғында Хақназардың билігінде болған өңір (1570 жылдардың аяғында Моғолстаннан Қазақ хандығына өткен жерлер): Шу, Талас өңірі, Жетісудың батыс бөлігі.
  9. XVI ғасырда Хақназар хан мен Моғолстан билеушілері арасындағы шайқастың негізгі себебі:Жетісу өлкесі үшін.
  10. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті: Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары.
  11. XVI ғасырда Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің қазақ еліне жасаған шабуылына тойтарыс беру мақсатында Хақназар одақ құрды:Шайбани әулетімен.
  12. XVI ғасырдың ортасында Шайбани әулетімен қатынас орнатуға ұмтылған Хақназар хан осы қаланы басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты: Ташкент.
  13. «Қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасқан хандар: Хақназар хан мен Бұхар ханы ІІ Абдаллах.

v Осы кезде Ташкент маңының билеушісі Баба сұлтан Бұхар ханы Абдаллахқа қарсы шығып, соғыс ашты. Мақсаты Бұхар хандығынан бөлініп, тәуелсіз билік құру.

  1. Қазақ ханы Хақназардың Өзбек билеушісі Абдаллахпен одақтасу себебі:Сыртқы шапқыншылықтан қорғану.
  2. XVI ғасырда Хақназар ханмен саяси қатынас жасаған өзбек билеушілері: Абдаллах, Баба сұлтан.
  3. XVI ғасырда Хақназар хан Өзбек билеушілерімен саяси қатынас орнату нәтижесінде:Сыр бойындағы бірнеше қалаларды өзіне қаратты.
  4. 1579 жылы Хақназар хан қолдау білдірген Өзбек ханы:ІІ Абдаллах.
  5. Баба сұлтанға қарсы күресінде қолдау бергені үшін Абдаллах ханның Хақназар ханға сыйға берген жері:Түркістан аймағындағы бірнеше қала.
  6. Ташкент маңының билеушісі Баба сұлтанның Хақназар ханды өзіне жақындату мақсатында Қазақ хандығына сыйға берген қалалары: Түркістан, Сауран.
  7. Баба сұтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл: 1580
  8. XVI ғасырда Қасым ханнан кейін әлсіреп кеткен Қазақ хандығының жағдайын қалыпқа келтіруге үлес қосқан хан:Хақназар.
  9. XVI ғасырда Моғолстанмен, Сібір хандығымен, Ноғай ордасымен және Шайбан әулетімен әскери-саяси қатынасқа түсіп, Қазақ хандығының аумағын кеңейтті: Хақназар хан.
  10. Батыс елдері Қазақ елі туралы алғаш рет білді: Хақназар тұсында.

 

Ø Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығының нығая түсуі

  1. Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген: Шығай хан.
  2. Шығай ханның билік құрған жылдары: 1580-1582
  3. Абдаллах ханның Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған даңқты жорығында қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға сыйға берген жері: Ходжент.
  4. Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл: 1582 ж.
  5. 1582 жылы маусым айында Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның әскерін талқандап, өзін өлтірді: Түркістан түбінде.
  6. Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты: Тәуекел ханға.

v Қас жауын Баба сұлтанды жойғанына ризашылығы ретінде. Сыр бойындағы қалалар Абдаллах ханның иелігінде қалды.

  1. Тәуекел хан билік құрды: 1582-1598 жж.

v Тәуекел билік құрған кезден бастап оңтүстік өңірлердің есебінен Қазақ хандығының іргесін кеңейтуді ойластырды.

  1. Тәуекел ханның кезінде қатты шиеленісті: Қазақ-өзбек қатынасы.
  2. 1583 жылы Тәуекел хан «ант беріскен шартты» бұзып, Абдаллах хандығына шабуыл жасап басып алған қалалар: Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам.
  3. Тәуекел ханның беделін және күш-қуатын арттырған жеңіс: Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханды талқандауы.
  4. 1597-1598 жылдары Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерін талқандаған жері: Ташкент қаласының түбінде.
  5. Абдаллах өлген соң Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл: 1598 ж.

v Абдаллах хан өлгеннен соң, хан тағына жаңадан отырған баласын бүлікші әмірлер өлтіріп, Өзбек хандығында билік үшін талас-тартыс өрши түсті.

  1. 1598 жылы Өзбек хандығымен шайқаста Тәуекел хан басып алған қалалар: Ташкент, Самарқан, Ақши, Искандер, Мұнши.

v Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқанда қалдырды.

  1. Тәуекел хан осы қаланың түбіндегі шайқаста ауыр жараланды: Бұхара.

v Тәуекел ханның қалың қолы Бұхара қаласын 20 күн қоршауда ұстады.

  1. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар: Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы.
  2. 1598 жылы Шайбани әулетінің орнына келген әулет: Аштархани.

v Жаңа әулет пен қазақ әміршілерінің арасында Қазақ хандығына қосылған жерлерді заңдастыру шарты жасалды.

  1. Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі: Ташкент Қазақ хандығына қосылды.
  2. XVI ғасырдың аяғында Бұхар хандығымен ұзақ жылдар бойы жүргізген күрестің нәтижесінде Қазақ хандығы: Қуатты мемлекетте айналды.

 

Ø Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы

  1. Есім ханның билік құрған жылдары: 1598-1628
  2. Есім ханның басты мақсаты: Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құру.

v Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.

  1. Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға айрықша көңіл бөлген Есім хан:Сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.
  2. Қазақ хандығында феодалдық талас-тартыстар кең өріс алдыXVIІ ғасырдың басында.
  3. XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан: Есім, Тұрсын.

v XVII ғасырдың басында Жаркентте дара билік жүргізген: Абақ; Ташкентте – Келді-Мұхамед; Әндіжанда – Абылай сұлтан; Тұрфанда – Әбд-ар-Рахым.

  1. Тұрсын сұлтан (Жалым сұлтанның ұлы) өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл: 1613.
  2. Тұрсын ханның сенімді тірегі: Саны көп қатаған руы.
  3. Тұрсын хан тәуелсіздіктің белгісі ретінде шығарды: Ақша.
  4. XVIІ ғасырдың басында Есім ханға бағынбай жеке хандық құрды: Тұрсын.

F Есім хан бұл оқиғаға айрықша сабырлылық, төзімділік танытады. Есім хан қазақ арасындағы қан төгіске жол бермеу үшін Тұрсын ханды тең дәрежелі әмірші ретінде мойындады.

  1. Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты: 1627
  2. Тұрсын ханның бүлігі: «Қатаған қырғыны».

v Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі.

  1. «Қатаған қырғыны» қатысты: Тұрсын ханға.
  2. Есім ханның кезінде Қазақ хандығының ішкі жағдайын пайдаланып, Бұхар ханының қайтарып алуды көздеген қалалары: Ташкент, Сайрам, Андижан.

v Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті.

  1. Қазақ-бұхар соғысы болған жылдар:1603-1624 жылдар.
  2. 1603-1624 жылдары Қазақ хандығымен шайқасқа түсті: Бұқар хандығы.
  3. 1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер: Айғыржар.
  4. 1613 жылы Есім хан басып кірген қала: Самарқан.
  5. 1620–1621 жылдары болған 4-ші, 5-ші, 6-шы қазақ-бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін басқарған: Тұрсын хан.
  6. 1603-1624 жылдары болған қазақ-бұхар шайқасында қазақ қолына негізінен басшылық еткен хандар: Есім, Тұрсын.
  7. 1627 жылы* қазақ-бұхар шайқасында Есім ханды жеңіске жеткізді:Ұтымды соғыс тәсілі.
  8. Қазақ-бұхар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі: Қорғанысты шайқас.
  9. Жиырма жылдан астам уақытқа созылған қазақ-бұхар соғысының нәтижесі: Бұхар ханы Имамкули жеңілісті мойындады.
  10. Есім тұсында 200 жыл қазақ хандығының құрамына енген қала: Ташкент.
  1. Есім ханың тұсында жасалған далалық заңдар: «Есім ханның ескі жолы».

 

 


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 1940 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Верныйда сыра зауыты іске қосылды: 1858 жылы. | Білқайыр хандығы | XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті және әлеуметтік-экономикалық жағдайы | Рухани мәдениет | Діни наным–сенімдер | VI. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару | Отарлық езгіге қарсы азаттық күресі | Азақстанның экономикалық дамуы | Азақ-қытай сауда қатынастары | ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
III. «Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы| II. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы

mybiblioteka.su - 2015-2017 год. (0.17 сек.)