Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Интерндерге арналған ортопедиялық стоматология бойынша 1000 тест сұрақтары тесттер (2013-2014) 6 страница



* +күрек, сүйір, кіші және үлкен азу тістерді

* кетігі бар тіс қатарын

! Ричмонд ұсынған штифті тістің ерекшелігі қандай?

* салманың болуы

* +сыртқы сақинаның болуы

* қорғағыш пластинканың болуы

* кламмердің болуы

* бұранданың болуы

! Тістің түбірін пайдаланып штифті құрылым арқылы протез саларда не кедергі болуы мүмкін?

* тіс түбір өзегінің кеңдігі

* түбір қабырғаларының қалыңдығы

* +түбір қабырғаларының жұқалығы

* тіс түбір ұшындағы емделген өзгерістер

* пародонтальді қалтаның болуы

 

 

! Егерде жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездегі кламмерлердің орналасуы сагитальді сызық бойынша болса, оның бекітілу болжамын анықтаңыз:

* өте нәтижелі (қолайлы)

* қолайлы

* жоғарғы жақта қолайлылау

* +екі жақта да (төменгі-жоғарғы) сәл қолайлылау

* қолайсыз

! Науқастың тістемін тірексіз (нефиксированный) ететін не?

* ауызда қалған қарама-қарсы тістердің болуы

* +барлық қарама-қарсы тістердің (антагонистердің) түсіп қалуы

* барлық шайнау тістерінен айрылу

* алдыңғы тістерден айрылу

* алмалы-салмалы ескі протездердің болуы

! Жартылай алмалы-салмалы протез жасау үшін қандай тістерді қолдануға болмайды?

* пластмасса тістерді

* фарфор тістерді

* металл тістерді

* ситалл тістерді

* +сүйек тістерді

! Тіс қызылиек жиегінің ретракциясы дегеніміз не?

* кептіру

* +қызылиек тіндерін ажырату және қызылиек саңылауын кеңейту

* сауыт шекарасын кеңейту

* тістің мойын аймағының анық көшірмесін алу

* тісті химиялық және температуралық тітіркендіргіштен қорғау

! Каучукті пайдаланып алмалы-салмалы пластиналы протезді вулканизациялау тәсілін кім ұсынды?

* Дюшато

* Фошар

* +Гуднер

* Кеннеди

* Джексон

! Жақ сүйектердің орталық ара қатынастарын бекіткенде окклюзиялық біліктің немесе протез табанының жаншылып, мыжылуына не себеп болады?

* балауыз табанды жасағанда балауыз пластинасының мүсінге толық қысылып жабысуы

* +окклюзиялық білігі бар балауыз табанды дайындағанда сым-қаңқаның болмауы

* ауыздағы балауыз базистің қатты болуы



* тістем біліктің қатты табанға (базиске) қойып жасалуы

* окклюзиялық біліктің биіктігі жоғары болуы

! Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің бекіту элементтеріне не жатпайды?

* механикалық құрылымдар

* +протездің негізі

* құлыптық бекітулер

* кламмерлер

* аттачмендер

! Науқастың толық алмалы-салмалы пластиналы протезге бейімделу уақыты қаншаға созылады?

* 2 аптаға дейін

* 2 тәулікке дейін

* алғашқы тәуліктерге дейін

* +2аптадан 1,5 аптаға дейін

* 1,5 айдан жарты жылға дейін

! Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің ұстағыш кламмерлері шайнау қысымын қалай таратады?

* табиғи тістерге

* шайнау бұлшық еттеріне

* +ауыз қуысының шырышты қабығына

* шырышты қабыққа, табиғи тістерге

* табиғи тістерге және бұлшық етке

! Жартылай алмалы-салмалы пластиналы тіс протезі нүкте арқылы бекітілгенде тиімділігі қандай болады?

* өте қолайлы

* қолайлы

* жоғарғы жаққа қолайлы

* екі жаққа да онша қолайлы емес

* +қолайсыз

! Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протез дайындаудың бірінші зертханалық кезеңінде не істеледі?

* +мүсіндерді окклюдаторға ғаныштау

* балауызды пластмассаға ауыстыру

* жұмысшы және көмекші мүсін құю

* тістерді құю, түзету

* қалып алу

! Бір иықты кламмердің ию кезеңдерін көрсетіңіз:

* ортасын ию

* +иығын ию, денесін ию, өсіндісін ию

* екі жақты ию, денесін ию

* өсіндісін ию, денесін ию

* денесін ию, иығын ию

! Тіс қатары толық модельді орнынан жылжытып көргенде экваторлық сызықтың жағдайы қандай болады?

* +жағдайы өзгереді

* жағдайы өзгермейді

* жағдайы сәл өзгереді

* жағдайы шамалы өзгереді

* жағдай көп өзгереді

! Нея жүйесінде кламмерлер түрінің жалпы саны қанша?

* +бес

* үш

* төрт

* екі

* алты

! Нея жүйесіне тіреп-ұстап тұратын кламмердің қандай түрі кірмейді?

* Аккер кламмері

* Роуч кламмері

* айналмалы кламмер

* +Бонвил кламмері

* бір иықты кері әсері бар кламмер

! Окклюзиялық бастырманың мәні неде?

* протезді дұрыс ұстап тұруда

* тістерге шендеуіш болуында

* +шайнау қысымын дұрыс таратуда

* бос тістерді бекіту

* протезді тұрақтандыру

! Кламмер иығының тұрақтандырғыш бөлігінің қызметі қандай?

* протезді дұрыс ұстап тұру

* тістерге шендеуіш болу

* +шайнау қысымын дұрыстап бөлу

* бос тістерді бекітуде

* протезді тұрақтандыруда

! Параллелометрия әдісін қолданғанда жалпы клиникалық экватор мен анатомиялық экватор бір-біріне қаншалықты сәйкес келеді?

* барлық жағдайда сәйкес келеді

* +кейбір жағдайда ғана сәйкес келеді

* сәйкес келмейді

* сәйкес келуі мүмкін

* екеуі екі басқа түсінік

 

! Кламмер иығының ретенциялық бөлігі қандай аймаққа орналасады?

* тістің шайнау бетіне орналасады

* тістің экваторына орналасады

* тістің окклюзиялық аймағына орналасады

* +тістің гингивалық аймағына орналасады

* тістің қырына орналасады

! Кламмерлер қызметіне (функциясына) қарай қандай түрлерге бөлінеді?

* +ұстап тұратын, тіреп тұратын, тіреп-ұстап тұратын түрге

* екі иықты, бір иықты, тұзақ тәрізді түрге

* майыстырылған, құйылған түрге

* сым темірлі, таспа тәрізді түрге

* бір иықты, тірек түрге

! Пластиналық протезді қозғалтпай бекітетін элементке не жатады?

* +механикалық құралдар жатады

* протез табаны (базисі) жатады

* жасанды тіс қатары жатады

* протездің ершігі жатады

* aдгезия жатады

! Тіс қатарының үлкен ақауында қолданылатын пластиналық протездің табанына (базисіне) тамақты шайнау кезінде түсетін шайнау қысымын қалай азайтуға болады?

* +табан (базистің) көлемін кішірейту арқылы

* механикалық бекіткіштер арқылы

* жасанды тістің санын азайтып отырғызу арқылы

* адгезия арқылы

* торус арқылы

! Егер тіс қатарының ақауын пластиналы протезбен қалпына келтіретін болса, орталық окклюзияны қалай тауып бекітуге болады?

* жұмсарған балауыз жолағы көмегімен

* тістем білікше көмегімен

* +тістем білікше көмегімен анықталатын окклюзия биіктігі бойынша

* тістем білікшемен тыныштық күйде

* балауыз жолағымен окклюзиялық биіктігі бойынша

! Протез табаны (базисі) қай кезде клиникалық әдіспен қайта жасалмайды?

* +ауыздың шырышты қабықтары ауырған кезде және науқасқа пластмасса жақпаған кезде

* тістем (прикус) биіктігі төмендеген кезде

* шықшыт буыны бұрыннан ауыратын кезде

* шырышты қабық қабынғанда

* шырышты қабық дистрофияға ұшырағанда

 

! Қайта жасау әдісінің қайсысын қолданғанда протез табанының (базисінің) пластмассасы тастай тығыз (монолит) болып шығады?

* клиникалық әдісті қолданғанда

* +зертханалық әдісті қолданғанда

* қалыпты балауызбен алғанда

* аралас әдісті қолданғанда

* қалыпты ғанышпен алғанда

! Егер жоғарғы жақ сүйекке арналған қалыпты (стандартты) қасық жоғарғы жақтың төмпешіктеріне жетпесе не істеу керек?

* +қасықтың шетіне балауыз жабыстырып, қасықтың мөлшерін үлкейту керек

* қасықтың дистальді бөлімін ұзарту керек

* қасықты өзгеріссіз қалдыру керек

* жоғарыда аталғандардың бәрін істеу керек

* қасықтың шетіне пластмасса жабыстыру керек

! Тісті Васильев әдісімен орнықтырған кезде бірінші азу тіс қалай тұру керек?

* оның екі төмпешігі де әйнекке тиіп тұру керек

* +әйнекке оның ұрт төмпешігіне ғана тиюі керек, ал таңдай төмпешігі әйнектен 1мм төмен болуы керек

* тістің екі төмпешігі де әйнекке 3 мм жетпеуі керек

* тістің екі төмпешігі де әйнекке 2 мм жетпеуі керек

* оның үш төмпешігі де әйнекке тиіп тұру керек

! Әйнек бойынша жасанды тісті орнықтырғанда ортаңғы күрек тістер қалай тұруы керек?

* тістеу қырлары әйнекке жетпеуі керек

*+тістеу қырлары әйнекке тиіп тұруы керек

* тістеу қырлары әйнекке 0,5 мм жетпеуі керек

* тістеу қырлары әйнектен 2мм төмен болуы керек

* тістеу қырлары әйнекке тек медиальді бұрыштарымен ғана тиіп тұру керек

! Балауыз құрылымын тексерген кезде, жоғарғы жақтың жасанды тістері өте үлкен болып шыққаны анықталды. Не істеу керек?

*+жақ сүйектердің ара қатынасын қайтадан анықтау керек

* тек алдыңғы тістерді ауыстыру керек

* барлық тістердің орындарын ауыстыру керек

* жоғарғы жақтағы барлық тістердің орындарын ауыстыру керек

* төменгі жақтың алдыңғы тістерінің орындарын ауыстыру керек

! Қай кезде протез табанын клиникалық әдіспен қайта жасауға болады?

*+протез табаны шамалы ғана қысқарған кезде

* протез табаны айтарлықтай қысқарған кезде

* жақ сүйекке протез тепе-тең боп отырмаған кезде

* тістем биіктігі төмендеген кезде

* протез табаны сынған кезде

! Әйнек бойынша жасанды тіс салған кезде өртаңғы күрек тістер альвеолааралық өскін қырының ортасына қарағанда қалай орналасқаны дұрыс?

* альвеолааралық өскін қырының ортасына тік болған дұрыс

* +жасанды тістің 2/3 бөлігі альвеолааралық өскін қыры ортасының сыртында болғаны дұрыс

* жасанды тістің 2/3 бөлігі альвеолааралық өскін ортасының ішінде болғаны дұрыс

* альвеолааралық өскіннің сыртқы беті бойынша орналасқаны дұрыс

* альвеолааралық өскіннің қыры тақ ортасы бойынша орналасқаны дұрыс

! Нея жүйесіндегі кламмердің тісте орналасу заңдылығы қандай?

* +тірек (стабилизациялық) бөлігі шолу сызығынан жоғары, ілмек (ретенциялық) ұшы одан төмен

* тірек бөлігі шолу сызығында, ілмек ұшы одан жоғары

* тірек бөлігі шолу сызығынан төмен, ілмек ұшы одан жоғары

* тірек бөлігі шолу сызығынан жоғары, ілмек ұшы шолу сызығының деңгейінде

* тірек бөлігі шолу сызығынан өте жоғары, ілмек ұшы сәл төмен

! Тіреп-ұстайтын Нея кламмерлерінің 3-түрін атаңыз:

* +құрама 1 және 2-түрі

* Аккер түрі

* Роуч түрі

* окклюзиялық бастырмасы бар кері әсерлі бір иықты түрі

* Джексон кламмері

! Тіреп-ұстайтын Нея кламмерінің 4-түрін атаңыз:

* құрама 1 және 2-түрі

* Аккер түрі

*+Роуч түрі

* окклюзиялық қос батырмасы бар сақина түрі

* окклюзиялық бастырмасы бар кері әсерлі бір иықты түрі

! Жасанды тістерді салғанда ортаңғы күрек тістердің орналасуы қалай болуы керек?

* әйнекке тимеуі керек

*+әйнекке күрек тістің өткір қыры тиуі керек

* әйнекке 0,5 мм жетпеуі керек

* әйнекке 2 мм жетпеуі керек

* әйнекке медиальді бұрышымен тиіп, ал дистальді бұрышымен 0,5 мм-ге тимеуі керек

 

 

! Тісті Васильев әдісі бойынша салғанда бірінші кіші азу тіс қалай орналасуы керек?

* қос төмпешігімен әйнекке тиіп тұру керек

*+әйнекке тек ұрт төмпешігімен ғана тиеді, ал таңдай төмпешігі әйнекке 1 мм жетпейді

* әйнекке тек таңдай төмпешігі ғана тиеді, ал ұрт төмпешігі әйнекке 1мм жетпейді

* екі төмпешіктің екеуі де 1 мм жетпейді

* ұрт төмпешігі әйнекке 1 мм жетпейді, ал таңдай төмпешігі әйнекке 0,5 мм жетпейді

! Жоғарғы жақтың алдыңғы бөлiгiне салынатын көпiр тәрiздi протездiң жасанды тiстерi қызылиекке қарағанда қандай пiшiнде жасалуы керек?

* шайнау кеңiстiгi пiшiнде

* +жанасқан пiшiнде

* ершiк тәрiздi

* көлденең пішінде

* қиғаш пішінде

! Көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгiн ершiк тәрiздi пiшiнде жасауға бола ма?

* болады

* +болмайды

* кейде болады

* кейде болмайды

* тікелей жасаған дұрыс

! Көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгіндегi пластмасса фасетка шырышты қабыққа қарағанда қалай жайласуы керек?

* шырышты қабыққа жанасуы керек

* +шырышты қабыққа жанаспау керек

* фасеткiнiң шырышты қабыққа қатынасының мәнi жоқ

* шырышты қабыққа тиіп тұрған дұрыс

* алшақ жатқан жөн

! Металды керамикалық көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгiн ершiк тәрiздi қылып жасау мүмкiн бе?

* мүмкiн

* +мүмкiн емес

* кейде болады

* кейде болмайды

* жасаған дұрыс

! Көпiр тәрiздi протездегi тiстердiң және жасанды тiстердiң шайнау төмпешiктерi қандай пiшiнде болуы керек?

* анық бөлiнiп тұруы керек

* +дөңгеленiп онша анық болмағаны дұрыс

* жалпақ болуы керек

* бедерлі болған дұрыс

* жалпақ болған дұрыс

! Көпiр тәрiздi протездiң бөлiктерiн дәнекерлемес бұрын оларды алдын ала немен бекiтедi?

* +базистi балауызбен

* жабысқақ балауызбен

* мүсiндегiш балауызбен

* дәлденген электродәнекермен

* дәлденген магнит дәнекермен

! Металды керамикалық көпiр тәрiздi протездi қай мүсiнде жасайды?

* суперғаныш мүсiнде

* +құрамалы мүсiнде (разборный)

* медициналық ғаныш мүсiнде

* отқа төзiмдi мүсiнде

* металл мүсінде

! Көпір тәрізді металл протездің тірек сауыттарын шақтап кигізіп көру қандай клиникалық кезеңге жатады?

* бірінші кезеңге

* +екінші кезеңге

* үшінші кезеңге

* төртінші кезең

* бесінші кезең

! Кеннедидің жіктеуі бойынша тіс қатарының қандай кетігінде көпір тәрізді протез жасау абсолютті көрсеткіш болып табылады?

* I, II, III, IV класстар

* I, II класс

* I, III класс

* I, II, III класс

* +III, IV класс

! Көпір тәрізді протез дайындаудың II-клиникалық кезеңінде не істейді?

* орталық ара қатынасын анықтау және бекітілмеген тістемде альвеола биіктікті анықтау

* тексеру, диагноз қою

* мүсін құю

* +сауытты кигізіп шақтау, тістем күйінде қалып алу

* протезді кигізіп шақтау, тістем күйінде қалып алу

! Көпір тәрізді протездің аралық бөлігіне қандай талаптар қойылады?

* +шайнау бетінің кеңдігі, жұлынған тіс сауыттың көлеміне сай болу керек

* сауыт ені аралық бөліктің енімен бірдей болмауы керек

* сауыт ені аралық еніне қарағанда үлкен болу керек

* техниктің мамандануына байланысты кеңдігінің мәні жоқ

* тірек тістердің көлемінен үлкен болу керек

! Қандай себеп жартылай екіншілік адентияға алып келеді?

* тұрақты тістер ұрығының толық қалыптаспауы

* қызылиек аурулары

* шықшыт буынының аурулары

* таңдайдың жырығы

* +тісжегінің асқынулары

! «Көпір тәрізді» протезге дұрыс анықтама беріңіз:

* протездің конструкциясы көпірдің конструкциясына ұқсас

* алынбайтын протез, тіс қатарындағы кетіктің орнын толтырады

* протез тіс қатарындағы кетіктің орнын толтырады, тірек тістерге цементпен бекітіледі

* +алынбайтын протез кем дегенде екі тірегі бар, кіші және орта тіс қатарының кетігін кетіреді

* бір тіректі көпір тәрізді протез

! Қандай жағдайда шайнау қысымы көпір тәрізді тістің тірек тістеріне физиологиялық тұрғыдан жайсыз болады?

* тірек тістер функциональді бағыттаушы топқа кіргенде

* тісаралық кетік тік сызықты бағытта болғанда

* тірек тістерге әртүрлі функциялы тістер қосылғанда

* тірек тістер функциональді бағыттаушы топқа кірмегенде

* +тірек тістерге қысым бұрыштан түскенде

 

! Көпір тәрізді протез кезінде шайнау қысымы қандай тінге таралмайды?

* пародонтқа

* тірек тістерге

* көрші тістерге

* қарама-қарсы тістерге

* +шырышты қабыққа

! Көпір тәрізді протездің функциональді тиімділігі қандай?

* +90-95% шайнау тиімділігін қалпына келтіреді

* эстетикаға сай емес

* барлық тіс қатарын қалпына келтіреді

* 80-90% шайнау тиімділігін қалпына келтіреді

* 70-80% қалпына келтіреді

! Ортопедиялық стоматология клиникасында бір тірек тісті көпір тәрізді протез қолданыла ма?

* иә, көпір тәрізді протездер бір тіске бекуі мүмкін

* жоқ, мұндай протез қолданылмайды

*+кіші азу тістер немесе фронтальді тұста тіс жоқ болғанда протездеуге қолданылады

* тек бүйір тістерге протездеуге қолданылады

* басқа протез түрлерін қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданылады

! Көпір тәрізді протез дайындағанда тірек тістердің санын дұрыс таңдап алмау неге алып келеді?

* функциональді артық күштің түсуіне

* қызылиекті зақымдауға

*+көпір тәрізді протез денесінің сынуына

* қарсы тістердің периодонтында патологиялық үрдістің дамуына

* тірек тістердегі ұлпаның патологиясына

! Көпір тәрізді протездің аралық бөлігін қандай жадығаттан мүсіндейді?

*+мүсіндеуіш балауызбен

* негіздік балауызбен

* лавакспен

* доғалы балауызбен

* протакрил арқылы

! Протезбен қарсы тістердің арасында түйісу болмаған кезде не істеу керек?

*+протезді қайта жасау керек

* сауытты ұзарту керек

* цементпен көтеріп мойнына дейін отырғызу керек

* қайта мүсіндеу керек

* қарсы тіске пломба салу керек

! Көпір тәрізді протезді уақытша бекіту үшін не қолданылады?

* +суға шыланған дентин

* висфат-цемент

* фосфат-цемент

* адгезор

* репин

! Сауытты тірек тіске кигізіп көргенде қызылиегі ағарып кетті, бұл нені көрсетеді?

* +сауыттың ұзын болғанын

* сауыттың тар болғанын

* сауыттың кең болғанын

* сауыттың қысқа болғанын

* тістемнің биіктеуін

! Көпір тәрізді протезді бекітудің алдында тірек тістерді қандай дәрі-дәрмектің ерітіндісімен өңдеу керек?

* люголь ерітіндісімен

* 10% марганец ерітіндісімен

* ортофосфор ерітіндісімен

* +спиртпен

* сутегінің асқын тотығымен

 

! Қандай мақсатпен көпір тәрізді протезді мүсіндеуді артикуляторда жүргізеді?

* эстетикалық талаптарға сай

* парадонт жарақаттарының алдын алу үшін

* жақсы жабысу үшін

* +біркелкі окклюзиялық түйісуге жету үшін

* тез мүсіндеу үшін

! Көпір тәрізді протез қандай құрама бөліктерден тұрады?

* негіз және ұстап тұрушы кламмерлерден

* жасанды сауыттардан

* +тіректі бөліктер мен аралық бөліктерден

* сақиналы қондырмадан

* кламмерлері бар сауыттардан

! Көпір тәрізді протезді мүсіндегенде денесі мен шырышты қабықтың арасында 2-3 мм саңылау қандай пішінде сақталу қажет?

* сына тәрізді

* +иек тәрізді

* иек тәрізді, жанаса

* аралас

* вертикальді

! Көпір тәрізді протезді бүйір бөлікке салуға қанша тістің болмауы көрсеткіш болып табылады?

* +3-4 тістен кем емес

* 4-5 тістің болмауы

* 4-6 тістің болмауы

* 7 тістің болмауы

* жоқ тістердің санының маңызы жоқ

! Көпір тәрізді протездерге қойылатын клиникалық талаптар қандай?

* серпімділігі

* жұмсақтылығы

* +тиімділігі

* мықтылығы

* жылу өткізгіштігі

! Пластмассалы фасетканың сынап кету себебі?

* +металды қаңқаның ретенциялық ілмегінің қысқа болуы

* полимеризацияның бұзылуы

* металды қаңқаны мүсіндеудің дұрыс болмауы

* тірек тістердің дұрыс мүсінделмеуі

* металды қаңқа ілмегінің ұзын болуы

! Пластмассалы көпір тәрізді протезді бекіту үшін қандай цементті қолдануға тыйым салынған?

* адгезор

* фосфат-цемент

* унифас

* висфат-цемент

* +күмісті фосфат

! Құрамдастырылған көпір тәрізді протездің тірек тістерін шақтап көру, қай кезеңде істеледі?

* 1

* +2

* 3

* 4

* 5

! Көпір тәрізді протездің сыну себебіне не жатады?

* +сауыттарды дәнекерлеуге алаңның аз болуы

* көп мөлшерде бура қолдану

* көпір тәрізді протездің денесі мен сауытындағы саңылаулар

* дәнекерлеудің үлкен алаңы

* дәнекердің көп болуы

! Пластмассалы көпір тәрізді протездің түсін қай клиникалық кезеңде анықтайды?

* +1

* 2

* 3

* 4

* 5

! Көпір тәрізді протезді висфат-цементке бекіту кезінде мүмкін болатын қателіктер мен асқынулар қандай?

* +тістемнің биіктеуі

* цементтің жай қатуы немесе қатпауы

* қызылиекке жетіп жатуы

* сауыт астына мақта бөліктерінің кіріп кетуі

* гальванизм көрінісі

! Көпір тәрізді протездің тірек тістері мен аралық бөлігін желімдеп тұрған жабысқақ балауызды немен ерітіп шығарады?

* дәнекерлеуші аспаппен

* газды горелкамен

* бензинмен, мономермен сүртеді

* спиртті ыдыста қыздырады

* +қайнаған сумен кетіреді

! Көпір тәрізді протезді уақытша немен бекітуге болады?

* +дентинді сумен

* висфат-цементпен

* фосфат-цементпен

* адгезормен

* сиэластпен

! Қай клиникалық кезеңде тіректік пластмассалық сауыттарды қайта негіздеуге болады?

* 1

* +2

* 3

* 4

* 5

! Тіс қатарының Кеннеди бойынша қай кластық ақауын көпір тәрізді протездер толықтырады?

* 1,2-класс

* 1,3-класс

* 2-4-класс


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 151 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.067 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>