Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аурухана мен емханалардың процедуралық кабинетінің таңбалайтын бөлмесінің т.б санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар тәртібі. Ерекше



Жоспар:

I. Кіріспе.

 

II. Негізгі бөлім.

Аурухана мен емханалардың процедуралық кабинетінің таңбалайтын бөлмесінің т.б санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар тәртібі. Ерекше стерильді аймақтартуралы түсінік. Ерекше стерильді аймақтарда сақталатын талаптар ережесі.

III. Қорытынды.

 

IV. Қолданылған әдебиеттер

 

 

Науқастардың гигиена ережелерін орындау және бөлімшесінің бөлмелерін санитарлық ұстауына байланысты. Науқас ауруханаға түсерде өзінің гигиеналық заттарымен палатаға жатуға рұқсат етіледі.

Қабылдау бөлімшесінде алғашқы санитарлық өңдеуді өткен педикулезі бар науқас ерекше бақылауға алынатын және жеті күннен кейін паразиттерді толық жойғанға дейін қайта өңдеуден өткізіледі.

Жаңа түскен науқасқа таза төсек салынады. Оған жеке күтім заттары беріледі: су ішкізетін ыдыс, стақан, түкіргіш және зәр қабылдағыш, астарлық дәрет ыдысы.

Жағдайы нашар науқастардың іш киімі және төсек заттары кірлегеніне қарай ауыстырылады, қалғандарында бір рет жеті-он күн ішінде.

Кірлер мақтадан жасалынған қаптарда жиналады. Кірлер сортталау және сұрыптауы, осы мақсатпен берілген арнайы бөлмелерде өткізіледі. Науқастарға шаштараз қызметі аптасына екі рет көрсетіледі. Науқастар жалпы гигиеналық ережелерін сақтауы тиіс: таңертеңгі және кешкі дәрет, тамақ алдында қолдарын жуу. Бөтен төсектерде отыруға болмайды. Палатаның ауасын күніне 4 рет тазартады.

Науқас ауруханадан шығарылғаннан кейін жеке күтім заттары және оның аурулық киімі мен аяқ киімі дезинфекцияланады.

Бөлімше күніне екі рет дымқыл әдісімен дезинфекциялық ерітінділер (0.015 % деохлор ерітіндісі) қолдануымен жинастырылады.

Жинастыру аспаптары (шелек, шүберек, щеткалар) таңбаланады және палатаға, процедуралық кабинетке, буфетке және тағы басқа бөлмелерге бөлек арналады. Қолданғаннан кейін дезинфекцияланады.

Барлық ауруханаларда инфекциялы науқастарды табу жөнінде іс-шаралар жүргізіледі. Осы мақсатпен барлық дене қызуының жоғарылау кезеңі 5күнге созылатын безгек науқастардың қатаң есебі жүргізіледі. Жұқпалы ауруына күдікті болатыннауқасты табу.кезінде оны дереу түрде палатаға немесе изоляторға (қан тышқақ, вирусты гепатит) оңашалайды. Аурухана ішінде инфекция табылса, бөлімшенің барлық қызметкерлеріне кезексіз тексеріс жүргізіледі.



Химиялық залалсыздандыру дәрілер ішінде көбінесе хлорлы әк және оның жарықталған ерітінділер, 0.015, 0.06 % деохлор ерітінділер қолданылады.

Дезинфекцияның сапасын қараумен бақылау (бөлменің санитарлық жағдайы), химиялық әдіспен (дезинфекциллық ерітінділердің белсенділігін тексеру) және бактериологиялық жолмен (егу, жұғынды алу) жүргізіледі. Бөлімшенің аға мейірбикесі санитарлы-эпидемиологиялық тәртібінің ережелерінің сақталуын бақылайды. Дезинфекцияның сапасы мен дұрыс өткізу, жағынан бақылау. СЭС (санитарлық-эпидемиологиялық станциясы) міндеттеріне кіреді.

Қабылдау бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі

Жұқпалы ауруға күдікті науқастарды дер кезінде анықтау үшін қабылдау бөлімшесіне түсетін барлық науқастарды дәрігер қарап шығады.

Осы мақсатпен науқастардың тері қабаттары, жұтқыншағы өаралады, дене температурасы өлшелінеді. Қарауға арналған пайдаланатын медициналық аспаптарын бір дезинфекцмялаушы ерітіндісіне батырады. Дезинфекциялаушы ерітіндінің ыдысын таңбалайды.

Науқастың қарауын медициналық кленка немесе полиэтилен пленкасымен жабылған кушетканың үстінде өткізеді. Әрбір науқасты тексергеннен кейін, кленканы дезинфекциялаушы препараттың ерітіндісімен суланған шүберекпен сүртеді. Соған арналан қақпақпен таңбаланған ыдыс, шүберек және дезинфекциялаушы ерітіндісі болуы қажет.

Қабылдау бөлмесінде науқастарды педикулез бар болуына қарауға қажет. Педикулезді анықтаған уақытында науқас, ғимарат және науқас қатынасқан заттар арнайы өңдеуге жатады. Педикулезді анықтаған әрбір науқас туралы, оның мекен –жайын санитарлық-эпидемиологиялық станциясына хабарлайды., ауру тарихында сәйкестілік белгілеуді қояды. Науқасты бөлімшеде бақылауға қалдырады, 10 күннен кейін қайта өңдейді.

Науқас қабылдау бөлімшесінде толық санитарлық өңдеуден өтеді, сусепкіш немесе ваннаны қабылдайды (дәрігердің нұсқауы бойынша), тырнағын алады т.б. Жуыну үшін науқас залалсыздандырылған жөкені алады немесе үйіне әкелінген жөкесімен пайдаланады.

Санитарлық өңдеу арнайы бөлінген ғимаратта өткізіледі. Сол ғимаратта сыттан келушілерге өткізу жүйесі сақталуы тиіс, себебі науқастардың қарсы келе жатқан тасқыншыларды болдыртпау.

Санитарлық өңдеуден өткеннен кейін, науқас аурухананың таза ішкиімімен, халат (пижама), тәпішкесін алады. Емдеу мекеменің бас дәрігерінің рұқсаты бойынша науқасқа өзінің іш киімін, тәпішкесімен пайдалануға болады, соның ауыстыру бөлімшенің графигі бойынша өткізіледі.

Жұқпалы ауруына күдікті науқасты анықтаған жағдайында, оны тоқтаусыз оңашалайды және жұқпалы ауруханасына (бөлімшесіне) аударады.

Науқас қатынасқан ғимаратты, жиһазды, заттарын дезинфекциялайды. Дезинфекцияны қорытынды түрінде өткізеді.

Жұқпалы аурумен немесе оған күдікті науқастың эвакуациясына арналған көлікті дезинфекциялаушы ерітіндінің біреумен залалсыздандырады.

Ауруханаға жатқызылған науқастардың киімін және аяқ киімін және аяқ киімін арнайы қаптың ішіне салады (киім және аяқ киім үшін бөлек өаптарды пайдаланады), өаптарға науқастардың фамилиясы жазылған бирканы қыстырады. Қаптарды арнайы бөлінген ғимараттарда стеллажында сақтайды.

Қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі мыналармен қамтамасыз ету керек:

-Сабын және жеке пайдаланатын жөкелермен (саны емдеу профилактикалық мекемелердің күніне өткізетін жүйесімен белгіленеді);

-таза және пайдаланған жөкелердің бөлек сақталуына арналған ыдыстармен (таңбаланған), қырынатын аспаптармен, таза тарақтармен;

-тырнақ алуға арналған қайшылармен;

-клизмаға арналған ұштықтар және оларды дезинфекциялауға арналған ыдыстармен;

- қоқсықты жинауға арналған қақпағы бар шелегімен;

-саны жеткілікті дезинфекциялаушы және дезинфекциялық заттармен.

13. Әрбір науқас пайдаланғаннан кейін жууға арналған жөкелерді, ванна, тарақтар, қырынатын аспаптарын, қайшылар, пинцеттер, ұштықтар, медициналық аспаптар, стол, кушеткаларының жұмыс үстерін белгілі бір тәртіппен дезинфекциялайды.

14. Қолды жуу үшін кішкентай қораптағы бір рет қолданылатын кез келген сабынды 2 рет сабындау арқылы қолданылады. Жұқпалы ауру немесе оған күдікті тексерілгеннен кейін қолды септикаға қарсы ерітіндісімен залалсыздандырады.

15. Қолға арналған орамалдарды күн сайын және ластанған уақытта ауыстырады.

16. Медициналық қызметкерлер міндетті түрде халат, шашты түгелдей жауып тұратын телпек ккиюге мәндетті. Арнайы киімдерді күнде ауыстырады.

17. Қабылдау бөлімшесін күніне 2 реттен артық емес сулы әдіс және дезинфекциялаушы әдіспен жинастырады. Жинастыру барысындаинвентарь таңбаланады, арнайы бөлінген ғимаратта сақталады. Егер арнайы ғимарат болмаса, жинастыру инвентарьді-оның дезинфекциясынан кейін сәйкес ғимараттарында сақтауына рұқсат беріледі. Мәселен, санитарлық өткізгішке арналған жинастыру-инвентарьді санитарлық өткізгіштің ішінде, дәретханаға арналған жинастыру инвентарьді-дәретхана бөлімінде. Қабырғаны, едендерді және әртүрлі бөлімдерді жууға арналған шүберектер бөлек және таңбаланған болуға тиіс. Шүберектерді және инвентарьді пайдаланғаннан кейін залалсыздандырады.

Емдеу сауықтыру мекемелеріндегі санитарлық – эпидемияға қарсы тәртіп.

Кез келген емдеу сауықтыру мекемелеріндегі медициналық мейірбике жұмысының негізгі бағыттарының бірі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шамаларды орындау және онымен қамтамасыз ету болып табылады.

Санитарлық- эпидемичға қарсы тәртіп дегеніміз аурухана ішілік жұқпаның таралмауын алдын алуға бағытталған санитарлық- профилактикалық және эпидемияға қарсы іс- шаралардың жиынтығы.

Емдеу сауықтыру мекемесінің санитарлық-эпидемиялық тәртібі оның бағытына (профиль) қарай анықталады.

Санитарлық –профилактикалық әс шаралардың жиынтығын ұйымдастыру мен жүзеге асыру жауапкершілігі ЕСМ-нің бас дәрігеріне, бас мейірбикесіне және емдеу бөлімдерінің аға мейірбикелеріне жүктеледі.

Емдеу сауықтыру мекемесіндегі санитарлық – эпидемияға қарсы тәртіпті қамтамасыз ететін іс шаралардың бірі зарарсыздандыру және залалсыздандыру арқылы жүзеге асатын асептикамен антисептика талаптарының орындалуын жүйелі бақылау және қатаң түрде сақтау.

АСЕПТИКА дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеуді алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар және оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.

АНТИСЕПТИКА дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: пропилактикалық және емдік антисептика.

Пропилактикалық антисептика микроорганизмдердің жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі: (медицина қызметкерлерінің емдәк ем шара алдында қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық ерітіндімен тазалауы).

Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, аралас.

Механикалық антисептика жарадағы өлі және езілген ұлпаларды (тканьді), ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу, тазалау жатады.

Физикалық антисептикажарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз (қолайсыз) жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, яғни УКС-мен емдеу, жараға дренаж, турундаларды гипертоникалық ерітіндіге малып, қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.

Химиялық антисептика-микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрәләк заттарды антисептиктер деп атайды (этил спирті, калий перманганаты, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі).

Биологиялық антисептика дегеніміз антибиотиктерді, сарысуларды(сыворотка), вакциналарды қолдану.

Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.

ЕСМ- де медициналық құрал –жабдықтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады: қайнату, бумен (су буының қысымымен), ыстық ауамен (ыстық құрғақ ауамен) және химиялық (әртүрлі концентрациядағы химиялық препараттарды қолдану).

 

Қолданылған әдебиеттер:

1) Мухина С.А., Тарновская И.И. Практическое руководство к предмету основы сестринского делу

2) Учебные материалы по сестринскому делу. Проект ВОЗ «LEMON»

3) “Мейірбеке ісі” мамандығы бойынша стандартты оқулықтар. Алматы, 1992 ж.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 541 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лилии.kostina_21@mail.ru - почта | Кисло-сладкое мясо (Эсик флейш)

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)