Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Ішастардың жоғарғы қабатының туындысын атаңыз:



1 вариант

1.Ішастардың жоғарғы қабатының туындысын атаңыз:

+Қалталар

Қаптар

Қойнаулар

Өзектер

Ұңғылдар

 

2. Буындарда сагитальді білік бойында жүзеге асатын қозғалыстарды атаңыз:

+ Әкелу, әкету

Әкету, жазу

Бүгу, әкету

Бүгу, жазу

Ішке және сыртқа бұру

 

3. Жүректің екі жармалы қақпағы қай жерде орналасады:

+ Сол жақ жүрекше-қарыншалық тесікте

Қолқа тесігінде

Оң жақ жүрекше- қарыншалық тесікте

Өкпе сабауында

Төменгі қуыс венаның қабырғасында

 

4. Құрсақ сабауының тармақтарын атаңыз:

+Сол жақ асқазандық, жалпы бауырлық,көкбауырлық

Жоғарғы бүйрекүсті бездік, бүйректік,сол жақ асқазандық

Көкбауырлық, жоғарғы және төменгі бүйрекүсті бездік

Меншікті бауырлық,бүйректік,сол жақ асқазандық

Сол және оң жақ асқазандық, көкбауырлық

 

5.Ішастардың төменгі қабатының туындысын атаңыз:

+Ұңғылдар

Қалталар

Қаптар

Қойнаулар

Өзектер

 

6.Көкірекаралықтың алдыңғы қабырғасын қандай анатомиялық құрылым түзеді

+Төстік

Көкірекаралық плевра

Көкет

Көкірек клеткасының жоғарғы тесігі

Омыртқа жотасы

 

7. Алдыңғы ми көпіршігінің туындысын атаңыз:

+Аралық ми

Көпір

Мишық

Ортаңғы ми

Сопақша ми

 

8. Қандай жұп ми нервтерінің ядролары сопақша мида орналасады:

+ VІ-ХІІ

ІІ-ІІІ

ІІІ-ІV

V-VІІІ

ІХ-ХІІ

 

9.Оң жақ өкпе қақпасының ең үстiңгi жағында орналасқан анатомиялық құрылымды атаңыз:

+Өкпе артериясы

Басты бронх

Нервтер

Оң жақ жоғарғы өкпе венасы

Оң жақ төменгi өкпе венасы

 

10. Бұрыштық артерия (бет артериясының тармағы) қандай артериямен анастомозданады:

+ Мұрын арқасының артериясы

Беткей самай

Беттің көлденең

Жоғарғы еріндік

Төменгі еріндік

 

11.Үлкен қан айналым шеңбері қайдан басталады

+ Сол жақ қарыншадан

Оң жақ қарыншадан

Оң жақ жүрекшеден

Сол жақ жүрекшеден

Тәждік қойнаудан

 

12.III-қарынша қандай мидың қуысты қалдығы болып табылады



+ Аралық

Жұлынның

Көпірдің

Ортаңғы

Соңғы

 

13. Көлденең өсінділерінде қабырғалық шұңқыршалары болмайтын кеуде омыртқаларын атаңыз:

+ ХІ – ХІІ

І – ІІ

І – V

І – VІІ

VІІІ – Х

 

14. Тоқ ішектің(жуан ішек) таспалары қандай қабықтан түзілген

+ Сірлі

Шырышты

Шырышасты

Бұлшық еттік қабықтың циркулярлы қабатынан

Бұлшық еттік қабықтың ұзына бойлы қабатынан

 

15. Мидың сүйелді денесін орап өтетін артерияны атаңыз:

+Алдыңғы милық

Артқы милық

Алдыңғы жұлындық

Артқы жұлындық

Ортаңғы милық

 

16.Бұғананың ұштарын атаңыз:

+Төстік,акромиальді

Алдыңғы, артқы

Жоғарғы, төменгі

Құстұмсықты, акромиальді

Төстік, құстұмсықты

 

17. Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімі жұлынның қай сегменттерінің бүйір мүйіздерінде орналасады:

+S2 – S4

C1 – C8

C8 – L2

C3 – C8

Th10 – L5

 

 

18.Жұлынның төменгі шекарасы қандай омыртқалардың деңгейінде орналасады

+ І - ІІ - бел

ІІІ - І Ү - бел

ІҮ- Ү - бел

І -ІІ сегізкөз

ІІІ - ІҮ сегізкөз

 

19.Жүректің оң жақ жүрекшесіне қандай қан тамырлары құяды

+ Жоғарғы, төменгі қуыс веналар

Оң және сол жақ иық- басы веналары

Қолқа, өкпе сабауы

Оң және сол жақ өкпе веналары

Оң және сол жақ өкпе артериялары

 

20.Асқазан қандай бөлімдерден тұрады

+ Күмбезі, денесі, кардиальді, пилорикалық

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,латеральді

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,медиальді

Басы, денесі, кардиальді, пилорикалық

Күмбезі, денесі, мойыны,сабауы

 

21. Жауырынның өсінділерін атаңыз:

+ Құстұмсықты, акромиальды

Алдыңғы,артқы

Жоғарғы,төменгі

Қабырғалық,төстік

Тәждік, шынтақтық

 

22.Шынтақ буыны құрылысы бойынша қандай буындардың қатарына жатады

+ Күрделі

Амфиартроз

Кешенді

Қарапайым

Үйлесімді

 

23. Ақ сызықтың орналасқан жерін атаңыз:

+Төстің семсер өсіндісінен шат симфизіне дейін

Мықын қылқанынан шат симфизіне дейін

Төстің семсер өсіндісінен мықын қырына дейін

Төстің тұтқасынан шонданай төмпегіне дейін

XII қабырғадан шап симфизіне дейін

 

24.Қақпа венасын түзуге қатысатын венаны атаңыз:

+ Жоғарғы шажырқай

Бүйрек

Бауыр

Жоғарғы көкет

Төменгі көкет

 

25.Жүректің тәждік қойнауы қайда ашылады

+ Оң жақ жүрекшеге

Қолқа буылтығына

Оң жақ қарыншаға

Сол жақ жүрекшеге

Сол жақ қарыншаға

 

26. Ішкі кеуде артериясының соңғы тармқтарын атаңыз:

+Жоғарғы құрсақүсті,бұлшықет-көкеттік

Көлденең мойын, жоғарғы құрсақүсті

Қабырға –мойын, көлденең мойын

Төменгі құрсақүсті, көлденең мойын

Төменгі қалқанша бездік, қабырға –мойын

 

27. N. splanchnicus major симпатикалық сабаудың кеуде бөлімінің нешінші түйіндерінен шығады:

+V -ІХ

І -ІІІ

ІV - ҮІІ

VІІ - ІХ

Х - ХІ

 

28. Үшкіл нервтің І- тармағының бойында орналасқан вегетативті түйінді атаңыз:

+Кірпік

Жақасты

Құлақ

Қанат – таңдай

Тіласты

29. Беткей самай артериясының соңғы тармақтары қалай аталады:

Артқы құлақшалық, самайлық

Алдыңғы және артқы құлақшалық

Бұрыштық,шүйделік

+Маңдайлық,төбелік

Самайлық, төбелік

 

30. XІI- кеуде омыртқасының деңгейінде құрсақ қолқасынан қандай артерия шығады:

+Құрсақ сабауы

Бүйректік

Жоғарғы бүйрек бездік

Төменгі бүйрек бездік

Төменгі шажырқай

 

31. Төменде көрсетілген суреттегі іш қуысының белгіленген № 8 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 


 

+ Кіші шарбы

Асқазан түбі

Бауыр - асқазандық байлам

Бауыр -он екі елі ішектік

Өңеш

 

 

32. Төменде көрсетілген суреттегі мойын өрімінің белгіленген № 7 тармағын атаңыз.

 

 

+ Тіласты нерісінің жоғарғы түбіршігі

Кіші шүйде нерві

Мойын өрімінің төменгі түбіршігі

Мойынның көлденең нервісі

Үлкен құлақ нерві

 

33. Төменде көрсетілген суреттегі көкеттің белгіленген № 3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+ Төменгі қуыс вена тесігі

Бұлшықетті бөлім

Өңеш саңылауы

Сіңірлі орталық

Төстік

 

 

34. Төменде көрсетілген суреттегі тізе буынының белгіленген № 6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Тізе тобығының байламы

Асықты жілік коллатеральды байламы

Асықты жілік шыбығының коллатеральді байламы

Медиальды мениск

Төрт басты бұлшықеттің сіңірі

 

35. Төменде көрсетілген суреттегі сегізкөздің белгіленген №5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Негізі

Алдыңғы сегізкөз тесіктері

Астаулық беті

Латеральді бөлімі

Ұшы

 

36.Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Оң жақ құлақша

Қолқа

Өкпе сабауы

Сол жақ жалпы ұйқы артерия

Төменгі қуыс вена

 

37. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ ұшының табан бетіндегі белгіленген № 2 бұлшықетті атаңыз.

 

 

+ Башпайларды қысқа бүккіш

Башпайдың ұзын бүккіш

Башпайды әкететін

Кішкене башпайды қысқа бүккіш

Кішкене башпайды әкететін

 

 

38. Төменде көрсетілген суреттегі құрсақ қуысының белгіленген №7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+Шарбылық тесік

Көкбауыр

Оң жақ жиектік иілім

Үлкен шарбы

Ұйқы безі

 

 

39. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ басының белгіленген № 2 сүйегін атаңыз.

 

 

+ Текше

Қайықша

Латеральды сына тәрізді

Медильді сына тәрізді

Топай

 

40. Төменде көрсетілген суреттегі мидың төменгі бетіндегі белгіленген № 7 артерияны атаңыз.

 

+ Артқы милық

Алдыңғы милық

Алдыңғы жұлындық

Базилярлық

Ішкі ұйқы

 

 

41. Төменде көрсетілген суреттегі құрсақ қуысының белгіленген №7 венасын атаңыз.

 

 

+ Қақпа

Асқазан

Жоғарғы шажырқай

Көкбауыр

Төменгі шажырқай

 

 

42. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ сүйектерінің белгіленген № 1 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Айдаршықаралық шұңқырша

Айдаршықаралық қырат

Латеральді айдаршық буын беті

Медиальді айдаршық буын беті

Медиальді айдаршық

 

 

43. Төменде көрсетілген суреттегі арқаның белгіленген № 3 бұлшықетін атаңыз.

 

+Артқы төменгі тісшеленген

Арқаның аса жалпақ

Жауырынды көтеретін

Ромб тәрізді

Трапеция тәрізді

 

 

44. Төменде көрсетілген суреттегі көздің қосымша ағзаларының белгіленген № 3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Көз жасы қапшығы

Көз жасы безі

Мұрын –көз жас түтігі

Төменгі мұрын кеуелжірі

Шығарушы түтіктер

 

45. Төменде көрсетілген суреттегі мидың негізінің белгіленген № 5 артериясын атаңыз.

 

+ Негізгі (базилярлы)

Алдыңғы милық

Артқы милық

Ортаңғы милық

Ішкі ұйқы

 

 

46.Төменде көрсетілген суреттегі кеуде омыртқасының белгіленген №1 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Қабырғалық шұңқырша

Доға аяқшалары

Денесі

Қылқанды өсінді

Төменгі буын беті

 

 

47. Төменде көрсетілген суреттегі омыртқа жотасының бас сүйекпен байланысының белгіленген № 2 байламын атаңыз.

 

+С.Желкелік

Алдыңығы ұзына бойлы

Артқы ұзына бойлы

Қылқанаралы

Қылқанүсті

 

48. Төменде көрсетілген суреттегі иық белдеуі сүйектерінің белгіленген № 6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

 

+ Құстұмсық тәрізді өсінді

Акромиальді өсінді

Кіші төмпешік

Төмпешікаралық жүлге

Үлкен төмпешік

 

49. Төменде көрсетілген суреттегі қолдың белгіленген № 1 венасын атаңыз.

 

+ V. cephalica

V. basilica

V. intermedia cubiti

V. radialis

V. ulnaris

 

 

50. Төменде көрсетілген суреттегі тілдің белгіленген № 7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Тіл бадамша безі

Таңдай бадамша безі

Таңдай- тілдік доға

Таңдай – жұтқыншақтық доға

Шекаралық жүлге

 

51. Төменде көрсетілген суреттегі кеуденің белгіленген № 7 бұлшықетін атаңыз.

 

 

+ Алдыңғы тісшеленген

Иықтың екі басты

Төс-бұғана-емізік

Трапеция тәрізді

Үлкен кеуде

 

 

52. Төменде көрсетілген суреттегі иық белдеуі және иықтың белгіленген №2 бұлшықетін атаңыз.

 

 

 

+ Кіші жұмыр

Қылқанасты

Қылқанүсті

Үш басты бұлшықеттің ұзын басы

Үлкен жұмыр

 

 

53. Төменде көрсетілген суреттегі қол басының белгіленген № 5 сүйегін атаңыз.

 

 

+ Қайықша тәрізді

Жартыай тәрізді

Трапеция тәрізді

Үш қырлы

Ілмек тәрізді

 

 

54. Төменде көрсетілген суреттегі бас сүйектің белгіленген № 7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Мұрын сүйегі

Бет сүйегі

Иек тесігі

Көзасты тесігі

Маңдай сүйек

 

55. Төменде көрсетілген суреттегі кезбе нервтің белгіленген № 3тармағын атаңыз.

 

+ Қайтарма көмей

Бронхтық

Жоғарғы көмей

Жұтқыншақтық

Төменгі көмей

 

56. Төменде көрсетілген суреттегі омыртқа жотасының белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+Алдыңығы ұзына бойлы байлам

Артқы ұзына бойлы байлам

Қылқанаралық байлам

Қылқанүсті байлам

Омыртқааралық диск

 

 

57. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас астауы және жамбас буынының белгіленген № 4 байламын атаңыз.

 

 

+Сегізкөз- қылқандық

Алдыңығы ұзына бойлы

Мықын- белдік

Сегізкөз-мықындық

Сегізкөз- төмпелік

 

58. Төменде көрсетілген суреттегі белгіленген № 3 анатомиялық құрылымды атаңыз.

 

+ Атабез қосалқысы

Атабез

Атабезді көтеретін бұлшықет

Етті қабық

Сыртқы шаует шандыры

 

59. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ ұшының белгіленген № 4 артериясын атаңыз.

 

 

+ Доғатәрізді

Дорсальды табан

Дорсальды бақай

Латеральды тілерсек

Медиальды тілерсек

 

 

60. Төменде көрсетілген суреттегі құрсақ қуысының белгіленген №6 артериясын атаңыз.

 

+ Ішкі мықын

Бүйрек

Жоғарғы шажырқай

Құрсақ сабауы

Төменгі шажырқай

 

 

61. Төменде көрсетілген суреттегі есту мүшесінің белгіленген №8 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Сыртқы есту жолы

Балғашық

Есту түтігі

Жартылай дөңгелекті өзек

Ұлу

 

62. Төменде көрсетілген суреттегі ішкі құлақтың белгіленген № 5 анатомиялық құрылымды атаңыз.

 

+Сфералы қапшық

Латералды жарғақты түтік

Ұлу түтігі

Эндолимфалық түтік

Эллипсті қапшық

 

 

63. Төменде көрсетілген суреттегі ми негізінің белгіленген № X нервісін атаңыз.

 

 

 

+ Кезбе

Әкететін

Көз-қозғалтқыш

Үшкіл

Шығыршықты

 

 

64. Төменде көрсетілген суреттегі әйел жыныс мүшелерінің белгіленген №3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Жатыр түтігінің қылтасы

Жатыр түтігінің ампуласы

Жатыр тесігі

Жатыр мойнының өзегі

Қынап күмбезі

 

 

65. Төменде көрсетілген суреттегі сирақ және аяқ басының белгіленген № 2 бұлшықетін атаңыз.

 

+Алдыңғы асықты жілік

Ұзын башпайды жазғыш

Ұзын бақайларды жазғыш

Қысқа бақайларды жазғыш

Қысқа башпайды жазғыш

 

 

66. Төменде көрсетілген суреттегі әйел жамбас астауының сагитальды кесіндісінен № 3 анатомиялық құрылымды атаңыз.

 

 

 

+ Қынап

Жатырдың түбі

Жатырдың мойыны

Несеп қуық

Тік ішек

 

 

67. Төменде көрсетілген суреттегі бел-сегізкөз өрімінің белгіленген № 5 тармағын атаңыз.

 

+ Сан

Жапқыш

Мықын-құрсақасты

Мықын-шап

Сан-жыныс

 

 

68. Төменде көрсетілген суреттегі көз алмасының горизонтальды кесіндісінің белгіленген № 2 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Көзбұршақ

Кірпікті дене

Мөлдір қабық

Нұрлы қабық

Шыны тәрізді дене

 

69. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуі және санның белгіленген № 6 бұлшықетін атаңыз.

 

 

+ Тігінші

Алмұрт тәрізді

Нәзік

Төртбасты

Ішкі жапқыш

 

70. Төменде көрсетілген суреттегі төменгі жақтың белгіленген №7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Тәждік өсінді

Иек тесігі

Төменгі жақ тесігі

Тілігі

Тармағы

 

 

71. Емхананың қабылдау бөліміне жұтынудан кейін және жөтелу кезінде төстің артында ауырсыну шағымымен жас бала түсті. Рентгенологиялық тексеріс кезінде, 5-ші кеуде омыртқаның деңгейінде өңеш қабырғасының ішінде бөгде дене анықталды.Өңештің қабырғасының зақымы оның қай тарылымының аймағының тұсында болды?

+ Бронхтық

Жұтқыншақтық

Көкеттік

Кардиальді

Қолқалық.

 

72. Жарақат кезінде жарақаттанған адамның сирақтың үш басты бұлшық етінің қызметі бұзылды. Осы жағдайда сирақ-топай буынының қандай қызметі бұзылады?

+ Бүгу

Әкету

Әкелу

Бұру

Жазу

 

73.Науқастың оң жақ өкпесінің ортаңғы үлесін толығымен алып жатқан ісік анықталды. Операция жасау кезінде неше сегментті бөліп алу керек?

+ 2.

4.

5.

10.

 

74..Науқасты тексеру кезінде оның білекті шынтақ буынында бүге алмайтындығы және білектің латеральді беті терісінің сезімталтығы қол басына дейін жойылғаны анықталды.

Қандай нерв зақымдалған?

+ Бұлшықет-терілік

Кәрі жіліктік

Қолтық

Орталық

Шынтақтық

 

75. Жұтқыншақтың шырышты қабығының лимфа тінінің шамадан тыс ұлғаюына байланысты, жас балалардың мұрын арқылы тыныс алуының қиындауын жиі байқауға болады.Қандай бадамша бездің шамадан тыс ұлғаюы осы себепке әкеп соқтырады?

+ Жұтқыншақтық бадамша без.

Барлық бадамша бездер.

Түтіктік бадамша без.

Таңдай бадамша безі

Тіл бадамша безі

 

76.Қабыну процессінің салдарынан көзшарасының төменгі қабырғасы аймағында ірің пайда болды. Емдеуші дәрігер қанатша – таңдай тесігінің аймағында қабынудың таралуын күтеді. Қандай тесік арқылы қабыну процессі көзшарасынан қанатша-таңдай тесігіне таралады?

+ Төменгі көз шарасы саңылауы

Алдыңғы торлы тесік

Жоғарғы көз шарасы саңылауы

Көру өзегі

Мұрын – көзжасы өзегі

 

 

77.Мойындырық тесігі бассүйектің төменгі бетінде орналасқан. Ол арқылы нервтер және ірі веналық тамырлар өтеді. Егерде осы веналық тамыр мойындырық тесігі аймағында бұзылса, бас қаңқасының қай шұңқырына қан құюлуы мүмкін.

+ Артқы бас сүйек

Алдыңғы бас сүйек

Көз шарасына

Мұрын қуысына

Ортаңғы бас сүйек

 

 

78. 37 жастағы науқас оң жақ бел аймағының ұстамалы қатты ауруына, ауырсынуының іштің тік бұлшықетінің сыртқы жиегімен шапқа және ұмаға жайылуына шағымданып дәрігерге келген.Анамнезінде бүйрек-тас ауруы бар.Бұл ауырсыныу бел өрімінің қандай тармағымен байланысты?

+ Мықын- шап

Жапқыш

Мықын- құрсақасты

Сан

Сан-жыныс

 

 

79. Оң жақ бел аймағынан кесіліп- тесілген жарасы бар 20 жастағы науқас жеткізілген. Жара омыртқаны жазатын бұлшықеттің сыртқы жиегінде ХІІ қабырға астында анықталды. Қандай мүше зақымдалуы мүмкін?

+ Оң жақ бүйрек

Асқазан

Соқыр ішек

Тік ішек

Ұйқы безі

 

80. 18 жастағы науқас оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданып келген.Ауырғанына 6 сағат өткен.Алғашқыда асқазаны ауырған, соңынан ауырсыну іштің төменгі жағына ауысқан. Науқас 1 рет құсты.Тексергенде оң жақ мықын аймағында ауырсыну анықталды.Қандай мүшенің қабынуы анықталды.

+ Соқыр ішек

Оң жақ бүйрек

Оң жақ бүйрекүсті безі

Тік ішек

Ұйқы безі

 

81. Миокард инфарктімен ауырған 72 жастағы науқас терапиялық бөлімнен хирургиялық бөліміне шұғыл ауыстырылған.Бірнеше күн бұрын іші қатты ауырған.Кәзіргі уақытта жайылмалы перитонит белгілері бар.Операцияда тоқ ішекпен сигма тәрізді ішектердің сол жақ бөлігінің гангренасы анықталды.Қандай тамырдың қан өтуі бұзылған?

+Төменгі шажырқай

Жоғарғы шажырқай

Жоғарғы құрсақүсті

Құрсақ сабауы

Төменгі құрсақүсті

 

82.Жарақат кезінде жрақаттанған адамның санының артқы топ бұлшық еттерінің қызметі бұзылды. Осы жағдайда тізе буынының қандай қызметі бұзылады?

+ Бүгу

Әкету

Әкелу

Бұру

Жазу

 

83.Науқасқа сапасыз бұлшықетішілік инъекциядан кейін үлкен бөксе бұлшықеттінің абсцесі пайда болды. Жамбас буынының қандай қызметі шектеледі?

+ Сыртқа бұру

Әкету

Әкелу

Бүгу

Ішке бұру

 

84.Иық буыны аймағының ревматоидты жарақаты кезінде, жарақаттанған адамның иық буынында әкелу қызметінен басқа қозғалыстар шектеулі болды. Осы аймақтың қандай бұлшық еті жарақаттанды?

+ Дельта тәрізді

Бұғанаасты

Жауырынасты

Кіші жұмыр

Үлкен жұмыр

 

85.Құрсақ қуысына операция жасау үшін, құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын кесіп ашады. Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының қай бөлігін аз қансыз кесуге болады.

+ Ақ сызықты

Оң жақ шап аймағын

Оң жақ бүйр аймақты

Сол жақ бүйір аймақты

Сол жақ шап аймағын

 

86.Жарақаттанған аяқбасының бөлігін Шопаров буыны арқылы кесіп алып тастауы қажет. Бұл операцияны істеу үшін қандай байламды кесу қажет?

+ Айырық

Қайықша тәрізді

Латеральды

Медиальді

Табан

 

87.Адамның құлаған салдарынан тоқпан жіліктің сынуы болды. Тоқпан жіліктің жиі кездесетін сыну орнын көрсетіңіз.

+ Хирургиялық мойын

Анатомиялық мойын

Дельта тәрізді бұдырмақ

Кіші төмпешік

Үлкен төмпешік

 

88. Рентгендік тексеріс кезінде плевритпен ауырған науқастың өкпеқап қуысында сұйықтық табылды. Өкпеқап қуысының қандай ең терең қойнауына сұйықтық жиналуы мүмкін?

+ Қабырға- көкеттік

Алдыңғы қабырға – көкірекаралықтық

Алдыңғы көкет – көкірекаралықтық

Артқы қабырға – көкірекаралықтық

Артқы көкет – көкірекаралықтық

 

89.Рентген пунктіне мойынның бұғана үсті аймағына пышақтық жарақатымен жарақат түсті. Жарақат жағында пневмоторокс анықталды. Мойынның жарақаты қандай деңгейде болды?

+ І қабырғадан 5 см жоғары

Бұғанадан 2 см жоғары

Бұғанадан 5 см жоғары

Бұғанадан 6 см жоғары

І қабырғадан 6 см жоғары

 

90.Рентген пунктіне ортаңғы қолтық сызығында кеуденің оң жағының жарақатымен науқас түсті. Тексеріс кезінде, жарақат жағында пневмоторокс анықталды. Қандай

қабырғаның деңгейінде жарақат болуы мүмкін?

+VI

IX

X

XI

XII

 

91. Өңештің кеуде бөлімінің ісігін алу үшін көкірекаралыққа кіру керек. Осы операцияны өткізу үшін көкірекаралықтың қай бөліміне өту керек?.

+ Артқы

Алдыңғы

Ортаңғы

Төменгі алдыңғы

Төменгі ортаңғы

 

92.Травмпунктке тігіс инесін кездейсоқ жұтқан жарақат түсті. Аурухананың қабылдау бөлімінде рентгендік, тексеріс кезінде, ине 12-елі ішектен табылды. Инені табуда, 12-елі ішектің ішастарға қатысты қай бөлімін хирург саусақтарымен ұстап алуы мүмкін.

+ Жоғарғы

Горизонтальді

Жоғарлаған

Төмендеген

Төменгі

 

93. Науқастың құрсақ қуысының омыртқа жотасының алдында, жоғарыдан төмен және солдан оң бағытта қиғаш орналасқан, ісігі табылды. Ісіктің орналасқан жерін көрсетіңіз?

+ Жіңішке ішектің шажырқайының түбірінде

Бауырлық қалтада

Көлденең жиекті ішектің шажырқайында

Кіші шарбы қалтасында

Сигма тәрізді ішектің шажырқайында

 

94.Құрсақ қуысының операциясы кезінде кіші шарбы қабына кіруі қажет. Кіші шарбыны бұзбай ішастардың осы қабына қандай тесік арқылы өте алады?

+ Шарбылық

Кардиальді

Мықын- соқырішектік

Пилорикалық

.Шажырқайлық

 

95. Науқаста ас түйіршігінің өңештен өтуіне кедергі туады. Рентгендік тексеріс кезінде, Ү кеуде омыртқасының деңгейінде астың өңештен өтпеуі анықталды. Өңештің осы бөлігінде ас түиіршігінің өтуіне қай мүшенің ісігі кедергі жасайды?

+ Кеңірдектің

Айырша бездің

Жұтқыншақтың

Көмекейдің

Қалқанша безінің

 

96.Клиникаға, өнштің ауыр химиялық күйігімен, науқас түсті. Біраз уақыттан кейін науқаста ішастардың қабыну симптомдары (перитонит) пайда болды. Өңештің қай бөлімінің қабырғасы көп мөлшерде жарақатталды?.

+ Құрсақтық

Жоғарғы

Кеуделік

Мойындық

Ортаңғы

 

97.40 жыл бойы темекі тартқан 76 жасар еркек адамда атеросклероздың ауыр түрі анықталды. Қандай артерияның атеросклероздық тарылуы несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына әкеп соқтырады?

+ Ішкі мықын

Бүйір сегізкөз

Сыртқы мықын

Төменгі құрсақүсті

Ішкі жыныс

 

98. Білегінің жарақаты бар науқасқа иықтың ортаңғы үштен бір бөлігіне жгут салынды. Травматологиялық бөлімге жеткізілгеннен кейін, 30 минут өткенде, қол басы салбырап, білегі мен қол басының сыртқы беткейінде сезімталдығы төмендеп, қол басы мен саусақтарының жазылуы бұзылды. Жгут салу кезінде қандай нерв зақымдалды.

+ Кәрі жілік

Қолтық

Медиальді иық

Ортаңғы

Шынтақ

 

99.Үй шаруасындағы әйел, қаңылтыр банкісын ашу кезінде, білезіктің көлденең қатпары тұсынан жарақат алды. Тексергенде: қол басының қозғалысы толық сақталған, І,П,Ш и 1/2 ІҮ саусақтардың тактильды ауру сезімі жоғалған. Қай нервтің зақымданғаның көрсетіңіз.

 

+ Ортаңғы

Кәрі жілік

Қолтық

Медиальді иық

Шынтақ

 

100.Науқастың сол жақ өкпе түбірі аймағында рак ісігі анықталды. Науқастың жағдайы нашарлаған сайын дауысы қарыла бастады. Сол жақ өкпе түбірінің синтопиясын ескере отырып, дауысының қарылғаны кезбе нервтің қандай тармағымен байланысты?.

+Қайырылма көмекей

Бронхтық

Жүректік

Өкпелік

Өңештік

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
1. Пневмокониоз асқынуларының алдын алуға қандай топтың препараттарын тағайындау тиімді: | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.158 сек.)