Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орындаған: Сұлтанова Назира



Орындаған: Сұлтанова Назира

КРО 4 курс

 

Мағыналары, мысалдар

 

Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі: (Диуани лұғат-ит-түрк): 3 томдық шығармалар жинағы. Т.3. / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Егеубай. – Алматы: ХАНТ, 1998. – 600 б.

JULDUZ - ИҰЛДЫЗ: жұлдыз. Барша жұлдыз атаулыға қойылған жалпы есім. Оларды өзара айырып, ажыратып: Мүштәри жұлдызын – Eren tүz: Ерен түз; Мизан жұлдызын – Қаraқuш: Қарақұш: Қарақұс; Сүмбе жұлдызын – Үлкер; Жетіқарақшыны – Jetigen: Иетіген – Жетіген; Құтыб жұлдызын – Теmur қazuқ: Темүр қазұқ –Темірқазық; Миррих жұлдызын – Бақыrsоқыm: Бақырсоқым – Қызық жұлдыз деп атаған [58].

 

Ахметова Ш., Болғанбаев Ә., Жанұзақов Т. Абай тілі сөздігі. - Алматы: ӨНЕР, 2011. – 616 б.

Жұлдыз: Түнемеге аспанда жарқырап көрінетін әлемдік дене.

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай, Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай. Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп, Жан-жануар қуанар тойға елеріп. Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүгіліп, Сқйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз [271].

 

 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. VI т. – Алматы: «Даик - Пресс», 1999. - 387 б.

І ЖҰЛДЫЗ: 1. Астр. Түнде жарқырап көкте нүктедей болып, көрінетін аспан денесі.

2. Көне жылдың он екіден бір бөлігі, ай.

3. Ауысп. Бір нәрсенің ең озығы, майталманы.

ІІ ЖҰЛДЫЗ: 1. Бесбұрыш етіп, жасалған мемлекеттік айырым белгісі.

2. Ауысп. Әскери дәрежеге байланысты погонға тағылатын жұлдыз бейнелі белгі.

ЖҰЛДЫЗДАЙ: жұлдыз тәрізді жарқыраған.

ЖҰЛДЫЗДАЙЫН: жұлдыздай, жұлдыз тәрізді ағу.

ЖҰЛДЫЗДАН: Жұлдыз сияқты тармақталу.

ЖҰЛДЫЗДЫ: 1. Жұлдызы бар, жұлдыз таққан.

2. Атақ алып, бақыты жанған.

ЖҰЛДЫЗДЫҚ: Жұлдызға қатысты жұлдыздық жүйе.

· Жұлдыздық жүйе: уақыттың астрономиядағы негізгі өлшемі.

ЖҰЛДЫЗҚҰРТ: Денесі буынтақ, түк-түк, жасыл жапырақ түстес жәндік.

ЖҰЛДЫЗША: 1. Түнде аспан әлемінді жарқылдап тұратын кішкентай планеталар.

2. Жұлдыз тәрізді баспа белгісі.



ЖҰЛДЫЗШӨП: Қалампыр туысына жататын біржылдық арамшөп.

ЖҰЛДЫЗШЫ: Аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданатын оқымысты, астроном [315-316].

 

 

 

Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 711 б.

Жұлдызы қарсы: өш, қас деген мағынада.

Ескі әдет-ғұрыптың қандайымен болса да жұлдызы қарсы адамды мен осыдан көрдім (С.Мұқанов).

Жұлдызы оңынан туды: Бағы ашылды,жолы болды.

Жұлдызың туып оңынан, Қаруың түспей қолыңнан

(Қ.Жапсарбаев).

Жұлдызы сөнді [ұшты]: 1. өлді, дүниеден қайтты.

Басы ауырса: «Жарық жұлдызым сөнді» дер, Бар кінәні Дәрігерге төндірер (Ш.Смаханұлы).

2. Бақыты тайды.

«Алманы орнынан алатын болыпты», «Сапар бас хирург болыпты» дейді. Жұлдызы ұшты. Кім таратты. Ол арасын білу әзірше қиын (З.Шашкин).

Жұлдызы түзелді: Тағдыр таразысы оңғарылды; ісі, беті оңғарылды.

Жұлдызы түзеліп, жолдарын оңғарып, жарық дүниеге екеуі қайта шығар заман туса, өздеріңе табыс етем (М.Әуезов).

Жұлдызы ыстық: Сүйкімді, кісіні өзіне тартатын қасиетке ие.

Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық деп, сенің анау келінге жұлдызың ыстық-ау бала (ауызекі тіл).

Жұлдызы жанды [жарқырады]: Жолы болды, ісі алға басты,еңбегі жанды, бақытқа бөленді.

Омбы қаласында тірі жан білмейтін мұжық тақылеттес, шала сауатты кісінің де жұлдызы жарқырап шыға келді (Ә.Нұрпейісов).

Жұлдызы жарқын: 1. Өмірі кіршіксіз.

Ол қашаннан жұлдызы жарқын адам (Т.Ахтанов).

2. Беті ашық.

Жұлдызы жоғары [жоғары көрінді]: мерейі үстем, дұшпанын мұқатып, иығы өсіп тұр деген мағынада. Көбіне бал ашқанда айтады [272-273].

 

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. VI т. – Алматы: Арыс, 2007. - 687 б.

ЖҰЛДЫЗ: 1.Түнде өздігінен жарқырап, нүктедей болып көрінетін аспан денесі.

Аспаннан жылт-жылт етіп алғашқы жұлдыздар да көріне бастады.

2.Өте күшті қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері.

Жұлдыздар жерден әлдеқайда үлкен, олардың Күннен де недәуір үлкендері толып жатыр.

3.Жылдың он екіден бір бөлігі, ай.

Күз жетіп, август жұлдызының басында Омар Қасенді оқуға алып кетті.

4. Халық қалаулысы, майталманы.

Еңбекшінің егізі, Октябрьдің жұлдызы, Қызыл әскер шыққанда Құлпырды тағы жер жүзі.

ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ: беткеұстар, маңдайалды.

Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Қасым Аманжоловтың түлеп ұшқан алтын ұясы да осы өзен.

ЖҰЛДЫЗДЫҢ ОҢЫ: Аспан шырақтарының орналасуының сәті келген уақыты, кезі.

Қара қасқа тұлпарға, Жұлдызды мініп оңынан. Сәтті күні шығайын.

ЖҰЛДЫЗ ЖЫМДЫ: Жер-көк тым-тырыс, тынши қалды.

Бұлардың қайғысынан қараңғылап,Аспанның жұлдыз жымып, ай мүдіреді.

ЖҰЛДЫЗ ТАРАДЫ: Таң қылаң берді, таң ағарды.

Таң анық атқан соң, жұлдыз тарап, Рахышқа дер тепсініп тұрған жарап.

ЖҰЛДЫЗ ТОЛДЫ: Е л орынға отырды, кеш болды.

Олар жұмыс басына жұлдыз толған соң қайтты.

ЖҰЛДЫЗЫ АСПАНДАДЫ: Бағасы артты, құны жоғарылады.

Дәл осыдан бастап қоңыр тағаның жұлдызы аспандап кетті.

ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРАСТЫ: Көңіл қосты, келісті.

Жұлдызымыз жарасса, тату тәтті тұрмыс құрып кетерміз [544].

 

 

 

СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ

1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. VI т. – Алматы: «Даик - Пресс», 1999. - 387 б.

2. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. VI т. – Алматы: Арыс, 2007. - 687 б.

 

3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 711 б.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
1.1 Визначення категорії дороги. . | Избавиться от Черных точек в 5 минут.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)