Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Денсаулық сақтау министрінің



 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы «28»____05______

№388 бұйрығына

қосымша

Әйелдер (жүкті, босанатын, босанған) мен 1 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін болдырмау өлшемдері туралы

1. Жалпы ережелер

1. Осы бұйрық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1325 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. Бұйрықтың мақсаты – ана мен нәрестелер өлім-жітімін болдырмау өлшемдерін бағалауға бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету.

3. Осы бұйрықта мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) болдырмауға болатын ана мен нәрестелер өлім-жітімі - қазіргі заманғы ғылым мен практиканың даму кезеңінде оны болдырмауға болатын, тиісінше күтім жасалмау факторларын (медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік) анықтау, медициналық көмекті дұрыс емес және толық көлемде көрсетпеу анықталған кездегі әйелдер (жүкті, босанатын, босанған), ұрық, жаңа туған нәресте, бір жасқа дейінгі балалар шығыны;

2) шартты түрде болдырмауға болатын ана мен нәрестелер өлім-жітімі - тиісінше күтім жасалмау факторлары (медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік) мен қазіргі заманғы ғылымның дамуы кезеңінде емдеу-алдын алу іс-шараларымен оны жою қиын, бірақ болдырмауға болатын іс-қимыл себептерін анықталған жағдайда өліммен жағымсыз айқын жағдайы бар әйелдер (жүкті, босанатын, босанған), ұрықтан, жаңа туған нәресте, бір жасқа дейінгі балалар шығыны;

3) болдырмау мүмкін болмайтын ана мен нәрестелер өлім-жітімі - қазіргі заманғы ғылымның даму кезеңінде оны болдырмауға болмайтын, тиісінше күтім жасалған, толық және дұрыс көлемде медициналық көмек көрсетілген себептерден әйелдер (жүкті, босанатын, босанған), ұрық, жаңа туған нәресте, бір жасқа дейінгі балалар шығыны;



4) «Дені сау әйел» - анамнезінде шағымы жоқ, оны тіркегеннен бастап етеккір функциясында бұзылулары және гинекологиялық аурулары жоқ, тексеру кезінде ұрпақты болу жүйесі органдары өзгермеген, соматикалық аурулары жоқ әйел;

5) «іс жүзінде дені сау әйел» - анамнезінде гинекологиялық аурулары, экстрагениталдық аурулары, операциялық араласулары, оның ішінде аборттары, етеккір ағымы мен сипаты бұзылған; профилактикалық тексеріп-қарау кезінде шағымы жоқ; объективті тексеріп-қарау кезінде ұрпақты болу жүйесі функциясының бұзылуын тудыратын анатомиялық өзгерістері болуы мүмкін және әйелдердің еңбекке қабілеттілігін төмендетпейтін оңалту сатысындағы экстрагениталдық аурулары көрсетілген әйел;

6) «науқас әйел» - объективті тексеріп-қарау кезінде гинекологиялық аурулары анықталған, тіпті пациенттің шағымы болмаған жағдайда асқыну сатысындағы ауыр экстрагениталдық патологиясы бар әйел;

7) «клиникалық дені сау нәресте, бір жасқа дейінгі бала» - жасы бойынша физикалық дамуы деңгейі мен негізгі функциялық жүйелеріне сәйкес келетін бала;

8) тиісінше күтімнің болмау факторлары сараптама жүргізу кезінде бағалауға жатқызылатын медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік сипаттағы ана, сәби өлімі оқиғаларын алдын алудың жіберіп алған мүмкіндіктерінің жиынтығы деп түсіндіріледі.

 

 

2. Ана мен нәрестелер өлім-жітімі оқиғаларын

болдырмау өлшемдерін бағалау

 

4. «Болдырмауға болатын шығындар» мыналарды болжамдайды:

1) Акушериядағы және гинекологиядағы:

дені сау және іс жүзінде дені сау әйел (жүкті, босанатын, босанған);

әйелдердің (жүкті, босанатын, босанған) мүдделерін толық сақтай отырып, медициналық көмекті абсолюттік дұрыс және толық көлемде көрсету әйелдің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға болатын еді;

тиісінше күтім көрсетілмеу факторлары анықталды (медициналық, әлеуметті - экономикалық, әкімшілік);

2)Ұрықтағы, нәрестедегі, бір жасқа дейінгі баладағы:

клиникалық дені сау нәресте, бір жасқа дейінгі бала;

ұрықтың (нәрестенің), бір жасқа дейінгі баланың мүдделерін толық сақтай, жүктілікті абсолюттік дұрыс қарай отырып, тиісті емдеу-профилактикалық іс-шаралармен жағымсыз факторлардың әсерін жойып, өмірін және денсаулығын сақтап қалуға болатын еді;

егер медициналық, әлеуметті-экономикалық, әкімшілік өлшемдер (тиісті күтімнің болмау факторлары) толық көлемде орындалмаса.

5. «шартты алдын алуға болатын шығындар» мыналарды болжамдайды:

1) акушериядағы және гинекологиядағы:

қиын жағдайға әкеліп соққан ахуалды сырқаттанушылығымен (науқас) (жүкті, босанатын, босанған) әйел;

ғылымның дамуының қазіргі заманғы деңгейінде жою қиын, бірақ жою мүмкіндігі бар факторлармен түсіндірілетін әйелдің (жүкті, босанатын, босанған) өлімі;

тиісінше күтім көрсетілмеу факторлары анықталды (егер ұсынылатын үш өлшемнің бірі орындалмаса немесе толық көлемде орындалмаса)

2) ұрықтағы, нәрестедегі, бір жастағы баладағы:

жағымсыз преморбидтік ахуалмен ұрық, нәресте, бір жасқа дейінгі бала;

ғылымның дамуының қазіргі заманғы деңгейінде жою қиын, бірақ жою мүмкіндігі бар факторлармен түсіндірілетін әйелдің (жүкті, босанатын, босанған) өлімі; факторлармен түсіндірілетін ұрықтың, нәрестенің, бір жасқа дейінгі баланың өлімі;

егер ұсынылатын үш өлшемнің бірі орындалмаса немесе толық көлемде орындалмаса, онда баланың өлімін шартты түрде болдырмауға болар еді.

6. «Болдырмауға болмайтын шығындар» мыналарды болжамдайды:

1) акушериядағы және гинекологиядағы:

дұрыс және тиісті деңгейде жүргізілген емдеу-профилактикалық іс-шаралар кезінде әйелдің (жүкті, босанатын, босанған) өлімге әкеліп соқтырған себептерін жою мүмкіндігінің болмауы;

ғылымның дамуының қазіргі заманғы деңгейінде жою мүмкін болмайтын әйелдің (жүкті, босанатын, босанған) өліміне әсер етуші себептерінен туындаған өлім оқиғалары;

тиісінше күтім көрсетілмеу факторлары (егер әйелге көмек көрсету кезінде ұсынылатын үш өлшем толық көлемде орындалмаса).

2) ұрықта, нәрестеде, бір жасқа дейінгі балада:

дұрыс, тиісті деңгейде жүргізілген емдеу-профилактикалық іс-шаралар кезінде ұрықтың, нәрестенің, бір жасқа дейінгі баланың өлім себептері жойылмайды;

ғылымның дамуының қазіргі заманғы деңгейінде ұрыққа, нәрестеге, бір жасқа дейінгі балаға әсер етуші себептерді ғылым дамуының қазіргі кезеңінде жою мүмкін емес өлім оқиғалары;

егер балаға көмек көрсету кезінде үш өлшем де толық көлемде көрсетілсе, онда баланың өлімін болдырмауға болар еді.

7. Тиісінше күтімнің болмау факторлары мынадай өлшемдермен анықталады: медициналық, әлеуметті–экономикалық және әкімшілік.

8. Медициналық өлшемдер:

1) өлім себептерін анықтау:

жүрек-қантамырлық жеткіліксіздік;

тыныс алу жеткіліксіздігі;

бүйрек функциясының жеткіліксіздігі;

бауыр функциясының жеткіліксіздігі;

ДҚҰ (диссеминацияланған қантамырішілік ұю) – синдромымен;

әртүрлі этиологиялық шок;

ми асқынулары;

уыттану;

2) диагностикалық іс-шаралардың ақаулары:

ауыр жағдайдың және өлімнің іске асуына әкеліп соққан ауру себептерінің уақытылы анықталмауы;

ауру анамнезінің толық жиналмауы;

ауруды кеш диагностикалау;

тексерудің жеткіліксіздігі (тексеру толық көлемде жүргізілмеген немесе клиникалық хаттамаға сәйкес келмейді);

диагностикалық ем-шаралар кезінде асқынулар;

диагностика деңгейдің медициналық көмек көрсету деңгейіне сәйкес келуі (білікті, арнайы, жоғары мамандандырылған);

дұрыс қойылмаған диагноз (клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың айырмашылығы);

патологоанатомиялық зерттеулердің толықтығы (стационар деңгейіне лайық қосымша зерттеу әдістерін қолдана отырып, сою толық көлемде жүргізілген);

патологоанатомиялық зерттеулердің болмауы.

3) емдеу іс-шараларының ақаулары:

емдеуді уақтылы жүргізбеу;

емдеу түрін таңдау сәйкессіздігі (көлемнің толымсыздығы, емдеудің этио-патогенетикалық қағидаттары сақталмаған, клиникалық хаттамаға сәйкессіздік);

емдеу кезіндегі асқынулар (нақты);

қазіргі заманғы емдеу әдістерінің болмауы.

9. Әлеуметтік-экономикалық өлшемдер:

1) ананың жасы;

2) отбасының тамақтану сипаты;

3) ата-аналар білімінің деңгейі;

4) климаттық және экологиялық факторлар;

5) отбасының ауқаттылығының деңгейі;

6) әлеуметті сипаттағы проблемалар (көрсетіңіз, мысалы, күтпеген жүктілік);

7) көлікпен байланысты проблемалар;

8) жүруге қиын жолдар;

9) емдеуге жатқызу кезіндегі қиыншылықтар (көрсетіңіз);

10) медициналық мекемелердің болмауы;

11) отбасылық проблемалар (көрсетіңіз);

12) қаржы қиыншылықтары;

13) ата-аналар және әйелдердің санитариялық ақпараттану деңгейі;

14) қызметтестіктен немесе медициналық көмектің негізгі элементтерін қабылдаудан бас тарту (басқаша айтқанда, пациент дәрігердің кеңесіне қарамай ауруханадан кетіп қалған);

15) діни нанымдар.

10. Әкімшілік өлшемдер:

1) көлікке байланысты проблемалар: (көрсетіңіз, үй – медициналық мекеме, медициналық мекеме – медициналық мекеме (көрсетіңіз);

2) емдеуге жатқызу кезіндегі қиыншылықтар (көрсетіңіз) қол жетімсіздігі (көрсетіңіз);

3) қан компоненттері және препараттарының болмауы;

4) шұғыл медициналық көмекті көрсету үшін препараттардың болмауы;

5) шұғыл медициналық көмекті көрсету үшін препараттардың уақытша болмауы («қорлардың таусылуы»);

6) шұғыл медициналық көмекті көрсету үшін препараттардың қол жетімсіздігі (мысалы, олар шкафта жабулы);

7) бірқалыпты ұстау ем препараттары аурухана дәріханасында мүлдем жоқ;

8) бірқалыпты ұстау ем препараттары аурухана дәріханасында әрқашан табыла бермейді;

9) жабдықталуы жоқ;

10) жабдықталу жұмыс жағдайында емес немесе тоқтап тұр;

11) жабдықтар әрқашан қол жетімді емес (мысалы: сол күні тонометр табылмады; хирургиялық аспаптар бұрынғы операциядан кейін зарарсыздандырылмаған және пайдалануға дайындалмаған; тігу материалдары немесе зертханалық реактивтердің тексерілмеген және оларға дер кезінде тапсырыс берілмеген және басқалар);

12) даярланған мамандардың болмауы;

13) хабарлау проблемалары (телефон, көлік);

14) қорытындылар үшін қажетті ақпарат жоқ немесе жеткіліксіз, оның ішінде медициналық құжаттың сапасыз рәсімделуі.

 

 

_______________________________________________________________

 

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мудрик В.А. Социальная педагогика | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.033 сек.)