Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Автоматты автоблоктау кезінде пайдаланылатын сигнализация жүйелерін зерттеу.



№1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Автоматты автоблоктау кезінде пайдаланылатын сигнализация жүйелерін зерттеу.

Мақсаты: Автоматты автоблоктау кезінде пайдаланылатын сигнализация жүйелерін зерделеу, поездар бағытының минимум аралығына есептеу жүргізу.

НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР

Автоблоктау (АБ) кезінде жол бағдаршамдарының үш және төрт таңбалы сигнализациясын пайдаланады. Жолай жүретін поездардың минимум аралығы поездардың жасыл шам кезінде қозғалу жағдайынан анықталады.

Үш таңбалы сигнализацияны магистральдық желілерде қолданады, онда бірдей тежеу жолдары бар поездар айналым жасайды. Пакетте поездар арасында жолай жүру аралығы поездарды үш блок-учаскелермен бөліктеу арқылы анықталады. Поездар жақындағанда минимум қашықтықты поездардың ауырлық центрі арасынан есептейді:

мұнда l бл- блок-учаске ұзындығы, м;

l п – есептік поезд ұзындығы, м.

 

Tmin = 0,06(3 l бл + l п)/ v cp;

 

Поездарды үш блок-учаскелермен бөліктеу кезінде минимум аралық:

мұнда 0,06 – ауыстыру коэффициенті м/мин км/сағ;

v cp – есептік учаскеде поездың орташа жылдамдығы, км/сағ.

Үш блок-учаскелермен бөліктеу кезінде поездар әрқашан алда тұрған бағдаршамның жасыл шамына қарай қозғалады. Осы арқылы поезды белгіленген жылдамдықпен жүргізген кезде машинист үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Шығыс бағдаршамдардың көрсеткіштері бойынша машинист поезд қозғалысының жылдамдық режимін де реттейді. Поезд жақындайтын бағдаршамның жасыл шамы берілген бағдаршамнан белгіленген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етеді; келесі бағдаршам ашық. Сары от берілген бағдаршамнан белгіленген жылдамдықпен және тоқтауға дайын өтуге рұқсат етеді, келесі бағдаршам жабық.

Поезд аралық арқылы жүрген кезде өзі жақындаған жол бағдаршамының сигналдық көрсеткіші локомотивтік бағдаршамға үздіксіз беріледі. Машинист жол бағдаршамдарының көріну жағдайына тәуелсіз, локомотивтік бағдаршам көрсеткіштерін басшылыққа ала отырып, сигналдық бұйрықтарды дәл орындай алады және поезды сенімді жүргізе алады.



Үш таңбалы сигнализация кезінде блок-телімге ұзындығы тежеу жолынан кем болмауы, яғни кемінде 1000 м болуы керек, блок-телімнің максимум ұзындығы – 2600 м аспауы керек, станцияның кіріс бағдаршамы алдында жақындаған телімдер – 1500 м аспауы керек. Поездардың жолай жүру аралығы үш таңбалы АБ кезінде 8-10 мин қабылдайды, бір қатар жағдайларда 6 мин.

Жол бағдаршамдары жоқ аппаратураны (ОАБ) орталықтандырып орналастыратын АБ кезінде поездардың жолай жүру аралығы тек АЛС сигналдық көрсеткіштері бойынша ғана реттеледі. Аралық поездарды үш блоктық бөліктеу жағдайынан шығарып есептейді; сары шам бақылантын жылдамдықпен осы шамның қызылмен сары шамға ауысқан моментіне дейін қозғалысына рұқсат етеді. Шамдар ауысқан кезде тежеуге кірісу және поездың блок-телімге шекарасында тоқтауын қамтамасыз етуі керек.

Үш және төрт таңбалы сигнализация кезінде поездардың жолай жүру аралығы.

Үш таңбалы сигнализация поездар түрлі жылдамдықпен және түрлі тежеу жолдарымен айналым жасайтын телімдерде қолданылады. Осындай телімдер қала маңы поездарының қарқынды қозғалысы болатын телім болып табылады. Қала маңы поездарының жиі тоқтайтындықтан, үлкен жылдамдықты үдететін және үлкен тежеу жолдары бар алысқа жүретін поездармен салыстырғанда жылдамдықтары мен тежеу жолдары аз болады. Қала маңы поездары үшін блок-телімдер алысқа жүретін поездардың тежеу жолдарынан қысқа болып шығады. Сондықтан бағдаршамдарды әр жерге қою, блок-телім ұзындығы максимум тежеу жолын қамтамасыз ететіндей жасалауы тиіс. Алысқа жүретін поездар үшін максимум тежеу жолын қамтамасыз ету үшін, осы кезде қала маңы поездары үшін блок-телімдердің минимум ұзындығын сақтай отырып, жолай жүретін поездарды төрт блок-телімдерімен бөліктеуді пайдаланып, төрт таңбалы сигнализацияны қолданады.

Бағдаршамның бір мезгілде жанған сары және жасыл шамдары түрінде сигналдық көрініс алысқа жүретін поездың максимум тежеу жолының басталғанын белгілейді. Өткізу бағдаршамының жанған бір сары шамы қала маңы поезының тежеу жолының басталғанын білдіреді.

Поездардың жолай жүру минимум аралығы жасыл шамға қозғалу және поездарды төрт блокты бөліктеу жағдайынан шығып анықталады:

Tmin = 0,06(4 l бл + l п)/ v cp;

 

Егер үш таңбалы сигнализация кезінде блок-телім ұзындығы l бл = l тп жүк поезының тежеу жолы бойынша, бірақ кемінде 1000 м таңдалады, ал төрт таңбалы сигнализация кезінде қала маңы поезының тежеу жолы бойынша l бл = l тп /2 таңдалады деп санасақ, онда поездардың минимум жақындау қашықтығы қысқарады және телімнің өткізу қабілеті артады.

Қала маңы поезы үшін бағдаршамдардың жасыл шамдары 9,11 және бағдаршамдардың 7 бір мезгілде жанатын сары және жасыл шамдары белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат береді; бағдаршамның 5 жасыл шамы тежеуді бастауды және поездың қызыл шамды бағдаршам 3 жанынан тоқтауын талап етеді.

Жүрдек поезд үшін 9, 11 бағдаршамдарының жасыл оттары белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат береді; бағдаршамның 7 жасыл оты бар сары келесі сары оты бар бағдаршам сары оттан өткен кезде ұйғарылған жылдамдықпен жүріп өтуі үшін тежей бастауды талап етеді. Сары оты бар бағдаршамнан өткеннен кейін машинист, поезды қызыл оты бар бағдаршам 3 жанында тоқтату үшін тежеуді жалғастыру керек.

Жылдамдығы жоғары поезда тежеу жолы төрт АБ блок-учаскеге тең болуы мүмкін, сондықтан машинист жасыл оты бар бағдаршамнан 11 тежеуге кіріседі. Жол бағдаршамдарының көрсеткіштері жылдамдығы жоғары поездың тежеу жолының басталуын бейнелемеуі мүмкін, сондықтан машинисттер көп таңбалы АЛС-тың жылдамдық көрсеткіштерін басшылыққа алуы мүмкін.

 

ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ

1. «Автоблоктау кезіндегі сигнализациялық жүйе» тақырыбындағы теориялық мәліметтермен танысу.

2. Берілген мәліметтер бойынша тапсырманы орындау.

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

 

Нұсқалар кестесі

 

Вариант

 

 

 

 

 

 

Lmin

Tmin3

vcp

lбл

lп

Tmin4

   

?

?

   

?

   

?

?

   

?

 

?

?

     

?

 

?

?

     

?

   

?

?

   

?

   

?

?

   

?

 

?

?

     

?

 

?

?

     

?

 

?

?

     

?

 

?

?

     

?

 

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Метрода орнатылған бағдаршам қанша көрсеткіш береді?

2. Төрт таңбалы сигнализациямен бағдаршам қайда орналастырылады?

3. Блок - телімнің минималды ұзындығы қанша?

4. Жоғары жылдамдықтағы поездарды тезеу жолы тең?

5. Сары шамның мағынасы?

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 276 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тема: Використання опції Digitize для оцифровки растрових зображень | Тема: Моделирование и обработка вероятностных событий выпадения одной грани N-гранного кубика.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)