Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Верныйда сыра зауыты іске қосылды: 1858 жылы.

Читайте также:
  1. Алматы ауыр машина жасау зауыты

302. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Верныйда тұрған ғалым. Ш.Уәлиханов.

303. 1860 жылы болған Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы. Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті.

304. 1860 жылғы жылғы Ресей әскерімен Қоқан хандығының арасындағы шайқаста: Қазақ феодалдары екіге бөлінді.

305. 1860 жылы Ресей әскеріне қарсы қоқандықтармен бірге шайқасқан: Кенесарының баласы Сыздық сұлтан бастаған топтар.

306. 1860 жылы орыс әскерлері мен Қоқан әскерінің арасында үш күндік шайқас болған жер. Ұзынағаш.

307. Ұзынағаш жеріндегі орыс әскерлерінінің Қоқан әскерін жеңген шайқас болған уақыт. 1860 жылы қазан айының 19-21 күндері.

308. ХІХ ғасырдың 50-жылдарының аяғы, 60-жылдардың басында Орта Азия үшін талас болды: Ресей мен Англия арасында.

309. 1864 жылы Ресей үкіметінің Қоқан хандығына қарсы жіберген әскері басып алған бекініс. Түркістан.

310. 1865 жылы орыс әскерлері басып алған қала. Ташкент.

311. Орыс әскерлері Бұхар хандығының жеріне басып кірді: 1866 жылы.

312. 1866 жылы орыс әскерлерінің басып алуы нәтижесінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді: Бұхар хандығы.

313. 1868 жылы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты бірқатар жер, Қоқанға тәуелді қазақ жерлері бағындырылды: Түркістан генерал-губернаторлығына.

314. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі XVIII ғасырда басталып: Бір жарым ғасырға созылды.

315. ХІХ ғасырдың бас кезінде медреселерде оқытылған тіл. Араб тілі.

316. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын жіберді: Бұхар мен Ташкентке.

317. Қазақ жерінде тілмаштар дайындайтын Азиялық училище ашылды: 1789 жылы.

318. 1813 жылы омбыда, 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училищелер негізінен айналысты: Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлаумен.

319. Орынбордағы әскери училище 1844 жылы қайта құрылды: Неплюев кадет корпусы.

320. 1844 жылы Орынборда ашылған оқу орны: Неплюев кадет корпусы.

321. 1831 жылы қыркүйек айының 18-і күні орысша білім беретін училище ашылды: Семей қаласында.

322. Қазақтар үшін интернаты бар Өскемен училищесі ашылды: 1836 жылы.

323. В.И.Дальдың Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттаған шығармасы. «Бөкей мен Мәулен» повесі.

324. Қазақ жерінде болған А.С.Пушкин шығармашылығына арқау болған көтерліс. 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысы.

325. А.С.Пушкиннің Орынборда (Қазақстанда) болған жыл. 1833 жыл.

326. А.С.Пушкиннің Орынбор жерінде болғанда қазақтардың шаруалар соғысына қатысқаны туралы жазған еңбегі. «Пугачев бүлігінің тарихы ».

327. А.С.Пушкиннің Орал жерінде танысқан поэмасы. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу ».

328. 1848-1849 жылдары Каспий теңізіне жасаған экспедицияны басқарды: Г.С.Карелин.

329. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан туралы құнды еңбек жазды: А.Левшин.

330. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары. 1804-1846 жылдар.

331. Махамбетті Жәңгір хан өзі Зұлқарнайынмен қосып оқуға жібереді: Орынборға.

332. Махамбеттің Орынборда тұрған жылдары: 1824-1829 жылдар.

333. Махамбеттің шаруалар толқынына қатысқаны үшін қапаста отыран жыл. 1829 жыл.

334. Халық мүддесіне мейілінше берілген Махамбет өлеңдеріндегі негізгі тақырып. 1836- 1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

335. Махамбеттің Бөкей Ордасы билеушілеріне өшпенділігін ашық білдірген өлеңі. Баймағамбет сұлтанға арнаған өлеңі.

336. Шернияз Жарылғасұлының әдебиет саласына қосқан үлкен жаңалығы: Суырыпсалмалық өнерді жетілдірді.

337. Жастайынан екі көзінен айырылған, ХІХ ғасырда өмір сүрген ірі эпик ақын. Шөже Қаржаубайұлы.

338. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ең көркем нұсқасы тараған. Шөженің айтуымен.

339. Шөже Қаржаубайұлының суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған: Ш.Уәлиханов.

340. Шөженің айтуымен тараған жыр. «Қозы Көрпеш Баян сұлу».

341. Сүйінбай Аронұлы өмір сүрді: 1822-1895 жылдары.

342. Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер. Қаракәстек.

343. Қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков бастаған комиссия құрылды: ХІХ ғасырдың 60-жылдары.

344. ХІХ ғасырдың 60-жылдары құрылған И.И.Бутков бастаған комиссия қазақ даласын: Батыс және Шығыс екі облысқа бөлуді ұсынды.

345. 1865 жылы Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау жүктелді: Гирс басқарған «Дала комиссиясына».

346. 1865 жылы 5 маусымда Қазақ өлкесін зерттеп білу мәселелерін дайындауға әмір берді: ІІ Александр патша.

347. Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару неізінде қайта құруды талап еткен ғалым. Ш.Уәлиханов.

348. ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті: 1867 жылы 11 шілде.

349. ІІ Александр патша «Орынбор және Батыс Сібіргенерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті: 1868 жылы 21 қазан.

350. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері әкімшілік жағынан бөлінді: Үш генерал-губернаторлыққа.

352. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері құрамына кірген генерал-губернаторлықтар. Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтар.

354. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығына қараған облыстар. Орынбор және Торғай облыстары.

355. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қараған облыстар. Ақмола, Семей облыстары.

356. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде 1872 жылдан Бөкей хандығының жері қарады: Астрахан губерниясына.

357. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Маңғыстау приставтығы кейіннен бағындырылған облыс. Закаспий облысы.

358. 1867-1868 жылдардағы реформа генерал-губернатордың қолында шоғырланған билік. Әскери және азаматтық билік.

359. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілген генерал-губернаторлық. Түркістан генерал-губернаторлығы.

360. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына дипломатиялық келіссөздер жасауға рұқсат етілген елдер: Қытай, Иран.

361. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыс басында тұрды. Әскери губернатор.

362. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернатор жанындағы облыстық басқармалар үшке бөлінді: Шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру.

363. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар бөлінді: Уездерге.

364. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындап отырды: Генерал-губернаторлар.

365. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша бір ауылдағы шаңырақ саны. 100-200 шаңырақ.

366. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді: Шыңғыс тұқымы – сұлтандар.

367. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша елді мекендерді басқару билігі ақсақалдарға берілген облыс. Сырдария.

368. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сырдария облысында елді мекендерді басқару билігі берілді: Ақсақалдарға.

369. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазылар соты сақталған облыс. Сырдария.

370. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысында сақталған сот. Қазылар сот.

371. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны. Билер мен қазылар соты.

372. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекітті: Әскери губернатор.

373. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы 1868-1869 жылдардағы азаттық күрес өткен облыстар. Орал, Торғай облыстары.

374. 1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген салық түрі. Шаңырақ салығы.

375. 1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген шаңырақ салығының көлемі. 1 сомнан 3 сомға дейін.

376. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» көшпенділер үшін ауыртпалығы. Жерді патша үкіметінің меншігі деп жариялауы.

377. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы халық қозғалысын басқарғандар. Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар.

378. 1869 жылы мамырдың 6-ы күні пон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскеріне 20 мыңға жуық көтерілісшілер шабуыл жасаған жер. Жамансай көлі маңы.

379. 1869 жылдың наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында жалпы саны 3 мың болған көтерілісшілердің феодалдық топтарға қарсы шабуыл жасады: 41 рет.

380. 1869 жылы наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында феодалдық топтарға қарсы шабуылға қатысқан көтерілісшілер саны: 3 мың.

381. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері. 160 мың сом.

382. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.

383. 1870 жылы Бозащы түбегінде болған жазалаушылар мен көтерілісшілер арасындағы шайқаста: Жазалаушылар талқандалып, Рукин атылып өлді.

384. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін әскери құрама әкелінді: Кавказдан.

385. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу кезінде көтерілісшілер жайында «бұларды келістіріп жазалау керек» деп нұсқау берген әскери министр. Милютин.

386. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқан кезінде жазалаушылардан ығысып Хиуа хандығына өтіп кеткендер саны. 3000-ға жуық шаңырақ.

387. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жеңілу себебі. Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархалдық құбылыстың күшін жоймауы.

388. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі. Көтеріліске қазақ жалдама жұмысшыларының қатысуы.

389. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі басылғаннан кейін соғыс шығыны ретінде адайлықтар өкіметке: 90 мың қой өткізуге міндеттелді.

390. Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталған уақыт. ХІХ ғасырдың 60-жылдардың ортасы.

 


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 513 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті және әлеуметтік-экономикалық жағдайы | Рухани мәдениет | Діни наным–сенімдер | III. «Алаш» атауы мен жүздердің пайда болуы | V. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы | II. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы | VI. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару | Отарлық езгіге қарсы азаттық күресі | Азақстанның экономикалық дамуы | Азақ-қытай сауда қатынастары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пассаж на Пестеревской| Білқайыр хандығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)