Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Қандай дәрілік зат қатты дозаланған түрге жатады?



3 ВАРИАНТ

1. Қандай дәрілік зат қатты дозаланған түрге жатады?

A. Майлар

B. Драже

C. Пастылар

D. Эмульсия

E. Қайнатпа

 

2. «Dа» деген сөз нені білдіреді?

A. Бер

B. Белгіле

C. Ал

D. Араластыр

E. Залалсыздандыр

 

3. Қандай дәрінің түрі дәрілік өсімдік шикі заттың жоғары концентрацияланған сығындысынан алынады?

A. Ұнтақтар

B. Пастылар

C. Экстракттар

D. Түндырмалар

E. Таблеткалар

 

4. Қандай дәрілік түрде өсімдіктің бөлігі жазылмайды және тамшы түрінде дозаланады?

A. Тұнба

B. Суспензия

C. Экстракт

D. Тұндырма

E. Қайнатпа

 

5. Рецепт жазуда қандай қате бар?

Rp.: Solutionis Atropini sulfatis 0,1% - 10 ml

Dа.

Signa. 1 таблеткадан күніне 2 рет.

#

A. Рецепт дұрыс жазылған

B. Дәрілік түрдің атауында қате бар

C. Науқасқа тағайындауында қате бар

D. Дозаның санын белгілеуде қате бар

E. Дозаны жазғанда қате бар

 

6. Рецепт жазуда қандай қате бар?

Rp.: herbae Adonidis vernalis 6,0-180 ml

Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 4 рет.

#

A. Рецепт дұрыс жазылған

B. Дәрілік түрдің атауында қате бар

C. Науқасқа тағайындауында қате бар

D. Дәрілік заттың атауы жоқ

E. Дозасы жоқ

 

7. Қандай диапазонда дәрілік заттың жанама әсері көрініс береді?

A. Тәуелдік

B. Терапевттік

C. Токсикалық

D. Өлімге әкелетін

E. Курсты

 

8. Метаболиттік трансформацияның қандай түрі 1 фазаға жатады?

A. Тотығу, тотықсыздану, гидролиз

B. Дәрілік затқа бір қатар химиялық топтардың қосылуы

C. Тотықсыздану, коньюгация

D. Тотығу, коньюгация

E. Гидролиз, коньюгация

 

9. Балаларда дәрілік заттың фармакотерапиясын қандай пән оқытады?

A. Педиатриялық фармакология

B. Клиникалық фармакология

C. Перинатальды фармакология

D. Гериатриялық фармакология

E. Хронофармакология

 

10. Лидокаиннің саудалық аты қандай?

A. Ксикаин

B. Бензокаин

C. Прокаин

D. Тетракаин

E. Бупивакаин

 

11. Жергілікті анестетиктердің әсер ету механизмі қандай?

A. Жүйке жасушаларының ядроларын одақтау (қоршау)

B. Иондардың трансмембраналық тасымалдауға әсері

C. Аурсыну сезгіштіктің орталықтарын тежеу

D. Шеткі ауырсыну серпіністердің өткізуін тежеу



E. Аурсыну медиаторлар биосинтезін тежеу

 

12. Прокаин қандай жанама әсер етеді?

A. Тіндердің өліеттенуіне

B. Миокард қозғыштығын жоғарлату

C. Қан қысымын кенет төмендету

D. Психикалық тәуелділік

E. Қан қысымын кенет жоғарлату

 

13. Қабыну ошағында прокаин әсерін қандай фактор әлсіретеді?

A. Қабыну өнімдерімен нейтрализациясы

B. Қабыну ошақта жоғары қышқылды ортасы

C. Жасушалар мембраналардың жоғарылаған өткізгіштік

D. Жасуша элементтермен жұту

E. Қанағысының бұзылуы

 

14. Ауыр металлдармен және алкалоидтармен уланғанда қандай препарат қолданылады?

A. Валидол

B. Ментол

C. Аммиак ерітіндісі

D. Танин

E. Тальк

 

15. Қандай препарат жартылай ақуыз коагуляциясына байланысты шырышты қабаттың беткейінде қорғаныш жамылғы түзеді, нәтижесінде нерв аяқтамаларының қозу сезімталдығын тоқтатады?

A. Ментол

B. Валидол

C. Негізгі висмут нитраты

D. Белсендірілген көмір

E. Крахмалдан алынған шырыш

 

16. Неге бупивакаин прокаинмен салыстырғанда ұзақ уақыт әсер етеді?

A. Ол күрделі эфир емес, амид болып келеді

B. Қанның эстеразалармен ыдыратылады

C. Мембрана ақуыздармен мықты байланысады

D. Аурсыну сезгіштік орталықтарды тежейді

E. Моноаминоксидазалардың әсеріне ұшырамайды

 

17. Валидол құрамындағы қандай зат, рефлекторлы әсерге ие және коронарлы артериялардың түйілуін жоюға қолданылады?

A. Танин

B. Ментол

C. Тальк

D. Викалин

E. Аммиак

 

18. Ауыр металлдармен және алкалоидтармен уланғанда қандай препарат қолданылады?

F. Валидол

G. Ментол

H. Аммиак ерітіндісі

I. Танин

J. Тальк

 

19. Қандай заттар тобы ауырсыну сезімін төмендетеді, қабынуға қарсы әсер көрсетеді және ойықжара, энтерит, колитті емдеуде қолданады?

A. Жергілікті жансыздандырғыш

B. Қаптағыш

C. Тұтасырғыш

D. Сорғыш

E. Тітіркендіргіш

 

20. Қандай антихолинэстеразалық дәрі ГЭБ арқылы өтеді?

A. Неостигминнің метилсульфат

B. Пиридостигминнің бромид

C. Оксазил

D. Пилокарпиннің гидрохлорид

E. Физостигминнің салицилаты

 

21. Асқазан, ішек, өт түтіктердің спазм (жиырылу) кезінде өсімдік шығу тегі қандай холиноблокатор қолданылады?

A.Пипекуронийнің бромиді

B. Платифиллиннің гидротартраты

C. Гоматропиннің гидробромиді

D.Гексаметоний (бензогексоний)

E. Ипратропийнің бромид

 

22. Қандай дәрі каротидтік шумақшаның Н-холинорецепторды селективті қоздырады?

A.Ацетилхолин

B. Пилокарпин

C. Неостигмин

D.Цитизин

E. Бетанехол

 

23. Тубокурарин дозасының асып кетуі кезінде дәрілердің қандай тобы қолданылады?

A. Н-холиномиметиктер

B. М-холиномиметиктер

C. М-холинолитиктер

D. Холинэстеразаның реактиваторлары

E. Холинэстеразаның ингибиторлары

 

24. Асқазанның ойықжарасын емдеу үшін, гастропротекторлық әсері бар қандай селективті М-холиноблокатор қолданылады?

A.Атропин сульфаты

B. Метоциний йодиді (метацин)

C. Пирензепин

D. Платифиллин гидротартраты

E. Ипратропия бромиді

 

25. Қандай адреномиметикті, бронхоспазмды басу үшін ингаляция түрінде еңгізгеннен кейін, тахикардия, тремор және жүрек аймағының ауырсынуы пайда болды?

A. Пропранолол

B. Бисопролол

C. Сальбутамол

D. Атенолол

E. Небивалол

 

26. Бронхдемікпесімен ауратын қосымша брадикардиясы бар науқасқа қандай препарат тағайындалды?

A. Изопреналин

B. Добутамин

C. Мезатон

D. Сальбутамол

E. Допамин

27. Қандай препаратты бронх демікпенің ұстамасын басу үшін ингаляционды түрде қолданады, әсері жылдам басталып 4-5 сағатқа созылады?

A. Метопрололол

B. Пропранолол

C. Окспренолол

D. Сальбутамол

E. Талинолол

 

28. Қандай бета-1-адренорецепторлардың агонисті жедел жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады?

A. Изопреналин

B. Добутамин

C. Пропранолол

D. Октадин

E. Празозин

 

29. Қандай препарат жүректің жиырлу жиілігін, жүректің оттегіне қажеттілігін, АҚ жоғарлатады, қандағы қант деңгейіне, бронх саңылауына әсер етпейді, тек көк тамырға еңгізіледі?

A. Мезатон

B. Изопреналин

C. Эпинефрин

D. Норэпинефрин

E. Талинолол

 

30. Аса қысқа әсерлі қандай препарат көк тамырға хирургиялық наркозда қолданылады?

A. Пропанидид

B. Тиопентал-натрий

C. Кетамин

D. Оксибутират натрия

E. Фторотан

 

31. Наркоздың жету жылдамдығы неге байланысты?

A. Дәрілік заттың элиминация жылдамдығына

B. Метаболиттік үдерістің белсенділігіне

C. Артериальды қысымның деңгейіне

D. Асқорыту ферменттерінің қызметтеріне

E. Тыныс алғанда препараттың концентрациясына

 

32. Қандай γ - оксимайлы қышқылдың туындысы антигипоксиялық әсерге ие, себебі ми және жүрек тіндерінің оттегі жеткіліксіздігіне тұрақтылықты жоғарлатады?

A. Тиопентал-натрий

B. Кетамин

C. Фторотан

D. Азота закись

E. Оксибутират натрийі

 

33. Төменде аталған қандай препараттар келесі әсерге ие: Акушерлік тәжірибеде босанудағы ауырсынуды басу үшін, ұйықы бұзылысында ұйықтатқыш зат ретінде, өкпе ісінуде гипоксияны алдын алу және емдеуге қолданылады. Көк тамырға және ішке тағайындалады?

A. Оксибутират натрийі

B. Тиопентал-натрий

C. Фторотан

D. Наркозға арналған эфир

E. Кетамин

34. Қандай препарат этанолмен үйлесімді емес?

A. Метронидазол

B. Гентамицин

C. Ампициллин

D. Левомицетин

E. Эритромицин

 

35. Қандай заттармен уланғанда этанол қолданылады?

A. Метанолмен

B. Цианидтермен

C. Ауыр метал тұздарымен

D. Ұйықтатқыш заттармен

E. Жүрек гликозидтерімен

 

36. Қандай препарат ацетальдегидтің жинақталуына ықпал етеді және маскүнемдікті емдеуде қолданылады?

A. Тетурам

B. Морфин

C. Фурасемид

D. Атропин

E. Феназепам

37. Тетурам этил спирттің метаболизміне қалай әсер етеді?

A. Этил спирттің тотығуын жылдамдатады

B. Ацетальдегид даму кезеңінде этил спирттің тотығуын бұзады

C. Цитохром P450 белсенділігін күшейтеді

D. Асқазанда этил спиртін бейтараптайды

E. Бауырдағы цитохромды жүйені тежейді

 

38. Опиодты рецепторлардың толық агонисті қай препарат болады?

A. Налоксон

B. Налтрексон

C. Бупренорфин

D. Буторфанол

E. Морфин гидрохлориді

 

39. Қандай препарат дельта және каппа-рецепторларға агонист,мю рецепторлардың антогонисті болып табылады,дистрофия шақырады,инфаркт миокарда қолдануға болмайды?

A. Кодеин

B. Промедол

C. Трамадол

D. Пентазоцин

E. Фентанил

 

40. Қандай препаратты нейролептанальгезия үшін дроперидолмен қилыстыра қолданады?

A. Кодеин

B. Фентанил

C. Промедол

D. Налтрексон

E. Налоксон

 

41. Морфин гидрохлорид қандай жағдайда қарсы көрсеткішке ие?

A. Инфаркт миокард

B. Өкпенің ісінуінде

C. Операциядан кейінгі жағдайда

D. Бассүйек ішіндегі қысымның жоғарлауында

E. Травмалық шок кезінде

 

42. Қандай наркотикалық аналгетик тің әсер ету механизмі аралас, норадреналин және серотанин опиоидты емес компоненті нейроналды ұстамасының төмендеуімен байланысты жедел және интенсивті созылмалы ауруда қолданады, күре тамырға, ректалды және ішке қолданады?

A. Кодеин

B. Промедол

C. Трамадол

D. Пентазоцин

E. Налбуфен

 

43. Қандай опиоидты емес анальгетиктің орталыққа әсері белсенді?

A. Пентазоцин

B. Клонидин

C. Фентанил

D. Лорноксикам

E. Индометацин

 

44. Ацетилсалицил қышқылына қандай әсерлер жатады?

A. Эйфория, ұйқышылдық

B. Вазопрессиннің бөлінуінің жоғарылауы, диурездің азаюы

C. Ауырсынудың барлық түрлерін жояды

D. Қабынуға қарсы, ұйқы шақыратын

E. Ауырсынуды басу, антиагрегантты

 

45. Метамизол натриге қандай кері әсерлер жатады?

A. Агранулоцитоздың дамуы

B. Тыныс алу орталығының тежелуі

C. Физикалық дәріге тәуелділік

D. Рейно ауруы

E. АҚЖ сөлін қарқындату

 

46. Клонидиннің ауырсынуды басатын әсерден басқа тағы қандай әсерлері бар?

A. Седативті және гипотензивті әсерлер

B. Тыныс алу орталығын тежейді

C. Бездердің секрециясын тежейді

D. Абстипацияның дамуы

E. Тоқтату синдромы

 

47. 12 жасқа дейінгі балаларда парацетамолды қабылдағандағы салыстырмалы қауыпсыздығы немен байланысты?

A. Цитохром Р-450 жүйесінің жетіспеушілігімен

B. Ағзада қайта таралу

C. АҚЖ нашар сіңірілуі

D. ОЖЖ қарқынды метаболизміне байланысты

E. Ағзадан тез арада шығарылуы

 

48. Ұйқытатқыш заттардың қандай тобы бас мидың лимбиялық жүйесіне тежеуші әсер етеді?

A. Бензодиазепин рецепторларының агонисттері

B. Гистамин рецепторларының блокаторлары

C. Циклопирролонның өнімдері

D. Барбитур қышқылының өнімдері

E. Имидазопиридин туындылары

 

49. Барбитураттар туындыларымен уланғанда қандай зат қолданылады?

A. Флумазенил

B. Унитиол

C. Белсенділінген көмір

D. Пиридоксим

E. Атропиннің сульфаты

 

50. Қандай ұйқытатқыш препаратты қолданған кезде «тез ұйқы» фазасының дефициті дамиды?

A.Феназепам

B. Золпидем

C. Мелатонин

D.Нитразепам

E. Этаминал-натрийі

 

51. Наркозды алдын алу үшін, премедикация үшін және ұйқытатқыш зат үшін, атаксия, диплопия, ретроградты амнезия - кері әсері бар қандай препарат қолданылады?

A.Мидазолам

B. Натрий оксибутираты

C. Мелатонин

D.Доксиламин

E. Зопиклон

 

52. Фенитоинды (дифенин) ұзақ уақыт қабылдаған науқаста, қандай кері жағымсыз әсер дамуы мүмкін?

A. Қызыл иегтің гипертрофиясы

B. Гипогликемия

C. Тромбоцитопения

D. Бауырдың циррозы

E. Тырысулар

 

53. Ламотриджиннің әсер ету механизмі қандай?

A. Натри өзекшелерді тежейді

B. Т-типті кальци өзекшелерді тежейді

C. Бензодиазепин рецепторларды тежейді

D. Дофаминді рецепторларды тежейді

E. Орталықтағы холинорецепторларды тежейді

 

54. Төмендегі аталған қандай препаратқа қолдану көрсеткіштер тән: парциальды тырысулардың ұстамасында, таралған тонико-клоникалық тырысуларда және кіші эпилепсиялық ұстамаларда қолданылады, «ламикал» патенті атауы бар?

A. Ламотриджин

B. Этосуксемид

C. Карбамазепин

D. Натрия вальпроат

E. Фенобарбитал

 

55. Төмендегі аталған препараттарға қандай қасиеттер тән: пиримидин туындысына жатады, химиялық құрылысы фенобарбиталға ұқсас, ұйқышылдық, уыттылық әсері төмен дәрежеде, үлкен тырысулардың ұстамасында қолданылады?

A. Гексамидин

B. Этосуксемид

C. Карбамазепин

D. Натрия вальпроат

E. Фенобарбитал

 

56. Паркинсон ауруында барлық препараттар қолданылады біреуінен басқа?

A. Орталыққа әсер ететін холинолитиктер

B. Дофаминді рецепторларды тежейтіндер

C. Дофаминді рецепторларды қарқындататындар

D. МАО–ны тежейтіндер

E. Дофаминнің алғы заты

 

57. Паркинсон ауруында циклодолдың терапевтикалық әсерін немен байланыстырады?

A. Дофаминді рецепторларды тежеумен

B. Дофаминнің бөлініп шығуымен

C. МАО-ны тежеумен

D. ОЖЖ холинергиялық үдерістерді тежеумен

E. Глутаматергиялық әсерлерді белсендіруімен

58. Төмендегі аталған препаратқа қандай қасиеттер тән: дофаминнің инактивацияға ұшырауын тежейді, паркисонға қарсы әсері бар, леводопамен біріктіріп қолданады?

A. Селигилин (депренил)

B. Бромокриптин

C. Тропацин (Циклодол)

D. Перголид

E. Леводопа

 

59. Қандай препарат базисты қабынуға қарсы заттарға жатады?

A. Гидрокортизон

B. Метамизол

C. Ауранофин

D. Диклофенак натрийі

E. Флуметазон

 

60. Қандай препарат ЦОГ-2 селективті ингибиторына жатады?

A. Индометацин

B. Ибупрофен

C. Диклофенак натрия

D. Рофекоксиб

E. Ацетилсалицил қышқылы

 

61. Глюкокортикоидтарды қабылдағанда қандай жанама әсер тән?

A. ОЖЖ кенеттен тежеу

B. Аллергиялық реакциялар

C. Ортостатикалық коллапс

D. Гипергликемия

E. Бронхоспазм

 

62. Целекоксибке қандай фармакологиялық әсер тән?

A. Психотропты

B. Седативті

C. Қабынуға қарсы

D. Анальгетикалық

E. Диуретикалық

 

63. Қандай препарат қабынуға қарсы, анальгетикалық, ыстықты басатын және антиагрегантты әсерге ие, жанама әсерінің бірі асқазанның гастропатиясы?

A. Преднизолон

B. Гидрокортизон

C. Ацетилсалицил қышқылы

D. Диклофенак-натрий

E. Бутадион

 

64. Қандай препарат гистаминдік Н1- рецепторларының блокатор болып келеді?

A. Дифенгидрамин

B. Кромолин-натрий

C. Кетотифен

D. Аминофиллин

E. Эпинефриннің гидрохлориді

 

65. Аллергияға қарсы қандай препаратта күшті М-холинқорғаушы белсенділігі бар?

A. Лоратадин (кларитин)

B. Дифенгидрамин (димедрол)

C. Прометазин (дипразин)

D. Дезлоратадин

E. Фексофенадин (телфаст)

 

66. Аллергияға қарсы қандай препаратта мембрананы тұрақтандыру эффектісі бар?

A. Терфенадин

B. Кромогликат натрийі

C. Квифенадин (фенкарол)

D. Цетиризин (зиртек)

E. Фексофенадин

67. Бронхиалдық астмамен науқасқа қиыстырылған препарат белгіленген, оның құрамында натрийдің кромогликат және фенотерол, дозирленген аэрозоль түрінде бар. Қандай препарат қолданылған?

A. Дитэк

B. Интал плюс

C. Амоксиклав

D. Серетид

E. Беродуал

 

68. Синтетикалық жолмен алынған иммуностимуляторға қандай препарат жатады?

A. Иммунал

B. Полудан

C. Левамизол

D. Интерферон-альфа

E. Ронколейкин

69. Қандай препарат тотығу тотықсыздану процессін бұзады,депигментациялық әсері бар, жараны механикалық тазартады?

A. Этил спирті

B. Калий перманганаты

C. Хлорамин Б

D. Хлоргексидин

E. Сутек асқын тотығы

 

70. Қандай антибиотик сүйекте, тістің ұрығында жиналып және балаларда оның дамуын тежейді?

A. Гентамицин

B. Хлорамфеникол

C. Рифампицин

D. Ампицилин

E. Тетрациклин

 

71. Қандай антибактериальды препараттың құрамында циластатины бар, кең спектрлі, парентеральды жолмен еңгізіледі, резервті болып табылады, препараттың құрамына циластатин бар?

A. Амоксициллин

B. Меропенем

C. Тиенам

D. Азтреонам

E. Ванкомицин

 

72. Қандай липофильды антибиотик кең спектрлі, рибосом қатарындағы 50S суббірлікпен байланысып, трансляция кезеңінде пептидтранслоказаны тежейді, қабынған тіндерге торша ішілік және сыртқа әсер етеді?

A. Цефуроксим

B. Амоксициллин

C. Гентамицин

D. Азитромицин

E. Имипенем

 

73. Қандай антибактериальды препарат әсіресе анаэробты және грамм оң аэробты бактерияларға әсер етеді, сүйек тіндерінде жақсы жиналады, бірақ псевдомембранозды колитті шақыруы мүмкін?

A. Ампициллин

B. Цефазолин

C. Гентамицин

D. Эритромицин

E. Клиндамицин

 

74. Хлорамфениколдарды – макролидтерді микробқа қарсы әсері бар мақсатында біріктіруге және қолдауға бола ма?

A. Антагонизм

B. Синергизм

C. Қоздырғыштың биохимиялық үдерістеріне әсер етеді

D. Баяу еритін кешеннің пайда болуы (жүзінді)

E. Мөлшерлік күштің төмендеуі

 

75. Ішектің саңылауында әсер ететін сульфаниламидті препаратты атаңыз?

A. Сульфален

B. Фталазол

C. Сульфадимезин

D. Сульфапиридазин

E. Этазол

 

76. Сульфаниламидтердің әсер ету механизмі немен негізделген?

A. Нуклеин қышқылының синтезі бұзылуымен

B. Парааминобензой қышқылымен бәсекелес антогонизм

C. ДНК репликациясының бұзылуы

D. Дигидрофолатредуктазаның жойылуы

E. Пенициллин байланыстырғыш ферментінің жойылуы

 

77. Сульфаниламидтерге қандай жанама әсер тән?

A. Жергілікті тітіркендіргіш әсер

B. Шырышты қабықтың ісінуі

C. Естудің бұзылуы

D. Фотосенсибилизация

E. Кристаллурия

 

78. Сульфаниламидтерді қабылдауда кристаллурияны қалай жоюға болады?

A. Сілтілік ерітінді шығарумен

B. Қышқыл ерітіндіні енгізумен

C. Диуретиктерді енгізумен

D. Дегидратационнды терапия жүргізумен

E. Препараттардың дозасын азайтумен

 

79. Қандай препарат кең спетрлі антибактериалды әсерге ие, жас балаларда және ересек адамдарда болатын көздің гонорейлі зақымдалуында, конъюнктивит, блефаритте, жағар май немесе көз тамшысы ретінде емдеу үшін және аурудың алдын алу үшін қолданады?

A. Ко-тримоксазол

B. Сулфален

C. Норсульфазол

D. Сульфацил натрийі

E. Сульфазин

 

80. Хиноксалин туындысына жататын синтетикалық микробқа қарсы препарат қандай?

A. Фурациллин

B. Фурадонин

C. Гатифлоксацин

D. Этазол

E. Диоксидин

81. Нитрофурандардың резорбтивті әсерлерінің қолданылу көрсеткіштері?

A. Жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы

B. Несеп шығару жолдарының, ішектің инфекциясы

C. Таралған инфекциялар

D. Буындардың инфекциямен зақымдалуы

E. Нейроинфекция

82. Нитрофурандардың микробтарға қарсы әсер ету механизмі немен байланысты?

A. Микроорганизмдердің тыныс алу торшасының ферменттерінің тотығуымен жүреді

B. Бактериялардың ДНК–сының ішіндегі тиамидин кіріндісін тежейді

C. Дигидрофолатредуктазаны тежейді

D. ДНК-гиразаны тежейді

E. Пуриннің синтезінің тежейді

 

83. Налидикс қышқылының микробқа қарсы әсер ету механизмі қандай?

A. Белок синтезін тежейді

B. Цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігінің бұзылуымен

C. ДНК-синтезін тежейді

D. РНК-синтезін тежейді

E. Глутамин қышқылының синтезінің бұзылуымен

 

84. 8-оксихинолин туындыларының әсер ету механизмін немен байланыстырады?

A. Дигидрофоли қышқылының пайда болуын тежейді

B. Тиол ферменттерін тежейді

C. РНК-синтезін тежейді

D. Дигидрофолатредуктазаны тежейді

E. Пептидилтрансферазаны тежейді

 

85. Неге фторхинолондар 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды?

A. Сіңір тіндерінің дамуын тежейді

B. Нефротоксикалық әсері бар

C. Гепатотоксикалық әсері бар

D. Өсуді тежейді әсері бар

E. Ототоксикалық әсері бар

 

86. Қандай препарат фторхинолондардың IV буынына жатады, грамм оң бактерияларға тиімді, фотосенсибилизирлеуші әсері жоқ?

A. Офлоксацин

B. Моксифлоксацин

C. Пефлоксацин

D. Ципрофлоксацин

E. Левофлоксацин

 

87. Қандай препарат изоникотин қышқылдың гидрозидтеріне жатады?

A. Рифампицин

B. Циклосерин

C. Этионамид

D. Фтивазид

E. Этамбутол

 

88. Қандай антибиотик туберкулез микобактериясында РНҚ синтезін бұзады?

A. Рифампицин

B. Изониазид

C. Циклосерин

D. ПАСК

E. Ампициллин

 

89. Қандай туберкулезға қарсы препаратты фуросемидпен біріктіруге болмайды?

A. Этамбутол

B. Изониазид

C. Канамицин

D. Рифампицин

E. ПАСК

 

90. Пенициллиндерді төзалмау кезде мерезді емдеу үшін қандай антибиотик қолданылады?

A.Бензилпенициллин

B. Канамицин

C. Клиндамицин

D.Доксициклин

E. Метронидазол

 

91. Бициллин-1 спирохетозға қарсы әсер ету механизмі қандай?

A. Жасушалық қабырға синтезін бұзу

B. Спирохетаның ақуыздар-ферменттер SН-топтарды байлау

C. Цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу

D. Парааминобензойлық қышқылымен конкуренттік антагонизм

E. Нуклеин қышқылдарының синтезін бұзу

92. Ұзақ уақыт әсер ететін қандай препарат тек қана бұлшықетішіне енгізіледі және спирохеталардың жасушалық қабырға синтезін тежейді?

A. Бийохинол

B. Эритромициннің фосфаты

C. Гентамициннің сульфаты

D. Бициллин-5

E. Феноксиметилпенициллин

 

93. Кандидамикозда қандай препарат тиімді?

A. Миконазол

B. Калия йодид

C. Кетоконазол

D. Гризеофульвин

E. Флуконазол

94. Қандай препарат вирустардың кері транскриптазасын тежейді?

A. Оксолин

B. Зидовудин

C. Метисазон

D. Ремантадин

E. Нельфинавир

 

95. Қандай вирусқа қарсы препарат ЖИТС-пен ауыратын науқастарда цитомегаловирусты ринитте қолданылады, нефротоксикалық әсері бар және гиперкальциемияны шақыруы мүмкін?

A. Ганцикловир

B. Мидантан

C. Видарабин

D. Фоскарнет

E. Трифлуридин

 

96. Лейшманиозды емдеуде және оны алдын алу үшін қандай дәрілік зат қолданылады?

A. Хлоридин

B. Хингамин

C. Примахин

D. Солюсурьмин

E. Хлоксил

 

97. Қандай препарат ипекакуан тамырының алколоиды болып табылады,бауыр мен ішек қабырғаларына жабысқан амебаларға әсер етеді,ішке қолданғанда АШЖ шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер көрсетеді?

A. Тетрациклин

B. Хиниофон

C. Эметин гидрохлориді

D. Хингамин

E. Метронидазол

 

98. Қандай препарат құрттардың бұлшық етінің салдануына әкеледі?

A. Левамизол

B. Фенасал

C. Пиперазин адипинаты

D. Нафтамон

E. Хиниофон

 

99. 14 жастағы науқас балаға энтеробиоз диагнозы қойылды. Тексерісте иммунндық статусының әлсіздігі байқалды. Осы жағдайда қандай препарат тағайындаған дұрыс?

A. Пирантел

B. Нафтамон

C. Левамизол

D. Пиперазин адипинаты

E. Пирвиния памоат

 

100. Қандай құрттарға қарсы препарат имидазол туындысына жатады, кең спектрлі, әсіресе ішек нематодоздарында тиімді, жоғары дозада ішектен тыс трихинеллезде и эхинококкозда қолданылады?

A. Мебендазол

B. Левамизол

C. Пиперазин адипинаты

D. Фенасал

E. Нафтамон

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
In England and Wales the initial decision to begin criminal proceedings normally lies with the police. Once the police have brought a criminal charge, the papers are passed to the Crown Prosecution | 1. Өкпе рагы дамуының басты қауіпті факторына жатпайды:

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.106 сек.)