Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Дінисана - жаратылыстантыскүштерге, құдайғадегенсенімнентуындайтынкөзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардыңжиынтығ.Дін



 

1 .Дінисана - жаратылыстантыскүштерге, құдайғадегенсенімнентуындайтынкөзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардыңжиынтығ. Дін XIX ғасырдыңаяғында — XX ғасырдыңбасындапайдаболдыжәнедінисананыңқұдай (рух), жұмақ, дозақ, күнәжәнет.б. ұғымдардықамтитынмазмұнытуралы, сондай-ақ намаз, дұға, жалбарынужәнебасқадапарыздардыатқарукезіндегіадамныңэмоциялықкүйіменсезімдерітуралыедәуірматериалжинақталды. өміріндесыртқы, ресми, тазарациональді

санадінгетәнретіндеқабылдайалмайтыншығармашылықпроцестерорыналады.

2. Дінұғымы (лат. religio) лига сөзіненшығады, яғни байланыс, бірлік; лигасөзініңаналогыболыпсанскриттегі йога сөзітабылады (бағытталу, күшсалу). Байланысұғымышарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік, қауымдастық, т.б. мағынаныбілдіруімүмкін. Практикададінретіндеәрбірбайланыстүсіндірілмейді, ондаруханибайланысбірінші. Байланысішкіжәнесыртқы, кездейсоқжәнеқажетті, мәнсізжәнемәнді, материалдыжәнематериалдыемесболады.

Қоғамдағыинтеграциялықпроцестердіңдамуыменсақталуыүшінтекдінжауаптыемес, оған мифология, философия, өнер, мораль, ғылымжәнет.б. әсеретеді.

Бірақтасанаменрухтыңбұлформаларыныңешқайсысыфундаментальдықұндылықтардысакральдамайды. Егердінмифтіқарастырмаса, ондамифсакральдіемес. Философиямәселелердішешпейіншеөмірсүреді, Өнерөзініңтуындыларындағышындыққасенімдіқажететпейді, бірақдінөнердідінгеауыстырып, Негізгіқұндылықтардысакральдаупроцедурасыдіндібасқадүниегеқатынасформаларынанжәнеқоғамдық

3. Діни ұйымдар - діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында құрылған. Осы мақсатқа лайықты белгілері: дін тұту, құдайға құлшылық ету, басқа діни салттар мен ырым-жоралғылары бар, сондай-ақ дінге үйрету және өз ізбасарларына діни тәрбие беруге ұмтылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Олар діни топтар (заңды тұлға емес) жәнедіни ұйымдар (заңды тұлға ретінде тікеуден өткен) ретінде құрыла алады. Діни ұйымдар жергілікті (ізін қуған адам оннан кем емес) және орталықтандырылған (құрамында үштен кем емес жергілікті ұйымдар кіретін) болып бөлінеді.[1]



Ресейде халықшылдар, Ирландия, Македония, Сербияда ұлтшылдар, Франция, Италия, АҚШ-та анархистер, т.б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. Бұл қозғалыстардың идеялық негізінде әртүрлі идеологиялық тұғырнама жатқанымен, олар Лаңкестікті “ қоғам игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету ” деп түсінді. Олардың ішіндегі ең ірі Лаңкестік ұйымдар: “Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс”, “Ку-Клус-Клан”, Орындалатын жұмыстың мәнін анықтау - бұл міндеттің орындалуы үшін ұйымның нақты жұмыс түрлерін және кезеңдерін қарастыратын бөлімдерін ажыратып көрсету. Мысалы, мақсат қою, осы мақсаттың орындалуы үшін қажет жұмыс көлемін есепке алу, пайдасыз жұмыстардың қайталануын тоқтату, жұмыс процесін анықтау, тексеру (жұмыс құрылымының маңызды мәселесін жіберіп алмас үшін). Кәсіпкерлік ісі бойынша көптеген кітаптар авторы профессор Друкер ұйым құрылымының негізгі үш кезеңдерін атап кеткен. “Арийлік ұлт” оңшыл экстремистік ұйымы, “Аум Синрике”, “Ирландияның республикалық армиясы”, “Хамас” (Исламдық қарсыласу қозғалысы), “Хезболлах”, т.б.

5. Тарихи дінтануда «адам табиғатының» ерекшеліктері негізге алынып жасалған діннің антропологиялық концепциясы батыс философиясында кеңінен танымал. Л. Фейербах дінді адам тұрмысының бейнесі ретінде түсіндірді. Ол адамды Алла жаратқан жоқ, ал адам өзінің қалауы мен қажетіне қарай өз Құдайын жасап алды деп санады.
Антропологиялық концепцияның теологиялық және идеалистік теориядан айырмашылығы - дінді адамның елестетудің, қиялылықтың салдары ретінде қарады. Француздың діни социологы Э. Дюркгейм (1859-1917) әлеуметтік концепцияның атасы деп аталды. Дюркгейм Құдайды әлеуметтік тұтастық көрініс ретінде қарап, діннің әлеуметтік табиғатын атап көрсетті. Дюркгейм дін кез-келген қоғамға қажет, ол адамдардың мәңгілік серігі деген тұжырымға келді.
Э. Дюркгейм дінді әлеуметтік өмірдің мазмұнын беретін белгілер мен рәміздер жүйесінің бар екенін басып айтады.
Діннің мәнін түсіндіретін неғұрлым маңызды концепциялар қатарына феномен ретінде оның әлеуметтік мәдени себептілігіне көп көңіл бөлетіндері. Дінді адам жатсынуының формасы деп түсіну (Л.А. Фейербах, К.Г. Маркс).
4. Діннің мәнін әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түсіндірудің негізгі үлкен кемшілігі онда адамның мәні оның әлеуметтік-мәдени деңгейіне бағытталған. Бірақ адамның мәні көпдеңгейлі. Осы көпдеңгейлікті ескерудің формасы ретінде бүгінгі күні діннің мәнін түсіндірудің терең - психологиялық пайымдауы болып табылады.
6.Дінтанушы ғалымдар тайпалық, ұлттық және әлемдік діндерден бөлек дінге ешқандай қатысы жоқ, яки, дін деп атауға болмайтын кейбір топтарды «Дәстүрлі емес культ- тар» деп атайды. Мұндай культтарға «сатанизм», «криш- найзм» секілді діни топтар жатады.

Тотемизм - өмір сүрген ортада кейбір аңдар мен жа- нуарларды, өсімдіктерді киелі деп соларға сиыну.

Фетишизм – қандай да бір затты қасиетті, киелі деп сенумен сол затты өзімен бірге алып жүру

Анимизм - түрлі рухтарға табыну нәтижесінде пайда болған сенім.

7. Ұлттық діндер (бір ғана ұлт өкілдері ұстанатын діндер: индуизмді үндістер, сихизмді жапондар ғана ұстанады). Мысыр Респуликасының діні - Ислам. Олар: 90% - Сүнни мұсылманлар, 5-6% суфи және 3-4% шиға.

Басқа ең үлкен діні - мәсіхшілік, бүкіл елде 16% осы дініге кіреді. Олардың көпшілігі Александрияның Копттік Православ Шіркеу мүшелер. Басқа да шіркеулер - КопттікКатолик және Копттік Евангелик (Протестанттар).

Мысырдың заңдары Шариғатқа негізделеді.

«Копт» сөзі арабтың «купт» сөзінен, ал оның өзі гректің «эгиптос» сөзінен шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах" сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішінде екі негізбен: анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж. монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады.

Мысырды 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары мешіттердің мұнараларымен көрші орналастырылған.

Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ, резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православ ғұрыптарына жақынырақ.

«Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жасаған да осы шумерліктер.

8.Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиетті істер жолы (медитация және құдіретті болмыс туралы ойлар); адалдық жолы (құдайға және оның рахымына сену).
Индуизмнің тұңғыш қауымы – “ адживака” тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. “Адживака” діни идеяларын “ бхагаватами” толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. ХІІ ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. Еврей халқының өмірінен, оның рухани дүниесі мен мұраларынан Інжілдің (Библия) ең көнедегі үлгісі – Көне өсиеттер көптеген қызғылықты мәліметтер береді. Бұл кітапты мұқият ден қойып оқыған адам оның әр жолынан оны құрастырушылардың дүниеге келетін жаңа құтқарушыны тағатсыздақпен күтуін сезінген болар еді.
Көне өсиеттерді христиандар өздерінің діни кітабы санайды. Сонымен бірге ол еврейлердің қазіргі діні – иудаизм діні Қасиетті жазуларының да негізі болып табылады. Мұнда ешқашан сәйкессіздік жоқ. Өйткені Христостың өзі де еврей халқының ортасынан шыққан пайғамбар, христиан діні мен иуда дінінің арғы тамыры бір жерден барып қосылады. Мәселе еврейлердің Христосты шын Құтқарушы тұрғысында қабылдамауында.
Еврей деген халықтың өзі қайдан шыққан? “Еврей” деген сөз, ғалымдардың пайымдауынша, “ өзеннің арғы бетінен келегндер ” немесе “ кезбелер” дегеннен шыққан. Еврейлер мен арабтар негізгі бір тамырдан тарайтын нәсілдес халықтар. Көне замандарда еврейлер де Арабия түбегінде тұрып, мал бағумен күн көрген. Беймәлім себептермен олар оқшауланып, батысқа - Сирияға, Жерорта теңізі аумағына қарай қоныс аудара бастаған. Олар осы жолында арында Евфрат өзенін кесіп өткен. Бәлкім, “өзеннің арғы бетінен келегендер”

9. Конфуцийшілдік — діни философиялық ілім. Б.з.б. 6ғ Қытайда пайда болған, Конфуцийшілдік негізін қалаушы — Конфуций (Кун — цзы). Бұл ілімін негізіне сүйенсек, адамдар «бекзат» және «төмен» болып екіге бөлінеді. Конфуцийшілдік ілімі бойынша, ел басы болып, қызметші қызметші болып, әке әке болып, бала бала болып өмір сүруі керек. Кіші үлкенін айтқанын екі етпей тындауы керек, төмен сатыда тұрған өзінен жоғары тұрғанға бағынуы керек.

Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтынтеория.[1]

Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген.

«Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып, табиғат қоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао (әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеялар Қытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады.

Дін – қытай қоғамы даму тарихының ұзына бойына өзінің формасы мен мазмұнын өзгертіп, толықтырып, байытып отырды. Сөйтіп дін қытай халқының сенім-нанымына ие болумен бірге, оған жетекшілік етіп те келді. Әрине, барлық діндер секілді, дәстүрлі қытай діндерінің түп-тамыры да ежелгі қытай наным-сенімдерінде жатыр.
Ал ежелгі қытай діндері – табиғат құбылыстарына табыну, киеге табыну, рухқа табыну, тотемге табыну, жыныс мүшелеріне табыну, ата-баба аруағына сиыну, әулие-батырлар рухына сиыну т.б.- да толып жатқан алғашқы наным-сенімдер негізіндегі көп құдайлы діндер болатын. Бұл көп құдайлы діндер – қытайдың дәстүрлі діни сенім-нанымы қалыптаса бастаған алғашқы Чинь мен Хань дәуірінде бар болмыс-бітімімен жарқырап көрінді.

10. Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим діндері. Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос (түпсіз түң-ғиық) өмір сүрді, одан жер күдайы Гея және жерасты қүдайы Тартар шықты. Гея аспан қүдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды.
Екінші қатар күдайлары, Гея мен Уранның балалары - Титандар туды. Уран қауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астына Тартар күдайына беріп қамап қояды. Бірақ Ти­тандар жер астынан күтылып шығып, әкесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен Кронос, уақыт күдайы, өз балаларын жеңіп, барлық әлемге тыныштық орнатады.
Үшінші қатарлық қүдайлар басталады. Кроностың ең кіші баласы Зевс - найзағай және жауын қүдайы, өзінің әкесін жеңіп бас күдайға айналады. Оның әйелі Гера - аспан қүдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сүлулық пен сүйіспеншілік күдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші қабатты қүдайлар Олимп тауында орналасады.
Ертедегі Рим діндері. Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқындық миф жоқ. Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндерінде күдайлардың суреттері мен образдары болмады.
Рим қүдайлары үзақ уақыт антропоморфтық түрде, Юпитер болса, шақпақ тас түрде, Map күдайы найза түрде, Веста қүдайы от-жалын түрде бейленді. Римдіктер жай ғана Юпитерге сенсе жеткілікті деп түсінді. Пуникалық соғыстан кейін Рим мен Греция елдері тығыз байланыс жүргізді. Рим Эллада мәдениетін қабылдап, оның дінін өздеріне таратты. Гректердің қүдайлық түсінігінен, Римдік қүдайлар шықты.
Ежелгі грек діндері бұл әртүрлі діни наным сенімдердің біртұтас эволюциялық тізбек ке байланысқан кең жиынтығы.Себебі бұрынғы замандардағы гректер б.з.д IV-III мыңжылдықтар шегінде біртұтас конгломерат (ЛАТ.conglomeratys-әртекті механикалық қосылыстардың жинастырылған жиынтығы.)құрған және Iiмыңжылдықта Балқанның Оңтүстігі мен Эгей теңізі аралдарына қоныс аударған ертедегі үндіеуропалық тармақтардың бірі болған.

Бірақ олар көшіп қонып жүргенде,біршама дамыған,мыңжылдықтан артық тарихы бар мәдениеттермен тоқайласып қалып отырды. «Абориген және келімсек халықтың наным сенімдерінің әуел бастағы тұтастығы негізінде грек дінінің ертедегі тобы құрыл ды. «Ертедегі гректердің діни түсініктері даму барысында үш кезеңнен өткен: -Элладағы басып кіргенге дейінгі; -криттік-микендік; -классикалық немесе гомерлік. Ертедегі гректер дүниені жаны бар,қасиетті заттар мен құбылыстарға айналған,тұтастай бір пері сияқты тіршілік иелері қаптаған нарсе деп қабылдаған.Сондықтан да кейіннен біз Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссейінде», Ге сиодтың «Теогониясында» теогония гр.theos құдай,geneia туу құдайдың пайда болуы ту ралы миф,көптеген құдайлар,бастапқыда перілер мен сатирлер болып көрсетілген.Құ дайлар:Силен(сұлу әйел тәңірі),Гермес(Олимптің ұлы қзұдайларының бірі) т,б.Гректер дің абригендік наным сенідердің элементтерін бойына сіңірген криттік микендік діні өзінің даму сатыларында «жауынгер жер өңдеушілердің бөлек бөлек тайпаларының қа рабайыр культінен діни ілімдердің жалпыгректік аумағына өтуге және діни философи ялық алыптастарлықтың алғашқы тәжірибелерін үйренуге дейін жетті»

Ежелгі Рим діндері.римдіктер өздерінің діни түсініктері мен құдайларын ертедегі грек терден алған деп есептеу қабылданған.Олай деу негізсіз де емес.Ертедегі Рим дінінің Ертедегі Грекия дінінен өзіндік және талас тудырмайтын айырмашылықтары бар екеніне көз жеткізу қиын емес.Діннің мағынасы «римдіктердің түсінігі бойынша,құдай ларға қатысты міндеттерді қатаң орындауда жатыр,ал ол олардан да нақтылық пен па расаттылықты талап етуге жол ашты.»Мұндай дін римдіктердің көршілері гректер таң даныс білдірген:сөзге берік болу,дәлдік,бірақ сонымен бірге немқұрайлылық,ойқиял дың жоқтығы сияқты мінез құлықтарды қалыптастырды.Римдіктердің пайымдауынша, әрбір отбасының немесе рудың өздерінің желеп жебеушілері немесе рухтары бар:ман дар(мейірімді құдайлар),ларлар(ошаақты және отбасын қорғайтын құдайлар)пенаттар(үйдегі сақталған артық ауыс заттардың,қойманың құдайлары).Римдіктердің түсінігі бой ынша,әрбір адамды дүниеге келгеннен бастап өлгеніне дейін ереше құдайлар желеп жебеп жүреді:Ер адамға Гений,әйел адамға Юнона.Римдіктердің абстрактілік түсініктері білдіретін тәңірлері де болған:Пакс бейбітшілік;Конкордия келісім;юстиция әділеттілік;

Фортуна бақыт,сәттілік.Ертедегі Римдіктерде алғаш рет императорлықты Құдайдай көрді.

11. Индуизм - әлемдегі ірі діндердің бірі.

Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар:

· қасиеттері істер жолы;

· таным жолы;

· адалдық жолы.

Индуизмнің тұңғыш қауымы – «адживака»тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді.

Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы "Хинду” деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналған.
Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың саны өте көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбар да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ қасиетті кітап жоқ, оның орнына әр бағыттың негізі болып саналатын жазбалардың беделі өте күшті. Бұл дінде жалпы мойындалатын сенім символдары мен талаптары болмағанымен, индуистердің дүниетанымында ерекше орын алатын ұғымдар (дхарма, карма, сансара, мокша, Брахман, атман, варна, каста т. б.) бар.
Индуизмдегі құдайларды бір атпен атау, бір түрге біріктіру мүмкін емес. Мұнда құдай тұжырымдамасы әр түрлі, себебі индуизм Үндістанда ғасырлар бойы жинақталған жазбалардың барлығын өзінің қасиетті кітаптары ретінде қабылдаған, сондықтан да осы кітаптарда аталған 33 құдайдың (11-і аспандағы, 11-і ауадағы, 11-і жердегі) бәрі индуизмде мойындалады.

12.Будда діні әлемдік діндердің бірі.Әлемдік деген мағына олар халықтардың әртүрлі ұстанатынын және бұл діндердің бір ұлттың немесе туыстас этностардың шеңберінен асып,бүкіл дүние жүзіне жайылғанын Будда діні тәртіп бойынша алғанда,әлемдік дін ретінде алдығы шығады. Будда діні б.з.д.алғашқы мыңжылдықтың ортасында Үндістан да пайда болған.Оның негізін қалаушының төрт есімі болған:біріншісі Гаутама(өз ата ба басы ретінде құрметтейтін отбасынан шыққан ұлы үнді данасына тиесілі екені анық), екіншісі Сидхартха(жеке адамның есімі)үшінші Шакьямуни(Шакья тапйпасының ғұлама сы),төртінші Будда(жоғары біліммен сусындаған).Будда дініне «будда»сөзінің құдай лардың ерекше тобын белгілеу үшін қолданылатьна,ал бұл дінінің негізін қалаушы бұл топта алғашқы және жоғарғы құдай ретінде қастерлене бастағандықтан,бұл туралы Құдайға ол Будда деп аталатын будду екені туралы айтуға болады.Будданың өмірі туралы мәліметтер аз.Болашақ будда б.з.д.Viғасырды шатри әулетінің бір руының бас шысы ретіде қызметте жүрген бай жер иеленуші Шакьяның отбасында дүниеге келген. Оған Сидхартха деген есім берілді.Жаңа діннің негізін қалаушысы болмай тұрып,Сидха ртха Гаутаманың без жүз қырық тоғыз рет дүниеге қайта келгеніне буддашылар шын иланады.Яғни ол заманда ол патша да,брахман да,сопы да,саудагерде,маймыл да,ағаш та тіршілік иелері болып шықты.Ал енді оны бір рет қай жерде тлғанын айта кетсек.ол Сол.Үндістанда;гималай тауларынң етегінде жатқан Лумбина деген ауылда бай жер иелеуші адамның отбасында дүниеге келеді.оның анасы жеті күннен кейін қайтыс болады.Әкесі әйелінің туған сіңілісіне үйленеді.Әкесі оны асырап,бағып ешқандай қи ыншылықтарды көрсетпейді.Одан ол он алты жасқа толғанда,әкесі мен өгей шешесі оны Яшодхара деген әдемі қызға үйлендіреді.(ол қызда арғы атасы Гаутама болатын)Ол жиырма тоғыз жасына дейін сарайдың сыртында не болып жатқанын білмелді.ол әкесінен жиырма тоғыз жасында сарайдан жасырын шығады.Себебі сарайдын сыртындағы өмірді көргісі келеді.сол күні оның түсініктері мен көзқарастары өзгереді. Сидхартха Гаутама енді таңдау жасап ортаңғы жолға өзін өзі қолпаштау да өзін өзі тұқырту да жоқ жолға түсті.Сөйтіп сидхартха Гаутама ұзақ ой толғанысына берілді.Ма мыр айында ай толған күні отыз бес жасқа толғанда ол қасиетті інжір ағашының астын да терең медитация отырды.кенет оған нүр шалынып,санасы сәулеленіп,аян түсті.Нұрла нып сәулелену бодхи дейді.содан бастап ол жақсылы жаманды іс әрекеттерін келесі өмірінде көрсететін,ажал мен ң туу айналылып тұратын дөңгелекті көріп қалды. Одан ол азап пен күйзелістің оның бастауларының және олардан құтылу амалдарының мәні туралы оның санасына сәуле түсіп,аян берілді.Осындай күйзелістен кейін,Будда нұр ша шып тұратын болған екен.

Буддизмнің ғұрыпы мен дін оқытуы.1.дұрыс түсіну.2.дұрыс бағдар ниет пиғылы.3.дұрыс сөйлеу.4.дұрыс қылық немесе іс әрекеттер.5дұрыс өмір салты.6.дұрыс күш салу.7.дұрыс ойлау.8.ойды дұрыс жинақтау.

13.Иудаизм мен христиан діні. Иудаизм еврейлердің діні.Шыққан уақыты б.з.д.Xiғ.Ерте дегі Иудей патшалығы территориясында пайда болғандықтан солай аталды.Иудей дінінің уағыздары ертедегі еврейлердің әртүрлі діни жалған наным сенімдері негізінде қалыптасқан.Ол дін көп ғасырлар бойы Палестина,Египет,Ливия да арасында таралған. Ол көбінесе еврей халықтарына қатысты болды.яғни олардың салтында,күнделік өмірін де тараған.Иудаизм дінінің гүлденген дәуірінде б.з,д.IX VI ғасырларда дін ғұламадағы діни аңыздарды жинап,іріктеп,оларға талдау жасай отыра,кейіннен Көне өсиеттің екін ші бөлімі болған Пайғамбарлар кітабын құрастырды.Ол кітапта пайғамбарлардың өмірі баяндалып,пайғамбарлықтың ролі уағыздалады.Иудея үшін діни ағымдар:саддүкейлер, фарисейлер және ессейлер. Христиан діні біздің заманымыздың бірінші ғасырында құл иеленуші Рим империясын да пайда болды.Оның шығу тегін білу үшін христиан дінінің пайда болуы және дамуы кезіндегі Рим империясының экономикалық саяси және идеологиялық жағдайына талдау жасау керек.олардың жүргізген соғыстары аяқталғаннан кейін,өз үстемдігін баянды ету және нығайту үшін,ел билеудің республикалық формасынан бас тартып,мо нархиялық формасына көшті.Христиан інжіл кітап.Грек тілінен Исус Христос.Христиан діні монотоистік дін.Христиан дінінде ерекше нарсе ол Исус Христос.Христиан дінінің әлемге кең тараған бір ағымы католик діні.Католик шіркеуі бір орталыққа бағынды рылған ұйым,оны Рим папасы басқарады.Оның қолында шексіз өкімет билігі мен байлық бар.Христиан дініндегі көптеген табыну түрлерінің ішінде иконаға сыйыну. Иконаға табыну ертедегі фетешизмнің қалдығы,Имона бір жағынан,қарапайым адамдарды үнемі діни уақытта,мәңгі құлшылықта ұстау,екінші жағынан, үстем таптардың үстемдігін ақтау құралы.Христиан шіркеуінің үйретуі бойынша евангелие лерді Исус Христостың аты аталған шәкірттері жазған.Христиан дінінің негізгі бағыттары: православие,католицизм,протестантизм. Уағыздардың негізгі мағынасы

14. Христиан діні біздің заманымыздың бірінші ғасырында құл иеленуші Рим империясын да пайда болды.Оның шығу тегін білу үшін христиан дінінің пайда болуы және дамуы кезіндегі Рим империясының экономикалық саяси және идеологиялық жағдайына талдау жасау керек.олардың жүргізген соғыстары аяқталғаннан кейін,өз үстемдігін баянды ету және нығайту үшін,ел билеудің республикалық формасынан бас тартып,мо нархиялық формасына көшті.Христиан дінінің тез етек алуына кейбір культ тік(культ табыну)әсер етті.

15. Христиан дінінің негізгі бағытының бірі ол православие. Православие Xiғасырдан бас тап Шығыс Рим империясының үстемдігіне айналды.Патриарх Константинопольский шіркеу басшысы болып жарияланғанмен,алайда оның билігі ешқашанда түпкілікті билік бола алмады,өйткені әрбір автокефальдық православиелік шіркеу өз бетінше жұмыс істеп келді және әлі де солай. автокефальдық православиелік шіркеулердің он бес ресми туріде кездеседі.Православиенің бір өзгешелігі оның дәстүршілігінен байқау ға болады.Автокефальдық шіркеулердің барлығы шіркеу тарихының Византия кезеңін де басқаша айтқанда IV VIIIғасырларда қалыптасқан діни ілімдер мен салт дәстүрлерге адалдықпен үздіге берілу қасиетін сақтай білген.Православиелік дін ілімінің негізі Киелі Жазу және Қасиетті өсиет.Қасиетті,апостолдық өсиет немесе дәстүр православие мен католицизм мойындап қабылдаған діни ережелер мен ұстанымдардың ұрпақтан ұрпаққа берілетін жиынтығы.Қасиетті өсиеттің басты міндеті Киелі Жазудың құдайдан түскендігін қолдау және негіздеу,өйцткені православтар да,католиктер де Қасиетті өсиеттерді Киелі Жазуға парапар санайды.Діни ілімнің негізгі қағидалары:шоқыну,хош иісті май жағу,күнәлардан арылу,неке қию,діни қызметке тағайындау,елеймен құрмет теу.Правослатардың діни оқытылуына:әулиелерге,литургия немесе обедияға(күн шыққаннан соң бастаолып,түс ауғанға дейін аяқталатын дін қызметі)жатады.

16. Христиан дінінің негізгі ағымдарының бірі.Рим папасы Құдайдың жер бетіндегі кө мекшісі болғандықтан,соған және шіркеуге сенушілер арасында осы жиналған бай лықты үйлестіру,яғни күнәларын мойындап,опынған кезде олардың күнәларын кешіру құқы берілген. католиктер жұмақ және тозақ туралы ілімі де өздерінше түсіндіреді.Като ликтер Иса Мәсіхтің ғана емес,бикеш Мәрияның да күнәсіз ұрықтанғанына және оның тәнінің көкке көтерілгеніне сенуге тиіс болды.салт дәстүрлердің орындалуында да өзгешеліктер байқалды.католиктер балаларды шоқындырған кезде,оларды суға батыр майды,олардың үстіне сыздықтап су құяды.Құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізі леді және органда ойналған музыка сүйелмейді.Құдайға құлшылық ету кезінде католик тер отыруға тиіс,сол үшін костелдің ішіне тұрақты орындықтар орнатылған.католиктер алақандарын тұтас жая,сол жақ иықтарынан оң жақ иықтарына қарай қимыл жасап шо қынады.Қайтыс болғандарға арналған құлшылық қызметі реквием делінеді.Иезуиттер яғни Иисус қоғамы.Олар күрес жүргізген.Әдет ғұрыптары бойынша православиелік,бі рақ католицизм догматикасын мойындайтын униат шіркеуінің тарихы осы уақыттан басталған.Дүние жүзінде бірнеше униаттық шіркеу бар.олардың барлығы да рим папасының билігіне бағынады.

17. Христиандықтағы шектірген зардаптарының көлемі жағынан екінші ірі жікке бөліну XVIғасырда орын алып,ол Еуропада басталған антифеодалдық әлеуметтік саяси қозға лысқа тікелей байланысты болды.католицизм феодализмнің идеологиялық тірегі

болып саналатындықтан,жікке бөлінудің алғашқы соққысы католик шіркеуіне бағыттал ды.Бұл қозғалыс реформация деген атаққа ие болды(лат. reformation түрлену.)Реформа цияның басталуы Мартин Лютердің атымен байланысты.Ол тадантты адам болған.Діни ілім профессоры,неміс тілінің білгір маманы болғандықтан,Библияны алғаш неміс тілі нің аударған сол. «Адам баласының ойлары мен арман мүдделері Құдайдан басқа еш кімге де,еш нарсеге де тәуелді емес,деп жариялады Мартин.Протестанттық ілім салт дәстүрлер ғана маңызды еместігін,әрбір адамның өз міндеттерін қалай атқаратындығы ның маңызды екенін түсіндірді,Бұл пендауи борыш туралы,бәрінен бұрын,христиандық парыздарды адамның адал еңбекпен атқаруы туралы ілім.Лютердің пікірінше әрбңр адамның жаны тұп тура.Құдайдың алдына барады,өйткені сол жанда Құдайдың дауысы естіліп тұр.Адам тек тікелей Құдай сыйға тартқан сенімнің көмегімен ғана құтқарыла алады.Лютердің шіркеуіді ішікі жағынан реформациялағысы келді.Протестантизм соған байланысты реформацияда пайда болды.

18.Протестантизм негізгі бағыттары. Оның негізгі бағыттары: Лютеранттық;Англикандық; Кальвинимз.

19. Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік тарихы бар.Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып,жұптасып,шымдасып жатады.Бірақ Ислам дінінің шығу дәуіріне,уақыт талабына т,басқаға көңіл бөлгеніміз жөн.Ислам діні дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін.Ол б.з.д.VIIғасырда Аравия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдастық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді.тарихи деректерге сүйенсек Ислам діні Аравиядағы хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы Меккеде шықты.Мекке ерте уақыттан бастап ақ діни орталық саналған.Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректер кездеседі.Кейіннен ислам діні Аравиядан кейін Үндістанда,Африкаға таралды.

20.ислам діні әдет ғұрыпқа,мейрамдарға толы.Құдайға құлшылық ету ислам дінінде екі бөлімнен тұрады:1.Міндетті түрде орывндалуға тиісті шаралар оған:бес парыз,иман, бес уақыт намаз,ораза,зәкет ұшыр,қажыға бару.Шариғат бойынша мұсылмандар бұл парыздарды бұлжытпай,мерзімінде орындап тұруға тиіс.2.ерікті түрде орындалатын шаралар.олар уәжіп,сүннет,Мүстахб,Мухаб,Нәпіл.Соңғы үшеуі қазақтар арасында тарамаған.

21. Ислам дінінің негізгі бағыттары. Ислам халықтың әлеуметтік-мәдени және діни орталығының тірегі.

Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: ислам мен дүниеден өткен соң үмметім 73-ке бөлінеді. Соның біреуі ғана жанаттық, -деп. Пайғамбар Алланың рахымына бөленген соң исламда негізгі екі тарап айқындалды. Олар – суннилер және шииттер(шиа-қосылу, бірігу).

«сунна» араб тілінде «жол» деген мағына береді. Суннилер хадистерді нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Суннилер 4 мазхабқа бөлінеді. Олар-ханифийлер немесе имам Ағзам Абу Ханифи жолындағылар, шафиғилер, мәликилер, ханбалилер.

Сунниттердің өзі өз ішінен асхабу рай, асхабу хадис деп бөлінеді.

Шийттердің төрт тармағы бар, Исмаилиттер(карматтар),«шеткілер» (гулаттар), Зайдиттер, Имамиттер.

Сунниттік бағыттың айырмашылығы-олар Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамдар мен Алла тағала арасында елшінің болғандығын және Алидің басқа халифтерден басым ерекше екендігін, әрі оның ұрпақтарының имаматқа (мемлекет басқаруға) толық мұрагер екендігін мойындамайды. Шийттер үшін имаматтық Алла тағаланың әмірі. Шийттерде хадистер жинағы Ахбар (жаңалықтар) деп аталады.

Шийттіктің елеулі ағымдарының бірі-имамиттер.

Шийттіктер адам өміріне шын сенімі үшін қауіп төнетін болса, оны жан амандығы үшін жасыруға, бүркемелеуге болады деп санайды. Ал сунниттіктердің айтуынша адамға діні үшін қауіп төнетін болса, Құран ол адамға бөгде жерге қоныс аударуды бұйырады.

Ал мистикалық бағыт – ол сопылық бағыт. Әрбір сопы мынадай деңгейлерден өтулері керек:

1) Шариғат – ислам заңдарын бұлжытпай орындау;

2) Тариқат – ерекше тақуалықпен ғибадаттар, ізденістер нәтижесінде хақ тағалаға жақындау, нәпсіні тыю.

3) Марифат – Алла тағала тұрғысынан әлемнің бәрі бір екендігін жүрекпен тану.

4) Хақиқат (шындық) – танушының құдіретпен үндесуі.

Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, морокоо, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алды.

Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.

Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Уағыздаушысы-Мұхаммед. Меккеде дін тарау үшін: 1) Ислам дінінің әлеуметтік тірегі болмады; 2) Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз құдай – алла – күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2) Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Кааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен сбептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.

632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634) басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары. Өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің, Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасырлар ішінде арабтар Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды. Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.

22. Жаңа діни қозғалыстар (ЖДҚ) (дәстүрлі емес діндер, дәстүрлі емес табынушылар) - XX ғасырдың екінші жартысында пайда болған, әлемдік дін дердің басты принциптерінің синкретизм идеяларына негізделген, қүрылымдық түрғыда дәстүрлі (әлемдік және үлттық) діндерге оппозициядағы жаңа конфессиялар. ЖДҚ-дың қалыптасуы, бір жағынан, дәстүрлі христиандық идеяларды модернизациялаумен байланысты болса (мысалы, мормондар іліміндегі - Иса пайғамбардың соңғы күндердегі Әулиелер шіркеуі жөне Иегова Куәгерлері), екінші жағынан, ЖДҚ-да батыстық және шығыстық дәстүрлі діндердің (мысалы, Бірігу Шіркеуі; Кришна санасыныңХалықаралық одағы; Аум Сенрике және т.б.) қосылып, бірлесуі себеп болуда. Онымен қоймай, ЖДҚ-ға діни және ғылыми менталдылықты бірлестіру, сөйтіп, діни мифологияның жаңа түрін (мысалы, халықаралық сайентологиялық шіркеу, Ресейдегі пүтқа табынушылар қозғалысы) қалыптастыру тән. ЖДҚ дамуының басты ісі - дәстүрлі діни қүндылықтарды киесіздендіріп, қазіргі ғаламдық мәселелерге жауап бере алатын жаңа жүйелерді қасиеттендіруге талпынуында: Шығыс пен Батыстың арасындағы дәстүрлі шекараларды бүзып, әлемдік діндерді біртүтастандырып, сонымен қатар, ғылыми және діни қағидаларды синтездеу арқылы адамзат табиғатын қайта қүруға тырысу. ЖДҚ идеологиясы мен тәжірибесі әлемді тануда қарапайым жолдарды іздестіретін қазіргі адамдардың талаптарына бағытталған ықшамдылығымен, қарабайырлығымен ерекшеленеді. Дәстүрлі емес діндердің әртүрлілігі: неохристиандық, сайентологиялық, сатаниндік және т.б.

23.

24. «Кришна санасы» қоғамы 1966 жылы Бһактиведанта свами Прабхубаданың басшылығымен Нью-Йорк қаласында құрылды. Қоғамның негізін салушы Абхай Чаран Де (1896-1977) монах. Кейіннен ол Шри Шримат Свами Бхактиведанта Прабхупада атты рухани есімді иеленді. Прабхупаданың айтуы бойынша, ол өзінің рухани ұстазының тапсыруымен Кришна ілімін Батысқа тарату міндетін орындап жүр. Осылайша АҚШ-та 16 ғасырда өмір сүрген Шри Кришна Чаитанйа ілімінің жаңашаланған түрі пайда болды. Свами Прабхубада «Ғаламат адамгершілік күшін, керемет бойынсұнғыштықты және қасиеттілікті бойына жинаған адам бола отырып, сонымен бірге ол- барлық пендешілік өмірдің рақатынан бастартқан адам. Басқа көптеген гурулардан, өзінің замандастарынан айырмашылығы, ол ең қарапайым өмір сүру жағдайын қанағат тұтып, баспанасын да шәкірттерімен бөлісіп күн көрді...» Сатсварупа дас Госвамидің «Прабхупада. Адам. Әулие. Оның өмірі. Оның мұрасы» Деген кітабы дін тарихы саласының маманы, доктор Дж. Стиллсон Джудахтың осы сөздерімен баяндалады. Бұл кітапта гурудың- кришнаизмнің негізгі қағидалық бұлақ көздерін аударған және түсіндірген, барлығы сексендей кітап жазған (ал ол кітаптары бұл ілімді түзу теологиялық жүйеге келтіруге мүмкіндік берген) рухани ұстаздың өмірбаяны егжей-тегжейлі баяндалады. Бұл діни конфессияның негізгі кітабы «Бһагаватгита» болып табылады.
Діни ілімі бойынша жоғарғы шынайылықтың иесі және бәрін жаратушы құдай Шри Кришна, оның үш аспектісі бар: Брахман (өзіндік белгісі жоқ рух); Параматма (Жоғарғы рух, әрбір тірі жанның жүрегінде және атомдық жаратылыста болатын) және Бһагаван (Жоғарғы құдай ұлылығы).
Кришнаизм идеяларын кеңінен насихаттау мақсатында, Шрила Прабхупада (шәкірттерінің атауы бойынша) 1972 жылы бүгінгі күні әлем халықтарының жүзден астам тілде кітап басып шығаратын «Бхактиведанта Бук Траст» (ББТ) деген баспа құрған. Қазір қоғамның дүние жүзінде 60-тан астам мемлекетте 400-ге жуық храмдары мен орталықтары бар.

“Кришна Санасы” қоғамы елімізде әрекет етіп отырған жаңа діндердің бірі. “Кришна санасы” халықаралық қоғамының негізін салушы – Свами Прабхупада (1896-1977). Бұл діни ағым жастар арасында таралып жатыр. Кришнайттерге қатысты Алматы облысында жер дауы туғаны белгілі. Кришнашылар үшін мантра – еркіндік беретін, ойды күдіктен арылтатын “трансцедентальді дыбыстар комбинациясы”. Басты мантра болып саналатын “маха-мантра” ертедегі “Ведаларда” жазылған болатын. Ол бас-аяғы он алты сөзден тұрады. Кришнашылар оларды күн сайын және үсті-үстіне қайталап айтып отыруы керек.
Діни қозғалыстарға, конфессиялар мен деноминацияларға қатысты “жаңа” сөзін шартты түрде ғана қолдануға болады. Өйткені әрбір діни құрылымның өзінің тарихы, дәстүрі, орныққан ғұрыптары бар. Тіптен олардың кейбірі әлемдік діндермен бой таластырады. Олардың Қазақстанда кейінгі жылдары пайда болуына қарап қана “жаңа” дейміз.

25. Сакрализация - [лат. sacer - қасиетті] - діни реттеу саласына әртүрлі қоғамдық және жеке сананы, әлеуметтік қатынастарды, адамдар мен мекемелер қызметін тарту үрдісі. Сакрализация негізін зайырлы әлемге қарсы қасиетті әлемді мойындау қүрайды. Сакрализация жағдайында діни қызмет жалпы әлеуметтік қызметтің бөлінбес бөлігі, ал діни қатынастар басқа әлеуметтік байланыстарға таралады. Сакрализация сипаты мен таралу деңгейі әртүрлі тарихи дәуірлерде бірдей емес. Ол әсіресе алғашқы қауымдық құрылыс пен құл иеленуші дәуірге тән. Ал қоғамдық қызметтің әр саласында сакрализациядан бас тарту феодалдық дәуірде басталып капиталиста дәуірде аяқталады.Сакрализация үрдісінде: Діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынаста діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады.

Секуляризация - [лат. saecularis - зайырлы] - саясаттың діннен азат етілуі, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Биліктің секуляризациялануының нәтижесінде саяси ұйымның құндылықтары, беделі, қызметтері өзінің сакралды, табиғаттан жоғары, тылсым күштік мазмұнын жоғалтады. Секуляризация үрдісінде: діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды, діни қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады, діни ортақтастық этникалық, мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды, діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады.

29. Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұғым адамның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылымдар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығармалары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен басқа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атауларының басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерін оның өз жеке басы шеше алмайды.Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады. Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді..’«Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.
Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.
Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады. Гуманизмнің мақсаты - барша адамзаттың бақыты мен дамуы.Жаңашыл идеология мен саясат ретінде гуманизм басқа идеялық-саяси бағыттармен салыстырғанда, адам өмірінің қай-таланбас өзіндік құндылығына, адам мен қоғамның жекелік-ұжымдық табиғаты мен мәніне негізделген. Гуманистік саясат - халықтың қабілетін дамытып, оның мұқтаждықтарын барынша өтеу. Оның басымдылықтары: азаматтық тұлға, білім беру мен мәдениет, демократия мен өзін-өзі басқару, зиятты меншік пен бейбітшілік. Еркін адам, азаматтық тұлға, ғылым мен шығармашылық, жасампаз еңбек, өндірілген нәрсенің сапасы мен мөлшеріне сай ақысын төлеу, жеке болса да, қоғамға пайдасы тиетін бастамашылдық, өзара жәрдемдесу, кооперация, жеке және ұжымдық жарыс, әлеуметтік шығармашылық, демократия және халықтың өзін-өзі басқаруы, әлеуметтік-құқықтық мемлекеттік реттеу, халықаралық ынтымақтастық, бейбіт бәсеке мен бірігу -гуманистік дамудың қуатты қайнарларын құрайды. Қазақстандық қоғам көп ұлтты болғандықтан, ұлттарды жақындасуға және қосылуға итермелейтін мүдденіынталан-дыратынтетіктер қажет. Ал гуманизм бұл ауқымды міндетті орындауға шамасы келеді.

30. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Исламтұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылманкәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққақолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттықконфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 1. Предмет художественного изображения в драматургическом 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)