Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1 Қазақстанда саясаттануды оқыту қандай міндеттермен байланысты?



1 Қазақстанда саясаттануды оқыту қандай міндеттермен байланысты?

A) Өткен тарихи оқиғаларға дұрыс баға беру білу міндеттерімен

B) Құқықтық қабілеттілік пен құқықтық сананы қалыптастыру

C) Қоғамды танып-білу, қоғамдық көзқарастарды қалыптастыру

D) Елімізде зайырлы мемлекет құру міндеттерімен

E) Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндеттерімен

 

2 Саясаттанудың негізін салған кім?

А) Аристотель

В) Платон

С) Цицерон

D) Конфуций

Е) Макиавелли

 

3 «Политология» («саясаттану») терминінің дәлірек мағынасын көрсетіңіз:

A) Мемлекет туралы ғылым

B) Мемлекеттік және қоғамдық істер туралы ғылым

C) Мемлекет, басқару, үкімет туралы ғылым

D) Қоғам және қоғамдық қатынастар туралы ғылым

E) Саясат, этика, экономика туралы ғылым

 

4 «Саясат» терминін ең алғаш рет ғылымға енгізген кім?

А) Аристотель

В) Цицерон

С) Платон

D) Конфуций

Е) Макиавелли

 

5 Саясаттану қашан ғылым ретінде қалыптасты?

A) ХІХ ғасырдың бірінші жартысында

В) ХХ ғасырдың басында
С) ХІХ –ХХ ғасырлар межесінде
D) ХІХ ғасырдың екінші жартысында

Е) ХVІІІ – ХІХ ғасырлар межесінде

 

6 Саясаттанудың қалыптасуына ықпал еткен позивистік әдістеменің принциптерін анықтаған кім?

А) Ч.Мерриам

В) О.Конт

С) М.Вебер

D) Г.Лассуэл

Е) З.Фрейд

 

7 Ең алғаш рет саясаттану қайда оқытыла бастады?

А) 1889-1990 жылдары Балтық бойы елдерінде

В) 1948 жылы ЮНЕСКО басшылығымен, Парижде

С) 1871 жылы Франция, Саяси ғылымдар мектебінің құрылуы

D) 1857 жылы АҚШ, Колумбия колледжінде

Е) Ежелгі дәуір – Греция мен Римде

 

8 Теориялық білімдердің қай бағыты саясаттанудың ғылым ретінде дамуына ықпал етті?

А) Диалектика

В) Саяси экономия
С) Материализм
D) Саяси философия
Е) Ғылыми коммунизм

 

9 Саясаттанудың қызметтері қайсы?

А) Салыстырмалы, жүйелеу, бихевиористік, социологиялық
В) Саясат, саяси билік, саяси режим, саяси партия
С) Теологиялық, рационалды, натуралистік, әлеуметтік
D) Танымдық, бағалау, болжау, құралдық-тәжірибелік
Е) Саяси теориялар, саяси институттар, халықаралық саясат



 

10 Саясаттанудың зерттеу объектісі не?

А) Саяси нақтылық

В) Материалдық өндіріс

С) Мемлекет

D) Қоғамның рухани өмірі
Е) Саяси жүйе

 

11 Саясаттану қандай ғылым?

A) Саясаттың жалпы теориясын қарастыратын ғылым

B) Қоғам және қоғамдық қатынастар туралы ғылым

C) Саясат туралы тұтас және шоғырланған білімдер жиынтығы

D) Билік және оның субъектілерін зерттейтін ғылым

E) Түрлі тарихи кезеңдердегі саяси өмір және оның компоненттерін зерттейді

 

12 Саяси түсініктер мифологиялық, кейінірек философиялық-этикалық және теологиялық сипатта болып, бірте-бірте олар рационалды сипатқа ие болды. Саяси идеялар гуманитарлық білімдердің жалпы ағымында дамыды. Бұл белгілер саяси білімдердің даму тарихының қай кезеңіне тән?

A) Қайта өрлеу

B) Орта ғасырлар

C) Жаңа заман

D) Қазіргі заман

E) Ежелгі дүние

 

13 Саясаттануда қолданылатын теориялық-танымдық әдістерді көрсетіңіз:

A) Диалектикалық, индукция, талдап қорыту

B) Индукция және дедукция, сұрақ-жауап

C) Байқау, сұрақ-жауап, модельдеу

D) Нормативті, салыстырмалы, байқау

E) Әлеуметтік, жүйелік, тарихи

 

14 Саясаттану ғылымының халықаралық деңгейде мойындалған кезеңі:

A) ХІХ ғасырдың екінші жартысында

B) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін

C) Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін

D) ХІХ – ХХ ғасырлар межесінде

E) Ежелгі дәуірде

 

15 Адамзаттың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі саяси құбылыстар жөніндегі жинақталған саяси ілімі мен тәжірибесі. Бұл анықтама қай ұғымға қатысты?

A) Саяси ойлар

B) Саяси сана

C) Саяси мәдениет

D) Саяси жүйе

E) Саяси қызмет

 

16 Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың бірінші бағыты қалай деп аталады?

A) Діни-философиялық

B) Саяси философия

C) Діни-мифологиялық

D) Діни

E) Философиялық-этикалық

 

17 Ежелгі Шығыстың көрнекті саяси ойшылдарының бірі – Конфуций іліміндегі дұрыс мемлекеттің негізгі шарты не?

А) Халық егеменділігі

В) Заңға қатал бағыну

С) Биліктің бөлінуі

D) Дұрыс заңның болуы

Е) Адамның өнегелік образы

 

18 Платонның саяси ойлары баяндалған еңбегі:

А) «Саясат»

В) «Пікірлер мен әңгімелер»

С) «Мемлекет»

D) «Патша»

Е) «Заңдар рухы туралы»

 

19 Аристотельдің саяси ойға қосқан үлесі:

А) Коммунистік идеяны сынады, жеке меншікті жақтады

В) Жалпының мүддесін көздеп, жеке меншікке қарсы шықты

С) Саясат пен моральдың арақатынасы туралы мәселені көтерді

D) Биліктің бөлшектенуі теориясын жасады

Е) Діни және мемлекеттік биліктің арақатынасы мәселесін қойды

 

20 Орта ғасырдағы Батыс Европадағы саяси ойдың ерекшелігі неде?

A) Ерте таптық қоғамдардың қалыптасуы, саяси ойлардың діни-мифологиялық сипатта болуы

B) Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасының маңызды орын алуы

C) Христиан діні мен римдік-католиктік шіркеудің едәуір ықпал етуі

D) Қоғамдық қатынастарды индивидтің азамат ретінде, оның мемлекетпен қатынасына үлкен көңіл аударылу

E) Мұсылмандық билік пен басқарудың халифаттық түрі туралы мәселенің қойылуы

 

21 Орта ғасырларда теология мен философияны синтездеп заңдар теориясын жасаған кім?

А) Ф.Аквинский

В) Н.Макиавелли

С) А.Августин

D) Т.Компанелла

Е) Аристотель

 

22 Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті ойшылы, жаңа буржуазиялық идеологияның өкілі:

А) Т.Гоббс

В) Дж. Локк

С) Ф.Аквинский

D) Н.Макиавелли

Е) Т.Мор

 

23 Саяси ойлардың дамуында жаңа дәуірде көтерілген негізгі саяси идеялар:

А) Ізгілікті мемлекет, меншік мәселелері

В) Табиғи құқық, биліктің бөлінуі, халық егеменділігі

С) Билікті екіге бөлу: діни (рухани) және мемлекеттік билік

D) Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы

Е) Саясаттағы мінез-құлық, психика мәселелері

 

24 Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің саяси көзқарастарын білдіретін еңбегі қайсы?

А) «Сот реформасы жайындағы хат»

В) «Бақыттылық жайлы ілім»

С) «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары»

D) «Қазақ даласындағы жұт жөнінде»

Е) «Оян, қазақ!»

 

25 Макиавеллидің «Патша» еңбегінің мазмұны қандай?

A) Католиктік теология мен философияны синтездеп, заңдар теориясын жасады

B) Либералистік принциптерді ұсынды, «жеке адам», «қоғам», «мемлекет» деген түсініктерді бөлді

C) Мемлекетке байлардың үстемдігі, кедейлердің қаналуының формасы мен құралы деп әлеуметтік сипаттама берді

D) Мемлекетті құру, сақтау, кеңейту және саяси билікті иелену мен сақтау туралы кеңес береді

E) Тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады

 

26 «Макиавеллизмге» қатысты тұжырымдаманы көрсетіңіз:

А) «Билік – құдайдың сыйы»

В) «Еркіндік – заң тыйым салмағанды жүзеге асыру»

С) «Мемлекет – үстем таптың билігін жүргізетін машина»

D) «Мақсат – әдісті ақтайды»

Е) «Саясат дегеніміз – мемлекетті басқару өнері»

 

27 Ш.Уәлихановтың пікірінше, қазақ қоғамының ілгері дамуының шешуші себебі неде?

А) Мемлекеттің дұрыс заңдарының болуы
В) Ата-баба салт-дәстүріне сүйену
С) Бір орталықтандырылған күшті билік орнату
D) Қазақ елінің ұлттық автономияға қол жеткізуі
Е) Экономикалық және әлеуметтік реформа

 

28 Абай қоғамды өзгертудің негізгі күшіне нені жатқызды?

А) Революцияны

В) Ағартуды

С) Техника мен экономиканы

D) Экономикалық реформаны

Е) Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді

 

29 Саясат әлеуметтік құбылыс ретінде қай кезеңде пайда болды?

А) Ежелгі дәуірде

В) Орта ғасырларда

С) Алғашқы қауымдық құрылыста

D) Жаңа дәуірде
Е) Қайта өрлеу дәуірінде

 

30 Мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, таптар, партиялар, ұлттар, мемлекеттер және т.б. арасындағы билік қатынастарымен байланысты іс-әрекеттер (қызмет) саласы. Бұл қандай құбылысқа қатысты анықтама?

A) Саясат

B) Саяси партия

C) Саяси жүйе

D) Саяси билік

E) Саясат субъектілері

 

31 Саясаттың негізгі объектісі:

А) Экономика

В) Қоғам

С) Мемлекет

D) Саяси институттар

Е) Саяси жүйе

 

32 Саясаттың ең алғашқы субъектісі:

А) Саяси партия

В) Жеке адам

С) Тап

D) Әлеуметтік топ

Е) Мемлекет

33 Қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асырауға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Бұл ненің анықтамасы?

A) Саясаттың

B) Саяси жүйенің

C) Саяси идеологияның

D) Саяси режимнің

E) Саяси партияның

 

34 Өмір сүруші әлеуметтік-саяси құрылысты сақтауға немесе реформалауға бағытталған мемлекеттің, оның құрылымдары мен институттарының экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-интеграциялық, әлеуметтік-мәдени, қуғын-сүргін және т.б. іс-әрекеттер жиынтығы. Бұл қандай ұғымға қатысты анықтама?

A) Саяси режим

B) Ішкі саясат

C) Саяси жүйе

D) Саяси билік

E) Сыртқы саясат

 

35 Саясаттың қозғаушы күші:

A) Жеке адам

B) Бұқара

C) Тәжірибе

D) Мүдде

E) Ұйым

 

36 Саясат субъектісінің іс-әркеті бағытталған саяси нақтылықтың, жүйенің бір бөлігі:

A) Саясаттың объектісі

B) Саясаттың формасы

C) Саясаттың мазмұны

D) Саясаттың құрылымы

E) Саясаттың функциясы

 

37 Саясаттың объектісіне бағытталған белсенді іс-әрекетті жасаушы:

A) Саясаттың формасы

B) Саясаттың субъектісі

C) Саясаттың мазмұны

D) Саясаттың құрылымы

E) Саясаттың функциясы

 

38 Саясаттың субъектісі мен объектісі:

A) Бұқара

B) Мемлекет

C) Партия

D) Адамдар

E) Топтар

 

39 Саясаттың субъектілері:

А) Басқарушы органдар

В) Көршілес мемлекеттер

С) Элита

D) Жеке адам, ұйымдар, әлеуметтік топтар

Е) Атқарушы органдар

 

40 Өз атауын зерттеу объектісіне емес, зерттеу әдісіне байланысты алған саясаттанудың бір саласы:

A) Саяси әлеуметтану

B) Салыстырмалы саясаттану

C) Теориялық саясаттану

D) Қолданбалы саясаттану

E) Саяси география

 

41 Салыстырмалы саясаттанудың негізін салған кім?

A) Аристотель

B) Макиавелли

C) Боден

D) Конт

E) Монтескье

 

42 «Салыстырмалы саясаттану» ұғымын ғылыми айналымға енгізген кім?

A) Аристотель

B) Н.Макиавелли

C) Г. Лассуэл

D) Д.Аптер

E) Э.Фримен

 

43 Саясатты әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру оны қай тұрғыдан сипаттайды?

A) Саясатты қоғамдық құбылыстар, яғни экономика, әлеуметтік топтар, құқық, мораль, мәдениет, дін арқылы сипаттайды

B) Саясаттың алғашқы түп негізін ашуға тырысады, саясатты билікті иеленуге бағытталған іс-әрекеттер деп сипаттайды

C) Саясатты бүкіл қоғам үшін міндетті шешімдерді дайындау, қабылдау және іс жүзіне асыру процесі ретінде сипаттайды

D) Саясат дегеніміз дау-жанжалдарды күштеп және бейбіт жолмен шешу

E) Саясат дегеніміз адамдардың құқық негізінде өркениетті түрде өмір сүру формасы

 

44 Саясаттың басты міндеті:

A) Белгілі бір аумақтағы барлығына тиісті заңдарды қабылдау, қоғамдық өмірді саяси ұйымдастыру

B) Қоғамдағы саяси билік үшін күресу және оны жүргізу

C) Қоғамдық өмірдің түрлі жақтарын шоғырландыру, түрлі мүдделердің үйлесуі негізінде қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету

D) Қоғамның шаруашылық өмірін ұйымдастыру, материалдық инфрақұрылымды қамтамасыз ету

E) Қоғамдағы қатынастарды, мінез-құлық пен әрекеттерді, мемлекеттік органдар мен бірлестіктердің қызметтерін реттеу

 

45 Өз еркін басқаларға жүргізіп, олардың әрекетіне, қызметіне, тағдырына т.б. ықпал ете алу қабілеті мен мүмкіндігі:

А) Бақылау

В) Үстемдік

С) Бедел

D) Билік

Е) Ұйымдастыру

 

46 Саясаттың негізгі мәселесі не?

A) Қоғамдық қатынастар

B) Саяси жүйе

C) Билік

D) Идеология

E) Мемлекет

 

47 Саясаттанудың билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саласы:

A) Конфликтология

B) Кратология

C) Идеология

D) Элитология

E) Псефология

 

48 Биліктің құрылымына қатысты ұғымдарды көрсетіңіз:

A) Плутократия, демократия, тирания, охлократия, этатизм

B) Телеологиялық, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік

C) Үстемдік, басқару, басшылық, басқару, ұйымдастыру

D) Негіздері, ресурстары, субъектісі, объектісі, функциялары

E) Саяси, мемлекеттік, атқарушы, заң шығарушы, сот билігі

 

49 Жеке адамның, таптың, топтың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу мүмкіндігі нені білдіреді?

А) Саяси билікті

В) Саяси ұйымдасуды

С) Саяси жүйені

D) Саяси режимді

Е) Саяси қызметті

 

50 Олигархия жағдайында билікті кімдер жүзеге асырады?

А) Элита

В) Азғана бай адамдар

С) Діни адамдар

D) Халық

Е) Қабілетті адамдар

 

51 Билікті бөлшектеу теориясының мәні:

А) Билікті шектеу мақсатында тармақтарға бөлу

В) Бірнеше қоғамдық пікірлердің қатар өмір сүруі

С) Азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын шектеу

D) Халықты саяси сауаттандыру

Е) Биліктің құқықтық нормаларға сәйкес келуі

 

52 Биліктің легитимдігі дегеніміз не?

А) Билікті қолданушы, жүргізушіге басқаның табынуы

В) Жалпы ережелер мен нормаларды қабылдау

С) Саяси-тарихи процесті жеделдету

D) Биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келуі

Е) Төмендегілердің билікті мойындауы, құрметтеуі

 

53 Биліктің бөлінуі бойынша атқарушы билікті кім жүзеге асырады?

А) Үкімет

В) Саяси партия

С) Сот

D) Парламент

Е) Элита

 

54 Сенат пен Мәжіліс – бұл Қазақстан Республикасындағы қай билікті бейнелейді?

А) Жергілікті

В) Сот

С) Атқарушы

D) Заң шығарушы

Е) Экономикалық

 

55 Абсолюттік және конституциялық – бұл ұғымдар қайсысына қатысты?

А) Республика

В) Тоталитаризм

С) Монархия

D) Демократия

Е) Элитаризм

 

56 Белгілі бір аумақтағы ерекше күштеу аппаратына сүйенетін билік түрі:

А) Мемлекеттік билік
В) Экономикалық билік
С) Саяси билік
D) Либералдық билік
Е) Орталық билік

 

57 Охлократия деген не?

А) Ауқаттылар билігі
В) Тобыр билігі
С) Ақсүйектер билігі
D) Ақсақалдар билігі
Е) Діни адамдар билігі

 

58 Биліктің бөлінуі принципі бойынша заң шығарушы билікті жүзеге асыратын не?

А) Элита

В) Саяси партия

С) Сот

D) Үкімет

Е) Парламент

 

59 Биліктің жариялылығы дегеніміз не?

А) Жалпы ережелер мен нормаларды қабылдау

В) Төмендегілердің билікті мойындауы, құрметтеуі

С) Саяси-тарихи процесті жеделдету

D) Биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келуі

Е) Билікті қолданушы, жүргізушіге басқаның табынуы

 

60 Неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер көрсеткен билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері қайсы?

A) Заң шығарушы, атқарушы, сот

B) Әдет-ғұрыптық, харизматикалық, ақыл-парасаттық

C) Экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ақпараттық

D) Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық

E) Бодандық, патриархалдық, азаматтық

 

61 Қазір жер бетінде түрлі ғалымдардың санауы бойынша қанша халық (этнос)-ұлт бар?

A) 10 мыңдай

B) 200-дей

C) 6-7 мыңдай

D) 130-ға жуық

E) 3-5 мыңдай

 

62 Қазір жер бетінде түрлі ғалымдардың санауы бойынша қанша этникалық және этнолингвистикалық топтар бар?

A) 10 мыңдай

B) 200-дей

C) 6-7 мыңдай

D) 130-ға жуық

E) 3-5 мыңдай

 

63 Қазір жер бетінде түрлі ғалымдардың санауы бойынша мемлекеттердің саны қанша?

A) 10 мыңдай

B) 200-дей

C) 6-7 мыңдай

D) 130-ға жуық

E) 3-5 мыңдай

 

64 Мәліметтер бойынша, Қазақстанда қазір қанша ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүруде?

A) 130-ға жуық

B) 3-5 мыңдай

C) 500-ге жуық

D) 200-ге жуық

E) 1 мыңдай

 

65 Тарихи жағынан алғанда «ұлт» («нация») термині қандай мағынаны білдіреді?

A) «туылу»

B) «ру»

C) «қала-мемлекет»

D) «тайпа, халық»

E) «отан»

 

66 Саясаттануда қалыптасқан ұлтты түсіндірудің екі негізгі теориялық бағытын көрсетіңіз:

A) Дау-жанжалдық және структуралистік

B) Мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік-мәдени

C) Теологиялық және натуралистік

D) Қоғамдық келісім және таптық

E) Жүйелік және құрылымдық-функционалдық

 

67 Ұлтшылдық дегеніміз не?

A) Ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға, ұлттық қатынастар саласындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған шаралар

B) Ұлттар, ұлыстар, олардың мемлекеттік құрылымдары арасындағы және ұлттық қауымдастықтардың өзара іс-әрекеттері

C) Белгілі бір доктрина негізінде ұлттық қауымдастықтың мемлекетпен қатынасындағы ұлттың мүдделерінің көрінуі және олардың қорғалуын көздеген саяси қозғалыс

D) Ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі анықтау принципі

E) Халықтың, ұлттың ерікті түрде өз саяси статусын қабылдап, экономикалық, ұлттық және мәдени еркін дамуға деген құқығы

 

68 Ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға, ұлттық қатынастар саласындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған шаралар:

А) Ұлттық мүдделер
В) Ұлттық саясат
С) Ұлттық сана-сезім
D) Ұлтаралық қайшылықтар
Е) Ұлттық қатынастар

 

69 Бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Көпұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдерінің дербес мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы қандай терминмен анықталады?

A) Сегрегация

B) Апартеид

C) Шовинизм

D) Сепаратизм

E) Геноцид

 

70 Нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты қалай деп аталды?

A) Антисемитизм

B) Апартеид

C) Геноцид

D) Шовинизм

E) Экстремизм

 

71 Геноцид дегеніміз не?

A) Адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың өкілі болуына байланысты қыру не қудалау

B) Нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты

C) Бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңуі

D) Бір елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілік

E) Ұлттық ерекшеліктерді дәріптеп, бір ұлттың мүддесін басқа халықтардан жоғары қоюшылық

 

72 Ұлттық-мемлекеттік құрылыстың формаларын көрсетіңіз:

A) Монархия, республика

B) Тоталитралық, авторитарлық, демократиялық

C) Құқықтық, әлеуметтік, зайырлы

D) Құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық

E) Унитарлық, федерация, конфедерация

 

73 Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды?

A) 1992 жылы 1 наурызда

B) 1993 жылы 1 наурызда

C) 1994 жылы 1 наурызда

D) 1995 жылы 1 наурызда

E) 1996 жылы 1 наурызда

 

74 Басқалардың пікіріне, сенімін, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті қолдайды, бұл қандай ұғыммен анықталады?

A) Оппозиция

B) Демократия

C) Ксенофобия

D) Фанатизм

E) Толеранттық

 

75 Қоғамдағы басқаруды жүргізіп, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, арасындағы саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы:

А) Саяси партия

В) Саяси режим

С) Саяси жүйе

D) Саяси билік

Е) Мемлекет

 

76 Қоғамды жүйелілік тұрғыдан талдап, «жүйе» ұғымын әлеуметтану мен саясаттануға алғаш енгізген кім?

A) Т. Парсонс

B) Д. Истон

C) Г. Алмонд

D) К.Дойч

E) Л. фон Борталанфи

 

77 Саяси жүйе теориясын жасаушылар:

А) В. Парето, Г. Моска

В) Н. Макиавелли, Т. Мор

С) Аристотель, Платон

D) Г. Алмонд, Д. Истон

Е) К. Маркс, Ф. Энгельс

 

78 Саясаттанудағы саяси жүйенің қызметінің теориялық үлгілері қайсылар?

A) Теологиялық, қоғамдық келісім, психологиялық

B) Телеологиялық, структуралистік, конфликтілік

C) Жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, ақпараттық-кибернетикалық

D) Теологиялық, натуралистік, тиімді-сыни

E) Мемлекеттік-саяси, әлеуметтік-мәдени, биологиялық

 

79 Саяси жүйенің құрылымына қатысты ұғымдарды көрсетіңіз:

А) Саяси көзқарас, саяси іс-әрекет, саяси психология
В) Саяси дағдарыс, саяси жанжал, саяси шиеленіс
С) Саяси түсініктер, көзқарастар, құндылықтар
D) Саяси институт, саяси қатынас, саяси мәдениет
Е) Саяси әдіс-тәсілдер, саяси құралдар

 

80 Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі саяси мәдениетте ескі жүйенің де, жаңаның да элементтері араласып, түрлі партиялардың ескі дәстүрлерді сақтап отыруы, заңдылыққа негізделген ортақ негіздің болуы тән болып келетін саяси жүйенің түрі:

A) Ағылшын-америкалық

B) Индустрияландыруға дейінгі және жартылай индустриялық

C) Европалық-құрлықтық

D) Тоталитарлық

E) Авторитарлық

 

81 Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі – адам бостандығы, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, мемлекет қауіпсіздігін сақтау, биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, бюрократия, жоғары тұрақтылық. Бұл белгілер қай саяси жүйеге тән?

A) Ағылшын-америкалық

B) Индустрияландыруға дейінгі және жартылай индустриялық

C) Европалық-құрлықтық

D) Тоталитарлық

E) Авторитарлық

 

82 Г.Алмондтың жіктеуі бойынша индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеге қандай белгілер тән?

A) Қоғамның (көпшіліктің) билікке бақылауын жүргізуі

B) Адам бостандығы, халықтың жақсы тұрмысы, биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, жоғары тұрақтылық

C) Ескі мәдениеттің де, жаңаның да либералдық құндылықтарына, заңдылықтарына сүйенген ортақ негіздің болуы

D) Тәуелсіз орталықтандырылған биліктің болуы және орталық билігіне қоғамның толық бағындырылуы

E) Батыс құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғырланып, ортақ негіздің болмауы

 

83 Г.Алмондтың жіктеуі бойынша тоталитарлық саяси жүйеге тән белгілер тән?

А) Тәуелсіз орталықтандырылған биліктің болуы және орталық билігіне қоғамның толық бағындырылуы
В) Адам бостандығы, халықтың жақсы тұрмысы, биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, жоғары тұрақтылық
С) Ескі мәдениеттің де, жаңаның да либералдық құндылықтарына, заңдылықтарына сүйенген ортақ негіздің болуы
D) Батыс құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғырланып, ортақ негіздің болмауы

Е) Қоғамның (көпшіліктің) билікке бақылауының жүргізілуі

 

84 Саяси жүйені демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық деп бөлудің негізіне не алынған?

А) Басқарушы элитаға байланысты

В) Мемлекеттің даму дәрежесі

С) Қоғамда үстемдік етуші топқа байланысты

D) Биліктің легитимдігінің түрі

Е) Саяси режим түрі

 

85 Қоғамның саяси жүйесінің басты институты не?

A) Мемлекет;

B) Ұлт;

C) Саяси қозғалыс;

D) Элита;

E) Қарулы күштер.

 

86 «Мемлекет» терминін ғылыми айналымға енгізген кім?

A) В.Парето

B) Н.Макиавелли

C) Т. Парсонс

D) Аристотель

E) И.Гердер

 

87 Мемлекеттің басты функциясы:

А) Әлеуметтік функция

В) Әскери қорғау

С) Экономикалық байланыстар жасау

D) Шетелдермен қарым-қатынас жасау

Е) Саяси ұйымдастыру

 

88 Мемлекетті басқару формасына байланысты қалай деп бөледі?

А) Құл иеленуші, феодалдық

В) Унитарлық, федерация

С) Монархия, республика

D) Демократиялық, тоталитарлық

Е) Құқықтық, әлеуметтік

 

89 Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіретін концепция:

А) Патриархалдық

В) Теологиялық

С) Қоғамдық келісім

D) Географиялық

Е) Күш көрсету

 

90 Аумағы, тұрғындары, егеменділігі, заңы, басқару аппараты, салық жүйесі, күштеу органдары т.б. Бұлар мемлекетті қай жағынан сипаттайды?

А) Белгілері

В) Бағыттары

С) Түрлері

D) Басқару формалары

Е) Қызметтері

 

91 Мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілділік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекет түрі:

А) Республика
В) Федерация

С) Унитаризм

D) Монархия
Е) Авторитаризм

 

92 Біртұтас, әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын, саяси билік бір орталыққа бағынатын мемлекет:

А) Протекторат

В) Федерация

С) Конфедерация

D) Автономия

Е) Унитаризм

 

93 Белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа мемлекет құруы:

А) Федерация

В) Унитарлық

С) Конфедерация

D) Автономия

Е) Отар

 

94 Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы, жеке тұлғаның емін-еркін дамуы:

А) Әлеуметтік қоғам

В) Индустриялы қоғам

С) Азаматтық қоғам

D) Дәстүрлі қоғам

Е) Информациялық қоғам

 

95 Заңның жоғарылылығы, оның алдында бәрінің тең болуы, жеке адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мемлекет түрі:

А) Әлеуметтік

В) Құқықтық

С) Монархиялық

D) Автономиялық

Е) Метрополиялық

 

96 Құқықтық мемлекеттің бірден-бір негізгі принципі:

А) Нарықтық қатынастар Биліктің бөлшектенуі
В) Конституция
С) Сот
D) Биліктің бөлшектенуі Нарықтық қатынастар
Е) Құқық

 

97 Мемлекет қандай принцип негізінде құрылады?

А) Идеологиялық принцип

В) Діни принцип

С) Мәдени принцип

D) Аумақтық принцип

Е) Қандас-туыстық принцип

 

98 Дж. Локк, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы қандай теорияның негізін салушылар болып есептеледі?

А) Күш көрсету

В) Патриархалдық

С) Теологиялық

D) Географиялық

Е) Қоғамдық келісім

 

99 Мемлекеттің функцияларына қатысты ұғымдарды көрсетіңіз:

А) Ішкі және сыртқы

В) Монархия және республика

С) Құл иеленушілік және феодалдық

D) Әлеуметтік және құқықтық

Е) Демократиялық және тоталитарлық

 

100 Мемлекеттің пайда болуын жеке меншіктің, таптардың шығуымен, олардың арасындағы қайшылықтардың шиеленісуімен байланыстырып, мемлекет – бір таптың екінші тапқа үстемдігін, қанауын жүргізетін орган деп қарастыратын концепция:

А) Қоғамдық келісім

В) Патриархалдық

С) Теологиялық

D) Географиялық

Е) Марксистік

 

101 Белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесін көздейтін өз мақсаттарына жету бағытында мемлекеттік билік үшін күресіп, оны қолдануға ұмтылатын адамдардың ерікті одағы қалай деп аталады?

А) Саяси партия

В) Кәсіподақ ұйымы

С) Қысымшы топтар

D) Қоғамдық-саяси қозғалыс

Е) Мемлекет

 

102 Белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін билікке ықпал ету үшін құрылатын, ұйымдық құрылымы әлсіз, әлеуметтік базасы кең болатын адамдардың ерікті ынтымақтастығы қалай деп аталады?

А) Діни бірлестіктер

В) Саяси партиялар

С) Қоғамдық-саяси қозғалыстар

D) Қысымшы топтар

Е) Халықаралық ұйымдар

 

103 Идеологиясына байланысты партиялардың түрлері:

А) Басқарушы және оппозициялық

В) Фашистік және коммунистік

С) Кадрлық және бұқаралық

D) Жұмысшы және буржуазиялық

Е) Парламенттік және сайлаушылар

 

104 Саяси партияның ең басты функциясы:

А) Саяси билік үшін күрес

В) Қоғамдағы саяси-тәрбие жұмысы

С) Заң шығару

D) Шаруашылықты реттеу

Е) Үлкен әлеуметтік топтарды шоғырландыру

 

105 Саяси партияның мәні неде?

А) Саяси билік үшін күресуінде

В) Сайлау арқылы заң шығарушы органдарға үміткерлер ұсынуында

С) Идеология мен саяси доктриналарды қалыптастыруында

D) Кімнің мүддесін көздеп, қорғайтындығында

Е) Өз қатарын, әлеуметтік базасын кеңейтуінде

 

106 Саяси партиялар ненің элементі болып табылады?

А) Дәстүрлі қоғамның

В) Тоталитарлық режимнің

С) Құқықтық мемлекеттің

D) Әлеуметтік мемлекеттің

Е) Азаматтық қоғамның

 

107 Ұйымдық жағынан құрылуы, билікке ашық түрде бағытталуы, бұқаралық тірек табуға тырысуы, доктринасының, бағдарламасының болуы, бұлар саяси партияны қай жағынан сипаттайды?

А) Құрылымы

В) Түрлері

С) Қызметтері

D) Белгілері

Е) Құрылу әдістері

 

108 Жоғарғы жетекші және штаб, партияның мүшелері, партияның электораты, бұлар партияны қай жағынан сипаттайды?

А) Құрылымы

В) Белгілері

С) Қызметтері

D) Құрылу әдістері

Е) Түрлері

 

109 Коалициялық немесе блоктық басқару дегеніміз не?

А) Партиялардың бірлесіп басқаруы

В) Ұйымдар, қозғалыстардың билігі

С) Жеке адамның басқаруы

D) Элитаның билігі

Е) Олигархтар басқаруы

 

110 Капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалап, өзгертуге тырысатын партия:

А) Фашистік

В) Буржуазиялық-демократиялық

С) Социал-демократиялық

D) Консервативтік

Е) Коммунистік

 

111 Қазақстандағы алғашқы либералдық-демократиялық партия:

А) «Үш жүз»

В) «Алаш»

С) «Желтоқсан»

D) «Отан»

Е) «Азат»

 

112 Қазақстандағы әлеуметтік бағыттағы ұйымдар қайсы?

А) «Жерұйық», «Шаңырақ»

В) «Лад», «Азат»

С) «Мемориал», «Ақиқат»

D) «Невада-Семей»

Е) Жастар, әйелдер ұйымдары

 

113 Үлкен әлеуметтік топтарды белсенді ету және шоғырландыру, саяси идеология мен қоғамдық пікірді қалыптастыру, саяси элита қатарын толықтыру, саяси жетекшіні ұсыну, сайлау арқылы мемлекеттік билік үшін күресу, билік қызметін бақылау т.б. Бұл аталғандар қайсысының қызметтеріне жатады?

А) Саяси партияның
В) Саяси жүйенің
С) Қоғамдық қозғалыстың
D) Саяси сананың
Е) Саяси мәдениеттің

 

114 Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті не болып табылады?

А) Белгілі бір аумақтағы қоғамдық өмірді саяси жағынан ұйымдастыру

В) Қазына-байлықты бөлу, оған бақылау жасау

С) Қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау, қатынастарды реттеу

D) Қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау

Е) Азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету

 

115 Нақты билік бір партияда болатын, сонымен бірге басқа партиялардың қызметіне формалды түрде болса да рұқсат ететін партия жүйесі қалай аталады?

А) Екі жарым партиялық
В) Екі партиялық
С) Бір жарым партиялық
D) Көппартиялық
Е) Бір партиялық

 

116 Екі жарым партиялық жүйенің мағынасы қандай?

А) Мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару жүргізіледі

В) Нақты билік бір партияда болады, сонымен бірге басқа партиялардың қызметіне формалды түрде болса да рұқсат етіледі

С) Кішігірім партиялар болады, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік күрес ең ірі екі партия арасында жүреді

D) Билік басындағы партия билік үшін күресетін партияларды болдырмайды, мұндай жүйеде партиялық және мемлекеттік басшылықтың ұласуы жүзеге асады

Е) Сайлауда жеңген партия үшінші партиямен бірігіп үкіметті құрады

117 Билікті жүргізудің заңды әдіс-тәсілдерін, қоғамдағы демократияның дәрежесін көрсететін не?

А) Саяси процесс

В) Саяси жүйе

С) Саяси идеология

D) Саяси режим

Е) Саяси билік

 

118 Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайындағы саяси режим түрі:

А) Тоталитарлық

В) Авторитарлық

С) Демократиялық

D) Либералдық

Е) Әскери-оккупациялық

 

119 Биліктің диктаторлық сипаты, экономика, адамдардың жеке өміріндегі азаматтық қоғам элементтерінің болуы, формалды түрде болса да биліктің бөлінуі, парламент, партиялардың болуы т.б. Бұл белгілер қай саяси режимге тән?

А) Тоталитарлық
В) Авторитарлық
С) Демократиялық
D) Либералдық
Е) Фашистік

 

120 «Демократия» терминінің мағынасы қандай?

A) «халық билігі»

B) «тұтас», «толық»

C) «жалпыхалықтық іс»

D) «билік», «ықпал»

E) «бөлу», «бөлшек»

 

121 Демократия теориясын дамытушылар:

А) Парето, Моска, Михельс
В) Локк, Руссо, Шумпетер

С) Рассел, Парсонс, Даль
D) Алмонд, Истон, Парсонс
Е) Маркс, Мангейм, Парето

 

122 Демократияның алғашқы Отаны қай ел?

А) Ежелгі Грекия
В) Ежелгі Рим
С) АҚШ
D) Франция
Е) Ұлыбритания

 

123 Саяси плюрализм дегеніміз не?

А) Билікті халықтың мойындауы, құрметтеуі

В) Жеке адамның саяси билікті өз қолына жинақтауы
С) Топтың қоғамдағы билікті өз мүддесіне қарай жүргізуі
D) Азаматтардың заң және сот алдындағы теңдігі
Е) Әртүрлі көзқарастарға, қоғамдық пікірлерге жол беру

 

124 Еркіндік, теңдік, бостандық, әділеттілік, заң алдындағы теңдік, халық – биліктің бастауы т.б. жақтайтын доктрина нені бейнелейді?

А) Демократияны
В) Саяси режимді
С) Либерализмді
D) Саяси жүйені
Е) Авторитаризмді

 

125 Референдум дегеніміз не?

А) Халықтың еркін өкілділік органының жүзеге асыруы
В) Партияның не оның бір бөлігінің басқарушы элитаға, үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы
С) Маңызды мәселелер бойынша сайлаушылардың пікірі (көңілін білдіруі)

D) Саяси процеске халық емес, таңдаулы, іріктелген топтардың қатысуы
Е) Халықтың сайлауға қатысып, белгілі бір үміткерге дауыс беруі

 

126 Қоғамдық пікірдің әрдайым зерттелуі, заңның жоғарылылығы, көппартиялық жүйе, шешімді көпшіліктің қабылдауы, жариялылық, биліктің іс жүзінде бөлінуі т.б. принциптер қай режимге тән?

А) Демократиялық
В) Либералдық
С) Тоталитарлық
D) Авторитарлық
Е) Оккупациялық

 

127 Азаматтық қоғамның, демократияның тірегі болып, қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін кімдер?

А) Төменгі тап
В) Басқарушы жоғарғы тап
С) Орта тап
D) Зиялы қауым
Е) Ұлт

 

128 Халық маңызды саяси шешімдер дайындауға, қабылдауға тікелей қатысатын демократия қалай деп аталады?

А) Өкілдік

В) Тура
С) Плебисцитарлық
D) Патриархалдық
Е) Әлеуметтік

 

129 Саяси ойлар тарихында «демократия» ұғымы қай кезден бастап жағымды түсініле бастады?

А) Антикалық дәуірден
В) Жаңа дәуірден
С) Орта ғасырлардан
D) Қазіргі заманнан
Е) Алғашқы қауымдық құрылыс кезінен

 

130 Демократия идеялары қандай идеологиямен тығыз байланысты?

А) Анархизм
В) Консерватизм
С) Тоталитаризм
D) Либерализм
Е) Элитаризм

 

131 Биліктің субъектісі халық ретінде ер адамның түсінілуі, дарашылдық, еркіндікті жағымсыз тұрғыдан түсіну, парламентаризм, мемлекеттің қызметінің шектелуі, биліктің бөлінуі т.б. Бұл белгілер демократияның қандай теориясына тән?

А) Классикалық либералдық демократияға

В) Социалистік демократияға
С) Плебисцитарлық партиялық демократияға
D) Партиципаторлық демократияға
Е) Ұжымдық демократияға

 

132 Бірте-бірте жүргізіліп, демократияның бір бағытта кеңеюін көздейтін демократияландырудың үлгісі қалай деп аталады?

А) Репрезентативті
В) Цикльдік
С) Диалектикалық
D) Сызықтық

Е) Тікелей

 

133 Партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы қалай аталады?

А) Бойкот
В) Абсентизм
С) Дискреминация
D) Оппозиция
Е) Стагнация

 

134 Әлеуметтік субъектілердің саясат саласын түсінуі, сезінуі:

А) Саяси қызмет

В) Саяси идеология

С) Саяси мәдениет

D) Саяси сана

Е) Саяси процесс

 

135 Саясаттың, саяси биліктің мәнін түсіну тереңдігі мен деңгейіне байланысты саяси сананың қандай түрлері бар?

А) Қарапайым, бұқаралық, қоғамдық

В) Психология, идеология, мінез-құлық

С) Дара, топтық, бұқаралық

D) Қарапайым, кәсіби, ғылыми

Е) Сана, іс-әрекет

 

136 Субъектісіне байланысты саяси сананың қандай түрлері бар?

А) Дара, топтық, бұқаралық

В) Психология, идеология, мінез-құлық

С) Қарапайым, кәсіби, ғылыми

D) Қарапайым, бұқаралық, қоғамдық

Е) Дара, топтық, кәсіби

 

137 Мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне қандай саяси сана түрі тән?

А) Ғылыми саяси сана

В) Кәсіби саяси сана

С) Индивидуалдық саяси сана

D) Қарапайым саяси сана

Е) Топтық саяси сана

 

138 Қалыптасып жүйеге түспеген, саясаттың тереңіне бойламайтын, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дәстүрлі нанымдар т.б негізінде қалыптасатын саяси сана қалай аталады?

А) Қарапайым саяси сана

В) Ғылыми саяси сана

С) Кәсіби саяси сана

D) Индивидуалдық саяси сана

Е) Топтық саяси сана

 

139 Мемлекеттік аппаратта кәсібилікке қарсы тұратын, кәсібилікті ығыстыруға тырысатын үстірттік қалай деп аталады?

А) Волюнтаризм

В) Плюрализм

С) Дилетантизм

D) Конформизм

Е) Милитаризм

 

140 Тұрақсыз болып, адамдардың уақытша ірі бірігуі кезінде көрінетін, өзекті саяси мазмұн тән болатын, тұрақты құндылықтар мен мифтерге сүйенетін саяси сананың түрі:

А) Жеке адамның саяси санасы

В) Бұқаралық саяси сана

С) Кәсіби саяси сана

D) Қарапайым саяси сана

Е) Топтық саяси сана

 

141 Ғылымға «идеология» терминін енгізген кім?

А) А.Траси

В) И.Кант

С) А.Бентли

D) Д.Белл

Е) К.Мангейм

 

142 Белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялардың және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп тұрған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге бағытталған тұжырымдар, пікірлер, көзқарастар, идеялар жүйесі дегеніміз не?

А) Саяси идеология

В) Саяси құндылықтар

С) Саяси сана

D) Саяси мәдениет

Е) Саяси жүйе

 

143 «Саяси мәдениет» ұғымын теориялық жағынан негіздеу кімдердің есімімен байланысты?

А) Г.Моска, Д.Истон, В.Парето

В) Г. Алмонд, С.Верба, Л.Пай

С) З.Фрейд, А.Токвиль

D) О.Шпенглер, И.Шумпетер

Е) З.Фрейд, Р.Михельс, М.Вебер

 

144 Саяси мәдениетке қатысты ұғымдар қайсы?

А) Саяси әлеуметтену, саяси жауапкершілік

В) Саяси сана, саяси іс-әрекеттер

С) Саяси сана, саяси идеология

D) Саяси дағдарыс, саяси қайшылық, саяси жанжалдар

Е) Саяси жаңару, саяси процесс, саяси даму

 

145 «Саяси мәдениет» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізіп, мәдениет пен саясаттың өзара әрекетін зерттеген философ-ағартушы кім?

А) В.Парето

В) Р.Челлен

С) И.Гердер

D) Г.Зиммель

Е) А.де Траси

 

146 Қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар:

А) Субмәдениет

В) Бодандық саяси мәдениет

С) Ұлттық мәдениет

D) Саяси мәдениет

Е) Саяси сана

 

147 Саяси мәдениеттің саясаттануда жиі қолданылатын түрлерін анықтаған кім?

А) И.Гердер

В) Д.Истон

С) В.Парето

D) Г.Алмонд

Е) А.де Траси

 

148 Г.Алмонд саяси мәдениеттің қандай түрлерін көрсетті?

А) Бұқаралық, элиталық

В) Халықтық, этностық, өркениеттік

С) Билеу, саяси қатысу, оппозициялық

D) Орталықтық, шет аймақтық

Е) Патриархалдық, бодандық, азаматтық

 

149 Саяси әлеуметтену дегеніміз не?

А) Жеке адамның әлеуметтік-саяси ортада қалыптасуы

В) Азшылық топтың өз пікірінің болуы, онымен санасу қажеттігі

С) Биліктің бірнеше тармақтарға бөлінуі

D) Саяси билікті жүргізудің әдіс-тәсілдері

Е) Игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адам мен мемлекет арасындағы ережелер

 

150 Жеке адамның саяси әлеуметтенуі қай кезеңнен басталады?

А) 6-7 жастан

В) 18 жастан

С) 12-13 жастан

D) 3-5 жастан

Е) Туғаннан басталады

 

151 Жеке адамның саяси әлеуметтену процесі қай кезеңге дейін жүреді?

А) 70-80 жасқа дейін

В) 18-20 жасқа дейін

С) 35-40 жасқа дейін

D) 50-60 жасқа дейін

Е) Бүкіл саналы өмір бойы

 

152 Қоғамның негізгі экономикалық, саяси және мәдени ресурстарын бақылайтын оның ең жоғары және тұйық тобы қалай аталады?

А) Элита

В) Саяси көшбасшы

С) Саяси партия

D) Билеуші

Е) Басқарушы

 

153 Билікке ықпал ете алатын және ықпал етіп отырған барлық топтарды қалай атайды?

А) Экономикалық элита

В) Билеуші элита

С) Әскери элита

D) Саяси элита

Е) Идеологиялық элита

 

154 Қоғамды ерекше пұрсатты жағдайдағы салыстырмалы түрде алғанда азғана адамдар тобының билеуі қажеттігін негіздейтін концепция қалай деп аталады?

А) Брократия
В) Либерализм
С) Этатизм
D) Элитаризм
Е) Олигархия

 

155 Элитаның классикалық теориясының өкілдері кімдер?

А) Парето, Моска, Михельс

В) Маркс, Энгельс, Ленин

С) Алмонд, Истон, Дойч

D) Джефферсон, Пейн

Е) Верба, Пай, Алмонд

 

156 «Элита» терминін ғылыми айналымға енгізген кім?

А) В.Парето

В) Г.Моска

С) Р.Михельс

D) М.Вебер

Е) Г.Лассуэл

 

157 В.Паретоның теориясы қалай аталады?

А) «Патриархалдық, патерналистік мемлекет»

В) «Биліктің бөлшектенуі»

С) «Элиталардың айналуы»

D) «Саяси жүйенің құрылымдық»

Е) «Демократиялық плюрализм»

 

158 Әлеуметтік мониторинг, стратегиялық, интеграциялық, ұйымдастырушылық, рекруттық, бұл қайсысының қызметтері?

А) Элитаның

В) Партияның

С) Көшбасшының

D) Саяси жүйенің

Е) Мемлекеттің

 

159 «Олигархияның темірдей заңының» авторы кім?

А) Г.Лассуэл

В) Г.Моска

С) В.Парето

D) М.Вебер

Е) Р.Михельс

 

160 Демократиялық элитизм концепциясы бойынша, демократия дегеніміз не?

А) Демагогтар бастаған тобыр билігі

В) Маманданған саяси билеушілерді таңдау құралы

С) Халық билігі

D) Қоғамды қашанда таңдаулылар басқарады

Е) Орта тап өкілдерінен құралған көпшіліктің басқаруы

 

161 Түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамдарға сәйкес элитаның түрлері қайсы?

А) Ашық, жабық

В) Жоғарғы, орта, жергілікті

С) Мұрагерлік, құндылықтық, функционалдық

D) Билеуші, оппозициялық, контрэлита

Е) Аристократия, плутократия, номенклатура

 

162 Мұрагерлік элитаның ықпал ету негізінде қандай фактор басты болып табылады?

А) Қан

В) Интеллект, мораль

С) Басқару білу қабілеті

D) Әдет-ғұрып, салт-дәстүр

Е) Заң

 

163 Қазіргі заманғы элита теорияларын көрсетіңіз:

А) Аристократиялық, функционалдық

В) Құндылықтық, демократиялық элитизм, солшыл либералдық

С) Жүйелік, құрылымдық-функционалдық, ақпараттық-кибернетикалық

D) Қасиеттер, консистуенттер, жағдайлар, психологиялық

Е) Классикалық либерализм, ұжымдық, плюралистік

 

164 Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алу жүйесінің түрлері:

А) Мажоритарлық және пропорционалдық

В) Антрепренерлік және гильдия

С) Ағылшын-америкалық және европалық-құрлықтық

D) Парламенттік және авангардтық

Е) Бихевиористік және инструменталистік

 

165 Көшбасшы (лидер) терминінің мағынасы:

А)) «алға бастаушы, басқарушы»

В) «бөлу, бөлшек»

С) «ең таңдаулы, сұрыпталған»

D) «ауқаттылар билігі»

Е) «халық билігі»

 

166 Саяси көшбасшылық теориясының дамуына үлес қосқан ғалымдар:

А) Д.Истон, Г.Алмонд. К.Дойч

В) А.Бентли, И.Шумпетер, Ж.Руссо

С) Г.Алмонд, С.Верба, Л.Пай

D) Л.Козер, Г.Зиммель, К.Боулдинг

Е) Т.Карлейль, Ф.Ницше, Г.Тард


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 78 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
My life is in your hands, mommy, | после разговора с С.А.Н. на кафедре 31 июля по результатам летней работы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.298 сек.)