Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Пневмокониоз асқынуларының алдын алуға қандай топтың препараттарын тағайындау тиімді:



1. Пневмокониоз асқынуларының алдын алуға қандай топтың препараттарын тағайындау тиімді:

А) диуретиктерді

В) + муколитиктерді

С) бета- блокаторларды

Д) антибиотиктерді

Е) ұзартылған әсерлі нитраттарды

2. Пневмония деп атайды:

A) +этиологиясы және патогенезі әртүрлі өкпенің түрлі құрылымында міндетті түрде респираторлық бөлігін зақымдаған инфекциялық қабыну процесі

B) өкпедегі қабыну процесі

C) өкпедегі инфекциялық қабыну процесі

D) этиологиясы және патогенезі әртүрлі өкпенің инфекциялық – қабыну процесі

E) этиологиясы және патогенезі әртүрлі, майда бронхтардың және өкпе интерстицийінің инфекциялық – қабыну процесі

 

3. Көптеген ошақты, өкпе тканінің деструкциясы бар екі жақты стафилококтық пневмония кезінде антибиотиктермен патогенездік емді қосарлап тағайындағанда қолданылмайды:

A) гепарин енгізу

B) жаңа тоңазытылған сарысуды трансфузиялау

C) иммуноглобулин препараттарын вена ішіне енгізу

D) +глюкокортикоидтарды парентеральді енгізу

E) плазмаферез

 

4. Бронхоэктаз ауруы көбінесе келесі аурулармен қосарланып жүреді:

A) асқазан және онекіелішек жара ауруы

B) қантты диабет

C) +созылмалы синусит (гайморит), аденоид

D) созылмалы тонзиллит

Е) созылмалы гепатит

 

5. Бронхоэктаз ауруының асқынуына жатпайды:

A) өкпе-жүрек шамасыздығы

B) +кіші қанайналым шеңбері тамырларының атеросклерозы

C) қан қақыру және өкпеден қан кету

D) ішкі органдардың амилоидозы

E) метастаздық абсцесс және сепсис

 

6. Тыныс жетіспеушілігінің айқындылығын анықтау үшін мәліметті әдіс:

А) науқастың шағымдары мен анамнезі

В) рентгенологиялық зерттеу

С) спирографиялық зерттеу

Д)+ артериалық қанның газдық құрамын зерттеу

Е) науқасты физикалық тексеру

 

7. 50 жастағы әйел бала кезінде өкпе туберкулезімен ауырған: әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Сол жауырынаралық аймағында перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, тыныстың әлсізденуі байқалады: жөтелгеннен кейін бірең-сараң ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгендік зерттеуде – сол бұғана астында 2х3 см домалақ пішінді интенсивтілігі орташа, контуры айқын емес, арасында ақшылданған бұрыс пішінді дағы және түбірге жалғасқан «жолы» бар көлеңке. Айналасында интенсивтілігі әртүрлі балалаған ошақтар анықталады. Бұл рентгенологиялық-клиникалық көріністер өкпе туберкулезінің келесі түріне сәйкес келеді:



A) +өкпенің инфильтрациялық туберкулезі

B) біріншілік туберкулездік комплекс

C) ателектазбен асқынған кеуде іші лимфатүйіндерінің туберкулезі

D) өкпе туберкулезі

E) туберкулездік плеврит

 

8. Осыдан 3 күн бұрын 27 жастағы науқаста қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінің ауырсынуы, 38,90С қызба кенет пайда болды. Тыныс алғанда кеуденің оң жартысы қалыңқы. Перкуссияда: алдыңғы бетте 3-ші қабырғадан, артқы бетте жауырын аралықтың ортасынан бастап төмен қарай-тұйық дыбыс, бұл аймақта тыныс естілмейді. Жүрек шала тұйықтығының сол жақ шегі бұғана ортасы сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Сіздің юолжам диагнозыңыз:

A) созылмалы бронхиттің өршуі

B) оң өкпе төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

C) оң жақты бөліктік пневмония

D) +оң жақты экссудатты плеврит

E) оң жақты гидроторакс

 

9. Өкпенің барлық бетінде құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі тән патологиялық процесс:

A) плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы

B) өкпе ауалылығының артуы

C) +бронхтар өтімділігінің бұзылысы

D) өкпе тінінің тығыздалуы

E) өкпедегі қуыс

 

10. Жедел пневмонияның келесі қоздырғышы өкпенің деструкциясына жиі әкеледі:

A) пневмококк

B) + стафилококк

C) легионелла

D) вирус

Е) клебсиелла

 

11. Мына дәрмектердің біреуі муколитикке жатпайды:

A) мукалтин

B) ацетилцистеин

C) калий йодиді

D) трипсин

E) +натрий бромиді

 

12. 72 жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын науқаста, өте жоғары дене қызуының критикалық түсуінен кенет әлсіреп, басы айналып, құлағы шуылдап, жүрегі айнып, лоқсу пайда болды. Объективті: науқас бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі:

A) сепсис

B) кардиогенді шок

C) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D) + инфекциялық-токсикалық шок

E) жедел респираторлы дистресс-синдромы

13. 28 жастағы науқаста плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Болжам диагноз:

A) + құрғақ плеврит

B) плевра эмпиемасы

C) жедел пневмония

D) экссудативті плеврит

E) бронхоэктаз ауруы

14. Кенеттен пайда болған кеуде торшасындағы ауру сезімі, үдемелі ентігу, цианоз, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, кенет тыныстың әлсіреуі қандай ауруға тән:

A) плевритке

B) пневмонияға

C) + пневмотораксқа

D) миокард инфарктысына

E) қабырғааралық невралгияға

15. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы және өкпетекті жүрекпен ауыратын, жағдайы тұрақты науқастың өмірлік болжамының жақсаруы келесі шараларда болуы мүмкін:

A) +тұрақты оттегілік терапия

B) бета-блокаторларды ұзақ қолдану

C) варфарин курсын жылына 2-3 рет тағайындау

D) кезеңдік трахеобронхиальды санация

E) ұзақ әсерлі нитраттарды қолдану

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 1.Ішастардың жоғарғы қабатының туындысын атаңыз:

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)