Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Интерндерге арналған ортопедиялық стоматология бойынша 1000 тест сұрақтары тесттер (2013-2014) 9 страница



! Кампердің горизанталь сызығының маңызы қандай?

* орталық окклюзияны анықтауға арналған бағыт-бағдар (ориентир) сызық

* тістемнің түрін анықтауға арналған бағыт-бағдар сызық

* тіссіз жақтардың тістемін анықтайтын бағыт-бағдар сызық

*+тістерді шыны бойына орналастырып шығуға арналған бағыт-бағдар (ориентир) сызық

* сагитальді буын жолын анықтауға арналған бағыт-бағдар сызық

! Дайын болған толық алмалы-салмалы протездің сапасын тексеру барысында базистегі кеуектер байқалады. Қандай технологиялық қателіктер жіберілген?

* протез толық полимеризацияланбаған

* полимер мен мономердің ара қатынасы дұрыс емес

* кювета салқын суға салынған

*+полимеризация бұзылған

* ішінде протезі бар кюветаны тез салқындатқан

! Не нәрселер тіс қатарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді?

A) түйісу нүктелері

B) пародонт пен альвеола өсіндісі

C) қызылиек

D) түбірдің ұзындығы

E) науқастың жеке-дара ерекшеліктері

* B, C

* C, D

* E, D

* E, A

*+A, B

! Тіс доғасын құрастыру үшін не нәрселерді бағыт-бағдар (ориентир) ретінде аламыз?

* жымию сызығын және сүйір тістер сызығын

* сүйір тістер сызығын және ортаңғы сызықты

* жымию сызығы және ортаңғы сызық

*+жоғарғы жақ тістем білігінің сыртқы беті, алвеола өсіндісінің орталықпен өтетін сызық, протетикалық сызықтыққа, сәйкес орналастырылған шыны

* протетикалық жазықтық пен белгіленген бағыт-бағдар сызықтар

 

 

! Сыртқы есу жолының төменгі жиегімен мұрын қырын байланыстыратын сызықты не деп атайды?

* Шпеяның қисық сызығы

*+Кампердің горизонталь сызығы

* базальді доға

* кламмерлік тік сызық

* горизонтальді сызық

! Фронтальді беттегі протетикалық жазықтықты қалыптастыру үшін қай сызықты бағыт-бағдар (ориентир) ретінде алады?

*+көз қарашығы сызығын

* мұрын құлақ сызығын

* еріндердің түйіскен сызығын

* физиологиялық тыныштық биіктігін

* ортаңғы сызықты

! Тістер толық жоқ болған жағдайда беттің төменгі биіктігі қалай өзгереді?



* биіктемейді

*+төмендейді

* өзгермейді

* төменгі жақ оңға жылжиды

* төменгі жақ жылжиды

! Пластиналы протезді жөндеу үшін қай пластмассаны пайдаланады?

* этакрил, фторакс;

*+протакрил, редонт;

* бокрил;

* АКР-5;

* боксил

! Толық пластиналы протез базисінің орташа қалыңдығы қанша?

*+2 мм

* 0,9-1 мм

* 0,5 мм

* 1,5 мм

* 4-5 мм

! Жасанды тістерді сфера жазықтығы бойынша орналастырғандағы жазықтық радиусы қаншаға тең?

* 5-6 см

*+9см

* 15-20 см

* 3-4 см

* 25-30 см

! Толық алмалы-салмалы протездің құрамындағы элементтерге не кіреді?

* базис, тістем біліктері

* жасанды тістер

* тіреп-ұстап тұрушы кламмерлер

*+базис, жасанды тістер

* доға тістер

! Жеке-дара қасық жасау үшін пайдалынатын пластмассалардың түрлерін атаңыз:

* синма

* ортосил, боксил

* ортопласт

* фторакс

*+протакрил, редонт

! Толық алмалы-салмалы протездің бекітілуі мен тұрақтануына ненің қатысы жоқ:

* анатомиялық ретенцияның

* адгезияның

* функциональді сорылудың

* жасанды тістерді орналастырудың

*+кламмер жүйесінің

! Окклюдаторға орналастырып шыққан тістерді қандай мақсатпен окклюдатордың ішкі жағынан қарап тексереді?

*+шайнау тістердің таңдай және тіл төмпешіктер түйісу жағдайын тексеру үшін

* ортаңғы тістердің орталық ара қатынасын тексеру үшін

* балауыз базисті мүсіндеу үшін

* анатомиялық құрылысқа сәйкестендіру мақсатында

* жасанды тістердің түрін тексеру үшін

! Толық алмалы-салмалы пластиналы протезді жасау қанша зертханалық кезеңнен тұрады?

* 5

* 3

* 2

*+4

* 6

! Біздің кафедра қолданылатын протез асты шырышты қабық жіктемесін ұсынған кім?

* Кеннеди

* Джексон

* Курляндский

*+Суппле

* Гавлилов

! Жоғарғы жақ сүйекке жеке дара қасықты кигізіп көргенде қасықтың алшақ (дистальді) жатқан шеті таңдайда қалай орналасуы керек?

* қатты таңдай мен жұмсақ таңдайдың шекарасына жетпеу керек

* жұмсақ таңдайға 2-3 мм жетпеуі керек

*+қатты таңдай мен жұмсақ таңдайдың шекарасындағы тұйық тесіктерді 1-2мм жабуы керек

* жұмсақ таңдайда жатуы керек

* қатты таңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігінде жатуы керек

! Төменгі жақ сүйекке жеке дара қасықты кигізіп көргенде науқас екі ұртын тілімен кезек-кезек түртсе қасық орнынан жылжиды. Қасықтың қай жерін жөндеп түзету керек?

* қасықтың төменгі жақ сүйек төмпешігінен 2-азу тіске дейінгі сыртқы қырын қырнау керек

* қасықтың ұрт қатпар сызығына дейінгі сыртқы қырын қырнау керек

*+қасықтың тіл мен ауыз түбі бұлшық еттерінің жақ сүйекке бекіген тұсына дәл келетін жерін қырнау керек

* қасықтың иек асты – тіл бұлшықеттерінің жақ сүйекке бекіген тіл үзбесінің айналасына дәл келетін жерін қырнау керек

* қасықтың ұрт және иек асты бұлшықеттерінің жақ сүйекке бекіген төменгі ерін үзбесінің айналасына дәл келетін жерін қырнау керек

! Протетикалық жазықты анықтағанда оны қалыптастыру неден басталады?

* төменгі біліктің окклюзиялық бетінен басталады

* жоғарғы біліктің барлық окклюзиялық бетінен басталады

*+жоғарғы біліктің алдыңғы бөлімінен басталады

* жоғарғы біліктің бүйір бөлімінен басталады

* жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің бөліктерімен бір жолы, бір

мезгілде басталады

! Протетикалық жазықтықты бүйір тұста қалыптастырғанда неге қарай қалыптастырамыз?

* қарашық сызығына қарап қалыптастырамыз

*+мұрын-құлақ сызығына қарап қалыптастырамыз

* тістердің бір-бірімен түйісу сызығына қарап қалыптастырамыз

* физиологиялық тыныштық кезіндегі биіктігіне қарап

қалыптастырамыз

* ортаңғы сызығына қарап қалыптастырамыз

! Экзостоздар – дегеніміз не?

A) төменгі жақтың алвеола өсіндісіндегі сүйек төмпешіктері

B) жоғарғы жақтың алвеола өсіндісіндегі сүйек төмпешіктері

C) ішкі қиғаш сызық тұсындағы сүйек төмпешіктері

D) қатты таңдайдың жиегі тұсындағы көзге көрінетін сүйек төмпешіктері

E) төменгі бірінші үлкен азу тістің вистибулярлы тұсындағы көзге көрінетін сүйек төмпешіктері

*+A, B

* B, C

* C, D

* D, E

* E, A

! Торус дегеніміз не?

* төменгі жақ сүйек альвеола өсіндісіндегі сүйек төмпешіктері;

* жоғарғы жақ сүйек альвеола өсіндісіндегі сүйек төмпешігі;

* ішкі қиғаш сызық аймағындағы сүйек төмпешіктері;

*+қатты таңдай жігі аймағындағы көзге көрінетін сүйек төмпешіктері

* төменгі бірінші үлкен азу тістің вестибулярлы аймағындағы көзге көрінетін сүйек төмпешіктері

! Протез базисінің астында орналасқан кеңістік қалай аталады?

* қақпақты кеңістік

*+протез орны

* протез алаңы

* альвеол аймағы

* базис аймағы

! Альвеола өсіндісі ерінге өтер жердегі шырышты қабықты не деп атайды?

*+өтпелі қатпар

* белсенді қозғалмалы шырышты қабық

* бейтарап аймақ

* қозғалмалы шырышты қабық

* батымды шырышты қабық

! Мүлде тісі жоқ науқасты тексергенде, оның таңдайында томпақ сүйек (торус) байқалған, бұған не істеу керек?

* науқастың таңдайдағы томпақ сүйегін түзеу үшін хирургиялық бөлмеге жіберу керек

*+балауыз негізді пластмассаға ауыстырар кезде протез негізін томпақ сүйекке сәйкестендіру керек

* протезді күнделікті жасап жүрген әдіспен жасау керек

* қалып алар кезде компрессиялық әдіспен қалып алу керек

* протез негізіне тесік жасап, таңдайдағы томпақ сүйекті босату

керек

! Жымию сызығы төмендегі қай жұмысты анықтағанда бағдар бола

алады?

* алдыңғы (фронтальді) тістердің тістеу қырларының орналасуын

анықтаған кезде

* тістердің биіктігін анықтаған кезде

*+жоғарғы тістердің мойнын анықтаған кезде

* беттің ортаңғы сызығына сай ортаңғы күрек тістердің орналасуын анықтаған кезде

* күрек тістердің орналасуын анықтаған кезде

! Тістем биіктігін дұрыс анықтағанда сөйлеу сынамасы бойынша

біліктердің арасындағы саңылау қандай болу керек?

* 7-8мм

* 2-3мм

*+4-5мм

* 1мм-ге дейін

* саңылау болмау керек

! Окклюзиялық білік бетіне салынатын бағдарламалық сызықтар қандай жұмыс істегенде өздерінің бағдарлық қызметін атқарады?

* жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтағанда

* тістем биіктігін анықтағанда

*+тістің мөлшерін өлшеп таңдағанда

* орталық окклюзияны бекіткенде

* тіс жадиғатын таңдағанда

! Ауызда мүлде тіс жоқ кезде беттің төменгі бөлік биіктігі (альвеолааралық биіктік) қалай өзгереді?

* беттің төменгі үштен бір бөлік биіктігі жоғарылайды

*+беттің төменгі үштен бір бөлік биіктігі төмендейді

* беттің төменгі бір бөлік биіктігі өзгермейді

* бет қисық болады

* жұту қиындайды

! Жоғарғы жақ сүйектен қалып аларда кей науқастың құсқысы келеді. Оған не себеп болады?

* қасықтағы қалыптық зат шамадан көп болғанда

* науқастың басы креслоға дұрыс қойылғанда

*+шырышты қабықтың сезімталдығы жоғары болғанда

* науқаста стоматит болғанда

* қасықтағы зат аз болғанда

! Тіссіз жақ сүйекте «салпық жота» болғанда анатомиялық қалыпты қандай қалыптық затпен алған жөн:

* қою ғанышпен қалып алған жөн

* термопластикалық затпен қалып алған жөн

*+«жота» жылжып кетпейтіндей қысым түсіретін затпен қалып

алған жөн

* альгинаттық затпен қалып алған жөн

* силикондық затпен қалып алған жөн

! Алдыңғы (фронтальді) бөлікте протетикалық жазықтықты қалыптасар кезде ол жазықтықтың көз қарашығына параллель болмауының белгілері қандай?

* алдыңғы (фронтальді) тістер бір-бірімен түйіспейді

* алдыңғы (фронтальді) тістер бір-бірімен қалай болса, солай түйіседі

*+алдыңғы (фронтальді) тістердің өткір қыры мен қарашық сызығы

паралелль болмайды

* протез ауызға дұрыс салынбаған

* алдыңғы тістердің бір шеті ғана паралелль болады

! Жоғарғы тістем білігінің вестибулярлық иінінің дұрыс қалыптасуының белгілері қандай?

* еріндердің күшпен жымқырылуы

* жақ сүйектің физиологиялық тыныштық күйіндегі биіктігі мен

тістем биіктік арасындағы айырмашылықтың болмауы

*+протетикалық жазықтықтың жоғарғы немесе төмен орналасуы

* беттің ұзаруы (сопаюы)

* беттің ұзарып, еріндердің еркін жатуы

! Протез негізі немесе окклюзиялық білік жаншылып, мыжылса не істеу керек?

*+жаңа біліктер көмегімен орталық қатынастарды анықтау керек

* ауызға қайта біліктерді кіргізіп, қайтадан жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау керек

* балауыз пластинасын төменгі білікке салып, тістем биіктігін және жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау керек

* жоғарғы базистен тістерді алып жақ сүйектердің орталық ара қатынасын қайтадан анықтау керек

* жаңа біліктер арқылы орталық окклюзияны анықтау

! Қатты таңдай мен жұмсақ таңдай қосылған жерді не деп атайды?

* өтпелі қатпар деп атайды

*+«А» сызығы деп атайды

* арнайы атауы жоқ

* қатты таңдай жігі деп атайды

* қанат-жақ сүйектік қатпар деп атайды

! Аузында түк тісі жоқ науқастың бет пішінін не үшін анықтау керек?

* жасанды тістің түсін анықтау үшін керек

*+әр бет-пішінге белгілі бір тіс түрі сәйкес келетіндіктен анықтау керек

* протез құрылымын таңдау үшін керек

* тістем биіктігін анықтау үшін керек

* жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау үшін керек

! Бейімделу сатысына (фазасына) не жатады?

* протезге төзбеушілік

*+протезге үйренушілік

* протез тін асты тініне жабысушылығы

* ауру белгісі (симтомы)

* сілекейдің өзгеруі

! Төменгі авторлар ұсынған тіссіз жақ сүйек жіктемесінің қайсысын қолдануға болады?

*+Шредер мен Келлердің жіктемесін

* А.И.Дойниковтың жіктемесін

* В.Ю.Курляндскийдің жіктемесін

* Кеннедидің жіктемесін

* Блэктің жіктемесін

! Ауызда мүлде тіс қалмаған кезде науқаста қандай өзгерістер айқын байқалады?

* дикция кейде өзгереді, кейде өзгермейді

* мұрынның екі жағындағы және иек асты қатпарлар қалыпты немесе шамалы өзгереді

*+беттің төменгі бөлік биіктігі қысқарады

* ерін, ұрт салбырамайды, кейде салбырайды

* келбет пішіні қалыпты, кейде өзгереді

! Жеке дара қасықты ауызға салып көргенде, ауыздың ауырғаны, ұрт тартпаларының, ерін мен тіл үзбелерінің жарақаттанғаны байқалған. Мұны қалай түзеу керек?

*+қасықтың қырын жөндеу керек, қасықты ерін, тіл үзбелері мен ұрт тартпаларына сәйкестендіріп ою керек

* жеке дара қасықтың тегіс емес, үшкір қырларын қайта жонып жөндеу керек

* жеке дара қасықты өтпелі қатпарға 3-5 мм жетпейтіндей етіп қысқарту керек

* зерттемелік жолмен протез табанын (базисін) қайта жасау керек

* жеке дара қасықты қатпарға 2-3мм жетпейтіндей етіп қысқарту керек

 

! Шайнау бұлшықеттерінің талуы, сөйлегенде және шайнағанда тістердің бір-бірімен тиісіп тықылдауы қай кезде байқалады?

* орталық ара қатынасты анықтау кезде альвеола аралық биіктік жоғары болғанда байқалады

* орталық ара қатынасты анықтау кезде альвеола аралық биіктік төмен болғанда байқалады

*+жақ сүйектің физиологиялық тыныштық күйін және биіктігін анықтағанда байқалады

* салмағы ауыр протезді жасағанда байқалады

* жасанды тісті дұрыс салмағанда байқалады

! Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерге толық алмалы-салмалы протез саларда, орталық окклюзияда ауызды жапқанда қалақшамен анықталатын жасанды тістердің оң жақ бүйір тұсында саңылау байқалады. Дәрігер қай клиникалық кезеңде қате жіберген?

*+протез құрылымын тексергенде орталық окклюзияда тістердің арасында жаппай байқалатын түйіспені анықтамаған

* тіс салынарда модельді окклюдаторға дұрыс бекітпеген

* балауызды пластмассаға алмастырар кезеңде пресстеу барысында, протез табанын жұқартып алған

* протездің балауыз құрылымы кері әдіспен ғанышқа салынғанда (гипсовка) жасанды тістерді орнынан жылжытып алған

* протездің бір жақ шетін шамадан тыс өңдеген, жылтыратқан

 

! Тісі мүлде жоқ науқасты тексергенде жоғарғы және төменгі жақ сүйектердің альвеолалық өскіндерінің біркелкі семгені, протез орындағы шырышты қабық батымдылығының (податливость) орташа күйде екендігі анықталған. Нақтама (диагноз) қойыңыз:

* Оксман бойынша 1-түр; Супле бойынша 3-түр

* Оксман бойынша 2-түр; Суппле бойынша 2-түр

*+Оксман бойынша 2-түр; Суппле бойынша 1-түр

* Оксман бойынша 3-түр; Суппле бойынша 1-түр

* Оксман бойынша 4-түр; Суппле бойынша 4-түр

! Біздің кафедрада пайдаланылған тіссіз жақ сүйек жіктемесінің авторы кім?

* Кеннеди

*+Оксман

* Курляндский

* Шредер

* Келлер

! Таңдай күмбезі биік науқастың жоғарғы жақ сүйегінен алдын ала анатомиялық қалып алғанда таңдай тұста 2 см кеуек (тесік) пайда болған. Сіз не істер едіңіз?

* жеке дара қасық жасау үшін қалыпты тіс техникалық зертханаға жіберу керек

* тесікке балқыған балауыз құю керек

*+қайтадан қалып алу керек

* қалып алардың алдында таңдай күмбезіне қайтадан ғаныш жағу керек

* басқа қасықпен қалып алу керек

! Төменгі жақ сүйегіне жеке дара қалыпты кигізіп, тіл ұшын мұрын ұшына жеткізіп көргенде жеке дара қасық жақ сүйектен жылжып кетеді. Жеке дара қасықтың қай жерін түзеп жөндеу керек?

* төменгі жақ сүйек төмпешігінен екі үлкен азу тіске дейін қасықтың сыртқы қырын жөндеу керек

* қасықтың ұрт қатпар тұсын жөндеу керек

*+қасықтың иек асты – тіл бұлшықеттері мен тіл үзбесі жақ сүйекке бекіген тұсын тіл жағынан жөндеу керек

* қасықтың ұрт және иек асты бұлшықеттердің жақ сүйекке бекіген жерін төменгі ерін үзбе тұсын жөндеу керек

* қасықтың тіл асты-жақ сүйек бұлшықеттері бекіген тұсын жөндеу керек

! Төменгі протез жасау кезеңдерінің қайсысы протезге функциональді сорғыштық қасиет береді?

* анатомиялық қалып алу кезеңі

*+функциональді сынама жасай отырып функциональді қалып алу кезеңі

* жақ сүйектердің орталық ара қатынасы мен тістем биіктігін анықтау кезеңі

* толық алмалы-салмалы протез құрылымын тексеру кезеңі

* протезді тапсыру кезеңі

! Қасықты жоғарғы жақ сүйекке жеке-дара кигізіп көру үстінде ұртты сорып көргенде қасық жылжып кетеді. Қасықтың қай жерін жөндеу керек?

* қасықтың артқы қырын жөндеу керек

*+қасықтың ұрт тартпалар тұсын жөндеу керек

* қасықтың жоғарғы ерін үзбе тұсын жөндеу керек

* қасықтың алдыңғы бөлігін жөндеу керек

* қасықтың жоғарғы жақ сүйек альвеоларлық төмпешік тұсын жөндеу

керек

! Альвеолааралық биіктікті анықтауда біздің кафедра қандай әдісті қолданады?

* антропометриялық әдісті қолданады

* сөйлеу сынамасы әдісін қолданады

* анатомиялық әдісті қолданады

*+анатомиялық-физиологиялық әдісті қолданады

* Герингер циркулі арқылы өлшеу әдісін қолданады

! Тістем биіктігі мен жақ сүйек тыныштық күйі биіктігінің айырмашылығы неге тең?

* альвеолааралық биіктіктің физиологиялық тыныштық күйіндегі биіктігіне тең болады

* альвеолааралық биіктіктің физиологиялық тыныштық күйіндегі биіктігінен 2 мм жоғары болады

*+альвеолааралық биіктіктің физиологиялық тыныштық күйіндегі биіктігінен 2-3мм төмен болады

* альвеолааралық биіктіктің физиологиялық тыныштық күйіндегі биіктігінен 5-7 мм төмен болады

* альвеолааралық биіктіктің физиологиялық тыныштық күйіндегі биіктігінен 5-7 мм жоғары болады

! Жоғарғы тістем біліктегі ерін-ұрт (вестибулярлы) тінді қалыптастыру не үшін керек?

* тістем біліктігін анықтау үшін керек

* жақ сүйектердің ара-қатынасын анықтау үшін керек

*+& жоғарғы жақ сүйек протезіне тіс салу үшін керек

* төменгі жақ сүйек протезіне тіс салу үшін керек

* протезге шақ жасанды тісті таңдап алу үшін керек

! Жоғарғы тістем білігінің биіктігін анықтағанда оның қандай жағдайда болғаны дұрыс?

*+сөйлеген кезде тістем білік жоғарғы еріннің қызыл жиегінен шығып тұрғаны дұрыс

* тістем білік жоғарғы еріннің қызыл жиегінен 4-6 мм төмен тұрғаны дұрыс

* тістем білік төменгі еріннің қызыл жиегінен 4-6 мм жоғары тұрғаны дұрыс

* сөйлеген кезде тістем білік жоғарғы еріннен шықпағаны дұрыс

* сөйлеген кезде жоғарғы және төменгі жақ сүйектегі біліктер екі еріннің қызыл жиегінен шықпағаны дұрыс

! Бір жақ сүйек мүлде тіссіз болғанда орталық окклюзияны анықтаудың қай кезеңі керек емес?

* бағдарламалық сызық жүргізу керек емес

*+протетикалық жазықтықты қалыптастыру керек емес

* жақ сүйектердің орталық ара қатынасын бекіту керек емес

* оның сөйлегенде физиологиялық тыныштық күйінің биіктігін

анықтау керек емес

* альвеолааралық биіктікті анықтау керек емес

! Балауыз құрылымын сөйлеу сынамасын қолданып тексергенде жоғарғы еріннен алдыңғы тістер көрінбейді. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

* ешқандай түзету қажет емес

* ірірек тістерді салу керек

* орталық жақ сүйек ара қатынасын қайтадан анықтап, бекіту керек

*+жоғарғы біліктің биіктігін қайта анықтап, протетикалық

жазықтықты қалыптастырып, жақ сүйектердің орталық ара

қатынастарын анықтап бекіту керек

* жасанды тістердің басқа түстерін таңдау керек

! Әйнек көмегімен тістерді салғанда ортаңғы күрек тістердің қыры қалай орналасуы керек?

* әйнекке тимеу керек

*+әйнекке тиюі керек

* әйнекке 0,5 мм тимеуі керек

* әйнекке 2 мм жетпеу керек

* әйнекке тек медиалды бұрышымен тиуі керек

! Протездің балауыз құрылымын тексергенде жоғарғы жақ сүйектің жасанды тістері науқасқа өте ірі болып көрінеді, сіздің іс-әрекетіңіз қандай?


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.046 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>